Пікірлерді тексеру және оларға жауап беру

 Пікірлерді басқару және олармен әрекеттесу — арнада жайлы атмосфераны сақтаудың жақсы жолы.

Бейнелерге және арнаға қалдырылған пікірлерді тексеру

  1. YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Пікірлер  опциясын таңдаңыз.
  3. Тексергіңіз келетін қойындыны таңдаңыз:
    • Жарияланған: барлығы көретін пікірлер.
    • Тексеруге жіберілген: параметрлеріңіз бойынша тексеруге жіберілген және YouTube спам ретінде белгілеп, тексеру үшін іріктеген пікірлер.

Көретін пікірлерді іріктеу үшін әрбір қойындының жоғарғы жағындағы сүзгі бағанасын пайдалануға болады. Іздеу, сұрақтар, жауап күйі және т.б. бойынша іріктей аласыз.

Талапқа сай авторлар компьютерден Studio-дағы "Пікірлер және атап өту" бөлімін қарай алады. Атап өту бөлімінің талаптары туралы толық ақпарат алыңыз.

Жарияланған пікірлерге жауап беру

Жарияланған қойындысында келесі әрекеттерді орындай аласыз:

  • Жауап беру: пікірге тікелей жауап беру үшін ЖАУАП БЕРУ опциясын таңдаңыз.
  • Жүрек: ризашылығыңызды білдіру үшін пікірдің астындағы "жүрек" белгішесін басыңыз.
  • Лайк: пікірге лайк қою үшін "ұнайды" белгішесін таңдаңыз.
  • Дизлайк: пікірге дизлайк қою үшін "ұнамайды" белгішесін басыңыз.
  • Бекіту: пікірді бейненің көру бетінің жоғарғы жағына бекіту үшін "Тағы"  and then Бекіту тармағын таңдаңыз. Бұл опция жекелеген бейненің пікірлерін көрген кезде ғана пайда болады.

Ескертпе: кім пікір жазып жатқаны туралы толық ақпарат беру үшін YouTube Studio-да пікір жазушылар атының жанында танымбелгілер көрсетіледі. Мысалы, ең үздік пікір жазушыларға , арна мүшелеріне және жазылған баршаға ашық пікір жазушыларға арналған танымбелгілер бар.

Тексеруге жіберілген пікірлерге қатысты шара қолдану

"Тексеруге жіберілген" қойындысында келесі әрекеттерді орындауға болады. Бұл опцияларды "Тағы" белгішесін басу арқылы "Жарияланған" қойындысынан да таба аласыз.

  • Мақұлдау: пікірдің баршаға ашық көрсетілуіне рұқсат беру үшін "Мақұлдау" түймесін басыңыз.
  • Өшіру: пікірді өшіру үшін "Өшіру" түймесін басыңыз.
  • Спам немесе ережені бұзу туралы шағым жіберу: пікірдегі спам немесе ережені бұзу туралы шағым жіберу үшін "Шағымдану" түймесін басыңыз. Спам пікірлер туралы толық ақпарат алыңыз.
  • Пайдаланушыны жасыру: пайдаланушыны арнадан жасыру үшін "Жасыру" опциясын Maps hide icon, visibility off таңдаңыз. Нақты бір адамдардан пікірлерді жасыру туралы толық ақпарат алыңыз.
  • Үнемі мақұлдау: бұл опция тек "Жарияланған" қойындысында бар. Нақты бір көрерменнің болашақтағы барлық пікірі автоматты түрде мақұлданып, баршаға көрінуі үшін, "Тағы"  and then Бұл пайдаланушының пікірлерін үнемі мақұлдау тармағын таңдаңыз.

Пікірлер модераторын қосу

Бейнелеріңіз бен арнаңыздағы пікірлерді басқаруға көмек қажет болса, модераторларды шақыра аласыз. YouTube арнасы бар кез келген адам модератор бола алады. YouTube Studio-да модератор қосу үшін:

  1. YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Параметрлер опциясын таңдаңыз.
  3. Қауымдастық опциясын таңдаңыз.
  4. "Стандартты модераторлар" ұяшығына модератор арнасының URL мекенжайын енгізіңіз.
  5. САҚТАУ түймесін басыңыз.

Модераторды бейнеге жазған пікірі арқылы да қосуға болады.

  1. YouTube қолданбасында модератор қылғыңыз келген адамның бейнелеріңіздің біріне жазған пікірін тауып алыңыз. 
  2. Оның пікірінің жанындағы "Тағы"  түймесін түртіңіз.
  3. Модератор ретінде қосу түймесін түртіңіз.
  4. Басқарушы модератор немесе Стандартты модератор опциясын таңдаңыз.

Модераторға оны қосқаныңыз туралы хабарландыру жіберілмейді. Модераторға енді пікірлерді өшіре алатынын хабарлаңыз.

Пікірлер тақырыптары

Пікірлер тақырыптарында YouTube бейнелеріндегі пікірлерді реттеу және қорытындылау үшін жасанды интеллект (AI) технологиясы қолданылады. Осы ақпаратты қолдана отырып, қауымдастықтың қызығушылықтарын біле аласыз, пікірталастарға оңай қосылып, жаңа бейнелер түсіру үшін шабыт аласыз.

Пікірлер тақырыптарын қарау үшін YouTube мобильдік қолданбасында бейненің пікірлер бөліміне өтіп, Тақырыптар  түймесін түртіңіз.

Ескертпе: бұл функция кейбір бейнелерде көрсетілмейді. Әзірше пікірлер тақырыптары YouTube мобильдік қолданбасында ағылшын тіліндегі бейнелер мен көлемді пікірлер бөлімдерінде ғана қолжетімді.

Тақырыптарды адамдар емес, AI қорытындылайды, сол себепті сапасы мен дәлдігі әркелкі болуы мүмкін.

Сұрақ-жауап

Пікірлер модераторы не істей алады?

Пікірлер модераторы істей алатын әрекеттер олардың стандартты не басқарушы модератор болғанына байланысты. Басқарушы модераторларға қолжетімді опциялар стандартты модераторлардікінен көбірек. Екеуі де пікірлерді сізге тексеруге жібере алады.
Модераторлар YouTube Studio-да арнаңызға кіре алмайды. Пікірлер "Тексеруге жіберілген" кезегінде тексеруіңіз үшін сақталады. Пікірді мақұлдамасаңыз, ол басқа көрермендерге көрінбейді.

Пікірлер модераторлары істей алатын әрекеттер туралы толық ақпарат алыңыз.
Пікір модерациясы тікелей эфир чатында басқаша жұмыс істейді. Тікелей эфир чаттарына модераторлар тағайындау жолы туралы ақпарат алыңыз.

Пікірлер модераторын қалай өшіруге болады?

Пікірлер модераторын қосу үшін жоғарыдағы қадамдарды орындауға, содан кейін "өшіру" опциясын таңдауға болады.

Көрерменнің пікіріне жүрек, лайк, дизлайк қойсам, бекітсем немесе жауап берсем, оған хабар беріле ме?

Бұл әрекеттерді орындасаңыз, пікір жазушының хабарландыру параметрлеріне байланысты оған хабарландыру келуі мүмкін.
Лайктар мен дизлайктар анонимді болады. Пікірге лайк қойсаңыз, пікір жазушыға "Біреу пікіріңізге лайк қойды" деген сияқты хабарландыру келуі мүмкін. Дизлайк қойсаңыз, көрерменге хабарландыру жіберілмейді.

Пікірді қалай босатуға болады?

Пікір көру бетінің ең төбесіне бекітілген болса, қаласаңыз, ол жерден босата аласыз. Пікірдің жанындағы "Тағы"  and then Босату тармағын таңдаңыз.
Басқа пікірді бекітсеңіз де, алдыңғы пікір босатылады.

Пікірді спам деп белгілесем, не болады?

Пікір арнаңыздан біржола жасырылады. Сондай-ақ YouTube бұл пікірден және оны жазған адамның әрекетінен спам белгілерін тексеруі мүмкін.

Пікірлер тақырыптары қалай қорытындыланады және оларды басқара аламын ба?

Пікірлер тақырыптарында көлемді пікір бөлімдері бар YouTube бейнелеріндегі пікірлерді реттеу және қорытындылау үшін Google-ға тиесілі AI үлгілері қолданылады. Оларды тексеруші мамандар тексермейді. Белгілі бір тақырыптағы пікірлер жеткілікті болса ғана, сол тақырыптар жасалады.

Пікірлер тақырыптарынан бас тарту мүмкін емес. Белгілі бір тақырыпта көрсетілген пікірлерді өшірсеңіз, сол тақырып та өшеді.

Тексеруге жіберілген, тыйым сөздері бар немесе жасырылған пайдаланушылар жазған пікірлерден тақырыптар жасалмайды.

Пікірлер тақырыптарына қатысты кері байланыс беру үшін:

  1. YouTube қолданбасындағы бейненің пікірлер бөлімін ашыңыз.
  2. "Тақырыптар"  түймесін түртіңіз.
  3. "Тағы"  түймесін түртіңіз.
  4. Пікір жіберу түймесін түртіңіз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
9211429486476978239
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false