Creator Music-ті пайдалану туралы мәліметтермен танысу

Creator Music әзірге YouTube Partner Program (YPP) бағдарламасына қатысатын АҚШ-тағы авторларға қолжетімді. Жуырда АҚШ-тан тыс орналасқан YPP авторларына да ұсынылады.
Ескертпе: осы мақалада сипатталған функцияларды браузер арқылы пайдалануға болады.

Creator Music-те тректі пайдалануға қатысты мынадай опциялар болуы мүмкін:

  • Лицензия алу: алдын ала ақы төлеп (кей тректерге төлемей), музыканы монетизацияланатын бейнеде пайдалану. Мұндайда монетизацияланатын бейнелерге музыкасыз қолданылатын табыс үлесін аласыз.

  • Табысты бөлісу: алдын ала еш ақы төлемей, бейнеден түскен табысты тректің меншік құқығы иелерімен бөлісесіз.

Пайдалану туралы мәліметтерде әнді қалай пайдалануға болатыны анықталады, ол әр тректе әртүрлі болады. Тректің меншік құқығы иелері оған қатысты пайдалану мәліметтерін анықтайды және оларды өз қалауы бойынша өзгерте алады.

Есіңізде болсын:
 

Лицензияларды пайдалану туралы мәліметтер

Лицензия пайдаланушыға меншік құқығы басқаларға тиесілі контентті пайдалануға заңды түрде рұқсат береді. Трек лицензиясын алмас бұрын, оны пайдалану туралы мәліметтермен танысып алу маңызды. Осылайша лицензиясын алып жатқан тректі қалай пайдалануға болатынын білесіз.

Баға

Creator Music авторларға музыка лицензиясын оның меншік құқығына иелік ететін серіктестерден, мысалы, музыкалық лейблдер мен жариялаушылардан тікелей алуға мүмкіндік береді. Меншік құқығының иесі ретінде музыкалық серіктестер пайдалану туралы мәліметтерді, соның ішінде Creator Music арқылы лицензия берілетін тректердің бағаларын анықтайды.

Кейбір лицензиялардың бағасы барлық автор үшін бірдей болса, басқалары арнаның көлеміне қарай әртүрлі болуы мүмкін. YouTube аудиожинағының лицензиялары, Creative Commons лицензиялары сияқты кейбір лицензиялар үшін меншік құқығының иелері ақы алмайды.

Трек меншік құқығының иелері өз қалауы бойынша лицензияның бағаларын өзгертуге құқылы. Лицензия бағасы өзгерсе, оның бұрын сатып алынғандар мен бұрынғы лицензияларға еш әсері болмайды.

Лицензия сатып алғыңыз келмесе және бейнеңіз табысты бөлісе отырып пайдалану талаптарына сай келсе, табысты бөлісу опциясын таңдай алатыныңыз есіңізде болсын.

Ән ұзақтығы

Ән ұзақтығы дегеніміз – меншік құқығы иелері бейнеде пайдалануға рұқсат берген трек көлемі.

Лицензиямен пайдалануға болатын тректің лицензиясын алатын болсаңыз, тректің кез келген көлемін ұзақтығы шектелмеген бейнеде пайдалана аласыз.

Лицензиямен пайдалануға болатын тректің лицензиясын сатып алғыңыз келмесе, 3 минуттан асатын бейнеде тректің 30 секундтан аспайтын үзіндісін пайдаланып, табысты бөлісе аласыз. Табысты бөлісе отырып пайдалану шарттары туралы толық ақпарат алыңыз.

Қолдау көрсетілетін аймақтар
Қолдау көрсетілетін аймақтар дегеніміз – тректі пайдалануға оның меншік құқығы иелері рұқсат беріп, лицензияда қамтылған елдер/аймақтар.
Creator Music-тегі кейбір тректер белгілі елдерде/аймақтарда ғана қолжетімді болуы мүмкін. Олай болса, тректі пайдалану туралы мәліметтердегі Қолдау көрсетілетін аймақтар жанында Шектеулі деген белгіні көресіз.
Есіңізде болсын, егер Қолдау көрсетілетін аймақтар тізімінде Барлығы мәні көрсетілсе, бірақ тректі табысты бөлісе отырып пайдалану шарттары аясында (лицензия сатып алмай) пайдалануға бел бусаңыз, тректі тек табысты бөлісу функциясы қолжетімді елдерде/аймақтарда ғана пайдалану мүмкін болады. Бейнеңізден түскен табысты қай аймақтарда бөлісіп жатқанын көру үшін бейненің табысты бөлісу күйін қараңыз.
Жарамдылық мерзімі

Лицензия сатып алғанда, лицензияның жарамдылық мерзімі оның қанша уақыт белсенді болып қалатынын көрсетеді. Creator Music дүкеніндегі әрбір трекке меншік құқығының иелері шарттарды әртүрлі етіп белгілейді, сондықтан лицензияның жарамдылық мерзімі әр тректе әртүрлі болуы мүмкін.

Лицензияның жарамдылық мерзімі оны Creator Music маркетплейсінен сатып алған кезден басталады. Жарамдылық мерзімі аяқталған соң, сол трек қосылған бейнеде төмендегі өзгерістер орын алуы мүмкін:

  • монетизация шарттары жаңартылады;
  • бейненің көрсетілуі өзгереді;
  • жаңа авторлық құқық мәлімделеді.

Бейнеден түсетін табыс тоқтамауы үшін, сатып алған трек лицензиясының мерзімін созуға болады.

Бейне монетизациясы
Трек лицензиясын Creator Music арқылы алып, оны бейнеге қосқанда, бейнеңіздегі үшінші тарап контентінің лицензиясы аяқталмайынша (немесе лицензияланбайтын үшінші тарап контентін бейнеңізде пайдалануға қажетті құқықтардың бәрі болса), бейне монетизациялана береді.
Лицензиямен пайдалануға болатын тректер қосылған бейнелер Shorts немесе тікелей транляциялардан емес, YouTube көру бетінен табыс табатыны есіңізде болсын.
Егер тректі табысты бөлісе отырып пайдалану шарттары аясында (лицензия сатып алмай) пайдалануға бел бусаңыз, монетизацияны тректің меншік құқығы иелерімен бөлісу және оны пайдалану тек табысты бөлісу функциясы қолжетімді елдерде/аймақтарда іске асырылуы мүмкін. Бейнеңізден түскен табысты қай аймақтарда бөлісіп жатқанын көру үшін бейненің табысты бөлісу күйін қарай аласыз.
Контент түрі
Creator Music арқылы лицензиялауға немесе табысын бөлісуге болатын тректерді Shorts немесе тікелей трансляцияларда емес, тек ұзақ форматты бейнелерде пайдалануға болады. Shorts-та табысты бөлісу туралы ақпарат алу үшін Shorts арқылы жарнамадан табыс табу бөліміне өтіңіз.
Лицензияны пайдалану туралы басқа мәліметтер
  • Тек YouTube аудиожинағының лицензияларын YouTube-ке жүктеп салынатын бірнеше бейнеде пайдалануға болады. Creator Music-тегі басқа барлық ақылы лицензияны YouTube-ке жүктеп салынатын бір бейнеде бір-ақ рет пайдалануға болады. 
  • Creator Music лицензияларын басқа платформаларға немесе басқа YouTube арналарына тасымалдауға болмайды. Creator Music лицензиялары жарияланып қойған бейнелерде пайдаланылмаған болса, оларды YouTube арнасындағы басқа бейнелерге тасымалдауға болады.
  • Оған қоса, лицензиясы бар музыканы бейнеде пайдалануға қатысты басқа да шектеулер бар. Қосымша ақпарат алу үшін Creator Music рұқсаттары мен шектеулері бөлімін қараңыз.

Табысты бөлісе отырып пайдалану туралы мәліметтер

Егер бейнеңізде табысты бөлісуге жарамды тректі пайдалансаңыз, ол бейнеден түскен табысты тректің меншік құқығы иелерімен бөлісе аласыз. Табысты бөлісуді бастамас бұрын, тректі пайдалану туралы мәліметтермен танысып алу маңызды. Осылайша тректі пайдалануға қатысты рұқсаттарыңызды түсінесіз.

Табысты бөлісе отырып пайдалану талаптары

Бейнелерде Creator Music-тегі табыс бөлісуге арналған тректер пайдаланылса, олар сол табыс бөлісуге қойылатын пайдалану талаптарына сай болуы керек:

  • Трек пен бейне ұзақтығы: бейненің тиісті ұзындығына шаққанда қолданылған трек көлемі тиісті шектен аспау керек:
    • Егер трек лицензия қажет етсе, бірақ лицензия сатып алғыңыз келмесе, 3 минуттан асатын бейнеде тректің 30 секундтан аспайтын үзіндісін пайдаланып, табысты бөлісуіңізге болады.
    • Егер трек лицензия қажет етпесе, бірақ табысты бөлісуге жарамды болса, ұзақтығы кез келген бейнеде тректің кез келген көлемін пайдаланып, табысты бөлісе аласыз.
  • Монетизацияға қатысы мәселе жоқ: бейнеде монетизация мәселесі болмайды, мысалы:
  • Тікелей трансляция немесе Shorts жоқ: бейне тікелей трансляцияланбайды немесе Shorts болмайды. Shorts табысын бөлісу туралы ақпарат алыңыз.
Пайдалану талаптары сақталмаса, бейнеңізге қатысты Content ID шағымы немесе авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрау түсіп, монетизацияны өшіруі немесе бейнені блоктауы мүмкін.

Авторлық құқық иесінің қалауына қарай пайдалану талаптары өзгеруі мүмкін екенін естен шығармаңыз. Мысалы, сіз табыс бөлісуге арналған трегі бар бейнені жүктеп салған соң, авторлық құқық иесі тректің монетизациясын өшірсе, бейнеңіздің монетизациясы да өшіріледі. Пайдалану шарттарына енгізілген өзгерістер аймақтардың кейбірінде не барлығында қолданылуы мүмкін. 

Ән ұзақтығы

Ән ұзақтығы дегеніміз – меншік құқығы иелері бейнеде пайдалануға рұқсат берген трек көлемі.

Табысы бөлісілетін тректердің кез келген көлемін ұзақтығы шектелмеген бейнеде пайдалана аласыз.

Лицензиямен пайдалануға болатын тректің лицензиясын сатып алғыңыз келмесе, 3 минуттан асатын бейнеде тректің 30 секундтан аспайтын үзіндісін пайдаланып, табысты бөлісе аласыз. Табысты бөлісу туралы толық ақпарат алыңыз.

Қолдау көрсетілетін аймақтар
Қолдау көрсетілетін аймақтар дегеніміз – тректі пайдаланып, табыс табуға болатын елдер/аймақтар. Тректің меншік құқығы иелері оған иелік ететін және табысты бөлісу функциясын қосқан елдерде/аймақтарда оны пайдаланып табыс табуға болады.
Creator Music-тегі кейбір тректер белгілі елдерде/аймақтарда ғана қолжетімді болуы мүмкін. Олай болса, тректі пайдалану туралы мәліметтердегі Қолдау көрсетілетін аймақтар жанында Шектеулі деген белгіні көресіз.
Бейнеңізден түскен табысты қай аймақтарда бөлісіп жатқанын көру үшін бейненің табысты бөлісу күйін қараңыз.
Бейне монетизациясы

Creator Music-те ұзақ форматты бейнеде табысты бөлісуге жарамды тректер пайдаланылса, төменде көрсетілген мысалдардағы сияқты, стандартты 55% табыс үлесі музыка құқықтарының ақысын төлеуге реттеп жұмсалады. Ол мыналарға байланысты:

  • пайдаланылған тректер саны: автор бейнеде пайдаланған табысты бөлісуге жарамды тректердің жалпы саны (төмендегі мысалдарды қараңыз);
  • қосымша музыка құқықтарына төленетін шығындар: қосымша музыка құқықтарының (мысалы, өнер көрсету құқықтарының) ақысын өтеу үшін шегерілетін сома. Бұл шегерілетін сома ең көбі 5% болады және Creator Music-тегі табысты бөлісуге жарамды тректердің қосымша музыка құқықтарының ақысын өтеуге жұмсалады.
Табыс үлесін есептеу мысалдары

Мысал: табыс бөлісуге арналған 1 тректі пайдалану

Мысал. Автор ұзақ форматты бейнеде табыс бөлісуге арналған 1 трек пайдаланып, стандартты 55% табыс үлесінің жартысын (27,5%) табады. Мысалы, қосымша музыка құқықтарының ақысын өтеу үшін шегерілетін шама 2,5% делік.

Бұл бейнеден автор жалпы табыстың 25%-ын (27,5% – 2,5%) иемденеді.

 
Мысал: табыс бөлісуге арналған 1 тректі пайдалану
Мысалдағы табыс үлесі: 55% ÷ 2 27,5%
Мысалдағы қосымша музыка құқықтарының шығындары - 2,5%
Мысал жалпы табыс 25%

Мысал: табыс бөлісуге арналған 2 трек және 1 лицензиясы бар трек пайдалану

Мысал. Автор өзінің ұзақ форматты бейнесінде табыс бөлісуге арналған 2 трек және лицензиясы бар 1 трек пайдаланып, стандартты 55% табыс үлесінің 1/3-ін (18,33%) иемденеді. Мысалы, қосымша музыка құқықтарының ақысын өтеу үшін шегерілетін сома 2% делік.

Бұл бейнеден автор жалпы табыстың 16,33%-ын (18,33% – 2%) иемденеді.

 
Мысал: табыс бөлісуге арналған 2 трек және 1 лицензиясы бар трек пайдалану
Мысалдағы табыс үлесі: 55% ÷ 3 18,33%
Мысалдағы қосымша музыка құқықтарының шығындары - 2,5%
Мысалдағы жалпы табыс 15,83%
Контент түрі
Creator Music арқылы лицензиялауға немесе табысын бөлісуге болатын тректерді Shorts немесе тікелей трансляцияларда емес, тек ұзақ форматты бейнелерде пайдалануға болады. Shorts-та табысты бөлісу туралы ақпарат алу үшін Shorts арқылы жарнамадан табыс табу бөліміне өтіңіз.

 

Қосымша ақпарат

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
3644965809497067129
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false