YouTube-тің Қауымдастық қағидалары

Сіз YouTube-ті пайдаланған кезде, әлем бойынша жиналған адамдар қауымдастығына қосыласыз. Төмендегі қағидалар YouTube-ті барлығына жайлы етуге көмектеседі.

Осы қағидаларды бұзған сияқты контентті көрсеңіз, шағым жіберіңіз.

Кейде Қауымдастық қағидаларына қайшы келетін, бірақ оқу-танымдық, деректі, ғылыми не көркем сипаттағы контент YouTube-те қалады. Бұл жағдайларда контент EDSA ерекше жағдайына ие болады.

Бұл саясаттар платформамыздағы контенттің барлық түріне, соның ішінде жасырын және жеке контентке, пікірлерге, сілтемелерге, "Қауымдастық" қойындысындағы постарға және бейне суреттеріне қолданылады. Бұл тізім толық емес.

Ақылмен жасау: YouTube Қауымдастық қағидалары

Спам және алдау әрекеттері

YouTube қауымдастығы сенімге негізделген. YouTube алаяқтықты, жаңылыстыруды, спам жіберуді және басқа пайдаланушыларды алдауды мақсат ететін контентке тыйым салады.

Шетін контент 

Біз көрермендерді, авторларды және әсіресе кәмелетке толмаған балаларды қорғауға ұмтыламыз. Сондықтан бізде балалардың қауіпсіздігін сақтау, жыныстық қатынас пен жалаңаш дене және өз-өзін жарақаттау туралы ережелер бар. YouTube-те не нәрсеге рұқсат етілгенін және осы саясаттарға сәйкес келмейтін контентті көргенде не істеу керектігін біліп алыңыз.

Зорлық-зомбылық жасауға итермелейтін немесе қауіпті контент

YouTube ғадауат сөздерді, қанауды, шынайы сипатты зорлық-зомбылықты, қаскүнемдікпен шабуылдауды және зиянды не қауіпті әрекеттерді насихаттайтын контентке тыйым салады.

Бақылаудағы тауарлар

Кейбір тауарлар YouTube-те сатылмайды. Не нәрсеге рұқсат беріліп, неге тыйым салынғаны туралы оқып біліңіз.

Жалған ақпарат

YouTube ауыр залал келтіретін жалған ақпараты бар контентке тыйым салады. Ондай контентке зиянды ем-шараларды ұсынатын, техникалық тұрғыда өзгертілген және демократиялық процестерге кедергі келтіретін контент сияқты шынайы залал келтіруі мүмкін жалған ақпарат түрлері жатады.

 

Оқу-танымдық, деректі, ғылыми не көркем сипаттағы (EDSA) контент

Қауымдастық қағидалары YouTube-ті қауіпсіз қауымдастыққа айналдыруға бағытталған. Кейде Қауымдастық қағидаларына қайшы келетін, бірақ оқу-танымдық, деректі, ғылыми не көркем сипаттағы контент YouTube-те қалады. Бұл жағдайларда контент EDSA ерекше жағдайына ие болады. 

Авторларға арналған YouTube саясаттары мен қағидаларына қатысты кеңестер алыңыз.

Осы ережелерді қатаң сақтаңыз. Егер платформада және/немесе одан тыс жерде YouTube авторының әрекеті біздің пайдаланушыларымызға, қауымдастыққа, қызметкерлерге немесе экожүйеге зиян келтірсе, біз бірқатар факторларға, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, олардың әрекеттерінің дәлелденуіне және зиянды әрекеттің белгілі бір заңдылығының болуына байланысты белгілі бір шара қолдануымыз мүмкін. Ол шараның аясы автордың құқықтарын уақытша шектеуден аккаунтты жоюға дейін баруы мүмкін.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
4404404724883610736
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false