Көрермен назарының сақталуына ықпал еткен негізгі сәттерді өлшеу

Көрермен назарының сақталуына ықпал еткен негізгі сәттер туралы есепте бейнеңіздің түрлі сәттерін көрермендер қандай зейінмен көргені беріледі. Бұл есепте бейнедегі ұтымды бөліктер мен дамытуға болатын аспектілер туралы статистикалық мәлімет беріледі. Көрермен назарының сақталуына ықпал ететін деректерді өңдеуге әдетте 1–2 күн кетеді.

Ескертпе: көрермен назарының сақталуы туралы есеп YouTube Analytics бейне деңгейінде ғана қолжетімді.

Көрермен назарының сақталуына ықпал еткен негізгі сәттерді көру

  1. YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Контент опциясын таңдаңыз.
  3. Бейне тақырыбын немесе бейне суретін басыңыз.
  4. Сол жақ мәзірден Analytics опциясын таңдаңыз.
  5. Жалпы ақпарат немесе Қызығу деңгейі қойындысын ашып, көрермен назарының сақталуы туралы есепті табыңыз. Ұзындығы сай келетін басқа барлық YouTube бейнесімен салыстырмалы көрсеткіштерді көру үшін БАСҚАЛАРЫН КӨРУ опциясын таңдай аласыз.

Көрермен назарының сақталуына ықпал еткен негізгі сәттерді түсіну

Көрермен назарының сақталуы туралы есепте ерекше көрсетілетін 4 түрлі сәт бар. Ұзақтығы бірдей соңғы 10 бейнені салыстыру үшін көрермен назарын сақтаудың орташа көрсеткішін пайдалана аласыз.

Кіріспе

Кіріспе бөлімінде аудиторияның неше пайызы бастапқы 30 секундтан кейін бейнені көруді жалғастырғаны айтылады.

Кіріспе пайыздық көрсеткішінің жоғары болуының ықтимал себептері:

  • Контенттің бастапқы 30 секунды көрерменнің бейне суреті мен атауына қарап бейнеден күткеніне сай болды.
  • Контент аудитория қызығушылығын жоғалтпады.

Кіріспе пайыздық көрсеткішін жақсартуға қатысты ұсыныстар:

  • Бейне суреті мен атауын оның контентіне сай келетіндей етіп өзгертіңіз.
  • Бейненің бастапқы 30 секундын өзгертіп, аудиторияңызға қызықты болатын әртүрлі стильдерді байқап көріңіз.

Үздік сәттер

Үздік сәттер дегеніміз – бейне көруді дерлік ешкім тоқтатпаған сәттер.
Үздік сәттер көрсеткішін жақсартуға қатысты ұсыныстар:
  • Егер үздік сәттер бейненің аяқ жағына таман орналасқан болса, қызықты бөлікті бейненің бас жағына қойып көріңіз. Әдетте бейне аяқталуға жақындаған сайын, көрермен саны азаяды.
  • Үздік сәттердегі контентті кеңейте отырып, жаңа контент жасап көріңіз.

Шарықтау шектері

Шарықтау шегі дегеніміз – пайдаланушылар қайталап көрген немесе басқалармен бөліскен бейне бөлігі.
Шарықтау шегі мынадай себептен болуы мүмкін:
  • Аудиторияңыз осы сегментті басқаларына қарағанда көбірек көрген.
  • Контентіңіз түсініксіз болғандықтан, аудитория бір сегментті қайталап көрген.

Назардың арту себептерін жақсырақ түсіну үшін шарықтау шектерін қарап шығуға болады.

Құлдырау нүктелері

Құлдырау нүктелері дегеніміз – пайдаланушылар өткізіп жіберген не бейнені көруді толықтай тоқтатқан сәттер.
Құлдырау нүктелеріндегі сегментті аудиторияңыз басқаларымен салыстырғанда азырақ көрген. Құлдырау нүктелерін қарап шығып, аудиторияңыз неліктен бір сегментке келгенде бейнеге қызығушылығын жоғалтқанын түсініп көріңіз.

Ескертпе: бейнеңізде бұл сәттердің бәрі бола бермеуі мүмкін. Олар бейнеде болса ғана, ерекшеленіп көрсетіледі. Сондай-ақ бейне ұзақтығы кемінде 60 секунд болып, кемінде 100 рет көрілуі керек.

Көрермен назарының сақталуын көрсететін график бейненің қай бөлігі көрермендер үшін қызықты/қызықсыз екенін көрсетеді.

Диаграммадағы сызық бірқалыпты болса, көрермендер бейненің сол бөлігін басынан аяғына дейін көреді деген сөз.
Сызық төмен қарай бағытталса, демек көрермендердің қызығушылығы уақыт өтісімен төмендейді. YouTube бейнелеріндегі көрсеткіштер әдетте ойнату барысында төмен қарай жылжиды.
Шарықтау шектері бейненің белгілі бөліктерін көбірек көрермен көргенде, қайта көргенде не бөліскенде пайда болады.
Құлдырау нүктелері көрермендердің бейненің қай бөліктерін өткізіп жіберетінін не бейне көруді толық тоқтататынын көрсетеді.

Көрермен назарының сақталуы деректерін сегмент түрлері бойынша көру

Ескертпе: белгілі бір деректерге қол жеткізу үшін озық режимді қосуыңыз қажет болуы мүмкін. Озық функциялар құлпын ашу жолы туралы ақпарат алыңыз.

Көрермен назарының сақталуын сегменттер бойынша көрсету есебі арқылы аудиторияның әртүрлі бөліктері бейнелеріңізге қатысты қаншалықты белсенділік танытатынын көруге болады. Жаңа көрермендер мен қайтып келген көрермендерді, жазылушылар мен жазылмағандарды салыстыруға болады. Ал жарнама көрсетсеңіз, көрермендерді органикалық және ақылы трафик бойынша бөлуге болады. Сондай-ақ өткізіп жіберілетін бейнежарнамалар мен көрнекі жарнамалардан келген трафикті де көруге болады.

Органикалық трафик және ақылы трафик

Органикалық трафик

Бұл – пайдаланушылардың бейнені өз ынтасымен көру саны. Мысалы, көрермен бір бейнені іздеп, ұсынылған бейнені басып немесе арнаны шолып отырып тамашалаған бейнелер органикалық трафикке жатады.

Ақылы трафик

Бұл – пайдаланушылардың бейнені ақылы плейсмент арқылы көру саны.

  • Өткізіп жіберілетін бейнежарнама: бейне басталмас бұрын автоматты түрде ойнатылып, бес секундтан кейін көрермендер өткізіп жібере алатын жарнамаларды көру саны.
  • Көрнекі жарнамалар: пайдаланушының көрнекі жарнаманы басуы нәтижесіндегі көру саны, соның ішінде іздеу нәтижелеріндегі немесе басқа бейнелерді көру бетіндегі жарнамалар.

Google Ads ұсынатын бейнежарнама форматтары туралы толық ақпарат алыңыз.

Жаңа көрермендер және қайтып келген көрермендер

Жаңа көрермендер

Жаңа көрермендер – сіздің арнаңыздағы контентті белгілі бір уақыт аралығында бірінші рет көрген көрермендер.

Қайтып келген көрермендер

Қайтып келген көрермендер – арнаңызды бұрын көріп, тағы көруге оралған көрермендер.

Қайтып келген және жаңа көрермендер туралы толық ақпарат алыңыз.

Жазылушылар және жазылмағандар 

Жазылушы

Арнаңызға жазылған көрермендер. Жазылушы санын нақты уақытта көруге және арнаңыздың уақыт өте келе дамуын көруге болады.

Жазылмаған

Бейнелеріңізді көретін, бірақ арнаңызға жазылмаған көрермендер.

YouTube Analytics-тің негізгі қағидалары туралы толық ақпарат алыңыз.

Көрермен назарының сақталуына қатысты әрекеттер туралы мәліметтерді көру

"Көрермен назарының сақталуы" бөліміндегі әрекеттер туралы толық есепте бейнеңіздің түрлі сегменттері бойынша абсолюттік көру саны қамтылады. Осы есепті пайдаланып, қанша көрермен бейнеңізді әртүрлі сәттен бастап көре бастағаны және қашан көруді тоқтатқаны туралы ақпарат аласыз.

Контентті жақсартып, көрермен қызығушылығын сақтау үшін көрермендердің бейнеңізді қай кезден бастап көре бастағаны және қай сәтте көруді тоқтатқаны туралы деректерді пайдаланыңыз.

Ескертпе: бейне сегментін абсолюттік көру саны кейде бейнеңізді жалпы көру санынан көбірек болуы мүмкін. Себебі бір көрермен бір көру әрекеті барысында контентіңіздің белгілі бөліктерін қайта-қайта тамашалауы мүмкін.

Білуге тұрарлық көрсеткіштер

Орташа көру ұзақтығы Таңдалған күндер аралығында бейнені әр көру кезінде қаралған орташа минут саны.
Көру уақыты (сағат) Көрермендердің бейнеңізді көрген уақыты.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
832303008859462108
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false