Тікелей эфир чатындағы YouTube Super Chat және Super Stickers функцияларын басқару

Super Chat және Super Stickers — YouTube Partner Program бағдарламасы арқылы арнаңыздан пайда табудың жолдары. Бұл функциялар көрермендерге ерекшеленіп тұратын тікелей эфир чатындағы хабарларды сатып алуға, кейде оларды тікелей эфир чаты фидінің жоғарғы жағына бекітіп қоюға мүмкіндік береді. Қойылатын талаптар мен бұл функцияны қалай қосатыны туралы толық ақпарат алыңыз.
Ескертпе: бұл функция YouTube-тегі қадағаланатын режимдерде істемеуі мүмкін. Толық ақпарат.

Сатып алынған Super Chat хабарларын және Super Stickers анимацияларын көру

Super Chat және Super Stickers тікелей эфир чатының фидінде түрлі түсті чат хабарлары мен анимациялық суреттер түрінде көрсетіледі. Көрермен Super Chat немесе Super Sticker сатып алғанда, оның профиль суреті тікелей эфир чаты фидінің жоғарғы жағында тұрады. Қанша уақыт тұратыны сатып алу сомасына байланысты болады. Көрермен неғұрлым көп ақша жұмсаса, чат фидінің жоғарғы жағында Super Chat немесе Super Stickers соғұрлым ұзақ тұрады. 

Тікелей трансляция кезінде сатып алынғандарды көру

Тікелей эфирді басқару бетін, YouTube мобильдік қолданбасын немесе YouTube веб-сайтын пайдаланып, тікелей эфир чатының фидінде Super Chat пен Super Sticker транзакцияларын көре аласыз.

  1. Сатып алынған Super Chat және Super Sticker элементтерін ғана көргіңіз келсе, тікелей эфир чатының фидіне сүзгі қолданыңыз. Ол үшін:
    1. Компьютерде Чат сүзгісі and then Жанкүйерлердің қаржылай қолдауы тармағын басыңыз.
    2. YouTube мобильдік қолданбасында Параметрлер and thenЧат сүзгісі and then Жанкүйерлердің қаржылай қолдауы тармағын түртіңіз.

2. Тікелей эфир чатының фидіндегі барлық хабарды көру үшін Чат сүзгісі and then Барлық хабар опциясын таңдаңыз.

Ескертпе: тікелей эфир чатының фидіне сүзгі қолдансаңыз, ол тек сізге көрінетін интерфейсті өзгертеді. Көрермендер бұрынғыша қатыса береді және тікелей эфир чаттарына әдеттегідей жаза береді.

Сатып алынғандардың барлығын көру

  1. Компьютер арқылы YouTube Studio-ға кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Пайда табу опциясын таңдаңыз.
  3. Supers қойындысын таңдаңыз.
  4. Соңғы сатып алынған элементтер "Super Chat және Super Sticker транзакцияларыңыз" картасында көрсетіледі. Транзакция туралы бүкіл ақпаратты көргіңіз келсе, Барлығын көру түймесін басыңыз.

Super Chat және Super Stickers элементтерін пайдалану

Тікелей трансляция кезінде Super Chat және Super Stickers элементтерін пайдалану — жанкүйерлеріңізге ізгі ілтипат білдірудің ең керемет жолы. Мыналарды істей аласыз:

  • Тікелей трансляцияда сатып алушыларға дауыстап алғыс білдіруіңізге болады.
  • Ізгі ілтипатыңызды білдіру үшін Super Chat немесе Super Sticker элементіне жүрек  белгісін қоюыңызға болады. Тікелей эфир чатының фидінде Super Chat немесе Sticker элементін тауып алып, жанындағы белгішесін басыңыз. Super Chat немесе Sticker элементі сізге ұнағанын барлық көрермен көреді. Орнатқан параметрлеріне қарай сатып алушы оның пікірін ұнатқаныңыз туралы хабарландыру алады.

Тікелей эфир чатының фидінде көрерменнің YouTube-тегі ерекше сатып алу сәтін атап өтетін басқа автоматтандырылған хабарлар шығуы мүмкін. Мысалы, көрермен бірінші немесе оныншы рет сатып алғанда, автоматтандырылған хабар шығады. 

Қолдау көрсеткені үшін көрерменге алғыс айту мызғымас қауымдастық құруға және фанаттар санын арттыруға көмектеседі.

Super Chat және Super Stickers элементтеріне модерация жасау

Super Chat пен Super Stickers элементтері тікелей эфир чаты қосылған әрі талаптарға сай келетін тікелей трансляцияларда және премьераларда автоматты түрде қолжетімді болады. Тікелей эфир чаты әдепкісінше қосылып тұрады. Тікелей эфир чатын қолдану туралы ақпарат алыңыз. 

Super Chat пен Super Stickers элементтеріне және тікелей эфир чатының хабарларына бірдей модерация жасауға болады. YouTube-тегі кез келген контент сияқты Super Chat және Super Stickers элементтерін жіберген кезде де, Қауымдастық қағидалары сақталуы керек. Егер Super Chat немесе Super Sticker саясаттарымызды бұзғаны үшін модерацияға ұшыраса немесе өшірілсе, YouTube түскен табыстағы өз үлесін қайырымдылыққа береді.

Табыс туралы есеп

Supers хабарларына қатысты табыс туралы есептерді YouTube Analytics and then Табыс and then "Табыс көздері" бөлімінде көре аласыз.

Табыс үлесі

Авторлар Supers хабарларынан түскен, Google растаған табыстың 70%-ын алады. Жергілікті сату салығы және iOS жүйесіндегі App Store дүкенінің комиссиясы шегерілген соң, 70% есептеледі. Транзакциялық шығындар, сондай-ақ несиелік картаның комиссиясы қазіргі уақытта YouTube есебінен алынады.

Super Chat көмегімен "Рақмет" айтудың және басқа да болмашы ілтипат белгілерін жасаудың арқасында аудиторияңызды жылдам құрасыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
8621539049103230583
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false