YouTube Analytics негіздері

Бейне мен арна көрсеткіштерін YouTube Studio-дағы негізгі көрсеткіштер мен есептер арқылы жақсырақ түсіну үшін аналитиканы пайдалана аласыз.

Ескертпе: географиялық аймақ, трафик көздері немесе жыныс сияқты кейбір деректер шектеулі болуы мүмкін. YouTube Analytics-тегі шектеулі деректер туралы толық ақпарат алыңыз.

 

YouTube Studio қолданбасындағы талдаулар

YouTube Analytics-ке өту

  1. YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірдегі Analytics  түймесін түртіңіз.

Сонымен қатар бейне деңгейіндегі түрлі есептерді көре аласыз:

  1. YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Контент  опциясын таңдаңыз.
  3. Бейнеңізді нұсқап, Analytics опциясын таңдаңыз.
Ескертпе: ТАҒЫ КӨРУ немесе ОЗЫҚ РЕЖИМ түймесін басып, кеңейтілген аналитика есебінен нақты бір деректерді алуға, өнімділікті салыстыруға және деректерді экспорттауға болады.

YouTube Analytics қойындылары туралы толық ақпарат

YouTube Analytics бөлімінде деректеріңізді түсінуге көмектесетін әртүрлі қойындыны таба аласыз.

Ескертпе: кейбір есептер мобильдік құрылғыларда қолжетімді болмауы мүмкін.

Шолу

Шолу қойындысында арнаңыздың және бейнелеріңіздің өнімділігі туралы жиынтық ақпарат беріледі. Негізгі көрсеткіштер картасында көру саны, көру уақыты, жазылушылар және болжалды табыс (YouTube Partner Program бағдарламасына қосылған болсаңыз) көрсетіледі.

Ескертпе: әдеттегі өнімділігіңізбен салыстыру арқылы берілген жекелендірілген жалпы есептер де шығуы мүмкін. Бұл статистикада көру санының әдеттегіден жоғары не төмен болу себебі түсіндіріледі. Сондай-ақ осы қойындыда мына есептер беріледі:

  • Әдеттегі өнімділік: арна деңгейінде арнаңыздың әдеттегі өнімділігінің салыстырмасы. Ал бейне деңгейінде бұл — бейненің әдеттегі өнімділігінің салыстырмасы.
  • Осы кезеңдегі үздік контентіңіз: соңғы 28 күнде көру саны бойынша сұрыпталған контентіңіз.
  • Нақты уақыт: соңғы 48 сағаттағы немесе 60 минуттағы өнімділігіңіз.
  • Үздік ремикстер: Shorts бейнелерін жасауға қолданылған контентіңіз. Сонымен қатар бұл есепте контентіңіздің ремикстелген саны және ремикстердің көру саны беріледі.

Ескертпе: бейне деңгейінде көрермен назарын сақтауға арналған негізгі оқиғаларды және нақты уақыт есебін таба аласыз.

Контент (арна деңгейі)

Контент қойындысында аудитория контентіңізді қалай тауып, қалай пайдаланатыны және қандай контентіңізді көретіні туралы жиынтық ақпарат беріледі. "Барлығы", "Бейнелер", "Shorts", "Тікелей эфир" және "Посттар" қойындыларынан көрерменге жету және қызығу туралы мына есептерді көре аласыз:

  • Көру саны: бейнелеріңіздің, Shorts бейнелеріңіздің және тікелей трансляцияларыңыздың расталған көру саны.
  • Көрсету саны және оның көру уақытына тигізген әсері: YouTube-тегі бейне суретінің көрермендерге қанша рет көрсетілгені (көрсету саны) және содан кейін қаншалықты жиі қаралғаны (басу жиілігі), сондай-ақ жалпы көру уақыты.
Ескертпе: арнаның көрсету саны жаңа және қайтып келген пайдаланушылардың әрқайсысы үшін бөлек беріледі.
  • Жарияланған контент: YouTube-те жарияланған бейнелердің және Shorts-тың, сондай-ақ трансляциялар мен посттардың саны.
  • Форматқа сәйкес көрермен үлесі: көрермендердің контентіңіздің қандай форматын (бейнелер, Shorts және тікелей трансляция) көретіні бойынша берілген статистика.
  • Көрермендердің контентіңізді/бейнелеріңізді/Shorts бейнелеріңізді/тікелей трансляцияларыңызды тапқан жолы: көрермендердің контентіңізді табу әдісі.
  • Жазылушылар: әр контент түрінен (бейнелерден, Shorts-тан, тікелей трансляциялардан, посттардан және т.б.) жиналған жазылушылар саны. "Басқалар" ішіне YouTube Search-тегі және арнаңыздың бетіндегі жазылымдар кіреді.
  • Негізгі көрсеткіштер картасы: көру саны, орташа көру ұзақтығы, көрсету саны, көрсетілу санына сәйкес басу жиілігі, жазылушылар, лайктар және бөлісу саны қамтылған визуалдық жалпы ақпарат.
  • Көрермен назарының сақталуына ықпал еткен негізгі сәттер: бейнеңіздің әртүрлі сәтін көрермендер қандай зейінмен көргені. Ұзақтығы бірдей соңғы 10 бейнені салыстыру үшін көрермен назарын сақтаудың орташа көрсеткішін пайдалана аласыз.
  • Үздік бейнелер/Shorts/посттар: ең танымал бейнелеріңіз, Shorts бейнелеріңіз және посттарыңыз.
  • Фидте көрсетілуі: Shorts бейнеңіздің Shorts фидінде көрсетілу саны.
  • Көрілді (және өткізіп жіберілді): көрермендердің Shorts бейнеңізді көру және өткізіп жіберу пайызы.
  • Үздік ремикстер: ремиксіңізді көру саны, жалпы ремикс саны және үздік ремикстелген контент туралы визуалдық жалпы ақпарат.
  • Посттың көрсетілу саны: постыңыздың көрермендерге көрсетілу саны.
  • Реакциялар: трансляция кезіндегі реакциялар саны және түрлері.

Көрерменге жету (бейне деңгейі)

Көрерменге жету қойындысында аудиторияңыз сіздің арнаңызды қалай табатыны туралы жиынтық ақпарат беріледі. Негізгі көрсеткіштер картасында көрсету саны, басу жиілігі, көру саны және бірегей көрермен саны көрсетіледі.
Сондай-ақ осы қойындыда мына есептер беріледі:
  • Трафик көзінің түрлері: көрермендердің контентіңізді табу әдісі.
  • Сыртқы: арнаңыздағы бейнелерге ендірілетін немесе байланыстырылатын веб-сайттан және қолданбадан келген трафик.
  • Ұсынылған бейнелер: басқа бейнелердің жанында немесе олардан кейін көрсетілетін ұсыныстардан және бейне сипаттамаларындағы сілтемелерден келген трафик. Бұл бейнелер сіздің бейнелеріңіз немесе біреудікі болуы мүмкін.
  • Ойнату тізімдері: сіздің бейнелеріңізді қамтитын ең көп көрілген ойнату тізімдерінен келген трафик.
  • Көрсету саны және оның көру уақытына тигізген әсері: бейне суретінің YouTube-те көрермендерге қанша рет көрсетілгені (көрсету саны), сол бейне суреттері бейнені көруге қаншалықты итермелегені (басу жиілігі) және сол бейнені көру бейненің көру уақытының өсуіне қаншалықты әсер еткені.
  • Жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландырулары: арнаңыздан хабарландырулар алатын жазылушыларға жіберілген қоңырау белгішесі хабарландыруларының саны.
  • YouTube Search: көрермендерді контентіңізге әкелген ізделетін сөздерден келген трафик.

Қызығу деңгейі (бейне деңгейі)

Қызығу деңгейі қойындысында аудиторияның бейнелеріңізді қаншалықты ұзақ көретіні туралы жиынтық ақпарат беріледі. Негізгі көрсеткіштер картасында көру уақыты және орташа көру ұзақтығы көрсетіледі.
Сондай-ақ осы қойындыда мына есептер беріледі:
  • Көрермен назарының сақталуы: бейнеңіздегі түрлі сәттердің көрермендер назарын қаншалықты ұстап тұрғанын көрсетеді. Ұзақтығы бірдей соңғы 10 бейнені салыстыру үшін көрермен назарын сақтаудың орташа көрсеткішін пайдалана аласыз.
  • Лайктар (және дизлайктар) саны: көрермендердің бейнеңізді қабылдау көрсеткіші.
  • Соңындағы экран элементін басу жиілігі: көрермендердің соңындағы экран элементін қаншалықты жиі басқанын көрсетеді.
  • Тэг енгізілген үздік тауарлар: ең жоғарғы қызығушылыққа ие болған бейнеңіздегі тэг енгізілген тауарлар.

Аудитория

Аудитория қойындысында бейнелеріңізді көретін көрермен туралы жиынтық ақпарат беріледі. Негізгі көрсеткіштер картасында қайтып келген және жаңа көрермендер, бірегей көрермендер және жазылушылар көрсетіледі.
Сондай-ақ осы қойындыда мына есептер беріледі:
  • Көрермен санын арттыратын бейнелер: аудиторияңыздың арнаңыздағы онлайн белсенділігі. Деректер жаңа көрермендердің соңғы 90 күнде барлық құрылғыда орындаған әрекеттеріне негізделген.
  • Көрермендеріңіздің YouTube-те болатын уақыты: аудиторияңыздың арнаңыздағы және бүкіл YouTube-тегі онлайн белсенділігі. Деректер көрермендердің соңғы 28 күнде барлық құрылғыда орындаған әрекеттеріне негізделген.
  • Жазылушыға жіберілетін қоңырау белгішесінің хабарландырулары: арнаңыздан барлық хабарландыруды алатын жазылушылар саны. Сонымен қатар қойындыда қанша жазылушы өзінің YouTube және құрылғы параметрлеріне байланысты сол хабарландыруларды іс жүзінде алатыны көрсетіледі.
  • Жазылушылардың көру уақыты: жазылушы емес және жазылушы болып бөлінген аудиторияның көру уақыты.
  • Жас пен жыныс: жасы және жынысы бойынша сұрыпталған аудитория. Деректер кез келген құрылғы арқылы аккаунтқа кірген көрермендерге негізделген.
  • Танымал арналар: аудиторияңыздың YouTube-тің басқа арналарындағы көру белсенділігі. Деректер көрермендердің соңғы 28 күнде барлық құрылғыда орындаған әрекеттеріне негізделген.
  • Аудиторияңыз көретін контент: аудиторияңыздың арнаңыздан тыс көру белсенділігі. Деректер жеткілікті болса, Бейнелер, Shorts және Тікелей эфир бойынша іріктеуге болады. Деректер көрермендердің соңғы 7 күнде барлық құрылғыда орындаған әрекеттеріне негізделеді.
  • Форматтар бойынша жаңадан қосылған және қайтып келген пайдаланушылар: ең жаңа көрермендерді қандай формат түрі тартатынын түсіну үшін осыны пайдалана аласыз. Көрермендерге арнаға қайта оралуға түрткі болатын форматты білу үшін де осыны пайдаланасыз. 
  • Көрермендеріңіз YouTube-те көретін форматтар: аудиторияңыздың бейне, Shorts және тікелей трансляция форматтары бойынша көру белсенділігі. Деректер соңғы 28 күнде арнаңызды бірнеше рет көрген көрермендер басқа арналарда көретін контентке негізделген.
  • Үздік географиялық аймақтар: географиялық аймақ бойынша сұрыпталған аудитория. Деректер IP мекенжайына негізделген.
  • Үздік субтитр тілдері: субтитр тілі бойынша сұрыпталған аудитория. Деректер субтитрлердің қолданысына негізделген.

Ескертпе: бейне деңгейінде жазылушылардың көру уақыты, үздік географиялық аймақтар, үздік субтитр тілдері, жасы мен жынысы туралы есептерді таба аласыз.

Табыс

YouTube Partner Program бағдарламасына қосылған болсаңыз, Табыс қойындысы YouTube-тен алатын пайдаңызды бақылап отыруға көмектеседі. Негізгі көрсеткіштер картасында болжалды табысыңыз көрсетіледі. Төлемдеріңіз AdSense for YouTube-ке қосылғаннан кейін, YouTube Analytics-те қорытынды пайда көрсетіледі. Әдетте бұл келесі айдың 7-ші және 12-ші күндері аралығында болады. AdSense for YouTube төлем кестесі туралы толық ақпарат алыңыз.
Сондай-ақ осы қойындыда мына есептер беріледі:
  • Табысыңыздың көлемі: соңғы 6 айда арнаңыздан түскен табыс. Бұл деректер әр айға бөлініп көрсетіледі.
  • Табыс көздері: YouTube-тің көмегімен табыс табуыңыздың тәсілі. Табыс көздерінің мысалдары: көру бетіндегі жарнамалар, Shorts фидіндегі жарнамалар, мүшеліктер, Supers, байланыстырылған дүкендер, Shopping серіктестік бағдарламалары. YouTube Premium табысы көру бетіндегі жарнамалар немесе Shorts фидіндегі жарнамалар беттерінің астында көрсетіледі.
  • Бейне көрсеткіштері: белгілі бір уақыт кезеңінде бейнелерден, Shorts бейнелерінен және тікелей трансляциялардан қаншалықты көп табыстың түсуі. Бұл есеп мың көру санына шаққандағы табысты (RPM) қамтиды.
  • Ең көп табыс әкелген контент: белгілі бір уақыт кезеңінде ең жоғарғы болжалды табысқа ие контент.

Ескертпе:

  • Салық ұсталса, ол қорытынды пайдаға әсер етуі мүмкін. Ұсталған салық мөлшерін тек AdSense for YouTube аккаунтынан көруге болады.
  • Сонымен қатар бейне деңгейіндегі табыс көрсеткішін таба аласыз.
  • Бейне деңгейіндегі RPM картасында табысыңыз жалпы болжалды табысқа сәйкес келмеуі мүмкін. Себебі кейбір табыс көзінің белгілі бір бейнеге қатысы жоқ. Мысалы, арна мүшеліктері сондай болады.

Зерттеу (арна деңгейі)

Зерттеу қойындысында YouTube-тегі аудиторияңыз бен көрермендеріңіз іздейтін сұраулар туралы жиынтық ақпарат беріледі. "Зерттеу" қойындысындағы статистика бейнелер мен Shorts бейнелері үшін контент жеткіліксіздігін анықтауға, сонымен қатар көрермендер көргісі келуі мүмкін деген бейнелер туралы идея ойлап табуға көмектеседі.

Сондай-ақ осы қойындыда мына есептер беріледі:

  • YouTube-тегі іздеу сұраулары: соңғы 28 күнде сіз ең жиі іздеген тақырыптар және аудиторияңыз бен көрермендеріңіз YouTube-те іздеген сұраулардың көлемі.
  • Көрермен іздеген сұраулар: аудиторияңыз бен ұқсас арналардың көрермендері соңғы 28 күнде YouTube-те іздеген сөздер мен олардың көлемі.
Авторларға арналған YouTube Analytics кеңестерін алыңыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
13958776589918469748
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false