Әділ пайдалану туралы сұрақ-жауап

Әділ пайдалану — авторлық құқықпен қорғалған материалды белгілі бір жағдайларда авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз қайта пайдалануға болатын заңды доктрина.

Әділ пайдалану доктринасын автоматты қолданудың ешбір сиқырлы сөзі жоқ. Біреудің авторлық құқықпен қорғалған шығармасын пайдаланған кезде, әділ пайдалану доктринасымен қорғалатыныңызға кепілдік берілмейді.

Әділ пайдалану — YouTube-тегі авторлық құқық

 

 

Әділ пайдалануға қатысты жиі қойылатын сұрақтар

Әділ пайдалану қалай жұмыс істейді?
АҚШ-та әділ пайдалану доктринасы қолданылатынын шешу үшін сот белгілі бір істі бірнеше қағида бойынша қарайды. Материалды авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз қандай жағдайда пайдалануға болатыны туралы ереже әр елде/аймақта әртүрлі. Мысалы, АҚШ-та шолу, сынау, зерттеу, оқыту жұмыстары немесе жаңалықтар репортажы әділ пайдалану болып саналады. Кейбір басқа елдерде адал пайдалану деп аталатын ұқсас идея бар, бірақ оның қолданылуы өзгеше болуы мүмкін.
Әділ пайдалану дегеніміз не?

1. Пайдаланудың мақсаты және сипаты, соның ішінде мұндай пайдаланудың коммерциялық сипатта немесе коммерциялық емес оқу-танымдық сипатта болуы.

Әдетте сот материалды пайдаланудың "өзгермелі" не "тұрақты" болуына назар аударады. Яғни түпнұсқаға жаңа мән не мағына берілді ме немесе түпнұсқа жай ғана көшірілді ме, соған көңіл бөледі. Коммерциялық мақсатта пайдаланудың әділ болып саналуы екіталай, бірақ бейне монетизациялануы және әлі де әділ пайдалану болып саналуы мүмкін.

2. Авторлық құқықпен қорғалған шығарманың мәні

Негізінен шынайы шығармалардың материалын пайдаланудың таза әдеби шығармаларды пайдалануға қарағанда әділ болып саналу ықтималдығы жоғарырақ.

3. Авторлық құқықпен қорғалған жалпы шығармаға қатысты пайдаланылған бөліктің көлемі мен маңыздылығы

Түпнұсқа шығармадан материалдың кішкентай бөлігін алудың үлкен бөлігін алғанға қарағанда әділ пайдалану болып саналу ықтималдығы жоғарырақ. Кейбір жағдайда материалдың кішкентай ғана бөлігі болғанымен, шығарманың "жүрегі" болса, оның өзі әділ пайдалануға кедергі келтіруі мүмкін.

4. Авторлық құқықпен қорғалған шығарманы ықтимал нарықта пайдалану әсері не оның құны

Авторлық құқық иесінің түпнұсқа шығармадан пайда табу мүмкіндігіне зиян келтіретін пайдалану түрі әділ пайдалану болып саналуы екіталай. Сот кейде пародияларға қатысты жағдайларды осы фактор бойынша ерекше жағдай деп қабылдайды.

Әділ пайдалану қашан қолданылады?
Авторлық құқық иесінің туындысына үлес қосу, "құқық бұзу мақсаты жоқ" деген сияқты дисклеймер жариялау немесе біреудің контентіне түпнұсқа контентті қосу автоматты түрде әділ пайдалануды білдірмейді. Пікір білдіру не сынаудың орнына түпнұсқа шығарманы ауыстыруға әрекеттеніп пайдаланудың әділ болып саналуы екіталай.
Content ID әділ пайдаланумен қалай жұмыс істейді?

Авторлық құқықпен қорғалған контентті авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз жүктеп салсаңыз, сіздің атыңызға Content ID шағымы түсуі мүмкін. Бірнеше секундын ғана (мысалы, танымал әндердің үзіндісін) пайдалансаңыз да, шағым бейнені монетизациялауға рұқсат бермейді.

Content ID сияқты автоматты жүйелер әділ пайдалану туралы шешім шығара алмайды, себебі ол — сот қана шығара алатын субъективті, әр іс бойынша бөлек шешім. Әділ пайдалану туралы шешім шығару немесе авторлық құқық дауларын шешу құзыреті бізде болмаса да, әділ пайдалану принципіне сай бейнелер YouTube-те тұра береді. Бейнеңіз әділ пайдалану доктринасына сай деп есептесеңіз, өз ұстанымыңызды Content ID дау процесі арқылы қорғай аласыз. Бұл шешімге атүсті қарауға болмайды. Кейде мұндай дауды апелляция және Цифрлық замандағы авторлық құқық туралы заңның (DMCA) қарсы хабарландыру процесі арқылы шешу қажет болуы мүмкін.

Сіз де, шағымданушы да дауласып жүрген бейнені монетизациялауға әрекеттенсе, дау шешілгенше бейне монетизациялана береді. Сонан соң жиналған табыс тиісті тарапқа беріледі.  

Шағымдарды дау процесінен тыс шешу жолдары

Content ID шағымдарын шешудің ең қарапайым жолы — оларды болдырмау. Авторлық құқықпен қорғалған материал бейнеңізге өте қажет болмаса, оны пайдаланбаңыз. Бейнелеріңізге пайдалануға болатын тегін музыканы YouTube аудиожинағынан қарап көріңіз. Музыканы басқа роялти төлемейтін контенттен немесе лицензиясы бар сайттардан алатын болсаңыз, шарттары мен талаптарын мұқият оқып шығыңыз. Кейбір қызметтер музыканы YouTube-те пайдалануға немесе монетизациялауға рұқсат бермеуі мүмкін, сондықтан сіздің атыңызға Content ID шағымы түсуі мүмкін.

Бейнеңізге қажет емес музыка үшін сіздің атыңызға Content ID шағымы түссе, оны өшіріп немесе аудиожинақтағы автор рұқсат берген тректермен ауыстырып көріңіз. Сонымен қатар шағымданған контентсіз бейненің толықтай жаңа нұсқасын кез келген уақытта жаңа URL мекенжайымен жүктеп сала аласыз.

Мына жағдайда әділ пайдалану доктринасымен қорғаламын ба:

Авторлық құқық иесін атап өткенде

Түрленушілік әдетте әділ пайдалану талдауының кілті болып табылады. Авторлық құқықпен қорғалған шығарманың иесін атап өткенде, оның материалының түрленбейтін көшірмесі өздігінен әділ пайдалану болып саналмайды. "Барлық құқығы авторға тиесілі" және "менің меншігімде емес" деген сияқты сөздер сол материалды әділ пайдаланып жатқаныңызды автоматты түрде білдірмейді. Сонымен қатар сізде авторлық құқық иесінің рұқсаты бар екенін білдірмейді.

Бейнемде дисклеймер жариялағанда
Біреудің авторлық құқықпен қорғалған шығармасын пайдаланған кезде, әділ пайдалану доктринасын автоматты түрде қолданудың ешбір сиқырлы сөзі жоқ. Соның ішінде "құқық бұзу мақсаты жоқ" сөзі авторлық құқықтың бұзылуы туралы шағымнан автоматты түрде қорғамайды.
Контентті "ойын-сауық" немесе "коммерциялық емес" мақсатта пайдаланғанда

Сот пайдалану мақсатыңызды мұқият қарап шығып, оның әділдігін бағалайды. Мысалы, жүктеп салған контентіңізді "ойын-сауыққа ғана арналған" деп мәлімдеу әділ пайдаланудың таразысына әсер етуі екіталай. Сонымен қатар "коммерциялық емес" мақсатта пайдалануға әділ пайдалану талдауында басымдық берілгенімен, ол автоматты қорғаныс емес.

Өзім жасаған түпнұсқа материалды біреудің авторлық құқықпен қорғалған шығармасына қосқанда
Біреудің контентіне бірдеңе қоссаңыз да, мұндай пайдаланудың түрі әділ болып саналмауы мүмкін. Туындыңыз түпнұсқаға басқаша көзқарас, мағына немесе үндеу қоспаса, ол әділ пайдалану болмауы мүмкін. Осы жерде талқыланған барлық басқа жағдайдағыдай сот әділ пайдаланудың барлық төрт факторын, оның ішінде пайдаланылған түпнұсқа санын қарастырады.
АҚШ-тан тыс жерде болғанда
Авторлық құқықтың ерекше жағдайлары туралы ережелер әлемде көбіне ұқсас болғанымен, өзара айырмашылығы болуы мүмкін. Әртүрлі елдер мен аймақтарда түрлі ережелер қолданылуы мүмкін. Мысалы, кейбір жерде авторлық құқықпен қорғалған материалды авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз пайдалануға болады.
Сот әділ пайдалану жағдайлары туралы шешімді әрбір жағдайдың фактілеріне сай шығарады. Авторлық құқықпен қорғалған материалды пайдаланатын бейнелерді жүктеп салмас бұрын, маманнан заң бойынша кеңес алғыңыз келуі мүмкін.

Қосымша ақпарат

Әділ пайдалану туралы толық ақпаратты интернетте ұсынылған көптеген ресурстардан таба аласыз. Келесі сайттар тек оқу-танымдық мақсаттарға арналған, бірақ оларды YouTube мақұлдамаған:

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
16796373148308851726
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false