Монетизация жүйелерінің немесе "жарнамалар алгоритмінің" түсіндірмесі

YouTube — бүкіл әлемдегі адамдар өз хикаяларын бөлісетін жер. YouTube желісіне минут сайын кемінде 400 сағат бейне жүктеп салынады, күн сайын адамдар жүздеген миллион сағат бейне көреді және ай сайын YouTube желісіне миллиардтаған пайдаланушы кіреді.
Қауымдастығымыз авторлар, көрермендер мен жарнама берушілерге қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін, біз YouTube желісіндегі контенттің барлығын сүзгіден өткізуге көмектесетін автоматты жүйелер жасадық. Бұл жүйелер кейде “жарнамалар алгоритмі” немесе “жүйелер” деп аталады.

Жүйелеріміздің монетизациялаушы авторларға ықпалы

Жүйелеріміз контентіңіз бен арналарыңызды әртүрлі жолдармен және әртүрлі кезеңдерде тексереді. Монетизация жүйелеріміз YouTube Partner Program бағдарламасындағы авторлардың контентіне де, арнасына да ықпал етеді.

Контентке тиетін ықпал

Контент үшін жарнамаларды қосқан кезде, жүйелеріміз оны 2 тәсілмен тексереді:

  • Жарнамаға қолайлы контент. Сіз жарнама арқылы табыс табатын кез келген бейне біздің жарнамаға қолайлы контент туралы қағидаларымызға сай болуы керек. Жүйелеріміз бейнеңіздің тақырыбын, суретін, сипаттамасын, тэгтерін және бейненің өзін тексеріп, оның қағидаларымызға сәйкестігін анықтайды. Бұл тексерудің нәтижесін монетизация белгішесі түрінде көруіңіз мүмкін.
  • Көрермендердің қызығу деңгейі. Жүйелеріміз көрермендердің қызығу деңгейін де тексереді. Бұл дегеніміз — біз пікірлер, лайктар және бейне толық көрілгені туралы мәлімет сияқты нәрселерді де қараймыз деген сөз. Сонымен қатар біз аудиторияңыз көретін басқа контент түрлеріне де қараймыз. Содан кейін жүйелеріміз тағы бір монетизация бағалауын жүргізіп, оның қорытындысы бейнеңіздің монетизация күйін өзгертуі мүмкін.

Монетизация белгішесінің күйі және сіз істей алатын әрекеттер туралы толық ақпарат алыңыз.

Арнаға тиетін ықпал

Сонымен қатар жүйелеріміз сіз тұрақты түрде арнаңыз бойынша дұрыс монетизация шешімдерін қабылдайтыныңызды тексереді. Біздің жарнамаға қолайлы контент туралы қағидаларымызға сай келетін бейнелерге ғана жарнамаларды қосуыңыз қажет екенін есте сақтаңыз. Егер қағидаларымызға қайшы келетін бейнелерге жарнамаларды үнемі қоса берсеңіз, жүйелеріміз арнаңызға шағымдануы мүмкін. Қағидалар өрескел бұзылған жағдайларда, біз сіздің табыс табу мүмкіндігіңізді шектеп қоюымыз немесе сізді YouTube Partner Program бағдарламасынан шығарып тастауымыз мүмкін.

Жүйеге қатысты сіз істей алатын әрекеттер

Жүйелеріміз кейде қателесуі мүмкін. Сол себепті сіз әрқашан бейнеңіздің монетизация күйі бойынша тексеру туралы сұрау жібере аласыз. Сіз тексеру сұраған кезде, контентіңізді даярлықтан өткен YouTube саясатына сәйкестікті тексеретін маман қарап, оның қағидаларымызға сәйкестігін тексереді. Егер тексеруші маманымыз автоматты жүйемізбен келіспесе, тексеруші маманның шешімі ақырғы деп қабылданады.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
8923408856387947942
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false