Жазылушыларға келетін хабарландыруларды тексеру

Хабарландырулар бейненің қаралымына қалай әсер ететінін авторлар жиі сұрап жатады. Хабарландырулардың қандай әсері бар екенін YouTube Studio-дағы "Жазылушы алатын қоңырау белгішесінің хабарландырулары" және "Жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландырулары" картасынан біле аласыз. Жазылушыларыңыздың саны жеткілікті болғанда, бұл карталар автоматты түрде пайда болады. YouTube-тегі хабарландыру опциялары туралы толық ақпарат алыңыз.

Were Notifications Sent to My Subscribers?

Жазылушылар алатын хабарландырулардың көрсеткіштерін көру

  1. YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Analytics бөлімін таңдаңыз.
  3. Аудитория опциясын таңдаңыз.
  4. "Жазылушы алатын қоңырау белгішесінің хабарландырулары" картасын тауып алыңыз.

Жазылушы алатын хабарландыру көрсеткіштері туралы толық ақпарат алыңыз

"Жазылушы алатын қоңырау белгішесінің хабарландырулары" картасынан жазылушыларыңыздың қанша пайызы арнаңыздан хабарландырулар (мысалы, жаңа бейне жүктеп салынғандығы туралы, премьералар және тікелей трансляциялар туралы хабарландырулар) алатынын біле аласыз.

Арнаңызда "Барлық хабарландыру" опциясын қосып қойған жазылушылар: "Арнаңызда "Барлық хабарландыру" опциясын қосып қойған жазылушылар" көрсеткіші арнаңыздан барлық хабарландыруды алатын жазылушылардың пайызын көрсетеді.

Арнаңызда "Барлық хабарландыру" опциясын және YouTube жіберетін хабарландыруларды қосып қойған жазылушылар: "Арнаңызда "Барлық хабарландыру" опциясын және YouTube жіберетін хабарландыруларды қосып қойған жазылушылар" көрсеткіші арнаңыздан жіберілетін барлық хабарландыруды қосып қойған жазылушылардың пайызын көрсетеді. Бұл жазылушылар Google аккаунттарына да, құрылғыларына да хабарландырулар алады.

Егер жазылушылар "қоңырау" белгішесін басса, бірақ аккаунтына немесе мобильдік қолданбасына келетін хабарландыруларды өшіріп тастаса, олар бұл көрсеткішке кірмейді. "YouTube хабарландыруларын қосқан" жазылушылар аккаунтына кірген болып есептеледі және кемінде бір құрылғысына хабарландырулар алады. Ондай жазылушылар аккаунтқа келетін хабарландыруларды мына екі тәсілдің бірімен қосып қойған:

  • компьютерде Параметрлер and then Хабарландырулар and then Арна жазылымдары тармағын таңдау арқылы НЕМЕСЕ
  • мобильдік құрылғыда Параметрлер and then Хабарландырулар and then Жазылымдар тармағын таңдау арқылы.

Сонымен қатар кемінде бір құрылғыда YouTube хабарландыруларын мына екі тәсілдің бірімен қосып қойған:

  • компьютерде Параметрлер and then Хабарландырулар and then Компьютердегі хабарландырулар тармағын таңдау арқылы;
  • мобильдік құрылғылардың параметрлерінде YouTube қолданбасының хабарландыруларын қосып қою арқылы.

Жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландыруларының көрсеткіштерін көру

Жазылушыларыңыздың саны белгілі бір деңгейге жеткен кезде, YouTube Analytics бөлімінің Қамту қойындысында "Жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландырулары" картасы автоматты түрде пайда болады. Бұл карта жекелеген бейнелерде болады.

  1. YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Контент опциясын таңдаңыз.
  3. Бейненің атауын немесе нобайын басыңыз.
  4. Сол жақ мәзірден Analytics and then Қамту тармағын таңдаңыз.
  5. "Жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландырулары" картасын тауып алыңыз.

Жіберілген хабарландырулардың көрсеткіштері туралы ақпарат алыңыз

  • Жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландырулары: арнаңыздан барлық хабарландыруды алатын және аккаунты мен құрылғысында YouTube хабарландыруларын қосып қойған жазылушыларға жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландыруларының саны.
  • Хабарландырулардың CTR (басу жиілігі) көрсеткіші: бейнеңіз туралы алған қоңырау белгішесінің хабарландыруын басқан көрермендер пайызы.
  • Қоңырау белгішесінің хабарландыруларының арқасында жиналған қаралым: хабарландыруды басып, бірден бейнеңізді көрген көрерменнен жиналған қаралым. Бұл көрсеткішке қоңырау белгішесінің хабарландыруын көріп, бейнені кейінірек ашқан адамдар кірмейді. Сонымен қатар қолданбадағы хабарландырулардан және жаңалықтар хаттарынан қанша қаралым жиналғанын Қамту туралы есептен көре аласыз.

Жазылушы алатын қоңырау белгішесінің хабарландыруына қатысты сұрақ-жауап

"Арнаңыз үшін "Барлық хабарландыру" қосылды" деген көрсеткіш нені білдіреді?

Хабарландырудың түрлері көп емес, сондықтан YouTube хабарландыруларын бір-бірінен оңай ажыратуға болады:

  •  Барлық хабарландыру: жазылушылар күнделікті шектен асып кеткен хабарландырулардан басқа барлық хабарландыруды алады.
  • Жекелендірілген хабарландырулар: жазылушылардың әрқайсысына арнаңыздан бейімделген хабарландырулар жіберіледі.
  • Ешқайсы: құрылғы параметрлеріне байланысты арнаңыздан хабарландырулар ала алмайтын болса, жазылушыларға хабарландырудың осы түрі көрсетіледі.

"Арнаңыз үшін "Барлық хабарландыру" опциясын қосып қойған жазылушылар" көрсеткішіне жекелендірілген хабарландырулар алатын жазылушылар немесе "Жазылымдар басқарушысында" немесе арна параметрлерінде арнаңыздан келетін хабарландыруларды өшіріп қойған жазылушылар кірмейді. Хабарландыруларға әсер ететін параметрлер туралы толық ақпарат алыңыз.

Көрерменнің арнамнан жіберілетін барлық хабарландыруға жазылуына қалай ықпал ете аламын?

Кейбір көрермен өздері жазылған арналардан барлық хабарландыруды алып отырғысы келмейді. Ал кейбірі көп хабарландыру ала берген соң, хабарландыруларды мүлде өшіріп тастауы мүмкін.

Жазылушыларға тек қажетті хабарландырулар алып отырудың жолын көрсетіңіз. Барлық хабарландыруды алып отырғысы келетін, бірақ оларды ала алмай жатқан көрерменіңіз болса, оларға хабарландырулар бойынша ақауларды жою құралын жіберіңіз.

YouTube-тегі арнамның хабарландырулар тиімділігі төмен. Бұл дұрыс емес пе?

Арнаңыздағы "Барлық хабарландыру" параметрін қосқан жазылушылар

Арналардың көпшілігінде хабарландыру тиімділігі төмен, дегенмен жақсы дамып келеді. Хабарландырулар – қаралым жинау мақсатында берілетін көптеген сілтеме көзінің (мысалы, келесі, басты бет немесе іздеу) бірі. Әр арнаның түрлі сілтеме көздерінен алатын трафик пайызы әртүрлі.

Жазылушылардың барлық арнадан үнемі хабарландыру алып тұрғысы келуіне әсер ететін көптеген фактор бар. Жазылушының хабарландыруды таңдауына жүктеп салу жиілігі, бейненің тақырыптары немесе басқа арна жазылымдары сияқты факторлар әсер етеді.

Арнаңыздағы "Барлық хабарландыру" параметрін қосқан және YouTube хабарландыруларын қосқан жазылушылар

Арнаңыз үшін барлық хабарландыруды қосып қойған жазылушылар үшін көрсеткішіңіз орташа болғанымен, қосылған хабарландырулар үшін көрсеткішіңіз төмен болса, көрерменіңізден хабарландырулар бойынша ақауларды жою құралын пайдалануын сұраңыз. Ондай көрермен қоңырау белгішесін басып, барлық хабарландыруды алуға қызығушылық танытқан. Олар хабарландырудың өздеріне келіп жатпағанын білмеуі де мүмкін.

Алдыңғы уақыт кезеңдері үшін жазылушылардың хабарландыру көрсеткіштерін көре аламын ба?

"Жазылушы алатын қоңырау белгішесінің хабарландырулары" картасы тек қазіргі көрсеткіштерді ұсынады. Ескі мәндерді көру мүмкін емес.

Арнама жаңа жазылушылар қосылса, жазылушылар туралы көрсеткіш бірден өзгере ме?

Жазылушылар туралы көрсеткіштер күн сайын жаңарып отырады, бірақ 2 күн кешігіп жүреді. Бейнені дүйсенбі күні жариялап, арнаңызға жаңа жазылушылар қосылса, бұл өзгерістерді сәрсенбі күні көре аласыз.

Жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландырулары туралы сұрақ-жауап

"Жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландырулары" картасын қалай қолдануым керек?

"Жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландырулары" "Жазылушы алатын қоңырау белгішесінің хабарландырулары" картасымен бірге жұмыс істейді:
  • "Жазылушы алатын қоңырау белгішесінің хабарландырулары" картасы жазылушыларыңыздың қандай бөлігі қоңырау белгішесін  басып, арнаңыздан келетін барлық хабарландыруға жазылғанын көрсетеді. Сонымен қатар онда құрылғысының және аккаунтының параметрлеріне байланысты қанша жазылушы хабарландыру ала алатыны көрсетіледі.
  • "Жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландырулары" картасында қоңырау белгішесінің хабарландыруын алатын, оны басқан және бейнеңізді көрген көрерменнің саны көрсетіледі. Сонымен қатар сіз бейнені жариялаған уақытта қоңырау белгішесінің хабарландыруын ала алатын жазылушылардың саны осы картада көрсетіледі.

Хабарландыруларымның және бейне суретінің CTR көрсеткіштері бір-бірінен қаншалықты өзгешеленеді?

Хабарландыруларыңыздың CTR көрсеткіші бейнеңіз үшін қоңырау белгішесінің хабарландыруын қанша адам көргенін және басқанын білдіреді. Бейне суретінің CTR көрсеткіші YouTube-те бейнеңіздің суретін қанша адам көргенін және оны басқанын білдіреді. Көрсету саны мен CTR көрсеткіші туралы толық ақпарат алыңыз.

Хабарландырулардың CTR көрсеткіші көрсетудің CTR көрсеткішінен неге аз?

Хабарландырулардың CTR көрсеткіші көрсетудің CTR көрсеткішінен аз болуы – қалыпты жағдай.
Адамдар күні бойы хабарландырулар алғанымен, бейнелерді тамашалай алмайды. Олар жұмыста немесе кешкі ас дайындап жатқан болуы мүмкін. Көрсетудің CTR көрсеткіші YouTube-тегі әрекетке байланысты өлшенеді. Ол күнделікті шаруаларынан қолы босамай жатқан адамдардың емес, YouTube-тен көруге болатын бірдеңе іздеп отырған көрерменнің әрекетін көрсетеді.
Кейбір хабарландырулар неге жіберілмей қалады?
"Жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландыруының" көрсеткіші 100%-дан төмен болуының негізгі себептері:
  • 24 сағаттың ішінде арнаңыз максималды рұқсат етілген 3 бейне туралы хабарландыруды жіберіп қойды.
  • Қысқа уақыттың ішінде жүктеп салған бейнелердің саны 3-тен асып кетті.
  • Соңғы 24 сағаттың ішінде жазылушыларыңыздың саны күрт артып кетті. Толық ақпарат алыңыз.
  • Хабарландырулардың барлығы жіберілгенге дейін бейненің құпиялық параметрлерін өзгертіп тастадыңыз.
  • Сіз бұл бейне үшін хабарландыруларды өткізіп жібердіңіз.
Жазылушы санындағы өзгерістер жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландыруларының пайызына қалай әсер етеді?
Жазылушылардың саны жиі өзгеріп отыруы – қалыпты жағдай. Бейнені жариялайын деп жатқанда, белгілі бір себептерге байланысты жазылушыларыңыздың саны күрт өзгеріп кететін болса, жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландыруларының пайызы 100%-дан аз болуы мүмкін.
Ондай жағдайда талаптарға сай келетін жазылушылардың барлығын хабардар етеміз, дегенмен кідіріспен хабарланғандықтан, картадағы көрсеткіш 100%-дан аз болып тұрады.

Хабарландырулардың CTR көрсеткіші "YouTube-тегі орташа көрсеткіштен" төмен. Бұл дұрыс емес пе?

Жазылушылардың хабарландыруды ашу-ашпауы көптеген факторларға байланысты. Қай уақытта келгеніне, адамдардың не істеп жатқанына және т.б. себептерге байланысты көрермен хабарландыруды баспауы мүмкін.
Арналардың көпшілігінде хабарландыру тиімділігі төмен, дегенмен жақсы дамып келеді. Хабарландырулар – қаралым жинау мақсатында берілетін көптеген сілтеме көзінің бірі. Сондай-ақ Келесі, Басты бет, Іздеу, сыртқы көздер және "Жазылымдар" фиді сияқты басқа көздер де бар. Әр арнаның түрлі сілтеме көздерінен алатын трафик пайызы әртүрлі болады.

Бұрынғы кезеңдер үшін "Жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландырулары" картасын тексере аламын ба?

"Жіберілген қоңырау белгішесінің хабарландырулары" картасы үшін ескі мәндерді көру мүмкін емес. YouTube Analytics бөліміндегі күндер аралығын өзгертсеңіз, картадағы күн өзгермеуі мүмкін.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
10245521222309465826
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false