Кеңейтілген YouTube Partner Program бағдарламасын шолу

Жанкүйерлердің қаржылай қолдауы мен Shopping функцияларын ерте пайдалана алатын авторлар санын арттыру арқылы YouTube Partner Program (YPP) бағдарламасын кеңейтіп жатырмыз. Кеңейтілген YouTube Partner Program бағдарламасы осы елдердегі/аймақтардағы талаптарға сай келетін авторлар үшін қолжетімді. Егер осы елдердің/аймақтардың бірінде болсаңыз, YPP-ге енгізілген өзгерістер туралы толық ақпарат алу үшін төмендегі мақаланы оқуыңызға болады.  

Қолжетімді елдердің/аймақтардың бірінде болмасаңыз, YouTube Partner Program бағдарламасында сіз үшін ештеңе өзгермейді. Сізге қатысты қолданба нұсқауларын, YPP туралы жалпы ақпаратты, сәйкестік талаптарын мына мақаладан көре аласыз.

Кеңейтілген YouTube Partner Program бағдарламасының талаптарына сай келетініңізді тексеріңіз. Талаптарға әлі сай болмасаңыз, YouTube Studio-дағы Монетизация бөлімінде Хабарландыру алу опциясын таңдаңыз. Сізге кеңейтілген YPP бағдарламасын ұсынып, сіз талаптарға сәйкестік шектеріне жеткен кезде, электрондық хат жібереміз. 

YouTube арқылы табыс табу туралы ақпарат

2022 жылы YouTube-ті авторларға пайда әкелетін орынға айналдыруды жалғастыру мақсатында YouTube Partner Program (YPP) бағдарламасын дамытып жатқанымызды жарияладық. 2023 жылдың маусым айының ортасынан бастап жанкүйерлердің қаржылай қолдауын және таңдаулы сауда функцияларын ертерек пайдалану мүмкіндігін беру арқылы көптеген авторға арнап YouTube Partner Program бағдарламасын кеңейтіп жатырмыз.

Талапқа сай елдердегі авторлар төмендегі жарамдылық шектерінің біреуіне жеткен кезде, кеңейтілген YouTube Partner Program бағдарламасына өтініш бере алады:

  • соңғы 90 күнде баршаға ашық 3 бейне жүктеп салу және соңғы 12 айда көру ұзақтығын 3000 сағатқа жеткізу арқылы 500 жазылушы жинау; немесе
  • соңғы 90 күнде баршаға ашық 3 бейне жүктеп салу және соңғы 90 күнде баршаға ашық Shorts бейнелерінің көру санын 3 миллионға жеткізу арқылы 500 жазылушы жинау.

Қатысу талаптарына сай келгеніңізде хабарлағанымызды қаласаңыз, YouTube Studio-дағы "Монетизация" бөлімінің Хабарландыру алу опциясын таңдаңыз. Сіз кеңейтілген YPP бағдарламасының талаптарға сәйкестік шектеріне жеткен кезде, электрондық хат жібереміз.

YouTube Partner Program бағдарламасына қатысатын, сондай-ақ төмендегі жарамдылық шектеріне сәйкес келетін авторлар жарнамалар мен YouTube Premium-нен түскен табысты бөлу сияқты қосымша бонустарды ала алады:

  • соңғы 12 айда көру ұзақтығын 4000 сағатқа жеткізу арқылы 1000 жазылушы жинау; немесе
  • соңғы 90 күнде баршаға ашық Shorts бейнелерінің көру санын 10 миллионға жеткізу арқылы 1000 жазылушы жинау.

Қазіргі уақытта YPP бағдарламасындағы серіктестерге ешқандай бағдарлама артықшылықтары қарастырылмаған.

Кеңейтілген YouTube Partner Program бағдарламасына қосылу үшін не істеу керек?

  1. YouTube арналарын монетизациялау саясаттарын орындаңыз.
  2. Мүмкіндігі бар елдердің/аймақтардың бірінде орналасқан арнаға ие болуыңыз керек.
  3. Google аккаунтыңызда 2 сатылы растаудың қосылғанына көз жеткізіңіз.
  4. Арнаңызбен байланыстырылатын белсенді бір AdSense for YouTube аккаунты болуы керек. Әлі орнатпаған болсаңыз, өтініш берген кезде YouTube Studio-да орнату керек болады. Жаңа AdSense for YouTube аккаунтын міндетті түрде YouTube Studio-да жасау қажет.

Кеңейтілген YouTube Partner Program бағдарламасы қайда қолжетімді?

 Кеңейтілген YouTube Partner Program бағдарламасы келесі елдер мен аймақтардағы рұқсаты бар авторлар үшін қолжетімді:

  • Aлжир
  • Америкалық Самоа
  • Аргентина
  • Aруба
  • Aустралия
  • Aустрия
  • Бахрейн 
  • Беларусь
  • Бельгия
  • Бермуда
  • Боливия 
  • Босния мен Герцеговина
  • Бразилия
  • Болгария
  • Канада
  • Кайман аралдары
  • Чили
  • Колумбия
  • Коста-Рика
  • Хорватия 
  • Кипр
  • Чех Республикасы
  • Дания 
  • Доминикан Республикасы 
  • Эквадор
  • Мысыр
  • Эль-Сальвадор
  • Эстония
  • Финляндия
  • Франция
  • Француз Гвианасы
  • Француз Полинезиясы
  • Германия
  • Грекия
  • Гваделупа
  • Гуам
  • Гватемала
  • Гонконг
  • Гондурас
  • Мажарстан
  • Исландия
  • Үндістан
  • Индонезия
  • Ирландия
  • Израиль
  • Италия
  • Жапония
  • Иордания
  • Кения
  • Kувейт
  • Латвия
  • Ливан
  • Лихтенштейн
  • Литва
  • Люксембург
  • Maкедония
  • Maлайзия
  • Maльта
  • Марокко
  • Meксика
  • Нидерланд
  • Жаңа Зеландия
  • Никарагуа
  • Нигерия 
  • Солтүстік Мариан аралдары
  • Норвегия
  • Oман
  • Панама
  • Папуа — Жаңа Гвинея
  • Перу
  • Филиппин
  • Польша 
  • Португалия
  • Пуэрто-Рико
  • Парагвай
  • Катар
  • Румыния
  • Сауд Арабиясы
  • Сенегал 
  • Сербия
  • Сингапур
  • Словакия
  • Словения
  • Оңтүстік Африка Республикасы
  • Оңтүстік Корея
  • Испания
  • Швеция
  • Швейцария
  • Тайуан
  • Таиланд 
  • Tүркия 
  • Теркс және Кайкос аралдары
  • Уганда
  • Біріккен Араб Әмірліктері
  • Біріккен Корольдік
  • Америка Құрама Штаттары
  • Уругвай
  • АҚШ-тың Виргин аралдары
  • Вьетнам

Кеңейтілген YouTube Partner Program бағдарламасына қатысу үшін өтінішті қайда беруге болады?

Қажетті нәрсенің бәрі қолда тұрып, арнаңыз өтініш беруге жарамды болса, компьютер немесе мобильдік құрылғы арқылы YPP бағдарламасына тіркеліңіз:

  1. YouTube Studio аккаунтына кіру үшін компьютерді пайдаланыңыз.
  2. Сол жақ мәзірден Монетизация түймесін басыңыз.
  3. Негізгі шарттарды қарап шығу және Қабылдау үшін Қазір өтінім беру түймесін басыңыз.
  4. AdSense for YouTube аккаунтын реттеу үшін немесе бұрыннан бар белсенді аккаунтты байланыстыру үшін Бастау түймесін басыңыз.

Аяқтаған соң, "Тексеру" қадамында Орындалып жатыр жазуы пайда болады, яғни өтінішіңіз бізге жетті.

Не тексеріледі?

Автоматты жүйелеріміз бен тексерушілер арнаңыздың барлық саясатымыз бен қағидаларымызға сәйкес келетініне көз жеткізу үшін арнаңызды толықтай тексереді. Өтінішіңіздің статусын кез келген уақытта YouTube Studio-дағы Монетизация бөлімінен көре аласыз.

Барлық YPP өтінішіне алынған ретіне қарай қызмет көрсетіледі. Арнаңыз қаралғаннан кейін (әдетте шамамен 1 айдан соң), шешім туралы сізге хабарласамыз.
 
Келесі факторларға байланысты кешірек хабарласуымыз мүмкін:
  • өтініштер көлемі;
  • жүйе ақаулары;
  • ресурс шектеулері;
  • арналар бірнеше рет тексеруді қажет еткен кездер, мысалы, бірнеше тексеруші арнаның YPP бағдарламасына жарамдылығы бойынша келіспеген жағдайлар.

Егер бірінші өтінішіңіз қабылданбаса, уайымдамаңыз. Түпнұсқа контент жүктеп сала беріңіз, сонда 30 күннен кейін қайтадан өтініш беруге болады. Егер өтінішіңіз бұған дейін де қабылданбаған болса, әрекетті 90 күннен кейін қайталап көруге болады. Тексерушілеріміз арнаңыздың көп бөлігі саясаттарымыз бен қағидаларымызға сәйкес келмейтінін анықтаған сияқты. Сондықтан қайта өтініш бермес бұрын, арнаңыздың жалпы контентіне қатысты саясаттарымыз бен қағидаларымызды қарап шығып, арнаңызды өзгертіңіз. Арнаңызды күшейту үшін жасалатын қадамдар туралы толық ақпарат алыңыз.

Табыс табу және төлем алу жолын таңдау

YPP бағдарламасына қосылғаннан кейін, жанкүйерлердің қаржылай қолдауы және сауда функциялары арқылы табыс табу жолын бастай аласыз. Жанкүйерлердің қаржылай қолдауы мен сауда функцияларын қосу үшін Коммерциялық өнімдер туралы модульді қарап шығыңыз және қабылдаңыз. Модуль және жанкүйерлердің қаржылай қолдауы мен сауда функцияларын қосу туралы толық ақпарат алыңыз.

Жанкүйерлердің қаржылай қолдауы және сауда функциялары

500 жазылушымен YPP бағдарламасына қосылғанда, жарамдылық талаптарына сай болсаңыз, осы монетизация функциялары арқылы ақша табуға болады:

  • Арна мүшеліктері: көрермендерге ай сайынғы төлемдер арқылы арнаңызға қосылуға және танымбелгілер, эмоджи мен басқа тауарлар сияқты тек мүшелерге ұсынылатын бонустарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  • Super Chat және Super Stickers: жанкүйерлеріңіз тікелей эфир чатында хабарын ерекшелеу үшін Super Chat немесе қызықты анимациялық сурет жіберу үшін Super Sticker сатып ала алады.
  • Super Thanks:  бейнелеріңізге қосымша алғыс білдіргісі келетін көрермендерден табыс табуға мүмкіндік береді.
  • Сауда-саттық: ресми тауарлар дүкеніңізді YouTube платформасына қосуға және өнімдеріңізді көрсетуге мүмкіндік береді.

Төлем алу

Төмендегідей ақпарат алу үшін Анықтамалық орталығымыздың "Төлем алу" бөліміне өтіңіз:

  • YouTube серіктесі ретінде алатын табысыңызды оңай түсіну;
  • AdSense for YouTube (YPP авторларына төлем алуға мүмкіндік беретін Google бағдарламасы) туралы қосымша ақпарат алу;
  • жалпы төлем мәселелерін шешу.

Ақша табу үшін белсенді болыңыз

YouTube Partner Program бағдарламасы өсіп келе жатқандықтан, арналардың белсенді экожүйесін сақтау маңызды. 6 ай немесе одан да көп уақыт бойы бейне жүктеп салмаған немесе "Қауымдастық" қойындысында ақпарат жарияламаған арналарға монетизация функциясын өшіруіміз мүмкін.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
7129298777463825315
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false