Авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрауларға қатысты толық ақпарат

Авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрау (бейнені жою туралы сұрау деп те аталады) – авторлық құқықтың бұзылуына байланысты YouTube-тен контентті жою туралы заңды сұрау.

Авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрау Content ID мәлімдемесінен өзгеше екенін есте сақтаңыз.

Процесс қалай жүреді?

Авторлық құқық иесі өзінің авторлық құқығы қорғалған контентінің YouTube-те рұқсатсыз жарияланғанын анықтаса, авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрау жібере алады.

Жою туралы сұрау жіберілгеннен кейінгі процесс

Жою туралы сұрау жіберілгеннен кейін, YouTube оны тексеріп, қолданыстағы авторлық құқыққа қатысты заң талап ететін ақпарат бар екеніне және ешқандай теріс пайдалану белгілерінің жоқтығына көз жеткізеді. Жою туралы сұрау тексеруден өтсе, YouTube қолданыстағы авторлық құқық заңына сәйкес құқық бұзған контентті жояды.

Егер жою туралы сұрауда қажетті ақпарат болмаса немесе қосымша мәліметтер қажет болса, YouTube қосымша ақпарат алу үшін мәлімдеушіге (жою туралы сұрауды жіберген адамға) хабарласады. Мәлімдеушіден келесі нәрселер сұралуы мүмкін:

  • авторлық құқықпен қорғалған жұмыстың нақтырақ атауын беру;
  • авторлық құқық иесінің атынан әрекет етуге рұқсаты барының (қолданылса) дәлелдемесін жіберу;
  • әділ пайдалану немесе адал пайдалану сияқты авторлық құқықтың ерекше жағдайлары қарастырылғанын растау.

Қажетті ақпаратты алғанша, контент YouTube-тен жойылмауы мүмкін.

Контент жойылғаннан кейінгі процесс

Жою туралы сұрау өңделген жағдайда, контент YouTube-тен жойылады және жүктеп салушының арнасына авторлық құқықтың бұзылғаны туралы ескерту беріледі. Жүктеп салушы 3 жолмен авторлық құқықтың бұзылғаны туралы ескертуді жаба алады.

Сұрақ-жауап

YouTube авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрауларды қалай тексереді?

Авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұраулар автоматты жүйелер мен тексерушілер көмегімен тексеріледі.

Автоматтандырылған жүйелеріміз авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрауларды өңдеу үшін машиналық оқыту әдісін пайдаланады. Жүйелер тексерушілер қабылдаған алдыңғы шешімдердің деректері бойынша үздіксіз оқытылады және сұрауда заңды түрде талап етілетін элементтердің барына және теріс пайдалану белгілерінің жоқтығына сенімділік жоғары болған кезде ғана, жою туралы сұрауларды өңдейді. Сұрауларды теріс мақсатта пайдалану – авторлық құқық иелігі туралы жалған мәлімдеме жасау арқылы YouTube-тен біреудің контентін қасақана және теріс пиғылмен жоюға әрекеттену.

Автоматтандырылған жүйелеріміз жою туралы сұраудың жарамды (заң бойынша талап етілетін барлық элементке ие және теріс пайдалану әрекеті емес) екеніне сенімді болмаса, сұрауды арнайы дайындықтан өткен тексеруші мамандар тексереді. Сұрауды растау үшін оларға қосымша ақпарат қажет болса, тексеруші мәлімдеушіге электрондық хат жіберіп, қосымша ақпарат сұрайды. Мәлімдеушіден келесі нәрселер сұралуы мүмкін:

  • авторлық құқықпен қорғалған жұмыстың нақтырақ атауын беру;
  • авторлық құқық иесінің атынан әрекет етуге рұқсаты барының дәлелдемесін жіберу;
  • әділ пайдалану немесе адал пайдалану сияқты авторлық құқықтың ерекше жағдайлары қарастырылғанын растау.

Егер мәлімдеуші электрондық хатқа жауап бермесе немесе қажетті ақпаратты бермесе, қарастырылып жатқан контент YouTube-тен жойылмайды.

Неліктен контентті автоматтандырылған жүйелер тексереді?

Автоматтандырылған жүйелер жоғары дәлдік деңгейін сақтай отырып, біз алатын жою туралы сұраулардың жоғары көлеміне жылдамырақ және тиімдірек жауап беру үшін пайдаланылады.

Мысалы, 2022 жылы YouTube 16 миллионнан астам бейнеге авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрау алды. Мұндай жоғары көлемге қарамастан, жарамды болуы ықтимал жою туралы сұрауды өңдеу үшін автоматтандырылған жүйелерді пайдалану дәлдікті жоғалтпай жылдамырақ жауап беруге мүмкіндік береді. Шындығында, тексеруші мамандардың өңдеуі нәтижесінде жойылған бейнелерге қарағанда, автоматтандырылған жүйелер өңдеуінің нәтижесінде жойылған бейнелерге аппеляция сиректеу жіберіледі.

YouTube жүйелерінің контентті қалай тексеретіні туралы толық ақпарат алыңыз.  

Авторлық құқықты бұзған бейне контентті жою туралы сұрауды қалай жіберемін?
Авторлық құқықты бұзған бейне контентті жою туралы сұрау жіберу үшін мына қадамдарды орындаңыз.
Авторлық құқықты бұзған бейне емес контентті жою туралы сұрауды қалай жіберемін?
Арна белгішесінің суреті сияқты бейне емес контентті жою туралы сұрау жіберу үшін мына қадамдарды орындаңыз. Веб-үлгіміз бейне емес контентті жою туралы сұрауларды өңдей алмайды. 
Арнаны немесе ойнату тізімін толықтай жоюды сұрай аламын ба?
Жоқ. Ықтимал авторлық құқықты бұзатын бейненің URL мекенжайын жіберуіңіз қажет. 

Бейненің URL мекенжайын алу жолы:

  1. Қарастырылып отырған бейнені YouTube-тен тауып алыңыз.
  2. Жоғарыдағы мекенжай жолағында бейненің URL мекенжайы (мысалы, www.youtube.com/watch?v=xxxxxxxxxxx) болады.

Авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрау жіберу үшін мына қадамдарды орындаңыз. 

Неліктен авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы жаңа сұрау жіберген сайын барлық ақпаратымды беруім керек?

Қолданыстағы авторлық құқық заңына сәйкес біз авторлық құқықтың бұзылуы туралы әрбір мәлімдеме үшін авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрау жіберуді талап етеміз.

Тағы бір жою туралы сұрауды жіберудің ең оңай жолы – YouTube жүйесіне кіріп, веб-үлгіні толтыру.

Авторлық құқық мәселелерін жиі қарастыратын авторлық құқық иелеріне қосымша авторлық құқықты басқару құралдарын ұсынамыз.
Мен YouTube-ке авторлық құқығымды бұзған бейне туралы хабарладым және ол жойылды. Неліктен оны платформада қалпына келтіруге болатыны туралы электрондық хат алдым?
Жою туралы сұрауыңызға жауап ретінде жүктеп салушыдан қарсы хабарландыру алған болуымыз мүмкін. Құқық бұзу ықтималдығы бар әрекетті тоқтату үшін авторға қарсы сот ісін қозғағаныңызды дәлелдемесеңіз, бейне қалпына келтіріледі. Егер сізден 10 күн ішінде мұндай хабарландыру алмасақ, контентті YouTube-те қалпына келтіруіміз мүмкін. Қарсы хабарландыруға жауап беру туралы толық ақпарат алыңыз.
Құпия сөздерді немесе авторлық құқығы қорғалған туындыларымды рұқсатсыз пайдалануға мүмкіндік беретін кілт генераторларын беретін бейнелер туралы қалай хабарлауға болады?
Бейнеде құпия сөздер, кілт генераторлары немесе бұзып кіру арқылы бағдарламалық құралға қойылған шектеулерді айналып өту жолдары түсіндірілсе, бұл туралы бізге хабарлау үшін Басқа құқықтық мәселелер үлгісін толтырыңыз.
Бейнемнің көшірмесін басқа платформадан қалай жоюға болады?

YouTube бейнеңіздің рұқсатыңызсыз басқа платформада пайдаланылғанын анықтасаңыз, бейнені жоюды сұрау үшін сол платформаның тиісті процестерін орындауыңыз керек. YouTube сіздің атыңыздан жою туралы сұрау жібере алмайды.

Авторларға бейнелерді жүктеп салуға рұқсат беретін көптеген сайт Digital Millennium Copyright Act (DMCA) Safe Harbor бағдарламасына сүйенеді. Авторлық құқық иесінен авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы толық және жарамды сұрау алған жағдайда, олар контентті жоюы тиіс. Кейбір ерекше жағдайлар бар, бірақ жұмысыңыздың көшірмесі әділ пайдалану немесе адал пайдалану сияқты авторлық құқықтың ерекше жағдайына сәйкес келмейтініне сенімді болсаңыз, оны жоюды сұрай аласыз.

Авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрауға не қосу керектігін білу үшін DMCA-дің жою туралы сұрау талаптарын қарап шығыңыз.

Сайттардың көпшілігі нақты бір бейненің URL мекенжайын беруді сұрайды. URL мекенжайын таппасаңыз, оны алу үшін бейне үстінен тінтуірдің оң жақ түймесін немесе бейненің уақыт белгісінің үстінен басып көріңіз.

DMCA-ге сүйенетін сайттарда АҚШ Авторлық құқық кеңсесінде және олардың веб-сайтында тізімделген тиісті DMCA агентінің байланыс ақпараты болуы керек. Осындай сайттардың бірінен бейнеңіздің рұқсатсыз пайдаланылғанын анықтасаңыз, авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрауыңызды төмендегі сәйкес электрондық пошта мекенжайына жіберуіңізге болады. Егер сіз іздеген сайт төмендегі тізімде болмаса, АҚШ Авторлық құқық кеңсесінің DMCA агентінің дерекқорын тексеріңіз.

Dailymotion: notifications@dailymotion.com

Instagram: ip@instagram.com

Facebook: ip@fb.com

TikTok: copyright@tiktok.com

Twitter: copyright@twitter.com

Vimeo: dmca@vimeo.com 

 

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
15636036676086149984
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false