YouTube Kids-те жарнамалау

YouTube Kids қолданбасында сатылатын барлық жарнама төменде берілген қосымша жарнамалау саясаттарына, сонымен қатар YouTube-тің жалпы жарнамалау саясаттарына сай болуы керек. YouTube Kids жарнамалау саясаттары уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Соңғы өзгерістерден хабардар болып отыру үшін саясаттарымызды жиі оқып отырғаныңыз жөн. YouTube Kids-тің барлық ақылы жарнамасы YouTube Kids қолданбасында жарияланбас бұрын, оларды YouTube-тің саяси ұжым алдын ала мақұлдауы қажет. Сондай-ақ жарнама берушілер қолданыстағы заңдар мен ережелерге (оның ішінде тиісті өзін-өзі басқару не салалық қағидаларға) сай болуы керек. Жарнама форматына қойылатын талаптар туралы толық ақпарат төменде берілген.

YouTube Kids-тің ақылы жарнамасы деген не?

Ақысыз пайдалану мүмкіндігін ұсыну үшін YouTube Kids-те жарнамалау шарттары шектеулі жарнама бар. Қолданбада YouTube бейнесін таңдаған кезде, таңдалған бейне алдында жарнама бамперін көруіңіз мүмкін, артынша "Жарнама" дисклеймерімен белгіленген бейнежарнама беріледі. Бұлар —ақылы жарнамалар.

YouTube-ке пайдаланушылар жүктеп салатын бейнелер ақылы жарнамалар емес. Сол себепті олар жарнама деп белгіленбейді және оларға жарнамалау саясаттары қолданылмайды. Оған қолданбадағы жарнамаларды сатып алуы мүмкін компаниялардың немесе олар туралы контент те жатады. Мысалы, пойыз іздесеңіз, ойыншық пойыз шығаратын компания немесе пайдаланушы жүктеп салған пойыз туралы мультфильмдер, шынайы пойызға қатысты әндер мен бейнелер шығуы мүмкін. Олардың ешбірі ақылы жарнама деп есептелмейді, себебі олар YouTube Kids жарнама бағдарламасына тіркелмеген. Сол сияқты шоколад іздеген кезде, (шоколадқа қатысты ақылы жарнамаға тыйым салынса да) пайдаланушы жүктеп салған, шоколад помадкасын жасау туралы бейне көрсетілуі мүмкін. YouTube Kids-дегі бейнелер туралы қосымша ақпарат алыңыз.

Жарнама форматына қойылатын талаптар

  • Форматы: қазір YouTube Kids-те In-Stream бейнежарнамасының форматы ғана қабылданады.
  • Максималды ұзақтығы: өткізіп жіберілмейтін жарнама үшін 15—20 секунд (көрерменнің орналасқан жеріне байланысты) және өткізіп жіберілетін жарнама үшін 60 секунд (ұзақтығы нарыққа байланысты өзгеше болуы мүмкін). Бұған ақылы жарнама алдында ойнатылатын 3 секундтық жарнама бампері кірмейді.
  • Мақсатты URL мекенжайлары: мақсатты URL мекенжайлары мен шығыс сілтемелері (оның ішінде әрекетке шақыратын жарнамалар мен ақпарат карталары) қолданбада өшірулі. YouTube Kids жарнамалары басылмайды.
  • Сайтта жарияланған: барлық ақылы жарнама YouTube-те жариялануы керек. Үшінші тарап сайттарында жарияланған жарнамаларға тыйым салынады.

Жарнама таргетингісі және деректерді жинау

  • YouTube Kids-те қызығушылығы бойынша жарнамалауға тыйым саламыз.
  • Қайта жарнамалау немесе басқа бақылау пиксельдері бар ақылы жарнамаларға тыйым салынады.

Шектелген өнім санаттары

YouTube Kids-те келесі өнімдердің ақылы жарнамасына тыйым салынған.

Жас ерекшелігі бойынша көрсетілетін мультимедиалық контент

13 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін шетін мультимедиаға тыйым салынады. Мысалы, MPAA бойынша "PG" рейтингісінен жоғарырақ фильмдердің жарнамасы және телебағдарламаның ата-аналарға арналған қағидалары бойынша "G" рейтингісінен жоғарырақ телешоулардың жарнамасы.

Сұлулық және фитнес

Адамның сырт келбетін күтуге, фитнеске, жаттығуға, салмақ тастауға, диетаға және тамақтануға қатысты өнімдерге тыйым салынады.

Танысу немесе қарым-қатынас орнату

Танысуға арналған сайттардың, отбасыға кеңес беру және неке қию не ажырасу қызметтерінің ақылы жарнамаларына тыйым салынады.

Тамақ және сусын

Тұтынылатын тамаққа және сусынға қатысты өнімдерге олардың тағамдық құндылығына қарамастан тыйым салынады.

Заңсыз немесе бақыланатын өнімдер

Балаларға жарнамалау үшін бақыланатын немесе заңсыз болып табылатын өнімдерге, оның ішінде Тыйым салынған контентке және Шектелген контентке тыйым салынады. Сонымен қатар бұл санат балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін өнімдерді қамтиды.

Онлайн немесе виртуалдық қауымдастықтар

Мүшелері негізінен интернетте өзара әрекеттесетін виртуалдық қауымдастықтарға қатысты платформалар мен қызметтерге тыйым салынады.

Саяси жарнамалар

Саяси ақылы жарнамалардың барлық түріне, соның ішінде саяси үміткер не оның саяси көзқарасы туралы ақпаратқа, саяси партияларға, қаражат жинау немесе саяси әрекеттер комиттеттеріне не олардың бағдарламаларына тыйым салынады.

Діни жарнамалар

Діни ақылы жарнамалардың барлық түріне тыйым салынады.

Бейне ойындар

Ойынның сала бойынша рейтингісі 12 жастағы не одан кіші жастағы көрермендерге жарамаса, бейне ойын консолінде, компьютерде немесе басқа электрондық құрылғыда (мысалы, ұялы телефонда не планшетте) ойнауға болатын электрондық бейне ойындарға (және оларға қатысты аксессуарларға) тыйым салынады. Мысалы, ESRB E10+, PEGI 7 дейінгі рейтингіге немесе IARC бойынша кез келген жергілікті саланың балама рейтингісіне рұқсат етіледі. Басқатырғыштар, жұмыс парақтары, математикалық есептер, тіл үйрену жаттығулары секілді интерактивті оқу-танымдық контенті бар қолданбаларға не веб-контентке рұқсат етіледі.

Тыйым салынған контентке қатысты қағидалар

Келесі контенттің кез келгенін көрсететін не жарнамалайтын ақылы жарнамаларға тыйым салынады.

Ересектерге арналған және сексуалдық сипаттағы контент

Ересек көрермендерге арналған және 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға жарамайтын сексуалдық сипаттағы және ересектерге арналған контент.

Брендинг

Ақылы жарнамаларды жарнама беруші және/немесе бейнеде сатылатын өнім анық брендтеуі керек. Пайдаланушы ақылы жарнаманы көргенде, оның жалпы YouTube контенті емес, жарнама екенін анық ажырата алуы керек.

Конкурстар

Конкурстар немесе лоторея ойнатылатын промонауқандар (тіпті кіру тегін болса да).

Қауіпті контент

13 жасқа толмаған пайдаланушыларға қауіпті және олардың көруіне болмайтын немесе жалпы ересек адамның қадағалауын талап ететін контент.

Сатып алуға итермелеу

Балаларды өнім не қызмет сатып алуға немесе ата-аналарды не басқаларды тауар сатып алуға итермелейтін промонауқандар не контент.

Жаңылыстыратын және жалған мәлімдемелер
  • Ақылы жарнамалар балаларды жаңылыстырмауы керек, сонымен қатар оның жалған және/немесе негізсіз мәлімдемелері болмауы керек. Барлық мәлімдеме мен растама бейненің өзінде дәлелденуі керек.
  • Ақылы жарнамалар әлеуметтік жағдайыңызды өнім жақсартатынын тұспалдамауы керек.
  • Жұмыс істемейтін немесе қажетті әрекет орындалмайтын функция не әрекетке шақыру ақылы жарнамада болмауы керек.
Зорлық-зомбылық сипатындағы контент

Ересек көрермендерге арналған және 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға жарамайтын зорлық-зомбылық сипатындағы және жан түршігерлік контент.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
6614130938732375684
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false