YouTube Giving туралы сұрақ-жауап

YouTube Giving қызметі авторларға өздерін қызықтыратын қайырымдылық ұйымдарын қолдауға мүмкіндік береді. Талаптарға сай келетін арналар бейнелері мен тікелей трансляцияларына "Қайырымдылық" түймесін қосу арқылы коммерциялық емес ұйымдарға қаражат жинай алады. Көрермендер тікелей бейнені көру бетінде немесе тікелей эфир чатында қайырымдылық жасай алады.

Автор және қаражат жинау шарасы туралы сұрақ-жауап

YouTube Giving үшін кім қаражат жинай алады?

Қаражат жинау шарасын ұйымдастыру үшін арнаңыз келесі талаптарға сай болуы керек:

  • Арнаңыз осы функция қолжетімді аймақтардың бірінде жасалған.
  • Арнаңызда кемінде 10 000 жазылушы бар.
  • Арнаңыз YouTube Partner Program бағдарламасына қатысады.
  • Арнаңыз балаларға арналған деп белгіленбеген.
Ескертпе: белгіленген жарамдылық шарттарына сәйкес келмейтін кейбір арналардан қаражат жинау шарасын көре аласыз. Алдағы уақытта YouTube Giving функциясының қызмет көрсету аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

YouTube Giving қаражат жинау шарасын қай елдер/аймақтар ұйымдастыра алады?

Мына елдердің/аймақтардың бірінде болсаңыз, YouTube Giving қаражат жинау шарасын ұйымдастыра аласыз.

  • Аргентина
  • Aустрия
  • Бельгия
  • Боливия
  • Канада
  • Колумбия
  • Хорватия
  • Эстония
  • Франция
  • Германия
  • Гана
  • Гонконг
  • Исландия
  • Индонезия
  • Ирландия
  • Израиль
  • Италия
  • Кувейт
  • Латвия
  • Литва
  • Люксембург
  • Maлайзия
  • Meксика
  • Черногория
  • Нидерланд
  • Жаңа Зеландия
  • Норвегия
  • Перу
  • Филиппин аралдары
  • Польша
  • Пуэрто-Рико
  • Румыния
  • Словакия
  • Испания
  • Швеция
  • Швейцария
  • Tаиланд
  • Tүркия
  • Біріккен Корольдік
  • АҚШ

YouTube Giving қызметін пайдалануға рұқсатым бар екенін көріп тұрмын. Қалай ұйымдастыра аламын?

Қаражат жинау шарасын жасағаннан кейін, "Қайырымдылық" түймесі көрінбесе, не болады?

Қаражат жинау шарасында "Қайырымдылық" түймесінің көрінбеу себептерінің кейбірі төменде берілген:
  • YouTube Giving қаражат жинау шарасын ұйымдастырғаныңызға көз жеткізіңіз.
  • Қаражат жинау шарасының басталу күні көрсетілсе, "Қайырымдылық" түймесі қаражат жинау шарасы басталғаннан кейін көру бетінде немесе тікелей эфир чатында пайда болады.
  • Қаражатты тікелей трансляцияда жинап отырсаңыз және тікелей эфир чаты қосулы болса, "Қайырымдылық" түймесі мобильдік құрылғы чатында көрсетіледі. Тікелей эфир чатын көру үшін мобильдік құрылғылар портрет режимінде болуы керек. Тікелей эфир чатындағы қайырымдылық туралы толық ақпарат алыңыз.
  • Бейнені немесе арнаны "Балаларға арналған" етіп белгілесеңіз, "Қайырымдылық" түймесі өшіріледі. 

Қауымдық қаражат жинау шарасы деген не?

Қауымдық қаражат жинау шаралары басқа авторлармен бірлесіп, бір мақсатқа қаражат жинауға мүмкіндік береді. Қауымдық қаражат жинау шарасын жасау немесе оған қосылу жолын біліп алыңыз.

Super Chat for Good фунциясына не болды?

Super Chat for Good енді "Тікелей эфир чатындағы қайырымдылық" деп аталады. Әлі де авторлар өздерінің тікелей трансляцияларында қаражат жинау шараларын өткізіп, көрермендер тікелей чат терезесінен қайырымдылыққа қаражат жібере алады. Super Chat және Super Stickers екеуін шатастырып алмау үшін донат жиналатын тікелей трансляцияларда өшіріледі. Тікелей эфирді басқару бетінде көрерменнің донаттарын Көрермен әрекеті виджетімен бақылай аласыз.
Тікелей эфир чатындағы қайырымдылықты қосу үшін қаражат жинау шарасына жоспарланған тікелей трансляцияңызды қосыңыз. YouTube Giving қаражат жинау шарасын ұйымдастыру жолын біліп алыңыз. Тікелей эфир чаты бар тікелей трансляциялардың чатында қайырымдылық белгішесі болады. Тікелей эфир чаты жоқ тікелей трансляцияларда трансляцияның жанында немесе одан төмен "Қайырымдылық" түймесі болады.
Донат жиналатын бейнелерде Super Thanks болмайды.

Қаражат жинау шаралары бар бейнелерден немесе тікелей трансляциялардан әлі де пайда табуыма бола ма?

Қаражат жинау шарасын бейнелеріңізге және тікелей трансляцияларыңызға қосқан кезде, жарнамаларға әсер етпейді. Шатастырып алмау үшін Тікелей эфир чатындағы қайырымдылық функциялары бар тікелей трансляцияларда Super Chat және Super Stickers болмайды. Авторлар "Қайырымдылық" түймесімен тек мүшелерге арналған тікелей эфир чатын жасай алмайды. Донат жиналатын бейнелерде Super Thanks болмайды.

Коммерциялық емес ұйымдар донаттарды қалай алады?

Google компаниясы донаттарды Google-дың сұрауымен жинау және тарату жұмыстары бойынша Network for Good қорымен серіктес. Үлесіңіздің 100%-ы коммерциялық емес ұйымға беріледі, ал YouTube транзакция ақыларын төлейді. АҚШ Салық басқармасының талаптарына сәйкес Network for Good жиналған донаттар бойынша айрықша заң бақылауына ие. Network for Good қаржыны YouTube авторының коммерциялық емес ұйымға төлей алмаса, Network for Good қаржыны талаптарға сай келетін АҚШ-тың басқа коммерциялық емес ұйымына береді. Network for Good қалай төлейтіні туралы толық ақпарат алыңыз.

Донатымды алуға тағайындалған коммерциялық емес ұйым талаптарға сай болмай қалса, не болады?

Донорлық қаржыландыру қоры бойынша Google-дың серіктесі — Network for Good жоба қаржысын қандай да бір себепке байланысты көзделген коммерциялық емес ұйымға (соның ішінде коммерциялық емес АҚШ Салық кодексінің 501(c)(3) бөліміне сай болмаса) тарата алмаса, Google компаниясы Network for Good қорымен жұмыс істеп, талаптарға сай келетін басқа коммерциялық ұйымды таңдайды.
Тікелей эфирімнің чатында донаттарды қалай көремін?
Донаттар чат терезесінде пайда болатынын көресіз. Сонымен қатар тікелей эфир чатындағы қайырымдылықты нақты уақытта Көрермен әрекеті виджетімен Тікелей эфирді басқару бетінен бақылай аласыз.

Жалпы сома және орындалу көрсеткіші нені білдіреді?

Жалпы сома сол қаражат жинау шарасына қатысатын барлық арна мен бейнеден жиналған жалпы қаражатты білдіреді. Жалпы сомасын немесе орындалу көрсеткішін "Қайырымдылық" түймесінің астынан таба аласыз.

Қаражат жинау шарам туралы аналитиканы қайдан таба аламын?

Қаражат жинау шарасы туралы аналитиканы табу:

  1. Компьютерде YouTube аккаунтына кіріңіз.
  2. YouTube Studio қолданбасына өтіңіз.
  3. Пайда бөліміне өтіңіз.
  4. Giving тармағын таңдаңыз.
  5. "Жиналған жалпы сома" тармағында өзіңіз қосылған немесе жасаған науқандардың жанында қаражат жинау шарасы туралы негізгі деректер беріледі.
  6. Жиналған соманың үстіне курсорды апарып, қаражат жинау шарасы туралы толық мәліметті көріңіз.

Коммерциялық емес ұйым туралы сұрақ-жауап

Қандай коммерциялық емес ұйымдар YouTube Giving қызметімен қаражат жинай алады?
YouTube Giving қаражат жинау шарасынан ақша алу үшін коммерциялық емес ұйымға қойылатын талаптар:
  • Оны автор сұрауы керек.
  • АҚШ Салық кодексінің 501(c)(3) бөліміне сәйкес қайырымдылық қор ретінде тіркелген болуы керек.
    • Ескертпе: қазір тек АҚШ-тағы коммерциялық емес ұйымдар қатыса алатындықтан, көптеген коммерциялық емес ұйымның АҚШ-та бөлімшесі не еншілес ұйымы бар. Қолжетімді коммерциялық емес ұйымдардық толық тізімін YouTube Giving ұйымдастыру құралынан көре аласыз.
  • GuideStar арқылы онлайн қаражат жинауға қосылуы керек.
  • YouTube монетизация саясаттарының талаптарын YouTube-те және одан тыс орындауы керек. Бұл талап YouTube Қауымдастық қағидаларының орындалуын қамтиды.
Ескертпе: әзірше жеке қорлар қатыса алмайды. 

Сұрағыңыз келген коммерциялық емес ұйым сұрау құралында болмаса, не істеу керек?

Іздеген коммерциялық емес ұйымның сұрау құралында көрінбеуінің кейбір себептері төменде берілген:
  • Коммерциялық емес ұйым Коммерциялық емес ұйымдарға арналған Google мүшесі емес. Коммерциялық емес ұйым Коммерциялық емес ұйымдарға арналған Google аккаунтын сұрай алады.
  • Коммерциялық емес ұйым АҚШ Салық кодексінің 501(c)(3) бөлімі бойынша Guidestar-да тіркелген коммерциялық емес ұйым болып табылмайды. Коммерциялық емес ұйым бар екенін растау үшін оларды guidestar.org сайтынан қараңыз.
  • Коммерциялық емес ұйым онлайн қаражат жинаудан бас тартқан. Коммерциялық емес ұйымдар онлайн қаражат жинауға келісім беруі керек. Коммерциялық емес ұйым ретінде YouTube-те ақша жинау туралы толық ақпарат алыңыз.

Қолдау көрсеткім келген коммерциялық емес ұйымды сұрадым. Оны қосуға қанша уақыт кетеді?

Талаптарға сай келетін коммерциялық емес ұйымды жібергеннен кейін, сізге сұрауыңыздың күйін хабарлау үшін электрондық хат жібереміз. Кейбір сұрауларды өңдеуге ең көбі 5 жұмыс күні кетеді. Процесті тездетуге көмектесу үшін сұрап отырған коммерциялық емес ұйымыңыз жарамдылық шарттарына сай екеніне көз жеткізіңіз.

Коммерциялық емес ұйымдарға қаржы қалай таратылады?

Біз АҚШ Салық кодексінің 501(c)(3) бөліміне сәйкес тіркелген және коммерциялық емес ұйымдарға қаражат жинайтын және тарататын Network for Good донорлық қаржыландыру қорымен серіктеспіз. Әдетте Network for Good қаражатты ай сайын төлеп отырады. $10 сомасынан аз қаражат жиналса, қаражат жылына бір рет төленеді. Қаражат төлеу және Network for Good туралы толық ақпарат алыңыз.

Коммерциялық емес ұйымдарға арналған Google туралы толық ақпаратты қалай аламын?

Коммерциялық емес ұйымдарға арналған Google және бағдарламаның жарамдылық қағидалары туралы толық ақпарат алыңыз. 

Коммерциялық емес ұйым ретінде YouTube-те ақша жинау туралы толық ақпаратты қалай аламын? 

Донор туралы сұрақ-жауап

Бейненің көру бетінде "Қайырымдылық" түймесі бар. Ол қалай жұмыс істейді?

Тікелей эфир чатындағы қайырымдылық деген не?

Автор тікелей эфир чаты қосылған тікелей трансляцияға немесе премьераға қаражат жинау шарасын енгізген кезде, көрермендер чаттан "Қайырымдылық" түймесін көреді. Көрермен Тікелей эфир чатындағы қайырымдылық арқылы донат жіберген кезде, тікелей эфир чатында донатына өзінің атын қоса алады. Тікелей эфир чатындағы қайырымдылық туралы толық ақпарат алыңыз.
Қай елдер/аймақтар YouTube Giving қаражат жинау шарасына донат жібере алады?

Мына елдерде/аймақтарда донат жіберуге болады:

  • Аргентина
  • Aустрия
  • Бельгия
  • Боливия
  • Канада
  • Колумбия
  • Хорватия
  • Эстония
  • Франция
  • Германия
  • Гана
  • Гонконг
  • Исландия
  • Индонезия
  • Ирландия
  • Израиль
  • Италия
  • Корея
  • Kувейт
  • Латвия
  • Литва
  • Люксембург
  • Maлайзия
  • Meксика
  • Черногория
  • Нидерланд
  • Жаңа Зеландия
  • Норвегия
  • Перу
  • Филиппин аралдары
  • Польша
  • Пуэрто-Рико
  • Румыния
  • Словакия
  • Оңтүстік Корея
  • Испания
  • Швеция
  • Швейцария
  • Тайуан
  • Tаиланд
  • Tүркия
  • Біріккен Корольдік
  • АҚШ

Менің донатыма салық салына ма?

Локацияңыз бойынша донорға салынатын салық туралы ақпаратты осы жерден көріңіз.

Донатымның қаншасы коммерциялық емес ұйымға түседі?

Донат ретінде жіберген ақшаңыздың 100%-ы коммерциялық емес ұйымға беріледі. Ал YouTube несиелік карта транзиясының ақыларын төлейді.

Донатымның төлемін қайтара аламын ба?

Коммерциялық емес ұйымдарға ерікті түрде берілген донат қайтарылмайды. Төлеу кезінде қиындық болса, қолдау көрсету ұжымымызға жүгіне аласыз.

Донат жіберген кезде, коммерциялық емес ұйымдарға қандай ақпарат бересіз?

Донат жібергенде, байланыс ақпаратыңыз коммерциялық емес ұйымға немесе авторға берілмейді. Тікелей эфир чатында "жария" донат берсеңіз, тікелей трансляция авторы аккаунтыңызды және донат көлемін көре алады. Ақпаратыңыздың пайдаланылуы туралы толық ақпарат алыңыз.
Пайдаланушы, компания донаттары және сайттан тыс донаттар деген не?
  • Пайдалану донаттары: YouTube пайдаланушылары берген қаражат.
  • Компания донаттары: YouTube берген қаражат немесе коммерциялық емес ұйым растаған басқа компанияның берген қаражаты.
  • Сайттан тыс донаттар: осы науқан шеңберінде YouTube-тен басқа сайтта ұйымдастырушы жинаған және коммерциялық емес ұйым растаған қаражат.
Компанияның теңестіруі қалай жұмыс істейді?
Компания донаттарды теңестіруді өз жауапкершілігіне алса, ол YouTube-тің "Қайырымдылық" түймесі арқылы қаражат жинау шарасына берілген әр $1 үшін $1 донат береді. Бұл теңестіру толық теңестірілгенге дейін немесе науқан аяқталғанша (қайсысы бірінші болуына қарай) жалғасады.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
8282435480770452915
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false