YouTube сайтында ауыр жарақат алуға не адам өліміне әкелуі мүмкін қауіпті немесе заңсыз әрекеттерді насихаттайтын контентке рұқсат етілмейді. Кейде оқу-танымдық, деректі, ғылыми немесе көркем контекстегі контент, соның ішінде қоғам мүддесі үшін жасалған контент ерекше жағдай ретінде қарастырылуы мүмкін.
Осы саясатты бұзатын контентке кезіксеңіз, ол туралы шағым жіберіңіз.
Осы мақаланың белгілі бір бөліміне өтіңіз:
- Зиянды немесе қауіпті контентке қатысты толық саясатты оқу
- Зиянды немесе қауіпті контенттің мысалдарын көру
- Жас шектеуі қойылған контент және контентті өшіру
- Оқу-танымдық, деректі, ғылыми немесе көркем контент
- Контент саясатқа қайшы болса, не болады?
Зиянды немесе қауіпті контент саясаты
Осы саясаттың маңыздылығы
Зиянды немесе қауіпті әрекеттер, челлендждер мен пранкілер
- Өте қауіпті челлендждер: физикалық жарақат алу қаупін төндіретін челлендждер.
- Қауіпті немесе қорқытатын пранкілер: жәбірленушілерді жақын арада болатын ауыр физикалық қауіппен қорқытатын немесе кәмелетке толмағандарды не қорғансыз, осал адамдарды ауыр эмоциялық күйзеліске ұшырататын пранкілер.
- Зиянды немесе қауіпті әрекеттер: ересектер жасаған, ауыр дене жарақаты немесе өлім қаупі жоғары әрекеттер.
- Қауіпті әрекеттерге қатысатын кәмелетке толмағандар: кәмелет жасына толмаған балалардың эмоциялық және физикалық жағдайына қауіп төндіретін контент. Қосымша ақпарат алу үшін біздің Бала қауіпсіздігі туралы саясатымызды қараңыз.
Қару-жарақтар
- Өлтіру немесе зиян келтіру туралы нұсқаулар: көрермендерге басқа адамдарды өлтіруге немесе ауыр зиян келтіруге бағытталған әрекеттерді қалай орындау керектігін көрсететін немесе айтатын нұсқаулар.
- Жарылғыш заттар: басқа адамдарды жарақаттауға немесе өлтіруге арналған жарылғыш құрылғыларды немесе олардың бөлшектерін жасауға қатысты нұсқау беретін контент.
- Атыс қаруы: қосымша ақпарат алу үшін Атыс қаруына қатысты саясатты оқыңыз.
Цифрлық қауіпсіздік контенті
- Ұрлық туралы нұсқаулар: физикалық тауарларды ұрлау немесе бір нәрсені тегін алу ниетімен жарияланған ұрлық туралы нұсқау беретін бейнелер.
- Хакерлік әрекет: тіркелу деректерін ұрлау, жеке деректерге нұқсан келтіру немесе басқа адамдарға елеулі зиян келтіру мақсатында компьютерлерді немесе ақпараттық технологияларды пайдалану әдістерін көрсету.
- Цифрлық контентке немесе қызметтерге ақы төлеуді айналып өту: көрермендерге контентке, бағдарламалық құралға немесе қызметтерге рұқсатсыз қол жеткізу жолдарын көрсететін контент.
- Фишинг: көрермендерден жеке тұлғаны анықтайтын ақпаратты алдау арқылы алуға тырысатын немесе алуға нұсқау беретін контент.
- Криптофишинг: фишинг схемасының бір бөлігі ретінде криптовалюта немесе криптовалютаға қатысты әмиян деректерін сұрау.
Спам, айлакерлік және алаяқтық туралы саясаттарға қатысты толық ақпарат алыңыз.
Заңсыз немесе бақылаудағы тауарлар немесе қызметтер
-
Қосымша ақпарат алу үшін заңсыз немесе бақылаудағы тауарлар мен қызметтерге қатысты саясатымызды қараңыз.
Өзіңіз немесе танысыңыз алкоголь мен есірткі, құмар ойын және басқа тәуелділіктермен күресіп жүрсе немесе ой мен сана саулығына қатысты қиыншылықтарға тап болса, көмек сұрай алады. Ресурстарды осы жерден таба аласыз.
Зиянды немесе қауіпті контент мысалдары
Төменде YouTube-те тыйым салынған зиянды немесе қауіпті контенттің кейбір мысалдары берілген.
Ескертпе: төмендегі тізім толық емес.
Өте қауіпті челлендждер
- Тұншығу: тыныс алуға кедергі келтіретін немесе тұншығуға әкелетін кез келген әрекет. Мысалы:
- тұншығу, суға бату немесе асылу ойындары;
- жеуге арналмаған өнімдерді жеу.
- Қаруды дұрыс қолданбау: мылтық немесе пышақ сияқты қаруды тиісті сақтық шараларынсыз немесе физикалық зиян келтіретіндей етіп пайдалану.
- Зиянды заттарды жұту: ауруды немесе улануды тудыруы мүмкін тағамдық емес заттарды немесе химиялық заттарды жеу, тұтыну немесе ағзаға енгізу. Мысал ретінде жуғыш заттарды жеуге байланысты челлендждерді келтіруге болады.
- Күйік, мұздату және электр тогының соғуы: қатты күйіп қалу, қату, үсік шалу немесе электр тогының соғу қаупімен байланысты әрекеттер. Мысал ретінде от пен ыстық су челленджін келтіруге болады.
- Жарақаттану және доғал күш жарақаты: мысалдары:
- өзін-өзі жарақаттау;
- қалыпты медициналық практикадан бас тарту;
- құлау, соққы алу, соқтығысу, доғал заттан жарақат алу немесе талқандау.
Ескертпе: оқу-танымдық немесе деректі контексі бар контентке жас шектеуін қоюымыз мүмкін.
Қауіпті немесе қорқытатын челлендждер
- Қасақана физикалық зиян келтіру: ештеңеден хабары жоқ пранк жәбірленушілеріне физикалық зиян келтіру. Мысалы:
- соққыға жығу;
- тамаққа немесе сусындарға іш жүргізетін дәрілерді қосу;
- ток соқтыратын ойындар.
- Біреуге тікелей қауіп төніп тұрғанын сездіру: ешбір қауіптің болмауына қарамастан, біреулерге нақты қауіп төніп тұрғанына сендіретін контент. Мысалдары:
- қарумен қорқыту;
- бомбамен қорқыту;
- полицияға не құтқару қызметіне (911 нөміріне) жалған қоңырау шалу;
- үйге басып кіру немесе тонау әрекетінің өтірік көрінісі;
- адамды өтірік ұрлау көрінісі.
- Кәмелетке толмағандарға немесе қорғансыз, осал адамдарға психикалық залал келтіру: балаларға немесе басқа осал адамдарға эмоциялық зиян келтіретін немесе физикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіру арқылы қорқытатын кез келген пранк. Мысалдары:
- өлімді немесе суицидті сахналау;
- жалған зорлық-зомбылық;
- ата-ананың немесе қамқоршының баланы тастап кеткендей кейіп танытуы;
- ата-ананың немесе қамқоршының баланы ауызша қорлауын немесе ұятқа қалдыруын көрсету.
Ескертпе: ересектер қатысатын және саясатымыздың ережелерін бұзбайтын пранк контентіне жас шектеуін қоюымыз мүмкін. Сондай-ақ оқу-танымдық немесе деректі контексі бар контентті мақұлдауымыз мүмкін.
Зиянды немесе қауіпті әрекеттер
- Ауыр дене жарақаттарының немесе өлімнің қаупі: ересек адамның ауыр дене жарақатын алу немесе өліп кету қаупі бар әрекетті орындауы. Көріп отырған адам мұндай қауіпті әрекетті қайталауы мүмкін деген болжам болса немесе контентте қауіпті әрекеттер мақтап-мадақталса, жағдай ушыға түседі. Қауіпті әрекеттерге мыналар жатады, бірақ олармен шектелмейді: тұншығу немесе электр тогының соғуы сияқты Өте қауіпті челлендждер бөлімінде тізімделген санаттардағы кез келген әрекет.
- Біз сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қауіпті әрекеттерін көрсететін контентке тыйым саламыз. Бұған кәмелетке толмағандарды төмендегідей бейнелейтін контент жатады:
- алкоголь ішетін;
- вейп құрылғыларын, электрондық темекіні, темекіні немесе марихуананы пайдаланатын;
- отшашуды дұрыс пайдаланбайтын;
- қару-жарақты бақылаусыз пайдаланатын.
- Біз сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қауіпті әрекеттерін көрсететін контентке тыйым саламыз. Бұған кәмелетке толмағандарды төмендегідей бейнелейтін контент жатады:
- Өте қауіпті көлік жүргізу: көлік құралын жүргізушіге немесе айналасындағыларға ауыр жарақат алу немесе өлім қаупі туындайтындай етіп пайдалану. Мысалдары:
- мотоциклшінің жоғары жылдамдықпен қарсы келе жатқан қозғалыс жолағына әдейі айдап бара жатқанының ұялы телефонға түсірілген бейнежазбасы. Мынадай кадрдан тыс дауыстың болуы: "Мә, бұл ессіз трюк болды!"
- Жаяу жүргіншілерге арналған жаяу жүргіншілер жолымен жоғары жылдамдықпен көлік жүргізу.
Зиян келтіру бойынша нұсқау беру
- Бомба жасау: көрермендерге басқа адамдарды жарақаттауға немесе өлтіруге арналған бомбаны қалай жасау керектігін көрсету. Мысалдары:
- құбырлы бомбалар;
- қаптамадағы бомбалар;
- жарылғыш жилеттер;
- Молотов коктейльдері.
- Балаларға қатысты зорлық-зомбылық: балалар арасындағы кез келген нақты төбелес немесе зорлық-зомбылық. Қосымша ақпарат алу үшін біздің Бала қауіпсіздігі туралы саясатымызды қараңыз.
Ескертпе: деректі немесе оқу-танымдық контексі бар контентке жас шектеуін қоюымыз мүмкін.
Жас шектеуі қойылған контент
- Белгілі бір әрекеттің тәуекелдері туралы ақпарат беру сияқты оқу-танымдық, деректі, ғылыми немесе көркем контекст жарамды. Мысалы, бұл қауіпті әрекетті орындау нәтижесінде пайда болуы мүмкін жарақат түрлерін түсіндіретін немесе қауіпті әрекетті орындау нәтижесінде жарақат алған өз тәжірибесін сипаттайтын контексті қамтуы мүмкін. Ол сондай-ақ әрекетті қауіпсіз орындау және жарақаттанудың алдын алу үшін қажетті сақтық шаралары немесе оқыту түрлерін түсіндіретін контексті қамтуы мүмкін. "Мұны үйде қайталамаңыз" деп айтуды жеткіліксіз контекст деп санаймыз.
- Көрсетілген әрекет ауыр жарақат алу қаупін тудырмайды.
- Контент көрсетілген әрекетті насихаттамайды. "Насихаттау" сөзі қандай да бір әрекетті мадақтауды немесе мақтауды, сондай-ақ оны қалай орындау керектігі туралы нұсқаулар беруді білдіреді.
Жас шектеуі қойылған контент және жас шектеуі бар бейнелерді қалай көруге болатыны туралы ақпарат алыңыз.
Жас шектеуі қойылған контент мысалдары
- жасанды қанның көп мөлшерін немесе қорқынышты жалған жарақаттарды қолданатын ересектерге арналған пранкілер;
- қауіпті челленджге қатысып жатқан адамдардың бейнежазбасы көрсетілетін және челлендж кезінде ауыр жарақат алған адамдардың саны айтылатын контент;
- ересектердің отшашуды дұрыс пайдаланбағаны көрсетілген контент;
- ересектердің басқа қатысушыларға немесе өздеріне электрошокер қолданып жатқанын көрсететін контент;
- ересек паркур спортшысының қауіптілігі жоғары әуесқой трюктері бар бейнелерге реакция жасап, зиян келтіру қаупі туралы пікір айтатын контент.
Оқу-танымдық, деректі, ғылыми немесе көркем контент
Кейде бұл саясатты бұзатын контентте оқу-танымдық, деректі, ғылыми немесе көркем (EDSA) контекст болса, оны YouTube-те қалдыруға болады. Сондай-ақ конгресс немесе парламент отырыстары, сайлауалды баяндамалар немесе қазіргі үкімет әрекеттеріне қатысты пікірталастар сияқты қоғам мүддесі үшін жасалған контентті де жариялауға рұқсат беруіміз мүмкін. Мұндай ықтимал ерекше жағдайды пайдаланып, ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін қауіпті не заңсыз әрекеттерді насихаттауға болмайды. YouTube EDSA контентін қалай бағалайтыны туралы біліңіз.
Ескертпе: кей жағдайларда EDSA контентіне жас шектеуі қойылуы мүмкін. EDSA контексті қосылған болса да, YouTube-те белгілі бір контентке тыйым салынады. Мысалы, дәрі-дәрмектерді немесе бақылаудағы фармацевтикалық препараттарды рецептісіз сататын контент.
EDSA контентінің мысалдары
- Тұншығу ойындарының қауіптілігі туралы жаңалықтар жазбасы орынды болуы мүмкін, бірақ сол деректі фильмнің контексінен алынған үзінді бейнелерді орналастыруға болмайды.
- Кәсіби каскадер көрермендерге дайындық кезінде қабылданған қауіпсіздік шараларын, мысалы, жергілікті жедел жәрдем қызметкерлерін және қорғаныс құралдарын пайдалануды көрсете отырып, мотоциклмен қауіпті секіруді орындайтын бейне.
- Белгілі бір қауымдастықтағы есірткіні қолданудың әсерін көрсететін деректі фильм. Мұндайда контентте көрермендерге есірткіні қолдануды көрсете отырып, көрермендерді есірткіні тұтынудан қайтару керек және оларды жасау немесе сатып алу әдістері туралы ақпарат бермеу керек.
- Көрермендерді қауіпсіз жүргізу ережелерімен немесе автокөлікті қорғау құралдарымен таныстыру мақсатында бақыланатын жағдайларда қауіпті көлік жүргізуді немесе жол-көлік оқиғаларын көрсететін бейне.
Контент саясатқа қайшы болса, не болады?
Егер контентіңіз саясатымызға қайшы болса, оны өшіреміз де, сізге электрондық пошта арқылы хабарлаймыз. Сіз жариялаған сілтеменің қауіпсіз екенін растай алмасақ, оны өшіруіміз мүмкін. Бейненің өзінде немесе оның метадеректерінде ережеге қайшы URL мекенжайларының болуы бейненің жойылуына әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Қауымдастық қағидаларын алғаш рет бұзған болсаңыз, арнаңызға шара қолданылмай, тек хабарландыру алуыңыз мүмкін. Хабарландыру күші 90 күннен кейін жойылуы үшін, сол аралықта саясат туралы оқыту курсынан өте аласыз. 90 күндік мерзім хабарландыру жіберілген кезде емес, курс аяқталғаннан кейін басталады. Дегенмен сол 90 күн ішінде дәл сол саясатты қайта бұзсаңыз, хабарландыру сақталып, арнаңызға ескерту беріледі. Оқыту курсын тәмамдаған соң басқа саясатты бұзсаңыз, тағы бір хабарландыру аласыз.
90 күн ішінде 3 ескерту алсаңыз, арнаңыздың жұмысы тоқтатылуы мүмкін. Ескертулер жүйесі туралы толық ақпарат алыңыз.
Қауымдастық қағидаларын немесе Қызмет көрсету шарттарын қайталап бұзғаныңыз үшін арнаңыздың немесе аккаунтыңыздың жұмысын тоқтатуымыз мүмкін. Сонымен қатар ережені елеулі түрде бұзудың бір жағдайы болғанда немесе арна әдейі саясатқа қайшы әрекеттер үшін жасалған кезде, арнаңыздың немесе аккаунтыңыздың жұмысын тоқтатуымыз мүмкін. Саясатты қайта бұзатындар болашақта курсқа қатысу құқығынан айырылуы мүмкін. Арна немесе аккаунт жұмысын тоқтату туралы толық ақпарат алыңыз.