Studio Content Manager-дегі жаңалықтар

Соңғы жаңа нұсқалар

  2024 жылғы мамыр
  • Біз Creator Music қызметінде 20 миллионнан астам жазылушысы бар авторлардың жаңа үздік сегментін ұсындық. Оны YouTube Studio Content Manager лицензиясын жасау және басқару беттерінде көресіз.
2024 ж. қаңтар
  • Актив метадеректері бетінде орындаушыны ISNI идентификаторы бойынша іздеу: Studio Content Manager пайдаланушы интерфейсінің (UI) Актив метадеректері  бетінде орындаушының атын енгізген кезде, ISNI дерекқорынан Халықаралық стандартты ат идентификаторларына (ISNI) сәйкес келетін аттар тізімі шығады. Бұл опцияның міндетті емес екенін ескеріңіз: орындаушы атын теріп, Enter пернесін басқанда, қалқымалы терезе ашыла береді. Онда орындаушы атын оның ISNI идентификаторынсыз сақтауға болады. Толық ақпарат алыңыз.

2023 жыл қазан 

  • YouTube-тегі жарнама форматтарын басқару элементтеріне енгізілген өзгерістер: жүктеп салу кезінде жарнамалар қосылса, енді бейне алдындағы, бейнеден кейінгі, өткізіп жіберілетін/жіберілмейтін жарнамалар ұзақ бейнежарнама алдында не одан кейін шығуы мүмкін. Толық ақпарат алыңыз.
2023 жыл қыркүйек
  • Сілтеме сегменттерді Контент жеткізу үлгісі арқылы шығару: Studio Content Manager Контент жеткізу бағдарламасындағы "Сілтеме - Басқару" CSV үлгісі арқылы сілтеме сегменттерді шығару үшін жаңа функция қосып жатырмыз. Серіктестер енді бұрыннан бар сілтемелердің қолмен реттелетін сілтеме ерекшеліктерін жаппай қоса, ауыстыра немесе жоя алады. Толық ақпарат алыңыз.

2023 жыл тамыз

  • "Меншік құқығы мәлімделген бейнелер" тізімінің бетіндегі "Жаңа жазылушылар саны" сүзгісі: Studio Content Manager меншік құқығы мәлімделген бейнелер тізімінің бетіндегі жаңа сүзгі енді меншік құқығы мәлімделген бейнелерді арналардың жазылушы саны бойынша сүзу мүмкіндігін береді.

    Сүзгі опциялары – жазылушы сандары 1 мыңнан аз, 1 мың мен 100 мың арасында, 100 мың мен 500 мың арасында, 500 мың мен 5 млн арасында, 5 млн-нан көп болатын арналар. Жазылушы саны сүзгісі туралы толық ақпарат алыңыз.
2023 жыл маусым
  • Актив есептеріндегі жаңа "Меншік құқығы" бағаны: Активтер  бетіндегі актив экспорттары енді активке қатысты меншік құқығы туралы ақпаратқа арналған толық мәліметі бар "Меншік құқығы" бағанын қамтиды. Активтерді экспорттау туралы толық ақпарат алыңыз.

2023 жыл сәуір

  • Жаңа сүзгі: біріктірілген актив: біріктірілген немесе біріктірілмеген активтерді көруге мүмкіндік беретін Активтер  бетінде жаңа "Біріктірілген актив" сүзгісі бар. Активтерді табу үшін сүзгілерді пайдалану туралы толық ақпарат алыңыз.
  • Актив есептері енді күн сайын қолжетімді: актив есептерін енді күн сайын жүктеп алуға болады. Актив есептері Есептер бетіндегі Активтер қойындысынан жүктеп алынады. Жүктеп алынатын есептер туралы толық ақпарат алыңыз.

2023 жыл ақпан

  • Актив белгілерін пайдаланудың жаңа жолдары: Studio Content Manager-де актив белгілерін тиімдірек пайдалануға көмектесетін жаңа функциялар қолжетімді. Енді мынадай әрекеттерді орындай аласыз:
    • Ең көбі 15 000 актив белгісіне ие болыңыз (бұрынғы шектеу 5000 болатын).
    • Актив белгілері бетінен активтерді тікелей актив белгісіне қосыңыз. Орындау әдісін қараңыз.
    • Актив белгілері бетінен белгінің жасалу күнін көріңіз.
    • Актив белгілерін жаппай жойыңыз. Орындау әдісін қараңыз.
    • Қолмен шағым түсіру құралында актив жасау кезінде актив белгісін қосыңыз немесе жасаңыз. Орындау әдісін қараңыз.
    • Актив белгілерінің атын өзгертіңіз. Орындау әдісін қараңыз.
    • Меншік құқығы мәлімделген бейне экспорттарындағы актив белгілерін көріңіз.
    • Актив белгісі деректерін .CSV файлы ретінде экспорттаңыз. Орындау әдісін қараңыз.

2023 жыл қаңтар

  • Studio Content Manager бақылау тақтасы картасындағы жаңалықтар: Бақылау тақтасы  бетінде "Studio Content Manager-дегі жаңалықтар" деп аталатын жаңа карта бар. Бұл картада Studio Content Manager-дегі жаңа функциялар мен мүмкіндіктер туралы жылдам жаңартулар көрсетіледі. Жаңартулар қосымша ақпарат алу үшін осы Анықтамалық орталық мақаласына сілтеме жасайды.

Алдыңғы жаңа нұсқалар

2022

Шағымданушылар мен жүктеп салушылар үшін Content ID дауы мен апелляция жіберу процесін аздап жақсартып жатырмыз. Бұл жақсарту амалдары процесс туралы бірнеше жыл бойы естіп жүрген пікірлердің арқасында жасалды. Бұл өзгерістер Studio Content Manager-дегі кейбір жұмыс процестеріне әсер етуі мүмкін. Келесі нәрселер өзгереді:

1. Қатаң жарамдылық талаптары: апелляция процесін бұрыс пайдалануды азайту үшін Content ID жүйесінде пайдаланушылардың апелляция жіберуіне жоғары талаптар қойып отырмыз Енді апелляция жіберу мүмкіндігі озық функцияларымызды пайдалануға рұқсаты бар пайдаланушыларға беріледі. Екі жылдан бері ұсынылып отырған бұл функциялардың пайдаланушылары рұқсат алу үшін жеке куәліктеріндегі ақпаратты беруі немесе арна тарихын қалыптастыруы керек.

Соның нәтижесінде апелляциялар саны азайып, сапасы артатындықтан, біз де Content ID апелляцияларын қарастыру мерзімін 30-дан 7 күнге дейін қысқартамыз. 7 күннен кейін ешқандай әрекет жасалмаса, апелляцияның стандартты жарамдылық мерзімі қолданылады. Егер апелляция 7 күн ішінде қаралмаса, бейнені жою туралы сұрауды кез келген уақытта жібере аласыз. Қарап шығуды керек ететін апелляцияларды Мәселелер бетінен табуға болады және оларды апелляцияның жарамдылық мерзімі бойынша сұрыптауға болады.  

2. Апелляцияға жіберу: озық функцияларды пайдалану рұқсаты бар пайдаланушыларға ұсынылатын тағы бір өзгеріс "Апелляцияға жіберу" болып табылады. Бейнеге қатысты шағымды блоктау шағымдарын даулайтын пайдаланушылар даудың бастапқы қадамын өткізе және апелляцияны дереу жібере алады. Пайда табу және бақылау шағымдары "Апелляцияға жіберу" үшін жарамсыз екенін ескеріңіз, блоктау шағымдары ғана жарамды болады. 

Сондай-ақ aпелляцияларыңыздың нұсқалары (мысалы, шағымды қайтарып алу немесе бейнені жою туралы сұрау) өзгермейтінін есте сақтаңыз. 

Сондай-ақ сіз басқаратын арналар осы өзгерістердің пайдасын көруі керек, себебі оларда енді дауласқысы келетін шағымдарды жабудың жылдамырақ опциялары болады.

Бұл өзгерістер 2022 жылдың 18 шілдесінде күшіне енеді. Өзгерістер осы күннен кейін жіберілген даулар мен апелляцияларға ғана қолданылады. Жұмыс процестерін түзетуге уақыт беру үшін өзгерістер уақыт өте келе біртіндеп күшіне енеді.

 

Пікір

Studio Content Manager функциялары туралы пікір жіберу үшін мына қадамдарды орындаңыз:

  1. Studio Content Manager аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Пікір жіберу  опциясын таңдаңыз.
  3. Пікіріңізді енгізіңіз. Пікіріңіз неғұрлым нақты болса, бізге соғұрлым пайдалы болады.
    • Ескертпе: пікіріңізге құпия ақпарат (қорғалуы керек кез келген дерек) қоспаңыз. Мысалы, құпия сөздерді, несиелік карта нөмірін немесе жеке мәліметтерді қоспаңыз.
  4. Скриншот алу-алмау туралы шешім қабылдаңыз. Экрандағы кез келген ақпаратты ерекшелеп, құпия ақпаратты алып тастай аласыз.
  5. Пікір жазып болған соң, Жіберу түймесін басыңыз.

Есіңізде болсын, біз келіп түскен барлық пікірді оқып, ескереміз, бірақ хаттардың бәріне жауап бере алмаймыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
14245635174635109081
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false