Creator Music туралы сұрақ-жауап

Creator Music әзірге YouTube Partner Program (YPP) бағдарламасына қатысатын АҚШ-тағы авторларға қолжетімді. Жуырда АҚШ-тан тыс орналасқан YPP авторларына да ұсынылады.
Төменде авторлардың Creator Music құралын пайдалануына қатысты жиі қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптары берілген. Сұрақ-жауаптар 3 санатқа бөлінген:
 
 

Жалпы тақырыптағы сұрақ-жауап

Creator Music деген не?
Creator Music – монетизацияланатын бейнелерде авторлық құқық туралы мәлімдеме жасалады деп уайымдамай пайдалана беруге болатын танымал музыканың өсіп келе жатқан каталогі. Creator Music авторларға музыканың авторлық құқық иелері орнатқан пайдалану шарттарына сай музыканы әртүрлі пайдалану жолдарын ұсынады. Төменде мысалдар келтірілген.
  • Кейбір әндерге лицензия алуға, яғни пайдалану ақысын алдын ала төлеп (кейбір тректер ақысыз да болады), бейнеден түскен табысты сақтап қалуға болады. Толық ақпарат алыңыз.
  • Кейбір әндер пайдаланылған бейнеден түскен табысты музыканың авторлық құқық иелерімен бөлісуге болады. Толық ақпарат алыңыз.
Creator Music құралын қалай пайдаланамын?

Creator Music құралы YouTube Studio жүйесінде орналасқан. Ол YouTube бейнелеріне қосатын әндерді шолуға, алдын ала тыңдауға және жүктеп алуға мүмкіндік береді. ​​Әр тректі пайдаланудың төмендегідей опциялары болуы мүмкін:

  1. Лицензия сатып алу: музыканы пайдалану ақысын алдын ала төлеп, ол қосылған бейнеден түсетін табыс үлесін музыкасыз контентпен тең деңгейде сақтап қаласыз.
  2. Табысты бөлісу: бейнеден түскен табысты тректің меншік құқығы иелерімен бөлісесіз.
Пайдалану опциясы әр тректе әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір тректердің лицензиясын сатып алу да, табысын бөлісу де мүмкін емес екенін ескеріңіз. Мұндай тректердің біреуін таңдасаңыз, бейнеңізге қатысты Content ID шағымы немесе авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрау келіп түсуі мүмкін.
Неліктен кейбір тректерде жүктеп алып, алдын ала көру опциясы жоқ?

Әзірге жүктеп алу функциясы тек Creator Music арқылы лицензиямен пайдалануға болатын тректер үшін қолжетімді.

Табысын бөлісуге жарамды тректердің жүктеп алынатын нұсқасын Creator Music-тен тыс жерден табуыңыз керек.

Creator Music құралын тікелей трансляцияларда пайдалануға бола ма?
Әзірге Creator Music тікелей эфирдегі контент үшін лицензия ұсынбайды.
Неліктен Creator Music құралын әлі пайдалана алмаймын?
Бұл функцияны сатылы түрде YouTube Partner Program (YPP) бағдарламасына қатысатын АҚШ-тағы авторларға ұсынып жатырмыз. Болашақта АҚШ-тан тыс орналасқан YPP авторларына да ұсынуды жоспарлап отырмыз.
YPP бағдарламасына қатыспаймын. Creator Music-ті пайдалансам бола ма?
Уақыт өте келе Creator Music құралын қолдана алатын пайдаланушылар ауқымын кеңейтеміз. Сонымен қатар барлық авторға музыкаға қатысты қосымша функциялар ұсынамыз. Әзірге тек YPP бағдарламасына қатысатын авторлар лицензия сатып ала алады.
Аудиожинақ қайда кетті?
Creator Music құралын пайдалана алсаңыз, YouTube аудиожинағындағы барлық әнді сонда қостық. Осылайша, қажетті саундтректің бәрін бір жерден таба аласыз. Әзірге бұрынғы "дыбыс әсерлері" қойындысы "Жанрлар" бөлімінде орналасқан. Бұрын YouTube аудиожинағына сақталған әндерді көру үшін Creator Music негізгі бетінің астыңғы жағындағы Аудиожинаққа қайту түймесін басу керек.
Creator Music-тен бір әнді таба алмадым. Ол нені білдіреді?
Creator Music-тен іздеген әніңізді таба алмасаңыз, бірақ оны бейнеңізге қосқыңыз келсе, демек ол тректің лицензиясын сатып алу немесе одан түскен табысты бөлісу мүмкін емес. Пайдалануға құқығыңыз болмаса да, сол тректі қосамын деп шешсеңіз, бейнеңізге қатысты Content ID шағымы немесе авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрау келіп түсуі мүмкін.
Өзім пайдаланғаннан басқа әнге қатысты Content ID шағымы келді. Мен не істей аламын?
Келіп түскен Content ID шағымы қате екеніне сенімді болсаңыз, оған қарсы пікір білдіре аласыз.

Неліктен бейнем Ресей мен Беларусь аймағында блокталған?

Музыканың авторлық құқық иелерінің кейбірі өз тректерін кейбір аймақтарда, соның ішінде Ресей мен Беларусьте блоктау туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Лицензия туралы сұрақ-жауап

Лицензия деген не?
Лицензия пайдаланушыға меншік құқығы басқаларға тиесілі контентті пайдалануға заңды түрде рұқсат береді. Creator Music көмегімен YouTube-тегі мұндай меншік құқығы иелерімен қарым-қатынас жасауды бір жүйеге келтірдік. Лицензиялау туралы толық ақпаратты Анықтамалық орталықтан көре аласыз.
Лицензия ақысын қашан төлеймін?
Лицензия ақысын тікелей Creator Music арқылы алдын ала төлеуге немесе Creator Music-тегі трек қосылған бейнені жүктеп салғанда төлеуге болады. Тректерді лицензиялау туралы толық ақпарат алыңыз.
Лицензия сатып алсам, мен сол музыканың иесіне айналамын ба?
Жоқ. Лицензия сатып алу арқылы музыкаға иелік етпейсіз. Тек сол музыканы пайдалану құқығын сатып аласыз. Нақты айтқанда, лицензияның шарттары мен талаптарына сәйкес бейне мен тыңдап отырған музыканы синхрондауға мүмкіндік беретін бір рет пайдаланылатын синхрондау лицензиясын сатып аласыз.
Лицензия бағалары қалай анықталады? Бағалар өзгеруі мүмкін бе?

Тректің меншік құқығына иелік ететін музыкалық серіктестер лицензия шарттары мен бағаларын анықтайды. Есіңізде болсын, кейбір тректердің бағасы барлық авторға бірдей, ал басқаларынікі арнаның ауқымына қарай әртүрлі болуы мүмкін.

Лицензия сатып алған соң, лицензия мерзімі аяқталмайынша, оның бағасындағы өзгеріс сізге әсер етпейді.

Лицензияның бағасы өзгерсе, ол бұрын сатып алынған лицензияға әсер ете ме?
Лицензия бағасының өзгеруі осыған дейін сатып алынған лицензиялар мен оларды пайдалану шарттарына әсер етпейді.
Тректі лицензия сатып алмай пайдалана берсем не болады?
Creator Music-тегі лицензиямен пайдалануға болатын кейбір тректерде табысты бөлісу опциясы бар. Демек бейнеден түскен табыс сіз бен әннің меншік құқығы иесінің арасында бөлінеді.
Лицензиямен пайдалануға болмайтын немесе табысты бөлісуге болмайтын әндерді пайдалансаңыз, бейнеңізге қатысты Content ID шағымы немесе авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрау келіп түсіп, монетизация толық тоқтатылуы мүмкін.
Нақты трекке қатысты қандай шарттар қолданылатынын білу үшін Creator Music-тегі пайдалану туралы мәліметтерді көре аласыз.
Лицензия сатып алсам, сол тректі бірнеше бейнеге қоса аламын ба?
Әзірге тек бір рет пайдаланылатын лицензияларға қолдау көрсетіледі. Яғни тректің лицензиясын сатып алсаңыз, оны бір ғана бейнеде пайдалана аласыз. Егер бір тректі бірнеше бейнеде пайдаланғыңыз келсе, әр бейне үшін бөлек лицензия сатып алу керек болады.
Бір бейнеде лицензиясы бар бірнеше трек пайдалансам бола ма?
Иә. Бір бейнеге қосатын лицензиялар саны шектелмеген. Бейне монетизациялануы үшін, ондағы барлық меншік құқықтары бойынша тиісті рұқсат алу керек екені есіңізде болсын.
Creator Music арқылы лицензия алынған тректерді YouTube-тен басқа платформаларда пайдалансам бола ма?
Жоқ. Трек лицензиясын Creator Music-тен алсаңыз, ол тректі тек YouTube-ке жүктеп салынатын бейнелерге қоса аласыз. Creator Music құралын пайдалану туралы мәліметтер алыңыз.
Лицензия мерзімі бітсе, оның бейнеге әсері қандай болады?
Лицензия мерзімін жаңарту мүмкіндігі болуы мүмкін. Егер лицензия мерзімін жаңартпасаңыз, (трек табысты бөлісуге жарамды болса) музыканы пайдалану шарттары әдепкісінше табысты бөлісу шарттарына оралуы мүмкін.
Әйтпесе бейнедегі монетизацияға не оның көрсетілуге шектеулер қойылуы мүмкін. Себебі бейнедегі трекке лицензия алынбағандықтан немесе табысты бөліспегендіктен, оған қатысты Content ID шағымы немесе авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрау келіп түсуі мүмкін.
Сатып алған лицензиямның төлемін қайтаруды сұрау үшін не істеу керек?

Creator Music лицензиясының төлемін қайтару сұрауын YouTube Studio жүйесіндегі Creator Music жинағы бетінде тікелей жібере аласыз. Төлемді қайтару сұрауын жіберу үшін:

  1. YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Creator Music опциясын таңдаңыз.
  3. Сіздің жинағыңыз қойындысын таңдаңыз.
  4. Төлемін қайтарғыңыз келген трек лицензиясын табыңыз.
    • Тек лицензиясы бар тректерді көру үшін беттің жоғарғы жағындағы Лицензиясы бар опциясын басыңыз (міндетті емес).
  5. Трек жолында "Басқа әрекеттер" '' and then Төлем қайтаруды сұрау опциясын басыңыз.
  6. Төлем қайтаруды сұрау үлгісін толтырыңыз.

Төлем қайтаруды сұрау үлгісін жіберген соң, ол Creator Music төлемді қайтару саясатына сай келетін болса, қолдау көрсету ұжымымыз оны өңдейді. Төлем қайтару саясатымен танысу үшін Creator Music Қызмет көрсету шарттарының "Тоқтату және төлемдерді қайтару" бөлімін оқыңыз.

Табыс бөлісуге қатысты сұрақ-жауап

Қандай жағдайда табысты бөлісе аламын?
  • Трек жанында "табысты бөлісу" белгішесін көрсеңіз .
    • Мұндай тректердің кез келген көлемін ұзақтығы шектелмеген бейнеде пайдалана аласыз.
  • Егер трек лицензия қажет етсе, бірақ лицензия сатып алғыңыз келмесе:
    • Тректің 30 секундтан аспайтын үзіндісін 3 минуттан ұзақ бейнеде пайдалануыңыз керек.
Табысты үлестерге бөлу деген не?

Creator Music-те ұзақ форматты бейнеде табысты бөлісуге жарамды тректер пайдаланылса, төменде көрсетілген мысалдардағы сияқты, стандартты 55% табыс үлесі музыка құқықтарының ақысын төлеуге реттеп жұмсалады. Ол мыналарға байланысты:

  • пайдаланылған тректер саны: автор бейнеде пайдаланған табысты бөлісуге жарамды тректердің жалпы саны (төмендегі мысалдарды қараңыз);
  • қосымша музыка құқықтарына төленетін шығындар: қосымша музыка құқықтарының (мысалы, өнер көрсету құқықтарының) ақысын өтеу үшін шегерілетін сома. Бұл шегерілетін сома ең көбі 5% болады және Creator Music-тегі табысты бөлісуге жарамды тректердің қосымша музыка құқықтарының ақысын өтеуге жұмсалады.
Табыс үлесін есептеу мысалдары

Мысал: табыс бөлісуге арналған 1 тректі пайдалану

Мысал. Автор ұзақ форматты бейнеде табыс бөлісуге арналған 1 трек пайдаланып, стандартты 55% табыс үлесінің жартысын (27,5%) табады. Мысалы, қосымша музыка құқықтарының ақысын өтеу үшін шегерілетін шама 2,5% делік.

Бұл бейнеден автор жалпы табыстың 25%-ын (27,5% – 2,5%) иемденеді.

 
Мысал: табыс бөлісуге арналған 1 тректі пайдалану
Мысалдағы табыс үлесі: 55% ÷ 2 27,5%
Мысалдағы қосымша музыка құқықтарының шығындары - 2,5%
Мысал жалпы табыс 25%

Мысал: табыс бөлісуге арналған 2 трек және 1 лицензиясы бар трек пайдалану

Мысал. Автор өзінің ұзақ форматты бейнесінде табыс бөлісуге арналған 2 трек және лицензиясы бар 1 трек пайдаланып, стандартты 55% табыс үлесінің 1/3-ін (18,33%) иемденеді. Мысалы, қосымша музыка құқықтарының ақысын өтеу үшін шегерілетін сома 2% делік.

Бұл бейнеден автор жалпы табыстың 16,33%-ын (18,33% – 2%) иемденеді.

 
Мысал: табыс бөлісуге арналған 2 трек және 1 лицензиясы бар трек пайдалану
Мысалдағы табыс үлесі: 55% ÷ 3 18,33%
Мысалдағы қосымша музыка құқықтарының шығындары - 2,5%
Мысалдағы жалпы табыс 15,83%
Бейнем неліктен түскен табысты бөліспей жатыр?
Бейнеден түскен табысты бөліспеудің бірнеше себебі болуы мүмкін:
  • Content ID бейнеңізде табысты бөлісуге жарамды трек таппаған. Егер Content ID табысты бөлісуге жарамды тректі кейінірек тапса, сол кезден бастап бейнеңізден түскен табысты бөлісу функциясы қосылады.
  • Сіз бейнені жүктеп салғаннан кейін, трек меншік құқығының иелері табысты бөлісу функциясын өшіріп қойған болуы мүмкін.
  • Лицензия сатып алуға болады, бірақ сіз ұзақтығы 3 минуттан асатын бейнеде тректің 30 секундтан аспайтын үзіндісін пайдаланғансыз.
  • Бейнеде табысты бөлісуге жарамсыз үшінші тарап контентіне қатысты Content ID шағымы бар. Content ID шағымына қатысты мәселелерді шешу жолдары туралы ақпарат алыңыз.
Мен жүктеп салып қойған бейнелерден түскен табысты бөлісуге бола ма?
Жоқ. Лицениялау/табысты бөлісу шарттары Creator Music құралын пайдалана бастағаннан кейін жариялаған бейнелер үшін ғана қолданылады. Бұл ретроактивті түрде әсер етпейді.
Creator Music табысын бөлісу мен Shorts табысын бөлісу әдістері әртүрлі ме?
Иә, әртүрлі. Shorts табысын бөлісу функциясы авторларға жүктеп салынған Shorts бейнелерінен түскен табыстың пайыздық үлесін алуға мүмкіндік береді. Creator Music табысын бөлісу функциясы авторларға жарамды музыканы өздерінің ұзақ форматты бейнелерінде пайдаланған соң, содан түскен табысты музыканың авторлық құқық иелерімен бөлісуге мүмкіндік береді.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
12803475245648448085
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false