Арнаға жақында жазылған жазылушыларды қарау

Жақында ғана жазылғандардың тізімін арнаның бақылау тақтасынан көре аласыз. Сондай-ақ жазылушылар санының уақыт өте келе қалай өзгеретінін YouTube Studio-дан тексеруге болады.

Арнаға жақында жазылған жазылушыларды көру

  1. YouTube Studio-ға кіріңіз.
  2. Бақылау тақтасында "Соңғы жазылушылар" картасын тауып алыңыз.
  3. Картаны жаю үшін Барлығын көру түймесін басыңыз.

Кеңес: жоғарғы жақтан уақыт аралығын таңдауыңызға және тізімді жазылушылар саны бойынша сұрыптауыңызға болады.

Тізімде болатын жазылушылар

Мына шарттарға сай келетін жазылушылар "соңғы жазылушылар" тізімінде көрсетіледі:

  • жазылымдары баршаға ашық;
  • арнаңызға соңғы 28 күнде жазылған.

Тізімде болмайтын жазылушылар

Мына шарттарға сай келетін жазылушылар "соңғы жазылушылар" тізімінде көрсетілмейді:

Жазылушылар туралы сұрақ-жауап

Кейде YouTube қауымдастығында жазылушылар саны қалай есептелетіні жайлы сұрап жатады. 

YouTube көрерменнің арнадағы жазылымын автоматты түрде тоқтата ма?
Жоқ. Бірақ көрерменнің арнадағы "жазылымы автоматты түрде тоқтатылғандығы" туралы әңгімелерді жиі ести бастадық. Ондай ақпаратты біз елеусіз қалдырмаймыз. Жазылымдар жөніндегі ұжым жіберілген деректерді толығымен зерттеп, не болып жатқанын тексереді.
Осы уақытқа дейін YouTube тарапынан көрермен жазылымының тоқтауына себеп болатын ешқандай ақау анықтамадық. Біздің анықтағанымыз:
  • Көп жағдайда көрермен арнаға әлі де жазылып тұрған болып шығады.
  • Кейбір көрермендер арналардағы жазылымын абайсызда тоқтатып алған. Сол себепті енді жазылымды тоқтату кезінде қалқымалы терезе пайда болып, әрекетті растауды талап етеді (бұл функция әзірше iPhone және iPad құрылғыларында жоқ).
  • Бейнелер "Негізгі бет" қойындысында пайда болмағандықтан, көп адам арнадағы жазылымы тоқтап қалды деп ойлаған. Бұл жағдайларға тереңірек үңілгенде, олар әлі де арнаға жазылып тұрғанын және жазылымы тоқтамағанын анықтадық. "Негізгі бет" қойындысында сізге өте қызықты болады деп есептелген бейнелер көрсетіледі. "Негізгі бет" қойындысында жазылған арналарыңыздағы бейнелердің барлығы көрсетіле бермейді, дегенмен олардың толық тізімін "Жазылымдар" фидінен таба аласыз.
  • Арнадағы Жазылушылар тізімі бөлімінде жазылушының аты болмағандықтан, кейбір авторлар белгілі бір көрерменнің жазылымы тоқтады деп ойлаған. Бұл тізімде өзінің жазылымын баршаға ашық етіп орнатқан жазылушылар ғана болады. Жазылым деректері әдепкісінше жасырын тұрады.
"Жазылымдар" фидінде бейнелерімнің барлығы көрсетіле ме?
  • Автор ретінде жариялаған бейнелеріңіздің барлығы жазылушылардың "Жазылымдар" фидінде әдепкісінше көрсетіледі. Алайда бейнені жариялап жатқан кезде қосымша параметрді пайдаланып, оның "Жазылымдар" фидтерінде көрсетілуін тоқтата аласыз. Бейнелерді күнделікті жүктеп салатын кейбір авторлар осы параметр арқылы белгілі бір бейнелерді ғана "Жазылымдар" фидіне шығарғысы келеді.
  • Бейнені жүктеп салғанда, біз оны "Жазылымдар" фидіне барынша жылдам жариялауға тырысамыз. Әдетте оған санаулы минут қана кетеді. Жазылымдар жөніндегі ұжымның басты міндеті — бұл жұмысты барынша жылдам орындау. Соңғы 6 айда жариялау уақытының үштен екі бөлігі қысқарды.

Жазылушыларым "Жазылымдар" фидінде менің бейнелерім шықпайтынын айтады. Бұның себебі неде?

Тарату опцияларын өзгертпесеңіз, "Жазылымдар" фидіне барлық бейнені жариялаймыз. "Жазылымдар" фидінен бейнелер шықпай жатқандығы туралы көрерменнен шағымдар түссе, оның екі себебі бар:

  • Көп арнаға жазылсаңыз, кейбір бейнелерді өткізіп алуыңыз ғажап емес. Көрерменнің көбі он шақты, тіпті жүз шақты арнаға жазылған. Кейде іздеп жатқан бейнеңізді көптеген басқа жазылым бейнелерінің арасынан табу қиынға соғуы мүмкін. Сіз жазылған арна бейнелерді жиі жариялайтын болса, ескі бейнелер "Жазылымдар" фидіне шықпауы мүмкін.
  • "Жазылымдар" фидінде барлық бейне жарияланғанымен, олардың бәрі бірдей "Негізгі бет" қойындысында көрсетілмейтінін ескеру керек. "Негізгі бет" қойындысында сіз үшін ең қызықты болады деген бейнелерді көрсетеміз. Онда жазылған арналарыңыздағы барлық бейне көрсетіле бермейді.

Егер мәселе онда болмаса, бізге пікір жіберіңіз, ал біз оны мұқият тексеріп шығамыз.

YouTube жазылушылар санын қалай есептейді?
YouTube арнаңызға жазылған аккаунттардың ережелерге сай екендігін және әрекеттерін ұдайы тексереміз. Соның арқасында сайт көрсеткіштері спамнан, ереже бұзу әрекеттерінен таза болады және аккаунттар жабылмайды. Осылайша YouTube пайдаланушылардың барлығына бірдей қауіпсіз болады. Жазылушылар саны туралы ақпарат алыңыз.
Жазылушылар санына аккаунты жабылған пайдаланушылар кіре ме?
Пайдаланушы Google аккаунтын толығымен жауып тастаса, ол YouTube-тен де жойылады. Сондықтан бұл пайдаланушы жазылушыларыңыздың санына кірмейді.
Қанша жазылушыңыз өз аккаунттарын жойып тастағанын YouTube Analytics бөлімінен көре аласыз. Бұл бөлімде олар "жабылған аккаунттар" деп есептеледі.
Жабылған аккаунттар жазылушыларыңыздың санына кірмейді. Жазылушылар саны туралы толық ақпарат алыңыз.
Жазылушылар санына спам жіберетін аккаунттар кіре ме?
Егер аккаунттың спам жіберетіні анықталса, ол жазылушыларыңыздың жалпы санына кірмейді. Дегенмен ондай аккаунттардың арнадағы жазылымы тоқтамайды. Олар өздерін жазылушылар қатарынан көре береді және олардың "Жазылымдар" фидінде сіздің бейнелеріңіз көрсетіле береді.
Спам көрермендердің арналарыңызға жазылымын тоқтатпаймыз. Жазылушылар саны туралы толық ақпарат алыңыз.
Жазылушыларымның саны неге өзгереді немесе азайып кетеді?

Жазылушылар санының өзгеріп отыруы – қалыпты жағдай. Егер жазылушыларыңыздың саны өзгерді немесе азайып қалды деп ойласаңыз, оның себебі төмендегілердің бірі болуы мүмкін.

Жазылушылар санының өзгеруі орташа ауытқу көрсеткішінен жоғары болса, оның себебі басқа болуы мүмкін. Мұндай жағдайда мәселе туралы хабарлауыңызға болады.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
11753674827295272110
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false