Қолмен мәлімдеме жасау деген не?

Біз қазіргі уақытта бейнелердің авторлық құқығы деректерінің бетіне 2 өзгерту енгізіп жатырмыз:

  1. Бет дизайны: біз беттің макетін өзгерттік. Егер мәлімдеушінің атын немесе мәлімдеме туралы саясатты көргіңіз келсе, "Бейнеге тиетін әсері" жолына курсорды апарыңыз.
  2. "Авторлық құқық" қойындысы: кез келген бейненің деректер бетінен авторлық құқық туралы ақпаратқа қол жеткізе алуыңыз үшін, бейненің деректер бетіне жаңа "Авторлық құқық" қойындысы қосылды.

Мәлімдемелерге жауап беру үшін қолжетімді ақпарат пен таңдаулар өзгермегенін ескеріңіз.

Авторлық құқық иесі YouTube-те оның рұқсатынсыз пайдаланылған контентті анықтау үшін қолмен мәлімдеме жасау құралын пайдаланғанда, бейнеге қолмен мәлімдеме жасалуы мүмкін.

Қолмен мәлімдеме жасау туралы нені білу қажет?

  • Қолмен жасалатын мәлімдемелер автоматтандырылған Content ID мәлімдемелерінен өзгешеленеді. Жүктеп салынған бейне басқа бейнеге (немесе бейненің бөлігіне) сәйкес келгенде, YouTube қызметінің Content ID жүйесінде автоматты түрде Content ID мәлімдемесі жасалады.
  • Қолмен мәлімдеме жасау құралын авторлық құқық иелері пайдаланады. Олар мұндай құралдың қажеттілігін көрсетуі және Content ID жүйесін жетік білуі тиіс. Құрал авторлық құқық иелеріне Content ID бойынша сәйкес келмеген бейнелерге қолмен мәлімдеме жасауға мүмкіндік береді.
  • Авторлар қай контентке мәлімдеме жасалғанын білуі үшін, қолмен жасалатын мәлімдемелердің уақыт белгілері дұрыс болуы тиіс. Авторлық құқық иелері қолмен мәлімдеме жасау құралын басқа мақсатта пайдалана алмайды.
Авторлық құқық иелері уақыт белгілерін қайта-қайта дұрыс таңдамайтын болса, қолмен мәлімдеме жасау құралын пайдалану құқығынан айырылуы немесе олардың YouTube платформасымен серіктестігі тоқтатылуы мүмкін. Бейнелеріңіздегі көрсетілген уақыт белгілері дұрыс емес деп ойласаңыз, Авторларға қолдау көрсету ұжымына хабарласуыңызға болады.

Бейнеме қолмен мәлімдеме жасалса, не істеуге болады?

Tools to Resolve Manual Content ID Claims - Copyright on YouTube

Бейнеңізге қолмен мәлімдеме жасалса, жағдайға байланысты бірнеше опцияны таңдауға болады:

Сол қалпында қалдыру
Мәлімдемені орынды деп санасаңыз, еш нәрсе істемей-ақ бейнеңізге қатысты мәлімдемені қалдыруыңызға болады. Кейін ойыңызды өзгертуге де болады.
Мәлімдеме түскен контентті жою

Мәлімдемені орынды деп санасаңыз, мәлімдеме түскен контентті жаңа бейне жүктеп салмастан жоюға болады. Дұрыс орындалса, мына опциялардың кез келгені мәлімдемені автоматты түрде жояды:

  • Сегментті кесу: мәлімдеме түскен бейне сегментін өңдеуге болады.
  • Әнді ауыстыру: бейнеңіздегі дыбысқа қатысты мәлімдеме түссе, аудиотректі YouTube аудиожинағындағы басқа аудиотрекпен ауыстыруға болады.
  • Ән дыбысын өшіру: бейнеңіздегі дыбысқа қатысты мәлімдеме түссе, мәлімдеме түскен дыбысты өшіруіңізге болады. Бейнеден жай ғана әнді жоюға немесе барлық дыбысты өшіруге болады.
Табысты бөлісу
YouTube Partner Program бағдарламасына қатыссаңыз және бейнеңіздегі музыкаға мәлімдеме түссе, музыка жариялаушысымен табысты бөлісуге болады.
Мәлімдемеге қарсы пікір жіберу

Мәлімдемені орынсыз деп есептесеңіз және мәлімдеме түскен контентті пайдалануға барлық құқығыңыз бар екеніне сенімді болсаңыз, мәлімдемеге қарсы пікір жіберуіңізге болады.

Мәлімдемеге қарсы пікір жібергіңіз келсе және бейнені монетизациялаған болсаңыз, қарсы пікір жіберу кезінде монетизацияның қалай жұмыс істейтінін білуіңіз керек. YouTube авторлық құқық дауларында медиациялық рөл атқармайды.

Мәлімдемеге жарамды себепсіз қарсы пікір жіберсеңіз, авторлық құқық иесі бейнеңізді жоюға сұрау жібере алады. Бейнеңіз үшін авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы жарамды сұрау алсақ, аккаунтыңызға авторлық құқықтың бұзылғаны туралы ескерту жіберіледі.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
1581155787924358650
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false