YouTube-тегі қауіпсіздік шаралары

Staying Safe on YouTube: Policies and Tools for Creators

 

YouTube — адамдар оқиғаларын бөлісетін, ойларын білдіретін және басқа адамдармен әрекеттесетін жер. Авторлар мен көрермендердің осы әрекеттерді қауіпсіз түрде орындағанын қалаймыз. YouTube авторлары мен көрермендерінің көпшілігі контентті бөлісуді, үйренуді және байланысуды қалайды, дегенмен ара-тұра қорлау, тіпті харассмент жағдайлары да болып жататынын білеміз. Төменде YouTube-тегі сізді қорғайтын саясаттар мен құралдар туралы толық ақпарат алыңыз. 

Авторлар мен пайдаланушылар да YouTube-тің қауіпсіз әрі ақаусыз платформа болуына жауапты. Авторлар мен пайдаланушылардың осы талаптарды орындамағаны үшін қандай жауапкершілікке тартылатыны туралы мына жерден біліп алыңыз. 

Өшпенділік пен харассментке қатысты саясаттар 

YouTube-тің өшпенділік пен харассменттен қорғануға қатысты арнайы саясаттары бар.

  • Ғадауат сөздер: бұл саясат нақты топтар мен сол топтардың мүшелерін қорғайды. Жас, жыныс, нәсіл, каста, дін, жыныстық бағдар немесе ардагер мәртебесі сияқты қорғалған сипаттарға негізделген топтарға қарсы өшпенділік не зорлық-зомбылық тудыратын контентті ғадауат сөздер деп есептейміз. Ғадауат сөздер туралы саясатымыз туралы толық ақпарат алыңыз.
  • Харассмент: бұл саясат нақты жеке тұлғаларды қорғайды. Туа біткен ерекшеліктеріне, соның ішінде қорғалған топ мәртебесіне немесе сыртқы келбетіне негізделе отырып, жеке тұлғаға ұзақ уақыт бойы теріс ниетпен тіл тигізетін контентті харассмент деп есептейміз. Бұл қорқыту, қорлау, доксинг немесе ережеге қайшы жанкүйерлікке үгіттеу сияқты зиянды әрекеттерді де қамтиды. Харассментке қатысты саясатымыз туралы толық ақпарат алыңыз.

YouTube саясаттары туралы толық ақпарат алу үшін Қауымдастық қағидаларының толық тізімін қарап шығыңыз.

Өзіңізді қорғауға көмектесетін құралдар 

Біз YouTube-тегі авторлардың, орындаушылардың және пайдаланушылардың қауіпсіздігіне мұқият қараймыз. Сол себепті YouTube-ті пайдалану кезінде өзіңізді қауіпсіз сезіну үшін төмендегі тізімнен түрлі құралдарды пайдалануға шақырамыз.

Орынсыз немесе ереже бұзатын контент не пайдаланушылар туралы шағымдану

Орынсыз немесе ережеге қайшы пікірлерді, контентті немесе пайдаланушыларды блоктау

Аккаунтыңыздың қауіпсіздігін сақтау

Ескертпе: аккаунтыңызға хакерлік әрекет жасалды, зиянкестік жасалды немесе ол бұзылды деген күдігіңіз болса, YouTube аккаунтын қорғау үшін мына қадамдарды орындаңыз.

Интернеттегі қауіпсіздік (тек АҚШ) бойынша сенімді серіктестердің ресурстары 

YouTube-те өзіңізді қауіпсіз сезінуге көмектесетін қосымша кеңестер мен бейнелерді көру үшін Авторларға арналған қауіпсіздік орталығына өтіңіз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
11380813248982993596
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false