Жарнама саясаты туралы жалпы ақпарат

Бұл мақалада жарнама берушілердің барлығы басшылыққа алуы тиіс саясаттар жайлы және біз жарнамаларды қалай тексеретініміз туралы айтылады.

Саясаттарымыз

YouTube-ке жарнама орналастырғыңыз келсе, мына ережелердің талаптарын сақтауыңыз керек:

Саясатқа қатысты қағидалар

Саясат қағидалары туралы толық ақпарат төменде көрсетілген:

Тыйым салынған контент

Google Network қызметінде жарнамалауға болмайтын контент

Тыйым салынған әрекеттер

Бізде жарнама жариялайтын болсаңыз, не істеуге тыйым салынады?

Шектелген контент

Жарнамалауға болғанымен, шектеулері бар контент

Редакторлық және техникалық

Жарнамаларға, веб-сайттарға және қолданбаларға арналған сапа стандарттары

Басқа да маңызды саясаттар

YouTube-те көрсетілетін жарнамалар ерекше көзге түседі. Төмендегі сілтемелерде біздің платформамызда көрсетілетін кез келген жарнамаға қолданылатын басқа саясаттар көрсетілген:

Саясаттар қолданылатын контенттер

Біздің саясаттарымыз төмендегідей контенттің барлық түрі мен бөлігіне қолданылады:

  • Жарнамадағы мәтін
  • Жарнамадағы шығармашылық элементтер
  • Сайтыңыздың контенті немесе арнаңыздың немесе бейнеңіздің контенті

Жарнамаңыз жасалғаннан кейін, ол автоматты түрде тексеріледі. Жарнаманы тексеру процесі төменде жазылған.

Жарнамаларды қалай тексереміз?

Жарнаманы немесе кеңейтімді жасағаннан кейін немесе өзгерткеннен кейін, автоматты түрде тексеру процесі басталып кетеді.

Жарнаманы тексеру туралы мәлімет

Не тексеріледі?

  • Тақырып
  • Сипаттамасы
  • Кілтсөздер
  • Межелі орын
  • Суреттер
  • Бейне.

Тексерушілер қандай факторларды ескереді?

Бейне бірегей формат болғандықтан, жарнамаңызды бағалау кезінде белгілі бір нәрселерге мән береміз, мысалы:

  • Бейнеңіздің фокус нүктесі
  • Камера бұрышы және бір сәттік сахналар
  • Пайдаланушыларға көрсетілетін суреттердің анықтығы

Не істеуге болады?

Контекст – негізгі фактор, оларды қосып қойсаңыз, дұрыс шешім қабылдауымызға көмектеседі. Автоматты жүйелеріміз кейде қателесуі мүмкін. Егер біздің жүйелеріміз жарнамаңызды "Мақұлданбады" деп белгілесе, осы жерде көрсетілген нұсқауларды орындап, оны түзетуіңізге болады. Біздің тексеруші мамандарымыз ақырғы шешімін беру үшін контентіңіз бен контексіңізді тексереді.

Жарнаманы мақұлдау процесі туралы толық ақпарат алыңыз.

Саясаттарымыз туралы ақпарат

YouTube пайдаланушыларға, жарнама берушілерге және серіктестерге пайдалы болатын және әділ әрі бірізді саясаттарға негізделген жарнамалау қызметін ұсынуға тырысады. Осы мақсатқа жету үшін сайтымызға қабылданған жарнамалардың сапалы болуын қадағалаймыз. Оларға біздің техникалық, қауымдастыққа және жарнамаға қатысты қағидаларымыз бен саясаттарымыз кіреді.

Жарнамаларға қатысты саясаттар туралы мәлімет
Біз жарнамалау саясаттарымызды алдын ала ескертпестен, кез келген уақытта өзгертуге құқылымыз. Соңғы өзгерістерден хабардар болып отыру үшін саясаттарымызды жиі оқып отырғаныңыз жөн. Partner Sold бағдарламасына қатысатын серіктестер жарнамаға қатысты саясаттарды және төлем шарттарын басшылыққа алуы керек. Кейде техникалық немесе саясат шектеулеріне байланысты YouTube-те сатылған немесе берілген жарнамалардан басқасы көрсетілмеуі мүмкін.
Ондай саясаттар жарнамаңыздағы мәтін немесе басқа шығармашылық элементтер негізінде қолданылады. Сонымен қатар бұл саясаттар сайтыңыздың контентіне, арнаңыздың немесе бейнеңіздің контентіне байланысты қолданылады. Саясаттарымыздағы талаптарды жүзеге асыру үшін әрдайым қырағылық таныту керек, сондықтан кез келген жарнаманы мақұлдауға немесе қабылдамай тастауға құқымыз бар. Осы саясаттар бұзылатын болса, кез келген промонауқанды уақытша тоқтатуымыз немесе өшіріп тастауымыз мүмкін. Сенімсіз немесе орынсыз деп тапқан кез келген жарнаманы сайттан өшіріп тастауға құқығымыз бар. Сондықтан жарнамаларыңыз міндетті түрде осы қағидаларға сәйкес келуін қадалауыңыз керек. Саясат талаптарын бұзғандықтан, жарнамалары немесе бейнелері өшірілген, уақытша тоқтатылған немесе жас шектеуі қолданылған промонауқандардың ақшасы қайтарылмайды.
YouTube-тегі жарнама және контент саясаттары Пайдалану шарттарын толықтырады. Бұл саясаттар DoubleClick өнімдері мен қызметтерін, оның ішінде басты беттегі және көрнекі жарнамаларды, арнайы қызығушылықты арттыру бағдарламаларын және мобильдік жарнамаларды да реттеп отырады.
YouTube-ті немесе жарнамалау бағдарламаларын пайдалану арқылы веб-сайтыңыз, бейнелеріңіз немесе жарнамаларыңыз тиісті заңдар мен ережелерге сай келетінін мәлімдейсіз және кепілдік бересіз. Ондай заңдар мен ережелерге өзін-өзі басқару немесе салалық қағидалардың барлығы кіреді.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
15195129412767211533
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false