YouTube-те сауда жасауды бастау

YouTube Shopping рұқсаты бар авторларға өз дүкендерінің немесе басқа бренділердің тауарларын YouTube-те оңай жарнамалауға мүмкіндік береді. YouTube Shopping арқылы:

  • Контентіңізде өз тауарларыңызды ұсыну үшін дүкеніңізді YouTube-пен байланыстыра аласыз.
  • Контентіңізде басқа бренділердің тауарларына тэг енгізе аласыз.
  • Тэг енгізілген тауарлардың өтімділігін көру үшін YouTube Analytics-тегі Shopping аналитикасын тексеріңіз.

YouTube Shopping функцияларының мүмкіндіктері:

  • арнаңыздың дүкенін ашу;
  • байланыстырылған дүкендегі тауарларды сипаттамада және тауар сөресінде жарнамалау; 
  • бейнелеріңіздегі, Shorts-тағы және тікелей трансляциялардағы тауарларға тэг енгізу.

Тауарларыңызды жарнамалау

YouTube-те мерч сияқты өз тауарларыңызды жарнамалағыңыз келсе:

  1. Жарамдылық шарттарын орындаңыз.
  2. Дүкеніңізді YouTube-пен байланыстырыңыз.
  3. Контентіңізге қосу үшін дүкеніңіздің тауарларына тэг енгізіңіз.

YouTube Shopping: дүкеніңіздегі тауарларды белгілеп, сатыңыз

Мына локациялардағы көрермендер YouTube-тегі келесі платформалардан тауарларыңызды шолып, сатып ала алады:

  • арнаңыздың дүкені;
  • бейне сипаттамасы;
  • контентіңіздің астындағы тауар сөресі;
  • сатып алу түймесі бар контентіңіз. 

Ескертпе: біз көрермендерге тауарлар туралы толық ақпаратты Google Merchant Center платформасында орнатылған дүкен тауарлары сатылатын елге қарай көрсетеміз. Белгілі бір елде бейне "Жөнелту аймақтары шектелген" дисклеймерімен бірге жүрсе, сатушы бұл елде сауда жасауды көздемейді. Толығырақ мәліметтерді сатушыдан немесе онлайн дүкеннің әкімшісінен алуға болады. Жергілікті нарықтарда платформалар мен сатушылар жөнелту қызметін өз бетінше қамтамасыз етеді. Жергілікті жөнелту қызметі туралы соңғы ақпаратты алу үшін платформаға немесе сатушының веб-сайтына кіріңіз. Сатушылардың сатылым жүргізілетін елдер тізімін қалай өзгертуіне болатыны туралы толық ақпарат алыңыз.

Өз тауарларын жарнамалайтын арналарға қойылатын талаптар

YouTube-те өз тауарларыңызды жарнамалау үшін мына минималды талаптарға сай болуыңыз керек:

Жарамдылық шарттарына сәйкес келетініңізді растағаннан кейін, дүкеніңізді байланыстырып, арнаңызға Shopping функцияларын қосуға болады. Арнаңыз YPP талаптарына сай келмесе немесе жазылушылар саны жетпей тұрса, арнаңыздың дамуына көмектесетін мына ресурстарды қарап көріңіз.

Басқа бренділердің тауарларын жарнамалау

YouTube Shopping арқылы тауарларыңызға тэг енгізіңіз де, сата беріңіз! 🛍️

Контентіңізде басқа бренділердің тауарларына тэг енгізуге және оларды жарнамалауға болады. Контентіңіздегі басқа бренділердің тауарларына тэг енгізу үшін сіз:

  1. Жарамдылық шарттарына сәйкес келуіңіз керек.
  2. Біздің тэг енгізу туралы нұсқауларымызды орындауыңыз керек.
  3. Контентіңіздегі тауарларға тэг енгізуіңіз керек.

Арнада басқа бренділердің тауарларын жарнамалау мүмкіндігі

Контентіңізде басқа бренділердің тауарларын жарнамалау үшін мына минималды талаптарға сай болуыңыз керек:

  • YouTube Partner Program қатысушысы болуыңыз керек.
  • Оңтүстік Корея немесе АҚШ тұрғыны болуыңыз керек.
  • Арнаңызда 10 000-нан астам жазылушы болуы керек.
  • Арнаңыз музыкалық арна, Ресми орындаушы арнасы немесе музыкалық серіктестермен байланысты арна болмауы керек. Музыкалық серіктестерге музыкалық лейблдер, дистрибьюторлар, жариялаушылар немесе VEVO жатады.
Арнаңыздың аудиториясы Балаларға арналған деп белгіленбеген болуы және арнаңызда балаларға арналған деп белгіленген бейнелердің саны айтарлықтай көп болмауы керек.

Сауда-саттық өнімділігі мен табысы

Байланыстырылған дүкендеріңіздің тауарлары

YouTube Studio қолданбасының "Сауда-саттық" бөлімінен немесе YouTube Analytics құралындағы кеңейтілген есептерден тэг енгізілген тауарларыңыздың жоғары өнімділігін көре аласыз. Табыс туралы толық және жаңартылған ақпарат алу үшін тауар платформасының немесе сатушының веб-сайтына өтіңіз. Есіңізге сала кетейік, мерчтер мен тауарлардан түсетін барлық төлем тауар сатушыңыз немесе платформаңыз арқылы жүзеге асырылады. YouTube пен AdSense бұл процеске қатыспайды.

Басқа бренділердің тауарлары

Тэг енгізілген тауарларыңызға қызығу деңгейін анықтау және трафиктің қанша бөлігі тауар беттерінен келетінін білу үшін YouTube Analytics-тегі кеңейтілген есептерді пайдалануға болады.

Саясаттар

Байланыстырылған дүкендеріңіздің тауарлары

Мерч сату процесіне толықтай ресми тауар сатушыңыз немесе платформа (Google емес) жауап береді. Бұл процестерге келесілер кіреді:

  • мерчандайзинг;
  • қоймада сақтау;
  • тапсырыстарды өңдеу;
  • төлемді қайтару;
  • тұтынушыларға қызмет көрсету;
  • ассортиментті басқару;
  • авторлар мен орындаушыларға төлем жасау және т.б.

Сатушылар/платформалар мен Google-дың бір-бірімен дерек алмасуы

Өнімдерді жақсарту және сізге тиісті аналитика деректерін беру үшін сатушылар мен Google сауда жасау және сайтқа кіру туралы деректерді өзара алмасады. Мысалы, біз YouTube Studio-да ай сайынғы тауар сатылымының жалпы көлемі туралы сатушыңыздан алған деректі ортақ пайдаланамыз. Сондай-ақ біз бұл деректерді жаңа функциялардың арнаңыздағы сатылымдардың өсуіне ықпалын бағалау үшін пайдаланамыз. Сатушылар аналитика жасау үшін YouTube Shopping функцияларынан келетін трафик туралы деректерді алады.

Сатушыңыз Shopping деректерін өз шарттары мен талаптарына, соның ішінде құпиялық саясатына сәйкес өңдейді және пайдаланады. Google мұндай деректерді өз Құпиялық саясатына сәйкес өңдейді және пайдаланады. Осы саясаттарды оқып, түсінгеніңізге көз жеткізіңіз.

Басқа бренділердің тауарлары

Басқа бренділердің тауарларын ұсынған жағдайда, сатушылардың веб-сайтындағы кез келген транзакция мен басқа әрекеттер сатушының шарттары мен талаптарына, соның ішінде оның құпиялық саясатына сәйкес реттеледі. Тауардың түпкілікті бағасын, сондай-ақ салынатын салықтар мен алымдарды сатушы белгілейді. Сатушы тапсырысты толық орындаумен байланысты барлық операцияны жүргізеді, соның ішінде:

  • тапсырысты өңдейді;
  • тауарды жеткізеді;
  • төлем қабылдайды;
  • қолдау қызметін көрсетеді (тауарлар мен төлемдерді қайтаруды қоса алғанда).

Тауарлар мен қаражатты қайтаруды қоса алғанда, тапсырысқа қатысты кез келген сұрақ бойынша көрермендер сатушыға жүгіне алады.

Арнаның эксклюзивтік тауарларының сипаттама беттері

Тиісті сатушылар тауарлардың сипаттама беттерін Google Merchant Center аккаунты арқылы немесе Cafe24 платформасындағы арнайы ағын арқылы эксклюзивтік түрде тек бір YouTube арнасымен бөліссе болады. Сатушылар мұны арнада белгілі бір тауардың сипаттама бетін қай арналарға орналастыру керектігін фидте көрсету арқылы жасай алады. Бұл функцияны пайдалана отырып, сатушылар бұл тауарлардың немесе тауар жарнамаларының белгілі бір YouTube арнасына ғана тән екенін және басқа сату арналарында немесе басқа YouTube авторларына қолжетімді емес екенін растайды. Бұл сипаттама беттері белгілі бір арна үшін промонауқанның әрекет ету уақытына эксклюзивтік деп белгіленеді, сондай-ақ жеңілдік және/немесе уақыт шектеулері (егер болса) көрермендерге ерекшеленіп көрсетіледі. Эксклюзивтік тауарлардың сипаттама беттері сатушының шарттарына, талаптарына және құпиялық саясаттарына сәйкес реттеледі. Сатушы тауарлардың түпкілікті бағасы мен оларды сату шарттарын белгілейді және солар үшін жауапты.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
14013455735126221679
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false