Арнаңызды растау үшін телефон нөміріңізді енгізуіңіз керек. Енгізілген телефон нөміріне мәтіндік хабар немесе дауыстық қоңырау арқылы растау кодын жібереміз.
Аккаунтыңызды растағаннан кейін мына әрекеттерді орындай аласыз:
- 15 минуттан ұзақ бейнелерді жүктеп салу.
- Бейне суреттерін қосу.
- Тікелей трансляция жасау.
- Content ID шағымдарына апелляция беру.
Егер арнаңыздың тарихы ауқымды болса, YouTube аккаунтыңызды растау арқылы озық функцияларға қол жеткізе аласыз.
Сондай-ақ тіркелген кезде аккаунтыңызды растау сұралуы мүмкін.
Не үшін YouTube телефон нөмірімді сұрайды?
Спам мен құқық бұзушылыққа аса мән береміз. Тұлғаны растау үшін телефон нөмірлерін пайдалану – қауымдастықты қорғаудың және құқық бұзушылықпен күресудің бір жолы.
Сізге растау кодын жіберу үшін телефон нөмірін жібереміз. Сондай-ақ телефон нөмірінің жылына ең көбі 2 арнамен ғана байланыстырылғанынын тексереміз.
Растау кодын алмадым
Код бірден келуі керек. Келмесе, жаңа код сұрауға болады. Мына мәселелердің біріне тап болмағаныңызға көз жеткізіңіз:
- Кейбір елдер/аймақтар және операторлар Google-дан келетін мәтіндік хабарларға қолдау көрсетпейді: мобильдік операторлардың көбі Google-дан келетін мәтіндік хабарларға қолдау көрсетеді. Оператор Google-дан келетін мәтіндік хабарларды қолдамаса, дауыстық қоңырау опциясын қолдануға немесе басқа телефон нөмірін пайдалануға болады.
- Бірдей телефон нөмірі бар аккаунттар тым көп: "Бұл телефон нөмірі арқылы аккаунттардың ең көп саны жасалды" деген қате туралы хабарды алсаңыз, басқа нөмірді пайдалануыңыз керек. Теріс пайдаланудың алдын алу үшін телефон нөмірін жылына 2 аккаунтпен ғана байланыстыруға болады.
- Мәтіндік хабарды жеткізу кідіруі мүмкін: халық тығыз орналасқан аймақтарда немесе операторыңыздың инфрақұрылымына дұрыс қолдау көрсетілмеген жағдайда кідіріс болуы мүмкін. Бірнеше минуттан астам уақыт мәтіндік хабар келмей жатса, дауыстық қоңырау опциясын қолданып көріңіз.