Авторлық құқықты көшіру құқығы ретінде қарастырыңыз. Авторлық құқық туралы заңға сәйкес біреу YouTube бейнесі сияқты түпнұсқа контент жасағанда, әдетте ол автоматты түрде сол контенттің авторлық құқығына ие болады. Авторлық құқық иелерінің контентті пайдалану және тарату бойынша заңды құқығы бар және оны кімдер пайдалана алатынын өздері шешеді.
Авторлық құқықты қорғау құқығына ие болу үшін контент шығармашылық туынды болуы және материалдық түрде бекітілуі қажет. Идеялар, фактілер және процестер сияқты материалдық емес нәрселер авторлық құқықпен қорғалмайды.
Copyright Permissions - Copyright on YouTube
Авторлық құқықпен қорғалған контентті қауіпсіз пайдалану жолдары:
- контентті авторлық құқықтан босатылатын жағдайларға сәйкес пайдалану (мысалы, әділ пайдалану, адал пайдалану немесе қоғамдық игілік);
- біреудің контентін пайдалануға рұқсат алу;
- контентті Creative Commons лицензиясының шарттарына сәйкес пайдалану;
- музыка пайдалану қажет болса, оны YouTube аудиожинағы немесе Creator Music платформаларынан алу.
Жоғарыда аталған нұсқалардың ешқайсысы YouTube-те авторлық құқыққа қатысты мәселелерден, мысалы, авторлық құқықтың бұзылғаны туралы ескерту немесе Content ID мәлімдемесінен толық қорғайтынына кепілдік бермейді. Күмәнданып тұрсаңыз, бейнені жүктеп салмас бұрын, заңгердің кеңесін алғаныңыз жөн.
Білуге қажетті авторлық құқық тұжырымдамалары
Әділ пайдалану
АҚШ-та әділ пайдалану авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз авторлық контентті белгілі бір мақсаттар үшін заңды түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Кең таралған мысалдарға сынау, зерттеу, оқыту жұмыстары немесе жаңалықтар репортажы сияқты жұмыстар жатады. Авторлық құқықпен қорғалған контентті авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз қандай жағдайда пайдалануға болатыны туралы ереже әр елде/аймақта әртүрлі. YouTube-те әділ пайдалану туралы толық ақпарат алыңыз.
Қоғамдық игілік
Қоғамдық игілік — авторлық құқық мерзімі аяқталған немесе контент авторлық құқықпен қорғалуға жарамды болмағандықтан, авторлық құқықпен қорғалмайтын контент. Мысалы, АҚШ мемлекеттік мекемелері жасаған контент автоматты түрде қоғамдық игілікке жатады.
Ережелер әр елде немесе аймақта әртүрлі болуы мүмкін, бірақ жалпы алғанда авторлық құқық автордың өмір бойына және одан кейінгі 50–70 жылға дейін сақталады. Бұл мерзім өткеннен кейін, контент қоғамдық игілікке өтеді, яғни оны кез келген адам еркін пайдалана алады.
Туынды жұмыстар
Туынды жұмыстарға фанфиктер, аудармалар, спин-офф, бейімдеулер және басқа біреудің контентіне сүйеніп жасалған ұқсас еңбектер жатады. Авторлық құқық иесі өз контентінің, сондай-ақ туынды жұмыстардың қолданылуын заңды түрде реттеуге құқылы. Арнайы ережелер елге/аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін.
Сұрақ-жауап
Авторлық құқықпен қорғалатын ең кең таралған контент түрлерінің кейбірі төменде берілген (бұл толық тізім емес):
- аудиовизуалдық туындылар, мысалы, телешоулар, фильмдер және онлайн бейнелер;
- дыбыстық жазба, мысалы, әндер және басқа да музыкалық шығармалар;
- жазбаша жұмыстар, мысалы, мақалалар, кітаптар және ноталар;
- көркемөнер туындылары, мысалы, суреттер, плакаттар және жарнамалар;
- драмалық шығармалар, мысалы, спектакльдер және мюзиклдер;
- бейне ойындар;
- компьютерлік бағдарламалық құрал.
Жоқ. Заң бойынша YouTube авторлық құқық иелігіне қатысты дауларға араласа алмайды.
Авторлық құқық туралы заңға сәйкес жарамды авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрау түскен кезде, YouTube контентті өшіруге міндетті. Жүктеп салушы кейіннен жарамды қарсы хабарландыру жіберсе, онда біз оны контентті өшіруді сұраған адамға (мәлімдеушіге) жолдауға міндеттіміз. Бұдан кейін жүктеп салушы мен мәлімдеуші мәселені сотта шеше алады.Жасанды интеллект жасаған контентке қатысты авторлық құқық — күрделі және үнемі өзгеріп отыратын құқық саласы. Әр ел мен аймақ бұл мәселеге әртүрлі әдіспен қарайды. Жалпы алғанда, авторлық құқық адам жасаған шығармаларды қорғайды.
YouTube үшін жасанды интеллект жасағандай көрінетін контентке авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрау жіберілсе, біз қосымша мәлімет сұрауымыз мүмкін немесе бұл мәселені авторлық құқыққа қатысты сұрау ретінде қарастыра алмауымыз мүмкін.
Сіз туындыны YouTube сайтына жүктеп салмас бұрын, оның қоғамдық игілікке қатыстылығын тексеруге өзіңіз жауаптысыз. Қоғамдық игілікке айналған шығармалардың ресми тізімі болмағандықтан, контенттің сондай түрге жататынын тексеру күрделі болуы мүмкін. Интернетте көптеген пайдалы ресурс бар, мысалы:
Осы нұсқаулықтар мен YouTube барлық қатысты туындының авторлық құқықпен қорғаудан босатылғанына кепілдік бере алмайтынын ескеріңіз. Сондай-ақ жоғарыда аталған ресурстар тек оқу-танымдық мақсатта ұсынылған және YouTube тарапынан мақұлданбаған.Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында (WIPO) халықаралық зияткерлік меншік және авторлық құқық мәселелерімен айналысатын мекемелердің тізімі бар.
Еуропалық одақ елдері үшін Your Europe веб-сайтында әр ел/аумақ бойынша авторлық құқық туралы ақпарат қамтылған.
Жоғарыда аталған ресурстар тек оқу-танымдық мақсатта ұсынылғанын және YouTube тарапынан ресми түрде мақұлданбағанын ескеріңіз.