YouTube арқылы табыс табу жолдары

Жанкүйерлердің қаржылай қолдауы мен сауда-саттық функцияларын ерте пайдалана алатын авторлар санын арттыру арқылы YouTube Partner Program (YPP) бағдарламасын кеңейтіп жатырмыз. Кеңейтілген YouTube Partner Program бағдарламасы осы елдердегі/аймақтардағы талаптарға сай келетін авторлар үшін қолжетімді. Кеңейтілген бағдарлама келесі айда мына елдерде рұқсаты бар авторларға жарияланады: AE, AU, BR, EG, ID, KE, KY, LT, LU, LV, MK, MP, MT, MY, NG, NL, NO, NZ, PF, PG, PH, PT, QA, RO, RS, SE, SG, SI, SK, SN, TC, TH, TR, UG, VI, VN және ZA. YPP өзгертулері туралы толық ақпарат алу үшін осы мақаланы қараңыз. 

Жоғарыдағы елдердің/аймақтардың бірінде болмасаңыз, YouTube Partner Program бағдарламасында сіз үшін ештеңе өзгермейді. Сізге қатысты қолданба нұсқауларын, YPP туралы жалпы ақпаратты, сәйкестік талаптарын мына мақаладан көре аласыз.

Кеңейтілген YouTube Partner Program бағдарламасының талаптарына сай келетініңізді тексеріңіз. Талаптарға сай болмасаңыз, YouTube Studio-дағы Монетизация бөлімінде Хабарландыру алу опциясын таңдаңыз. Сізге кеңейтілген YPP бағдарламасын ұсынып, сіз талаптарға сәйкестік шектеріне жеткен кезде, электрондық хат жібереміз. 

Украинада жүріп жатқан соғысқа байланысты Ресейдегі пайдаланушыларға Google және YouTube жарнамаларын ұсынуды уақытша тоқтатамыз. Толық ақпарат алыңыз.

YouTube Partner Program бағдарламасына өтініш білдіріп, оған қабылдану арқылы YouTube-те табыс таба аласыз. YouTube арналарын монетизациялау саясаттары шарттарына сәйкес келетін арналар ғана пайда таба алады.

YouTube арқылы табыс табу туралы ақпарат

Бірнеше ескертпе

  • Әр автор YouTube арнасында қандай тақырыптағы бейнелерді жариялауды өзі шешеді. Дегенмен де біз платформада белгілі бір тәртіптердің сақталуын және көрермендерге, авторлар мен жарнама берушілерге қолайлы орта болуын қамтамасыз етуге міндеттіміз. YouTube Partner Program бағдарламасының қатысушысы болсаңыз, YouTube арқылы табыс таба аласыз. YouTube Partner Program бағдарламасына қатысушыларға қатаң талаптар қоямыз.
  • YouTube Partner Program бағдарламасына қабылдар алдында, арнаңыздың бағдарлама шарттарына сәйкес келетінін тексереміз. Сонымен қатар арнаңыз біздің барлық саясатымыз бен қағидамызға сай келетінін тұрақты түрде тексеріп отырамыз.
  • YouTube-те тапқан пайдаңызға салықтар төлеуге міндетті болуыңыз мүмкін. Толық ақпаратты төменнен қараңыз.

YouTube Partner Program бағдарламасы арқылы табыс табу жолдары

Келесі функциялар арқылы YouTube-те табыс таба аласыз:

  • Арна мүшеліктері: арнаңыздың мүшелері арнаулы бонустарды пайдалану үшін ай сайын төлем жасап отырады.
  • Super Chat және Super Stickers: жанкүйерлер хабарларының не анимациялық суреттерінің тікелей эфир чатында ерекшеленуі үшін ақы төлейді.
  • Super Thanks: жанкүйерлеріңіз бейнеге немесе Shorts бейнесіне қалдыратын пікірлер бөлімінде қызықты анимация көру үшін және жіберген хабарларының ерекшеленуі үшін ақы төлейді.

Әр функцияның жазылушылар мен көру санына қойылатын талаптарынан бөлек басқа да өзіндік критерийлері бар. Егер тексеріс барысында арнаңыздың немесе бейнеңіздің талапқа сай келмейтіні анықталса, арнайы функциялар қолжетімді болмайды. Қосымша шектердің екі негізгі себебі бар. Біріншіден, біз функция қолжетімді барлық аймақта заңды талаптарды орындауға міндеттіміз. Екіншіден, біз үшін адал ниетті авторлардың ғана арна арқылы табыс тапқаны маңызды. Арнадағы бейнелер мен оның аудиториясы неғұрлым көп болса, оны тексеріп бағалау соғұрлым жеңіл.

Ескертпе: арнаңыздағы контенттің саясатымызға сай екенін тұрақты түрде тексереміз.

Монетизация функциясын қосу талаптары

Ескертпе: әр функцияның талаптары әртүрлі. Кейбір функциялар жергілікті заңдарға байланысты қолжетімді болмауы мүмкін.

YouTube Partner Program бағдарламасына қабылданғаннан кейін, келесі монетизация функцияларын пайдалана аласыз:

 

  Арна шектері Минималды талаптар

 

 

 

Арна мүшеліктері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • 500 жазылушы қажет.
  • Соңғы 90 күнде баршаға ашық 3 бейне жүктеп салған болуыңыз керек.
  • Немесе
    • Ұзақ бейнелерді көру ұзақтығы соңғы 365 күнде 3000 сағатқа жеткен болуы керек.
    • Shorts көру саны соңғы 90 күнде 3 миллионға жеткен болуы керек.
  • Кемінде 18 жасқа толған болуыңыз керек.
  • Арна мүшелігі қолжетімді елде тұруыңыз қажет.
  • Коммерциялық өнімдер туралы модульді (бұрынғы Коммерциялық өнімдер туралы келісімді) қабылдаған болуыңыз керек.
  • Арнаңыз балаларға арналған деп белгіленбеген болуы керек және балаларға арналған немесе талаптарға сай келмейтін бейнелер контенттің шағын бөлігін құрауы керек.
  • Арнаңыз SRAV келісіміне сәйкес музыкалық болып саналмауы керек.
  • Талаптардың толық тізімін мына жерден қараңыз.

 

 

 

Shopping (өз тауарларыңыз)

 

 

Super Chat және Super Stickers

  • Кемінде 18 жасқа толған болуыңыз керек.
  • Super Chat және Super Stickers қолжетімді елде немесе аймақта тұруыңыз керек.
  • Коммерциялық өнімдер туралы модульді (бұрынғы Коммерциялық өнімдер туралы келісімді) қабылдаған болуыңыз керек.
  • Талаптардың толық тізімін мына жерден қараңыз.

 

 

Super Thanks

  • Кемінде 18 жасқа толған болуыңыз керек.
  • Super Thanks қолжетімді елде немесе аймақта тұруыңыз керек.
  • Коммерциялық өнімдер туралы модульді (бұрынғы Коммерциялық өнімдер туралы келісімді) қабылдаған болуыңыз керек.
  • Арнаңыз SRAV келісіміне сәйкес музыкалық болып саналмауы керек.
  • Талаптардың толық тізімін мына жерден қараңыз.

 

 

Жарнамадан түсетін табыс

  • 1000 жазылушы қажет.
  • Немесе
    • Ұзақ бейнелерді көру ұзақтығы соңғы 365 күнде 4000 сағатқа жеткен болуы керек.
    • Shorts көру саны соңғы 90 күнде 10 миллионға жеткен болуы керек.
  • Кемінде 18 жасқа толған болуыңыз керек немесе AdSense for YouTube қызметіндегі төлемдерді басқаруға келісім берген 18 жастан асқан заңды қамқоршыңыз болуы керек.
  • YPP қолжетімді елде немесе аймақта тұруыңыз керек.
  • Келісімшарттың тиісті модульдерін қабылдаңыз.
  • Контентті жарнамаға қолайлы контент туралы қағидаларымыздың талаптарына сай жасаңыз.
YouTube Premium-нан түсетін табыс
  • Келісімшарттың тиісті модульдерін қабылдаңыз.
  • YouTube Premium-ға жазылған көрермендер көретін контентіңіз болуы керек.

 

 

Shopping (басқа бренділердің тауарлары)

  • 20 000 жазылушы қажет.
  • Немесе
    • Ұзақ бейнелерді көру ұзақтығы соңғы 365 күнде 4000 сағатқа жеткен болуы керек.
    • Shorts көру саны соңғы 90 күнде 10 миллионға жеткен болуы керек.
  • Арнаңыз жазылушылар саны бойынша YPP шегіне сәйкес келуі керек.
  • Оңтүстік Кореяда немесе АҚШ-та тұруыңыз керек.
  • Арнаңыздың музыкаға, ресми орындаушы арнасына немесе музыкалық серіктестерге қатысы болмауы керек. Музыкалық серіктестерге дыбыс жазу студиялары, дистрибьюторлар, баспалар және VEVO жатады.
  • Арнаңыз балаларға арналған деп белгіленбеген болуы керек және балаларға арналған бейнелер контенттің шағын бөлігін құрауы керек.
  • Талаптардың толық тізімін мына жерден қараңыз.
YouTube арқылы табыс табу жолдары жөнінде авторлық кеңестер алыңыз.

YouTube-те түскен пайда мен салық міндеттемелері

YouTube-те табыс табу немесе Shorts бонустарына ие болу – платформада көрермендердің көңілінен шығатын контент жасауыңыздың таптырмас жемісі. Ескертпе: тұрғылықты еліңізде YouTube-тегі монетизацияланған бейнелеріңізден тапқан кез келген кіріске салық төлеуге жауапты болуыңыз мүмкін. Егжей-тегжей кеңес алу үшін жергілікті салық органына хабарласыңыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
12800932170605961204
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false