​Өз-өзіне қол жұмсау, өз-өзін жарақаттау және тамақ тәртібінің бұзылуы туралы саясат

Авторларымыздың, көрермендеріміздің және серіктестеріміздің қауіпсіздігі – біз үшін ең маңыздысы. Әрқайсыңыз осы бірегей әрі әралуан қауымдастығымызды қорғауға үлес қосуға шақырамыз. YouTube платформасының қауіпсіздігін сақтау үшін Қауымдастық қағиларын түсіну және оның ортақ міндетіміз үшін қандай рөл атқаратынын білу маңызды. Уақыт бөліп, төмендегі саясатты мұқият оқып шығыңыз. Сондай ақ нұқсауларымыздың толық тізімін мына беттен көруіңізге болады.
Ексертпе: 2023 жылдың 18 сәуірінде біз қауымдастықты кейбір аудиторияларға қауіп төндіретін құпия контенттен жақсырақ қорғау үшін тамақтанудың бұзылуына қатысты саясатымызды жаңарттық. Біз тамақтанудың бұзылуы немесе өз-өзін жарақаттау туралы еліктіретін, жас шектеуі бар немесе дағдарыс орталығы панелін көрсететін контент бейнелеріңізді өшіруіміз мүмкін. Төмендегі саясат осы өзгерістермен жаңартылды. Сіз осы блог жазбамыздан біздің тәсілдеріміз туралы толық ақпарат ала аласыз.

YouTube-те, біз біздің авторларымыз бен көрермендеріміздің денсаулығы мен көңіл-күйлеріне көп назар аударамыз. Психикалық күй туралы хабардар болу және түсіну маңызды және біз авторлардың депрессия, өз-өзін жарақаттау, тамақтану тәртібінің бұзылуы немесе психикалық денсаулықтың басқа мәселелері туралы тәжірибесін талқылайтын контентті жариялау сияқты оқиғаларды бөлісуіне қолдау көрсетеміз.

Алайда, біз YouTube-те көрермендерді үрейлендіру, жиіркендіру мақсатындағы немесе айтарлықтай қауіп төндіретін өз-өзіне қол жұмсауды, өз-өзін жарақаттауды, немесе тамақтану тәртібінің бұзылуын насихаттайтын контент жариялауға жол бермейміз.

Бұл контентті тапсаңыз, не істеу керек?

Біреуге қауіп төніп тұр деп ойласаңыз:

  • Көмек алу үшін жергілікті құтқару қызметіне хабарласыңыз.
  • Біздің назарымызға жеткізу мақсатында бейнені белгілеңіз.

Егер кез келген психикалық күйге, өз-өзіне қол жұмсауға, өз-өзін жарақаттауға немесе тамақтану тәртібінің бұзылуыға қатысты контенттің өзіңізге теріс әсерін байқасаңыз, қолдау бар екенін және сіз жалғыз емес екеніңізді біліңіз. Мына бөлімде кеңес ұсына алатын ұйымдар үшін ресурстар мен байланыс ақпараттарының тізімін таба аласыз.

Алаңдаушылық туғызатын адаммен қалай сөйлесуге болатыны туралы жалпы нұсқаулар алу үшін жергілікті сенім телефондарына хабарласыңыз.

Қолдау қажет болған жағдайда, не істеу керек?

Егер депрессияға ұшырасаңыз, өз-өзіңізге қол жұмсау, өз-өзіңізді жарақаттау туралы ойлар туындаса немесе тамақтану тәртібіңіз бұзылса, сізге берілетін көмек бар екенін және сіз жалғыз емес екеніңізді біліңіз. Ауыр сезімдермен күресу кезінде көптеген адам бұл мәселелерге тап болуы мүмкін. Психикалық күйді сақтау жөніндегі қызметпен сөйлесу күтімді қажет ететін психикалық ауруыңыз бар-жоғын анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ ол сізге сау, тиімді күресу стратегияларын анықтауға және қиын сезімдерді басқару дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Өз-өзіне қол жұмсау және өз-өзін жарақаттау кезінде қолдау көрсету ресурстары

Төменде әртүрлі елдер мен аймақтардағы мұқтаждарға көмектесуге арналған ұйымдардың тізімі берілген. Бұл дағдарыс қызметінің танымал серіктестері. Серіктестік елге/аймаққа байланысты өзгереді.

findahelpline.com және www.wikipedia.org/wiki/List_of_suicide_crisis_lines веб-сайттары мұнда тізімде жоқ аймақтар үшін ұйымдарды табуға көмектеседі.

Aустралия

Lifeline Australia

Kids Helpline

13 11 14

1800 55 1800

Аргентина Centro de Asistencia al Suicida - Buenos Aires

135 (desde Capital y Gran Buenos Aires) 

(011) 5275-1135 (desde todo el país)

Бразилия Centro de Valorização da Vida 188
Бельгия

Centre de Prévention du Suicide /

Zelfmoordlijn 1813

0800 32 123

1813

Болгария Български Червен Кръст 02 492 30 30
Чех Республикасы Psychiatrická léčebna Bohnice - Centrum krizové intervence
+420 284 016 666
Дания Livslinien 70201201
Франция S.O.S Amitié 09 72 39 40 50
Финляндия Suomen Mielenterveysseura / Kansallinen kriisipuhelin 09-2525-0111
Германия Telefonseelsorge 0800-1110111
Грекия ΚΛΙΜΑΚΑ 1018
801 801 99 99
Гонконг 香港撒瑪利亞防止自殺會 2389 2222
Мажарстан S.O.S. Telefonos Lelki Elsősegély Szolgálat 06 1 116-123 
Үндістан आसरा
AASRA
91-9820466726
Ирландия Samaritans 116 123
Израиль ער"ן - עזרה ראשונה נפשית 1201
Италия Samaritans Onlus 800 86 00 22
Жапония こころの健康相談統一ダイヤル 0570-064-556
Жаңа Зеландия Lifeline New Zealand 0800 543 354
Нидерланд Stichting 113Online 0900-0113
Сингапур Samaritans of Singapore 1800-221-4444
Испания

Telèfon de l'Esperança de Barcelona

Teléfono de la Esperanza

93 414 48 48

717 003 717

Оңтүстік Корея 보건복지부 자살예방상담전화 1393
Тайуан 生命線協談專線 1995
Tаиланд กรมสุขภาพจิต กระทรวงสาธารณสุข 1323
Біріккен Корольдік Samaritans 116 123
Америка Құрама Штаттары

Suicide & Crisis Lifeline

988 /Чат

YouTube-те өзіңізді қауіпсіз сезінуге көмектесетін кеңестерді оқып, бейнелерді көру үшін Авторларға арналған қауіпсіздік орталығына кіріңіз.

Тамақтану тәртібінің бұзылуы жағдайында қолдау көрсету ресурстары

Төменде тамақтану тәртібі бұзылған адамдарға көмектесетін ұйымдардың тізімі берілген. Бұл ұйымдар – психикалық күйді қолдау бойынша серіктестер. Серіктестік елге/аймаққа байланысты өзгереді.

Америка Құрама Штаттары NEDA +1 800 931-2237
Біріккен Корольдік BEAT Eating Disorders +44 0808 801 0677 Англия
    +44 0808 801 0432 Шотландия
    +44 0808 801 0433 Уэльс
    +44 0808 801 0434 N. Ирландия
Үндістан Vandrevala Foundation +91 9999 666 555

Өз-өзіне қол жұмсауға, өз-өзін жарақаттауға, немесе тамақтану тәртібінің бұзылуына қатысты қауымдастық қағидалары

YouTube пайдаланушылары психикалық күй, өз-өзіне қол жұмсау, өз-өзін жарақаттау және тамақтану тәртібінің бұзылуы тақырыптарын ашық әрі зиянсыз түрде айтудан қорықпауы керек.

Дегенмен, кейбір пайдаланушылар үшін қауіп тудыруы мүмкін және сезімтал контент жасалған кездер болады. Өз-өзіне қол жұмсау, өз-өзін жарақаттау немесе тамақтану тәртібінің бұзылуына қатысты тақырыптарды қамтитын контентті жасағанда, оның басқа пайдаланушыларға, әсіресе кәмелетке толмағандарға және осы контентке сезімтал болуы мүмкін пайдаланушыларға ықтимал теріс әсерін ескеріңіз.

Көрермендерді және басқа пайдаланушыларды қорғау және қолдау үшін өз-өзіне қол жұмсауға, өз-өзін жарақаттауға немесе тамақтану тәртібінің бұзылуына қатысты контентті жасаған кезде төмендегі Қауымдастық қағидаларын орындаңыз. Қауымдастық қағидаларын ұстанбаған жағдайда, пайдаланушыларды қорғау үшін ескерту алуыңыз, контентіңіз өшірілуі немесе басқа шектеулер қойылуы мүмкін. Толығырақ.

Бұл Қауымдастық қағидаларының саясаты бейнелерге, бейне сипаттамаларына, пікірлерге, тікелей трансляцияларға және кез келген басқа YouTube өніміне немесе мүмкіндігіне қолданылады. Бұл толық тізім емес екенін есте сақтаңыз. Бұл саясаттар контентіңіздегі сыртқы сілтемелерге де қолданылатынын ескеріңіз. Бұл пайдаланушыларды бейнедегі басқа сайттарға ауызша бағыттайтын және басуға болатын URL мекенжайлары, сондай-ақ басқа үлгілерді қамтуы мүмкін.

Мынадай контентті жариялауға болмайды:

  • суицидті, өз-өзін жарақаттауды немесе тамақтану тәртібін бұзуды насихаттайтын немесе дәріптейтін контент;
  • суицид жасауға, өз-өзін жарақаттауға немесе тамақтану тәртібін бұзуға (соның ішінде оны жасыруға) итермелейтін нұсқаулар;
  • кәмелетке толмаған балаларға бағытталған суицидке, өз-өзін жарақаттауға немесе тамақтану тәртібін бұзуға қатысты контент;
  • өз-өзін жарақаттау көрінісінің жан түршігерлік суреттері;
  • суицид құрбандарының бұлдыратылмаған немесе толықтай жасырылмаған денелерінің визуалдық графикасы;
  • суицид жасауға немесе жасау әрекеттеріне дайындық көрсетілген бейнелер және суицидтен құтқару туралы жеткілікті контексі жоқ бейнежазба;
  • суицидке немесе өз-өзін жарақаттауға дайындалу немесе нұсқаулары көрсетілген контент (мысалы, "Көк кит" немесе "Момо" тапсырмалары);
  • жеткілікті контексі жоқ суицид алдындағы жазбалар немесе хаттар;
  • тамақтану тәртібінің бұзылуы контексіндегі салмаққа қатысты қорлауды бейнелейтін контент;

Кейбір жағдайларда келесі критерийлердің біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келсе, суицидке, өз-өзін жарақаттауға немесе тамақтану тәртібін бұзуға қатысты контентті өшірмей, шектеу қоюымыз мүмкін (мысалы, жас шектеуі, ескерту немесе бейнедегі дағдарыс орталығы панелі). Бұл толық тізім емес екенін ескеріңіз:

  • оқу-танымдық, деректі, ғылыми немесе көркем мазмұнды контент;
  • қоғам мүддесін көздейтін контент;
  • жеткілікті түрде бұлдыратылған жан түршігерлік контент;
  • анимацияларды, бейне ойындарды, музыкалық бейнелерді және фильмдер мен телешоулардан үзінділерді қамтитын, бірақ олармен шектелмейтін қойылымдар немесе сценарий бойынша жазылған контент;
  • суицид немесе өз-өзін жарақаттау әдістерін, локациялары мен нүктелерін толық сипаттау;
  • өз-өзін жарақаттау немесе суицидтің графикалық сипаттамалары;
  • тәуекел тобындағы көрермендерге әсер етуі мүмкін тамақтану тәртібі бұзылғаннан кейін қалпына келтіру туралы контент;

суицид, өз-өзін жарақаттау немесе тамақтану тәртібін бұзу туралы контент жариялайтын авторларға арналған ұсыныстар;

Көрермендерге зиян тигізбеу және көңіл күйлерін түсірмей үшін суицидке, өз-өзін жарақаттауға қатысты контентте келесі ұсыныстарды қолдануға кеңес береміз:

  • Суицидтен қайтыс болған адамдарды көрсетпеңіз және олардың және отбасының жеке өмірін құрметтеңіз. Толығырақ.
  • Қалпына келтіру, алдын алу туралы және үміт беретін оқиғаларға негізделген позитивті және қолдау білдіретін сөздерді пайдаланыңыз.
  • Суицидтің және өз-өзін жарақаттаудың алдын алу туралы ақпарат пен ресурстарды, сондай-ақ қиындықтарды жеңу стратегияларын қосыңыз. Оны бейненің өзіне де, бейненің сипаттамасына да қосып көріңіз.
  • Сенсациялық әсер ететін тілді немесе драмалық визуалдық графиканы пайдаланбаңыз.
  • Контекст келтіріңіз, бірақ құрбанның суицидтен қалай қайтыс болғанын талқылаудан аулақ болыңыз. Әдістерді немесе орындарды атамаңыз.
  • Өз-өзіне қол жұмсау құрбандарының суреттері бар бұлыңғыр контент. Бейнені YouTube Studio қолданбасындағы редактордың көмегімен бұлдыратуға болады. Толығырақ.

Көрермендерді зиян мен күйзелістен қорғау үшін тамақтанудың бұзылуына қатысты контентте осы ең жақсы тәжірибелерді пайдалануды ұсынамыз:

  • Тамақтану тәртібінің бұзылуы туралы мәліметтердің орнына бұзылыстың әсеріне назар аударыңыз.
  • Аудиторияға тамақтанудың бұзылуы әдетте ауыр асқынулар тудыратынын айтыңыз.
  • Тамақтану бұзылыстарының алдын алу және күресу стратегиялары үшін ақпарат пен ресурстарды қосыңыз. Оны бейненің өзіне де, бейненің сипаттамасына да қосып көріңіз.

Контент саясатқа қайшы болса, не болады?

Егер контентіңіз саясатымызға қайшы болса, оны өшіреміз де, электрондық пошта арқылы хабарландыру жібереміз. Сіз жариялаған сілтеменің қауіпсіз екенін растай алмасақ, оны өшіруіміз мүмкін. Бейненің өзінде немесе оның метадеректерінде жарияланған ереже бұзатын URL мекенжайлары бейненің жойылуына себеп болуы мүмкін.

Қауымдастық қағидаларын алғаш рет бұзған болсаңыз, арнаңызға жаза қолданылмай, тек хабарландыру алуыңыз мүмкін. Хабарландыру күші 90 күннен кейін жойылады, сол аралықта саясат туралы оқыту курсынан өте аласыз. Ал егер сол 90 күн ішінде бір саясат қайта бұзылса, хабарландырудың күші жойылмай, арнаңызға ескерту беріледі. Оқыту курсын тамамдаған соң басқа саясатты бұзсаңыз, тағы бір хабарландыру аласыз.

90 күн ішінде 3 ескерту алсаңыз, арнаңыздың жұмысы тоқтатылады. Ескертулер жүйесі туралы қосымша ақпарат алыңыз.

Қауымдастық қағидаларын немесе Қызмет көрсету шарттарын қайталап бұзсаңыз, арнаңыздың немесе аккаунтыңыздың жұмысын тоқтатуымыз мүмкін. Сонымен қатар ережені елеулі түрде бұзудың бір жағдайы болғанда немесе арна әдейі саясатқа қайшы әрекеттер үшін жасалған кезде, арнаңыздың немесе аккаунтыңыздың жұмысын тоқтатуымыз мүмкін. Саясатты бірнеше рет бұзғандарды болашақта саясат туралы оқыту курсына қатысу құқығынан айыруымыз мүмкін. Арна немесе аккаунт жұмысын тоқтату туралы толық ақпарат алыңыз.

Қауымдастық қағидаларымызды бұзатын контентті тікелей трансляцияда көрсететініңізді тұспалдасаңыз, тікелей трансляцияны пайдалану мүмкіндігіңізді шектей аламыз. Тікелей трансляция жасауға қойылатын шектеулер туралы толық ақпарат.

Ескертулер және көмекші ресурстар

Контентте суицид немесе өз-өзін жарақаттау тақырыптары болса, YouTube пайдаланушыларға мүмкіндіктерді немесе ресурстарды көрсетуі мүмкін. Мысалы:

  • Бейнеңіз ойнатылмас бұрын, онда суицид және өз-өзін жарақаттауға қатысты контент бар екенін көрсететін ескерту.
  • Суицидтің алдын алатын ұйымдардың телефон нөмірлері сияқты қолдау ресурстары қамтылатын бейненің астында орналасқан панель.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
17926128522032885233
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false