Жарнамаға қолайлы контент туралы қағидалар

Авторлардың табысын арттыру үшін бейнеңізге дейін немесе одан кейін жарнама форматтарын таңдау мүмкіндіктерін жеңілдеттік. Бейне алдында, одан кейін ойнатылатын, өткізіп жіберілетін және өткізіп жіберілмейтін жарнамалар үшін жеке жарнамаларды таңдау мүмкіндігін алып тастадық. Енді жаңа ұзақ форматтағы бейнелер үшін жарнамаларды қосқанда, қажет болғанда біз көрермендерге бейне алдында, бейнеден кейін ойнатылатын, өткізіп жіберілетін немесе өткізіп жіберілмейтін жарнамаларды көрсетеміз. Осы өзгеріс барлық жарнама форматын стандартты түрде қосудың ұсынылған үздік тәжірибесін жасайды. Бейне ортасында ойналатын жарнама үшін жасаған таңдауыңыз өзгерген жоқ. Сонымен қатар монетизация параметрлерін өзгерткенше, бұрыннан бар ұзақ бейнелерге арналған жарнама таңдауларыңызды сақтай тұрамыз.
YouTube Partner Program бағдарламасына қатыссаңыз, жарнамадан түскен табыстың бір бөлігін ала аласыз. Бұл мақалада арнаңыздағы қандай бейнелердің не Shorts бейнелерінің жарнама берушілер үшін қолайлы екенін түсіндіру көзделген. Авторлар платформаның өзін-өзі сертификаттау сауалнамасын, сондай-ақ жарнама көрсетілетін, көрсетілмейтін, кейбір жарнама түрлері ғана көрсетілетін және монетизацияға жарамайтын контентке қатысты нақты бір ережелерді түсіну үшін осы мақаланы қарай алады. Саясаттар контенттің барлық бөлігіне (бейне, Shorts бейнесі немесе тікелей трансляция, бейне суреті, атауы, сипаттамасы және тэгтер) қолданылады. Жарнамаға қолайлы контент жасау бойынша озық тәжірибелермен танысыңыз.

Автоматты жүйелеріміз кейде қателесуі мүмкін. Сол себепті олар қабылдаған шешімдерді маманға тексертіп алуға болады.

23 сәуір, 2024: балағат сөздерге қатысты қағидаларда "жарнамадан табыс түспейді" рейтингісіндегі шектен шыққан балағат сөздердің не бейпіл сөздердің мысалдарын жаңарттық. Бұл жаңартылған тіл саясат өзгерісі емес, ол қолданыстағы саясатты түсінікті қылуға арналған және бейнелерді тексеру әдісіне өзгертпейді.
2022 жылдың 23 наурызы: Украинадағы соғысқа байланысты, жаңа хабар берілмейінше, соғысты жоққа шығаратын, құптайтын немесе одан пайда табуды көздейтін контент монетизацияға жарамсыз болады. Бұл ақпарат осы соғысқа қатысты нұсқауымызды айқындау, кейде оның ауқымын кеңейту үшін берілген.

Note: All content uploaded to YouTube must comply with both our Community Guidelines and our Program Policies. If your content violates our Community Guidelines, it may be removed from YouTube. If you see violative content, you can report it.

Контекст өте маңызды екенін ұмытпаңыз. Музыкалық бейне сияқты орындаушылық контентте балағат сөздер, жеңіл есірткі туралы атап өту немесе цензуралы сексуалдық көріністер бола тұрып, онда жарнама көрсетілуі мүмкін.

Осы беттен белгілі сөздер арқылы іздегіңіз келсе, саясат туралы барлық мәліметті бірден ашқан дұрыс. Ол үшін осы жерді басыңыз.

Балағат сөздер

Бейненің басында не бейне бойы боқтық немесе анайы сөздер айтылатын контент жарнама көрсетуге жарамсыз болуы мүмкін. Балағат сөздер сирек қолданылса (мысалы, музыкалық бейнеде, ілеспе тректе, кіріспе/қорытынды бөлімінде, фондық музыкада), бейнеңіз жарнама көрсетуге жарамсыз болады деген сөз емес.

Саясат туралы мәлімет
Жарнамаларға қатысты нұсқау Сауалнама опциялары және мәліметтері

Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алады:

Бейне атауында, суретінде не бейненің өзінде қысқартылған не цензуралы балағат сөздердің, "сайтан алғыр", "қарғыс атсын" деген сияқты сөздердің болуы. "Қаншық", "мал", "жексұрын" және "қақпас" деген сияқты аса ауыр емес балағат сөздердің бейнеде жиі қолданылуы. Музыкада немесе стендап қойылымында балағат сөздердің көп қолданылуы.

Анықтамалар:
  • "Жасырылған балағат сөздерге" сөздерді пиқылдату немесе дыбысын өшіру, сондай-ақ жазылған сөздерді қара түсті жолақпен, белгілермен немесе постпродакшнда мәтін қосып жабу жатады.
  • "Қысқарған балағат сөз" – толық нұсқасы қысқартылып берілген WTF сияқты сөз.
Контенттің мынадай түрлеріндегі жарнамадан шектеулі ғана табыс түсуі немесе мүлде түспеуі мүмкін:

Бейненің алғашқы 7 секундында ауыр балағат сөздердің (мысалы, "с" әрпінен басталатын боқтық сөздің) немесе бейне суреті мен атауында ауырлығы орташа балағат сөздердің көп қолданылуы.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:
  • Бүкіл бейнеде (мысалы, сөйлемдердің көбінде) балағат сөздердің тоқтаусыз айтылуы.
  • Музыкалық не стендап әзіл-сықақ контенттің атауында немесе бейне суретінде балағат сөздердің қолданылуы.
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алмайды:

Бейне суреттерінде немесе атауларында ауыр балағат сөздердің (мысалы, "с" әрпінен басталатын) қолданылуы. Бейнеде, бейне суретінде немесе атауында жек көрінішті сипаттағы кез келген шектен шыққан балағат сөздердің (мысалы, "н*гр" немесе "гом*к") қолданылуы.

Өшпенділікті насихаттайтын немесе балағат сөздер туралы толық ақпарат алғыңыз келсе, Анықтамалық орталығымыздың жек көрінішті сипаттағы және орынсыз контент қағидаларына жүгінсеңіз де болады.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

Осы қағидаларда қолданылған негізгі шарттар туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Зорлық-зомбылық

Ешбір контекссіз қан, зорлық-зомбылық немесе жарақат басты назарға алынған контент жарнама көрсетуге жарамайды. Зорлық-зомбылық туралы контент жаңалықтарда, оқу-танымдық, көркем немесе деректі контексте көрсетілсе, сол қосымша контекст маңызды. Мысалы, бейнеде зорлық-зомбылық оқиғасы туралы БАҚ контексіндегі ресми жаңалықтар берілсе, ол монетизация үшін жарамды болуы мүмкін. Өңделмеген бейне ойындарда зорлық-зомбылық болса, әдетте жарнама көрсетіледі. Алайда монтаждалған бейнеде зорлық-зомбылық жөнсіз басты назарға алынса, жарнама көрсетілмейді. Бұл саясат ауқымына барлық ойын (шынайы да, шынайы емес те) кіреді.

Саясат туралы мәлімет
Жарнамаларға қатысты нұсқау Сауалнама опциялары және мәліметтері
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алады:

Құқық қорғау органдары тарапынан болатын әрекеттер (мысалы, күштеп тұтқындау, адам көп жерлерді қадағалау, полиция қызметкерімен дауласу, үйге не ғимаратқа күштеп кіру); бейненің алғашқы 15 секундынан кейін ешқандай өңделмей көрсетілетін геймплейдегі зорлық-зомбылық; қан аз мөлшерде көрсетілген ауырлығы әлсіз зорлық-зомбылық; толықтай цензураланған, бұлдыратылған, жерлеуге дайындалып жатқан немесе оқу-танымдық бейнеде соғыс сияқты тарихи оқиғаларда көрсетілген өліктер.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

Жалпы сипаттағы зорлық-зомбылық

  • Жарақат болмаған немесе адам қарағысыз зорлық кадрлары бар сахналық контент.
    • Оқиғаны баяндау барысында зорлық туралы экшн кадрының бір бөлігі ретінде физикалық зақымның (мысалы, оқ тиген жарақат) қысқа кадрларын көрсету.
    • Жарақаттар анық білінбейтін экшн фильмнен (сценарий бойынша жазылған контент) алынған төбелес көріністері.
    • Сценарий бойынша жазылған контентте өлген адамға зарлап жоқтау айтқан адамдар.
  • Үрейлі емес жарақат көрінісі.
    • Қан шықпаған немесе аздап қана шыққан жарақаты бар кейіпкердің тізесіне құлауы.
    • Сценарий бойынша немесе спортпен айналысу кезінде ойламаған жерден не әдейі төбеден құлау немесе қабырғаға соғылу.
Ойын
  • Ойындағы зорлық-зомбылыққа келесілер жатады:
    • Бейненің алғашқы 15 секундынан басқа кезде көрсетілген жан түршігерлік көріністер (мысалы, адамға жасалған қанды шабуыл).
    • Шынайы емес, ойын ретіндегі және әдетте барлық жаста көруге болатын зорлық-зомбылық (мысалы, құбыжықтардан қашу сияқты отбасылық бейне ойындар).
    • Жасырылған, бұлдыратылған зорлық (мысалы, бұлдыратылған бас шабу көрінісі).
Өлім мен трагедия
  • Келесідей көріністері бар оқу-танымдық немесе тарихи контент:
    • Үрейлендіретіндей шынайы бейнеленбеген өліктер.
      • Үрейлі емес өліктерді көрсетіп, қайтыс болған адамдарды көпшілік алдында аза тұту.
    • Толықтай жасырылған (мысалы, бұлдыратылған), үрей туғызатын өліктер.
  • Зорлық-зомбылық әрекеттері немесе олардың нәтижелері көрсетілмеген немесе аздап көрсетілген, бір немесе одан көп адам қайтыс болған жан түршігерлік оқиға (атыстар немесе лаңкестік шабуылдар сияқты шетін оқиғаларды қоспағанда).
    • Зардап шегушілердің үрейлі көріністері берілмеген жергілікті жердегі кісі өлтіру оқиғасы.
  • Келесідей сипаттағы оқу-танымдық, сахналық, публицистикалық ролик немесе музыкалық бейнелер:
    • Тұспалдап көрсетілген өлім сәті немесе ауыр дене жарақаты.
    • Мүлікке үлкен зиян келтіріліп, өлімге немесе ауыр дене жарақатына әкелген оқиға көрінісі (мысалы, жарылыс, өрт, ғимараттардың опырылуы, т.б.).
    • Көпшілік қатысқан жерлеу кезінде көмуге әзірленбеген өліктерді табыттарын ашып көрсету.
Аңшылық
  • Жануарлардың адам қарағысыз жарақаттары немесе қиналып жатқаны көрсетілмеген аңшылық туралы контент.
    • Жануарды өлтіру немесе жарақаттау сәті анық көрсетілмейтін және өлген жануардың олжа немесе тамақ ретінде өңделгені басты назарға алынбайтын аңшылық бейнелері.
Жануарлар арасындағы зорлық
  • Табиғатта жануарлар арасында болатын зорлықтың шынайы емес көрінісі.
    • Жыртқыштың өз олжасын қууының жан түршігерлік көрінісі (мысалы, олжаны ұстап алу кезіндегі қорқынышты сәт немесе олжаның қансыраған дене бөліктері) берілмеген; қан көрсетілсе де, басты назар аударылмайтын бейне.
Жануарларға деген қатыгездік
  • Жануарлардың арнайы жаттықтыру, медициналық процедура немесе тасымалдау кезіндегі қиналғаны көрсетілген.
  • Жануарларға деген қатыгездік туралы айту немесе талқылау, бірақ ондай әрекеттерді көрсетпеу.
Спорт ойындарындағы зорлық-зомбылық
  • Қорғаныс құрылғылары немесе сақтық шаралары қолданылғанына қарамастан, қару пайдаланылған спорттық жекпе-жектегі (мысалы, семсерлесу) зорлық.
  • Спорттағы үрейлі емес жарақаттар немесе спорттық ойынның бір бөлігі ретінде қан көрсетілген үрейлі жарақаттар.
    • Кәсіби ортада (мысалы, фитнес орталықта немесе аренада) ұйымдастырылған бокс сияқты жекпе-жек спорт түрлері.
  • Спорт ойындарындағы үрейлі емес жарақаттар (мысалы, тобықты шығарып алу).
Төбелес (жекпе-жек спорт түрлерін қоспағанда)
  • Төбелестерді оқу-танымдық сипатта көрсету (жарақаттар көрінбейді).
    • Өзін-өзі қорғауға үйрететін бейнелер.
  • Төбелесіп жатқан адамдарды қысқа кадрда көрсету (жарақаттары көрінбейді).
Заңның сақталуын қадағалау және физикалық талас-тартыстар
  • Құқық қорғау органдарымен ұрыс-керіссіз әрекеттесу.
    • Полиция қызметкерлерімен қалыпты жағдайда әрекеттесу (мысалы, нұсқау сұрау, тұраққа қою бойынша айыппұл алу, т.б.).
  • Полиция қызметкерлерімен физикалық емес талас-тартыстар, олардың жеке меншікті күшпен тартып алуы немесе оған басып кіруі және қудалауы.
  • Құқық қорғау органдарымен болған күш көрсетілген, басқыншыл, даулы төбелесті оқу-танымдық немесе журналистік роликтер ретінде көрсету.
    • Азаматтардың жойқын қарсылығына қатысты (мысалы, азаматтарды ұрып-соғу немесе итеріп құлату көрсетілген) жаңалықтар үзіндісін қолданып пікір білдіру.
    • Жаппай бассыздық кезінде полиция қызметкерлерінің азаматтарға су шашуын хабарлау.
Соғыс және қақтығыстар
  • Соғысты және/немесе қақтығысты оқу-танымдық мақсатта көрсету немесе талқылау (жан түршігерлік көріністері жоқ).
    • Көрінбейтін нысаналарға ату көрінісі (қиналу, азапталу көріністері жоқ).
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық
  • Балалардың ойнап төбелесуі көрсетілген бейне (жарақат немесе қиналу көрінісі жоқ).
  • Балалар арасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты музыкалық контент (бірақ ондай әрекет көрсетілмейді немесе қысқа кадрда ғана көрсетіледі).
Анықтамалар:
  • "Жеңіл зорлыққа" шынайы өмірдегі төбелес немесе қол көтеру сияқты зорлықты қысқаша ғана көрсету жатады.
  • "Жарақат болмаған зорлық-зомбылыққа" айғайлау кезінде саусақпен нұсқап басқа адамға агрессиямен күш көрсету көріністері немесе басқа зорлық әрекеттері (мысалы, қабырғаға бөтелке лақтыру) жатады.
Контенттің мынадай түрлеріндегі жарнамадан шектеулі ғана табыс түсуі немесе мүлде түспеуі мүмкін:

Құқық қорғау органдарының күш көрсетуі (жарақаттауы); оқу-танымдық не деректі фильмдерде (мысалы, тарих үйрететін арналарда) жарақаты көрініп тұрған немесе бүлінген өліктердің бейнеленуі; ойын жазбасының бейне суретінде немесе бейненің басында көрсетілетін зорлық-зомбылық көріністері; өңделмей көрсетілген жарақатсыз қақтығыс бейнежазбасы; қайғылы оқиғалардың жан түршігерлік сипаттамасы; ауыр және үрейлі жарақаттардың сахналық қойылымы.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

Жалпы сипаттағы зорлық-зомбылық

  • Салдары анық көрсетіліп, ауыр жарақат бейнеленген сахналық түрдегі зорлық-зомбылық.
    • Сүйектердің сынғаны көрінетін қан және қантөгіс көріністері.
    • Қысқа, жан түршігерлік сұмдық көріністер (мысалы, жаппай адам өлтіру) қамтылған сахналық ұзақ бейне немесе осындай көріністер жинағынан тұратын бейнетоптама.
    • Қасіретті жан түршігерліктей көрнекілеу (аудио немесе бейне ретінде).
    • Тұншығып немесе қатты азаптанып және ауырып жатқан (мысалы, тоқтаусыз жөтеліп жатқан) адам.
    • Адамдардың жарақаттанғаны немесе қиналғаны, аффект жағдайы көрсетілген апаттар бейнежазбасы.
  • Ауыр апаттың салдарынан қираған ғимарат үйінділерін (мысалы, тайфуннан қираған мектеп үйінділері) немесе жеңіл жарақаттанған адамдарды (мысалы, тобықты шығарып алу не саусақтарды дәкемен орау) көрсететін өңделмеген бейнежазба.

Ойын

  • Бейне суретінде немесе бейненің алғашқы 8–15 секунд аралығында көрсетілетін ойындағы жан түршігерлік зорлық-зомбылық. 
    • "Ойындағы жан түршігерлік зорлық-зомбылық" көріністеріне дене сұйықтықтары мен бөліктері (мысалы, бас шабу және бөлшектеу) көрсетілген айуандықпен өлтіру немесе ауыр жарақаттар жатады. 

Өлім мен трагедия

  • Жан түршігерлік не сұмдық көріністері бар, көп адам қайтыс болған қасіретті оқиғаларды көрсету.
    • Жақында болған кісі өлтіру оқиғасы көрсетіліп, өлім егжей-тегжейлі сипатталған деректі фильм.

Төбелес (жекпе-жек спорт түрлерін қоспағанда)

  • Көшедегі төбелестерді (жарақаттар не нокауттар көрсетілген) оқу-танымдық сипатта көрсету.
    • Жарақаттар және психикалық залал (мысалы, шыңғыру) көріністері бар көшедегі жан түршігерлік төбелестер.

Заңның сақталуын қадағалау және физикалық талас-тартыстар

  • Әдетте құқық қорғау органдарының өкілдері жасаған немесе оларға қарсы жасалған қатыгез әрекеттер көрсетілген қиян-кескі талас-тартыстар.
    • Азаматтарды таяқпен аяусыз ұрып-соғу нәтижесінде олардың дене жарақатын алуы.
    • Полиция қызметкерлеріне түкіру. 

Спорт ойындарындағы зорлық-зомбылық

  • Контексі бар ұзақ бейненің бөлігі ретіндегі спорттық жан түршігерлік жарақаттар.
    • Ауыр жарақаттар қамтылған, бірақ олар басты назарға алынбайтын жинақтар немесе негізгі сәттер.

Жануарлар арасындағы зорлық

  • Табиғатта жануарлар арасындағы зорлық (адамдар немесе адам үйрететін жануарлар қатыспаған): мысалы, жабайы арыстанның бұғы аулауы жатады, бірақ үйретілген иттің қоян аулауы бұл санатқа кірмейді.
    • Басты назарға алынған, ұзақ уақыт бойы көрсетілген жануарлардың жан түршігерлік жарақаттары (мысалы, қан немесе сүйектер) — бейненің негізгі тақырыбы.

Аңшылық

  • Жарақаттанған немесе қиналып жатқан жануарлар сияқты үрей туғызатын қысқаша кадрларды (мысалы, қансыраған дене бөліктерін) қамтитын аңшылық туралы бейне.

Соғыс және қақтығыстар

  • Оқу-танымдық контексі жоқ, қанды көріністері немесе ашық жарақаттары көрсетілмеген қарулы қақтығыстың (мысалы, соғыс) өңделмеген шынайы бейнежазбасы.
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алмайды:

Оқу-танымдық емес бейнеде ашық көрсетілген өліктер; тыйым салынған тақырыптарды (мысалы, жыныстық зорлықты) насихаттайтын бейне ойындар; аса ауыр көріністі жан түршігерлік зорлық әрекеттері (соның ішінде құқық қорғау органдары қатысқан әрекеттер) мен жарақаттар; зорлық-зомбылыққа итермелеу немесе оны ұлықтау.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

Жалпы сипаттағы зорлық-зомбылық

  • Қанға, ішек-қарынға, қантөгіске, дене сұйықтықтарына (адамның немесе жануардың), қылмысқа немесе апат суреттеріне контекссіз не аз контекспен назар аудару.
  • Аса жиіркенішті суреттер арқылы зорлық әрекеттің жан түршігерлік салдарын көрсету, соның ішінде:
    • көп қан мен қантөгісті (мысалы, кесіп алып тасталған аяқ немесе қатты күйік сияқты ашық жараларды) көрсету;
    • ауыр азапты (мысалы, ашық жараның қатты ауыруына шыдай алмай жылап не есінен танып жатқан адамдарды) көрсету.
  • Үрейлендіретін, жан түршігерлік және/немесе зорлық-зомбылыққа толы контент не зорлыққа арандататын немесе сондай әрекетті мадақтайтын көріністер.

Ойын

  • Үрей тудыратын әсер беру мақсатында әзірленген ойын сюжетіне басты назар аудару. Мысалдары: 
    • Жаппай өлтіру үшін ойналмайтын кейіпкерлердің басын біріктіру.
  • Бейне суретінде немесе бейненің алғашқы жеті секундында ойын түріндегі жан түршігерлік зорлықтың берілуі.
    • "Ойын түріндегі жан түршігерлік зорлыққа" дене сұйықтықтары мен бөліктеріне назар аударылып, ауыр жарақаттан қатты қиналып жатқан (мысалы, басы шабылған және денесі бөлшектелген) адам ұзақ көрсетілетін көріністер жатады.
  • Сексуалдық зорлық-зомбылық көрсетілетін бейне ойын.
  • Өшпенділік себеп болған немесе қорғалған топтарға бағытталған зорлық көрсетілетін бейне ойын.
  • Жан түршігерлік қинау әрекеттері көрсетілетін бейне ойын.
  • Балаларға бағытталған адам қарағысыз зорлық әрекеттері көрсетілетін бейне ойын.
  • Шынайы адамдарға бағытталған жан түршігерлік зорлық әрекеттері көрсетілетін бейне ойын.

Өлім мен трагедия

  • Көмуге әзірленбеген өліктерді немесе адам қарағысыз сұмдық жарақаттарды көрсету.
  • Көмуге әзірленбеген өліктерді оқу-танымдық емес сипатта көрсету.
  • Бір немесе одан көп адамның өлген сәтінің кез келген контексте көрсетілуі.
    • Тұншығып өлу.
    • Жолаушылары бар көліктің көпірден құлау көрінісі.
  • Тұспалдап көрсетілген өлім сәті немесе ауыр дене жарақаты.
    • Мүлікке үлкен зиян келтіріліп, өлімге немесе ауыр дене жарақатына әкелген оқиға көрінісі (мысалы, жарылыс, өрт, ғимараттардың опырылуы, т.б.).
  • Жасырылған (мысалы, бұлдыратылған) үрейлі өліктердің оқу-танымдық емес сипатта көрсетілуі.

Төбелес (жекпе-жек спорт түрлерін қоспағанда)

  • Көшедегі төбелесті (жарақат көрінбесе де) оқу-танымдық емес сипатта басты назарға алып немесе ұзақ көрсету.

Аңшылық

  • Жарақаттанған немесе қиналып жатқан жануарлардың адам қарағысыз көріністері (мысалы, қансыраған дене бөліктері) бар аңшылыққа қатысты контент.

Жануарларды қинау

  • Жануарларды қинау (физикалық және эмоциялық) немесе жануарларға деген қатыгездік (мысалы, оларды тебу) көрінісі.
  • Жануарларды адамдардың көз алдында қорлауды (мысалы, әтештерді немесе иттерді төбелестіру) насихаттау немесе мадақтау (жан түршігерлік көріністері болса да, болмаса да).
  • Адамның араласуымен жануарлардың қиналғаны түсірілген бейнежазба (мұндай ауыр немесе қауіпті жағдайлар жануарларға зиян келтіру мақсатында түсірілген).

Заңның сақталуын қадағалау және физикалық талас-тартыстар

  • Полиция қызметкерлерінің қатыгездігін оқу-танымдық емес сипатта көрсету.

Спорт ойындарындағы зорлық-зомбылық

  • Адам қарағысыз жарақатты көрсету бейненің негізгі тақырыбы болатын спорт бейнелері.

Соғыс және қақтығыстар

  • Атыстарға, жарылыстарға, өлім жазасына кесуге немесе бомбалауға қатысты жан түршігерлік көріністер.
  • Жарақат алу, қайтыс болу немесе қиналу көріністері бар жан түршігерлік соғыс бейнежазбасын кез келген контексте көрсету.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық

  • Балалар арасындағы зорлық-зомбылық кез келген контексте басты назарға алынған немесе қатысушылардың жарақат алғаны немесе азаптанғаны көрсетілген контент.

Осы қағидаларда қолданылған негізгі шарттар туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Ересектерге арналған контент

Атауында не суретінде аса сексуалдық сипаттағы контент көрсетілген немесе секс тақырыбы кең қамтылған контент жарнама көрсетуге жарамайды. Тек жыныстық сауат беретін, шынайы сипатты көріністері жоқ бейнелер мен музыкалық бейнелер үшін ерекше жағдай қарастырылған. Оған шынайы және компьютерлік графика арқылы жасалған көріністер жатады. Әзіл-сықақ мақсатында жүктеп салынғанын көрсету тым сексуалдық сипаттағы контентті жарнама көрсетуге жарамды қылмайды.

Саясат туралы мәлімет
Жарнамаларға қатысты нұсқау Сауалнама опциялары және мәліметтері
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алады:

Романтика немесе сүйісу көріністері; жыныстық қатынасқа сілтеме жасамай, романтикалық қарым-қатынас пен сексуалдық тартымдылық туралы талқылау; анық көрінбейтін және көрермендерді қоздыруды көздемеген толықтай жасырылған жалаңаш дене; баланың жанында оны емізу мақсатымен төстің жалаңаштануы; сексуалдық сипатта емес, қалаулы не тартымды болып көріну үшін әдетте сексуалды болып танылатын дене бөліктерінің ырғақты қозғалысы, жыныстық тәрбие беруге арналған би; хореографиялық би немесе музыкалық бейне секілді кәсіби ортада түсірілген сексуалдық сипаттағы билер.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

Сексуалдық нәпсіні оятатын контент

  • Анимациялық, сахналық немесе шынайы сүйісу немесе құшақтасу сияқты сексуалдық нәпсіні оятпайтын романтикалық көріністер.
    • Сексуалдық әрекеттерді көрсетпей, кейіпкерлер арасындағы құмарлық көрсетілген мазмұн.
    • Мақсаты сексуалды нәпсіні қанағаттандыру емес, тек оқиғаны баяндау барысында романтика сыйлау болып табылатын сүйісу көрінісі.
    • Төсектің қозғалғаны, ыңырсыған дыбыстардың шығуы немесе киіммен жыныстық қатынасқа түсу сияқты сексуалдық әрекеттерді қысқа кадрмен көрсету.
  • Нәпсіні оятпайтын немесе әзіл контексіндегі жыныстық қатынас туралы әңгімелер:
    • Құмарлыққа, ынтыққа, нәпсіге қатысты ән сөздері немесе диалогтер.
    • Жыныстық тәрбие.
    • Жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар және олардың берілу жолы.
    • Жыныстық қатынасты жақсарту емес, оның қалай орындалатыны басты назарға алынатын жыныстық қатынас тәжірибесі (мысалы, жыныстық қатынастан кейін ауырсынуды басу).
    • Донор ретінде шәует беру.
    • Көбею жүйесін диаграммалардан немесе манекендерден ғылыми мақсатта көрсету.
    • Жыныстың және/немесе сексуалдық бағдардың тұлғааралық қарым-қатынас кезінде даму жолы.
    • Әдепсіз не балағат сөздері (мысалы, сексуалдық құмарлық атап өтілетін ән сөздері) жоқ жыныстық қатынас туралы әзілдер мен ишараттарды қолдану (мысалы, жыныстық қатынасты әзілдеп имитациялау).
    • Фетиштерге сексуалдық емес жолмен сілтеме жасайтын мазмұн (мысалы, сүйікті тамақ немесе тамақ фетиші туралы сұрау).

Би

  • Сексуалды би қимылдары, мысалы, жамбасты немесе белді айналдыру.
  • Тверкинг немесе гриндинг.
  • Би билеу кезінде ашық-шашық киім кию.
  • Жыныстық дене мүшелерін сипалау.
  • Серіктес бишілердің бір-біріне денелерін жабыстырып билеуі. Мысалы, олардың жамбас аймақтары бір-біріне жабысып билеуі.
  • Кәсіби ортада (мысалы, би студиялары) көрсетілген жамбасты қимылдату немесе эротикалық тізе билері сияқты сексуалдық әрекеттерге еліктейтін немесе имитациялайтын би қимылдары.
  • Сексуалдық дене бөліктері басты назарға алынып, қайта-қайта көрсетілетін кадрлары бар музыкалық бейнелер.

Жалаңаштық

  • Кейіпкерлер жалаңаш, бірақ омырау ұшы, бөксе немесе жыныс мүшелері көрінбейтін (мысалы, толықтай пиксельденген/бұлдыратылған), яғни жалаңаштыққа басты назар аудармайтын мазмұн.
    • Ашық киінген тарихи тұлғалардың оқу-танымдық мақсатта бұлдыратып көрсетілген жалаңаш кейіптері.
    • Көзге байқалмайтын және сексуалдық мақсатта көрсетілмеген (мысалы, медициналық процедуралар кезінде), толықтай жасырылған жыныс мүшесі.
  • Нәпсіні қанағаттандыруға арналмаған, адамдардың ашық киінген көріністері (мысалы, бассейнде бикини киіп жүрген адамдар).
    • Дене бөліктеріне (мысалы, кеудеге) емес, киімнің формасы мен қызметіне назар аударатын бейне түріндегі пікірлер.
    • Скульптуралар, нобайлар сияқты өнер туындылары немесе классикалық өнердегі кейіпкерлердің компьютер арқылы жасалған графикалық көрінісі немесе белге орайтын таңғыш киген жергілікті адамдардың жалаңаш суреті.
    • Сән подиумдары, медициналық тексерістер немесе жағажай сияқты жерлерде әйел адам омырауының, бөксесінің немесе ер адам денесінің жартылай мөлдір немесе мөлдір киіммен жабылуы.
    • Спорттық іс-шараның бір бөлігі ретіндегі жартылай жалаңаштық (бокс сияқты сондай киім талап етілетін спорт түрлерінде).
    • Нәпсіні оятпайтын және бейненің басты тақырыбы болып табылмайтын кеуде мен бөксенің мөлдір матадан тігілген киіммен жабылуы (мысалы, шомылу киімін кию).
  • Жыныстық мүшенің денедегі қалпына не түріне ұқсайтын нысандар (нәпсіні оятуға арналмаған).
    • Мастэктомия операциясы жүргізілген адамдардың, трансгендер және/немесе гендерквир қауымдастығы мүшелерінің жасанды омыраулары.
    • Трансгендер және/немесе гендерквир қауымдастығы қолданатын заттар, мысалы, тұрып дәрет сындыруға арналған құрылғы немесе жасанды солғын мүше. 

Емізу кезіндегі жалаңаштық

  • Әйелдің нәрестесін омырауларының ұшын ашып немесе көрінетін етіп емізуі.
  • Көріністе емізулі бала болса да, омырау ұштарын көрсетіп, қолмен сүт сауу немесе сүт сауғышты пайдалану.

Анықтамалар:

  • "Нәпсіні оятатын" мазмұн көрермендерді сексуалдық түрде қоздыруға арналған.
  • "Жыныстық қатынас ишараттары" сексуалды нәрсеге қатысты сөздер қолдануды немесе әзілдеуді білдіреді.
  • "Сексуалды мағынадағы мазмұн" көрермендерді сексуалды түрде қоздыру үшін жыныстық қатынас туралы астарлайтын визуалды, ауызша немесе мәтіндік материал.
  • "Көрнекілік" — көрермендерді қоздыру үшін жыныстық қатынастың немесе жалаңаштықтың цензураланбай көрсетілуі.
  • "Емізу кезіндегі жалаңаштық" емізу немесе лактация кезінде ашық тұрған омырауға және/немесе омырау ұштарына қатысты. Емізуге дайындалып жатқан бала немесе белсенді лактация сияқты контекстік сілтемені қамтуы керек.
Контенттің мынадай түрлеріндегі жарнамадан шектеулі ғана табыс түсуі немесе мүлде түспеуі мүмкін:

Жыныстық қатынастың айқын көріністері (мысалы, жыныстық қатынастың суреті) анық бейнеленген немесе бейне суретінде жыныс мүшелеріне басты назар қойылатын классикалық өнер туындысы; анимацияланған жыныстық қатынас бейнеленген, жыныстық сауатты ашу мақсатында көрсетілетін, нәпсіні қоздырмайтын контент; жыныстық қатынас тақырыбына қатысты пранкілер; жартылай жалаңаш күйде билеу; билеу барысында жыныс мүшелерін әдейілеп ұстау немесе назарды сол жерлерге әдейі аударту.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

Сексуалдық нәпсіні оятатын контент

  • Сексуалдық сипаттағы атаулар немесе бейне суреттері (соның ішінде суреті мен тақырыбы мазмұнына сай келмейтін бейнелер).
    • Бейне суреттері немесе атаулары сексуалдық сипаттағы музыкалық бейнелер (соның ішінде суреті мен тақырыбы мазмұнына сай келмейтін бейнелер).
    • Сексуалдық әрекеттер сипаттамасы немесе оларды тұспалдау (мысалы, сексуалды дене бөліктерін эмоджилер немесе графика көмегімен тұспалдау).
    • Бейне суретінде жыныстық қатынасты меңзейтін нәрсені бөліп көрсету немесе оған басқаша назар аударту.
    • Секс индустриясында жұмыс істеушілер ұйым ретінде көрсетіледі.
    • Сексуалдық әрекеттер (соның ішінде жыныстық қатынасты меңзейтін әрекеттер).
    • Ыңырсыған дыбыстар немесе құлақ жалау сияқты жыныстық қатынас ишараттары.
    • Қолданылмаса да мазмұнда көрсетілетін секс ойыншықтары немесе құрылғылары. 
  • Сексуалдық әрекеттерді нәпсіні қоздыру емес, оқу-танымдық мақсатта, деректі фильм немесе сахналық мазмұн түрінде көрсету.
    • Оқу-танымдық мақсатта (медициналық сияқты) сексуалдық әрекеттерді және олардың үрдісін сипаттау.
  • Секс индустриясы туралы деректі фильмдер сияқты жыныстық қатынасқа қатысты мазмұн.
  • Келесідей сипаттағы оқу-танымдық және деректі контент:
    • Интимдік сексуалдық тәжірибені талқылау, мысалы, секс индустриясында жұмыс істеген кезде алған жеке кеңестері немесе интимдік әңгімеде қолданылған балағат сөздер.
  • Классикалық өнердегі ересектерге арналған контенті бар атаулар немесе бейне суреттері.

Би

  • Бишінің ашық-шашық киіміне назар аударылатын жерде тверкинг немесе гриндинг биі.
  • Бір биші екіншісінің омырауынан немесе бөксесінен ұстап алатын немесе бір биші қолын екіншісінің киімінің астына кіргізетін билер.
  • Бидегі жыныстық дене бөліктерін әдейі ұлғайту.

Жалаңаштық

  • Толықтай жалаңаш дене көрсетілген оқу-танымдық немесе деректі фильм ретіндегі мазмұн.
    • Дененің толықтай жалаңаш суреттері сияқты жыныстық қатынасқа немесе жалаңаштыққа қатысты тарихи не өнеркәсіптік жалпы ақпарат.
  • Жыныс мүшелері айқын көрсетілетін классикалық өнер.

Анықтамалар:

  • "Жасырылған жалаңаштыққа" жалаңаш дене бөліктерін бұлдырату, қара түсті жолақтармен жабу немесе пиксельдеу жатады.
  • Жасырын сексуалдық әрекет: жыныстық қатынасқа түскендей сыңай таныту (мысалы, киіммен көрсету).
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алмайды:

Ашылып қалған, дұрыс жабылмаған жыныс мүшелері немесе толықтай жалаңаш дене; көріністе емізулі бала жоқ болса да, төстің жалаңаштануы; жыныстық қатынас көріністері (бұлдыратылған немесе анық емес болса да), жыныстық тақырыптарды (мысалы, фетиштерді, кеңестерді, басынан өткендерді) талқылау; жыныстық қатынас көрінісін (мәтін мен сілтемені қоса алғанда) қамтитын бейне суреті; сексуалдық тұрғыда қоздыратын көріністер мен қимылдар; жыныстық қатынасқа арналған ойыншықтар мен құрылғылардың көрсетілуі; секс индустриясы мен оның қызметкерлеріне қатысты контент; жануарлардың шағылысуы, жыныс мүшелері мен жыныстық қатынас әрекеттерінің көрсетілуі; билеу барысында сексуалды қимылдарды немесе әрекеттерді имитациялау немесе ұқсатып көрсету; аудиторияны қоздыруға тікелей бағытталған эротикалық билер.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

Сексуалдық нәпсіні оятатын контент

  • Сексуалдық сипаттағы тақырыптары бар атаулар немесе бейне суреттері (соның ішінде суреті мен тақырыбы мазмұнына сай келмейтін бейнелер).
    • Сексуалдық әрекеттер сипаттамасы немесе оларды тұспалдау (мысалы, сексуалдық дене бөліктерін эмоджилер немесе графика көмегімен тұспалдау).
    • Бейне суретінде жыныстық қатынасты меңзейтін нәрсені бөліп көрсету немесе оған басқаша назар аударту.
    • Бейнені сексуалдық контент сияқты атап, шын мәнінде басқа бейне көрсету (мысалы, "Порно көру" деп аталған, бірақ тамақ пісіруге арналған бейне).
    • Компьютер арқылы жасалған жалаңаш денені медициналық мақсатта көрсету.
  • Контенттің басты тақырыбы болып табылатын сексуалдық әрекет немесе мінез-құлық.
    • Бейненің негізгі тақырыбы бойынша сексуалдық әрекет заттардың қозғалуы, ыңырсыған дыбыстар, т.б. сияқты белгілер арқылы орындалып жатқаны көрсетіледі.
  • Қолданылмаса да, сексуалдық нәпсіні қоздыратын секс ойыншықтарын, құрылғыларын немесе басқа да өнімдерді көрсету.
    • Сексуалдық тақырыпқа қатысы жоқ бейнеде секс құрылғысын кездейсоқ көрсету (мысалы, фонда көрсетілуі).
    • Талқылау кезінде жыныс мүшесіне ұқсас медициналық заттың көрсетілуі.
  • Нәпсіні оятатын сексуалдық сипаттағы би, денені ұстау немесе көрермендерді қоздыру үшін сүйісу сияқты жеңсік құмарлық көріністері.
    • Оқиғаны баяндау барысындағы сексуалдық әрекеттердің (соның ішінде жыныстық қатынасты меңзейтін әрекеттердің) қысқаша көріністері.
    • Негізгі мақсаты жеңсік құмарлықты көрсету болып табылатын көріністер.
  • Нәпсіні оятпайтын нысандарды пайдаланып, жыныстық қатынасқа ишарат білдіру:
    • Жыныс мүшесіне ұқсайтын нысандар, мысалы, шынайыға ұқсас жыныс мүшесі бар адам мүсіндері.
    • Көрермендерді қоздыру үшін жыныс мүшелеріне ұқсас күнделікті қолданатын заттарды (мысалы, баялды) немесе эмоджилерді пайдалану.
  • Ұятсыз аудио, мәтін немесе диалог:
    • Порнография немесе басқа да жыныстық қызметтер сияқты жыныстық қатынасқа қатысты ойын-сауық (ересектерге арналған ақылы платформалар жатады).
    • Нәпсіні оятуға арналған сексуалдық әрекеттер немесе олардың имитациясы.
    • Фетиштерді көрсету (мысалы, нұсқаулықтар).
    • Сексуалдық жанжалдарға немесе жеке интимдік материалдардың көпшілікке таралуына басты назар аудару.
    • Сексуалдық әрекеттердің имитациясы (мысалы, порнографиялық материалдар).
    • Сыйақы алу үшін сексуалдық әрекеттерді жарнамалау.
    • Жыныстық қатынас ойыншықтарын (немесе сексуалдық әрекетті қоздыратын басқа да өнімдерді) шынымен қолдану.
    • Теріс жыныстық мінез-құлық немесе жалаңаштыққа қатысты контент.
      • Күнделікті заттарға немесе көріністерге сексуалдық сипат беріп, бейненің тақырыбына қатысы жоқ бейне суреттерімен көрермендерді алдау.
    • Сексуалдық түрде қоздыру үшін өзгертілген көріністер.
      • Сүйісу немесе жыныстық қатынасқа түскендей сыңай таныту сияқты сексуалдық нәпсіні оятатын контент жинағы.
      • Сексуалдық нәпсіні оятатын атаулар (мысалы, "Ынтық сүйісу сеанстары").
    • Жануарлардың шағылысуы:
      • Жыныс мүшелерін басты назарға алып, жануарлардың шағылысқаны көрсетілген бейнелер.
      • Жануарлардың жыныс мүшелері немесе шағылысуы нәпсіні оятатын әдіспен көрсетілген.
  • Мастурбация, оргазм, жыныстық қатынас немесе басқа да сексуалдық әрекеттер туралы интимдік сексуалдық тәжірибені талқылау. Оған жыныстық қатынас ишараттары немесе ұятсыз не порнографиялық мәтін не аудио (мысалы, жыныстық қатынас туралы егжей-тегжейлі әңгімелер) жатуы мүмкін.
    • Жыныстық қатынасқа түсу кеңестері немесе әдістері ашық талқыға салынатын мазмұн.
    • Жыныстық қатынастың суреттері немесе визуалдық көріністері жоқ, тек аудиосы немесе дыбысы (мысалы, құлақ жалау және тістеу дыбыстары) естіледі.
    • Көрермендерді қоздыруға арналған сексуалдық әрекеттер сипаттамасы.
    • Сексуалдық фетиштерді атап өту (сипаттамасы берілмесе де).
    • 18+, 21+, "тек ересектерге арналған", "порно", т.б. сияқты ересектерге арналған мазмұнды білдіретін бейне атаулары немесе суреттері (контексі оқу-танымдық немесе деректі фильм болмаса).
    • Көрермендерді сексуалдық түрде қанағаттандыру үшін жыныс мүшелерін немесе сексуалдық әрекеттерді білдіретін эмотикондарды не эмоджилерді мәтінде қолдану.
  • Ересектерге арналған сексуалдық мәнердегі бейне ойындар немесе көрермендердің сексуалдық нәпсісін ояту мақсатында тартымды бейне ойын кейіпкерлерін көрсету.

Би

  • Бір серіктес өзінің жыныс мүшесін серіктесінің жыныс аймағына дөрекі түрде итеріп, жыныстық қатынасқа түскендей сыңай танытатын қозғалыстар.
  • Жыныстық қатынасқа түскендей, би бойынша серіктесінің үстіне шығу немесе серіктесіне қарай аяғын ашып көсілту.
  • Хореографиялық би, музыкалық бейне немесе басқа жолмен кәсіби жағдайда орындалатын жағдайларды қоспағанда, тізеге отырып билеу немесе стриптиз.

Жалаңаштық

  • Жалаңаштық пиксельденсе немесе жасырылса да, жыныс мүшелері бәрібір көрінетін мазмұн.
    • Жалаңаш дене безендірілсе немесе бұлдыратылса да, оның сұлбасының анық көрінуі.
  • Жалаңаштықтың (анимациялық, шынайы немесе сахналық) ұзақ кадрлары.
    • Омырау немесе жыныс мүшелерінің аймағы бейнеленген (басты назарға алынатын не қайталап көрсетілетін) контент (жыныс мүшесінің іш киімнен не шомылатын киімнен бөлектеніп тұруы).
  • Көрермендерді қоздыру үшін омырау арасы немесе шығыңқы жерлер сияқты жыныс мүшелерін басты назарға алып, қайта-қайта түсіре беру.
    • Шығыңқы жыныс мүшесі сұлбаларының анық көрінетін жинақтары.
    • Ашық-шашық (мысалы, стрингі кию арқылы) жыныс мүшелерінің (мысалы, омырау, омырау арасы, бөксе, т.б.) жиі көрсетілуі.
  • Жыныс мүшелерін, сексуалдық әрекеттерді толықтай көрсету сияқты шынайы немесе анимацияланған жалаңаштық. 
  • Балалар жалаңаштығы
    • Жыныс мүшелері көрсетілген контент (балалар жөргегін ауыстыру немесе тыр-жалаңаш шомылуы сияқты).

Емізу кезіндегі жалаңаштық

  • Емізулі бала жоқ болса да, омырау ұштарын көрсетіп, сүтсауғышты қалай пайдалану керектігі туралы оқу-танымдық контент.
  • Көріністе емізулі бала жоқ болса да, омырау ұштарын көрсетіп, қолмен сүт сауу жөніндегі оқулықтар.
  • Көріністе емізулі бала жоқ болса да, кесеге сүт сауып отырған әйелді көрсету.

Осы қағидаларда қолданылған негізгі шарттар туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Үрей тудыратын контент

Көрермендердің көңіл-күйін түсіретін, жиіркеніш сезімін тудыратын немесе есеңгірететін контент жарнама беруге жарамды болмауы мүмкін. Цензураланбаған үрейлендіретін элементтер болса, бейнеңіз жарнама беруге жарамсыз деген сөз емес, бірақ контекст маңызды.

Саясат туралы мәлімет
Жарнамаларға қатысты нұсқау Сауалнама опциялары және мәліметтері
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алады:

Жасырын түрде берілген немесе оқу-танымдық, деректі материал немесе соған ұқсас мақсатта көрсетілген жеңіл немесе орташа дәрежеде үрей тудыратын көріністері бар контент.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

дене бөліктері, биологиялық сұйықтықтар мен ағзадан бөлінетін заттар;

  • оқу-танымдық, ғылыми, деректі не көркем контекстегі материал ретінде балаларға арнап дене бөліктері, биологиялық сұйықтықтар мен ағзадан бөлінетін заттар бейнеленген (бірақ үрей сезімін тудырмайтын) контент;
  • үрей тудыру, көбіне көңіл көтеру мақсатында (фокус сияқты) дене бөліктері, биологиялық сұйықтықтар мен ағзадан бөлінетін заттар бейнеленген (бірақ заңды контексі берілген) сахналық көрініс;

медициналық немесе косметикалық процедуралар;

  • дене бөліктеріне, биологиялық сұйықтықтарға және ағзадан бөлінетін заттарға емес, тек процедураға басты назар аударатын, оқу-танымдық мақсатта берілген медициналық немесе косметикалық процедуралар;
    • қан аздап шығатын тату, пирсинг немесе ботокс процедуралары;
  • медициналық немесе косметикалық процедуралар барысында дене бөліктерін, биологиялық сұйықтықтар мен ағзадан бөлінетін заттарды жасырып немесе қысқа кадрда көрсету;
  • дене бөліктеріне, биологиялық сұйықтықтарға немесе ағзадан бөлінетін заттарға басты назар аудармайтын, оқу-танымдық мақсатта адамның бала тууы және жануардың төлдеуі көрсетілген бейнелер;

апаттар және жарақаттар;

  • ашық жарақат (ішкі тіндер, қансыраған жара сияқты) көрінбейтін апаттар;
  • жеңіл және орташа жарақат қана көрінгендіктен, көңіл-күйге қатты әсер етпейтін апаттар (мысалы, мотоциклден құлау);
  • зардап шегуші апат кезінде зақым алмаған немесе азаптанбаған (жылағаны немесе айқайлағаны көрсетілмеген) контент;
  • ұзақ мерзімді медициналық ем қажет етпейтін жарақат болған апаттар;
  • жаңалықта, деректі материалда немесе фильм не музыкалық бейне сияқты көркем шығармада көрсетілген апаттар мен жарақаттар;

жануарларды тамаққа әзірлеу және жеу;

  • жануардың дене бөліктерін көрермендерді үрейлендірмейтін жолмен қолдану;
    • етті, балықты шикі немесе піскен күйінде, мысалы, тамақ пісіру тәсілдерін және рецептілерді көрсету;
  • жануарлардың дене мүшелеріне ұқсамайтын, бірақ жануарлардан жасалған өнімдерді жеудің немесе әзірлеудің үрейлендіретін көріністері;
    • мейрамханада тірі немесе қозғалып жатқан моллюскілерді жеу процесі;
    • әзірленген тағамды (мысалы, асшаянды) мокпан немесе ASMR бейнесінің бір бөлігі ретінде жеу процесі;
  • жануардың бет-әлпетін толықтай, анық етіп қысқа кадрда көрсету (балықтар, моллюскілер мен шаян тәрізділерді жақындатып көрсете беруге болады);

Анықтамалар

  • "Үрейлендіру мақсаты" дегеніміз – қандай контекст берілгені мен басты назарға алынған жағдайларға қарай бейненің көрермендерді үрейлендіру үшін жасалуы.
  • "Апаттарға" әдетте зақым немесе жарақат, оның ішінде анық көрінбейтін жарақат (көлік апаттары сияқты) алуға себеп болатын жайсыз жағдайлар жатады.
  • "Ашық" сөзі дене мүшелерінің, биологиялық сұйықтықтардың және ағзадан бөлінетін заттардың (тін немесе қан сияқты) көрінетінін білдіреді.
  • "Көңіл-күйге әсер ету" – анық бейнеленген немесе контекстен пайымдалған зақымды немесе жарақатты көргеннен көрерменнің жабырқауы немесе шошуы.
  • "Азаптану" — аурудан қиналған адамның көрінетін, естілетін немесе сезілетін эмоциясы немесе тіпті ессіздік күйі. Бұл жағдайда апатқа ұшыраған және медициналық немесе косметикалық процедуралардан (оның ішінде бала туу) өтіп жатқан адамдарды сипаттап тұр.
  • Ашық жануар мүшелеріне немесе жануарлар мен жәндіктерді жеуге қатысты "үрейлендірмейтін" контент — тағамды тұтыну жануарға қатысты әуесқойлықты арттырмайтын әдіспен көрсетілген контент. Жануар немесе оны тұтыну әдісі адамдарды шошытуды көздемейді және жан түршігерлік, асыра сілтеп көрсетілген тұстары жоқ.
  • "Дұрыс кәдеге жаратпау" – жануар етінің айуандықпен немесе жабайы түрде әзірленіп, тұтынылуы. Мысалы, жануар мүшесін лақтыру, құлату, тесу, онымен ойнау немесе басын кесу. Тіріге де, өлген жануарға да қатысты айтыла береді. Құралмен немесе қолмен орындалуы мүмкін.
  • "Кәсіби контекст" – қасаптың немесе балық сатушының өлген жануарларды сойып, дайындауы.
  • "Анық бет-әлпет" – бұл жерде көрермендерге жануардың тірі болғанын немесе әлі де тірі екенін білдіру. Бет-әлпетке мұрын, құлақ, ауыз, көз, т.б. жатады.
Контенттің мынадай түрлеріндегі жарнамадан шектеулі ғана табыс түсуі немесе мүлде түспеуі мүмкін:

Ашық түрде немесе көрермендерді шошыту мақсатында (жалпы контекст берілсе де) адамның немесе жануарлардың дене мүшелерінің шынайы суреттері көрсетілген контент.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

Дене бөліктері, биологиялық сұйықтықтар мен ағзадан бөлінетін заттар

  • Үрейлендіру мақсатында дене бөліктеріне, биологиялық сұйықтықтар мен ағзадан бөлінетін заттарға басты назар аудару.
  • Сұмдық жарақаттар мен жиіркенішті көріністерді басты назарға алатын, дене бөліктерінің, биологиялық сұйықтықтар мен ағзадан бөлінетін заттардың сахналық көрінісі.
    • Сценарий бойынша жазылған мазмұндағы қанды ота көрінісі.

Медициналық немесе косметикалық процедуралар

  • Дене мүшелеріне, биологиялық сұйықтықтар мен ағзадан бөлінетін заттарға назар аударатын (бірақ бұл заттар негізгі тақырып емес) оқу-танымдық немесе көркем бейнедегі медициналық немесе косметикалық процедуралар.
    • Дене мүшелері көрінетін, бірақ бейненің жалғыз тақырыбы болып табылмайтын ота жасаудың цензурасыз көрінісі.
    • Дәрігер бұлық немесе безеу кетіруді көрсетіп, түсіндірген мазмұн.

Апаттар және жарақаттар

  • Әсерлі соқтығысу сәттері бар апаттар.
  • Жарақат көрсетілмеген, бірақ оның бар екені білінетін (мысалы, киімнің немесе көліктің сыртындағы қан), зардап шегушінің азаптанғаны көрсетілмеген апаттар.
  • Зардап шегушілердің қиналғаны берілмеген жан түршігерлік жол апаты.

Жануарларды тамаққа әзірлеу және жеу

  • Жануарлардың тамаққа әзірленбеген мүшелері немесе оларды тағылықпен не біртүрлі әдіспен жеу көрсетілген үрейлендіретін мокпан немесе ASMR бейнесі.
  • Жануардың тірі жан екенін білдіретін белгілерді (мысалы, тамақ әзірлеу кезінде жануар көзін) басты назарға алу.
  • Терісі алынған жануардың қорқынышты және жан түршігерлік мүшелері көрсетілген, бірақ дұрыс кәдеге жаратпау әрекеті берілмеген (мысалы, әзірленіп жатқан жануар мүшелерінің қансыраған еті мен сіңірлеріне басты назар аударылған) мазмұн.
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алмайды:

Жалғыз мақсаты көрермендерді шошыту болып табылатын үрейлі материал. Жалпы алғанда, нақты контексі жоқ, қорқынышты және жан түршігерлік элементтер, азап шегу немесе бұрыс қолданыс анық байқалатын контент.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

Дене бөліктері, биологиялық сұйықтықтар мен ағзадан бөлінетін заттар

  • Дене бөліктерін, биологиялық сұйықтықтарды немесе ағзадан бөлінетін заттарды жиіркенішті, сұмдық немесе қорқынышты түрде контекссіз көрсету.
    • Процедураны түсіндірмей, бұлықты немесе безеуді кетіру процесін көрсету, бейнеде көбінесе дене мүшелерін, сұйықтықтарын немесе ағзадан бөлінетін заттарды назарға алу (оқу-танымдық мақсатта болса да).
  • Тек қорқытып-үркітуге арналған, контексі аз сахналық үрейлендіру элементтері.

Медициналық немесе косметикалық процедуралар

  • Контекст берілсе де, бейненің көп бөлігінде жан түршігерлік ашық дене мүшелерінің, сұйықтықтарының немесе ағзадан бөлінетін заттардың көрсетілуі.
    • Нақты бір отаны жасауды түсіндіріп жатқан дәрігер.
  • Бейненің көп бөлігінде жан түршігерлік дене мүшелері, сұйықтықтары немесе ағзадан бөлінетін заттар көрсетілген, контексі жоқ не бұрмаланған процедуралар.

Апаттар және жарақаттар

  • Ашық жарақатты дене бөліктері көрсетілген немесе ауыр жарақат алынғаны түсінікті апаттардың және жарақат алу жағдайларының адамдардың көңіл-күйіне кері әсер ететін көріністері.
    •  Қан ағып жатқаны және ашық тіндер көрсетілген.
  • Контексі жоқ аса ауыр апаттар.

Жануарларды тамаққа әзірлеу және жеу

  • Көрермендерді шошыту үшін тірі жануарларды әдетте сұмдық және жиіркенішті түрде көрсету, әзірлеу немесе жеу.
  • Жануардың бет-әлпетін жақындатып көрсету немесе контекссіз дұрыс кәдеге жаратпау.
  • Қиналып жатқаны анық жануарларды әзірлеудің (терісін сыдырудың) немесе өлтірудің аяусыз немесе жан түршігерлік бейнесі.
  • Азаптанып жатқан тірі жануарларды әзірлеудің оқу-танымдық емес бейнесі.
  • Бет-әлпетін басты назарға алып, жануарларды жеудің оқу-танымдық емес көріністері.

Осы қағидаларда қолданылған негізгі шарттар туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Зиянды әрекеттер және дәйексіз контент

Ауыр физикалық, эмоциялық немесе психологиялық залал келтіретін зиянды не қауіпті әрекеттерді насихаттайтын контент жарнама көрсетуге жарамсыз болады.

Саясат туралы мәлімет
Жарнамаларға қатысты нұсқау Сауалнама опциялары және мәліметтері
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алады:

Ешбір адам ауыр жарақат алмайтын, кәсіби әрі бақыланатын ортада жасалған онша қауіпті емес трюктер мен кино дубльдері. Қауіпті ұйымдарды сценариймен жазылған немесе оқу-танымдық контентте қысқаша атап өту.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

Жалпы сипаттағы зиянды немесе қауіпті әрекеттер

  • Жарақаттар көрінбейтін, бірақ келесідей қауіпті әрекеттер:
    • Вингсьютпен ұшу сияқты кәсіби трюктер немесе экстремалдық спорт түрлері.
    • Артқы дөңгелекпен айдаған немесе жерде паркур жасаған адамның бейнежазбасы.
    • Автокөлікті қауіпті трюк (мысалы, мотоциклді артқы дөңгелегімен тұрғызып не қолды жіберіп айдау) жасамай, басқа адамдарға кедергі келтірмей (мысалы, қозғалыс жолақтарының ортасында) жылдам айдау не дрифтинг жасау.

Сәтсіздіктер жинағы

  • Үрейлі жарақаттарды басты назарға алмайтын сәтсіздіктер (мысалы, әйнек есікке соғылу сияқты) туралы бейнелер жинағы. 

Пранкілер және челлендждер

  • Абыржу, түсінбеу немесе жайсыздық орын алса да, ұзақ мерзімді зияны жоқ пранкілер немесе челлендждер (бір шелек мұздай су құю челленджі сияқты).
  • Жарақат алу сәтінің бейнежазбасы немесе аудиосы жоқ зиянды пранкілер мен челлендждер туралы пікірлер немесе мәлімдемелер (мысалы, өзін-өзі өртеу челленджі туралы мәлімдеме, бірақ ондай оқиға нақтылап көрсетілмейді).
  • Аффект жағдайына әкелетін пранкілер немесе челлендждер көрсетілген оқу-танымдық, деректі контент немесе жаңалықтар (мысалы, төбелес, балағат сөздер және тіл тигізу, жұмыстан шығару туралы пранкілер).

Медицинаға немесе ғылымға қатысты жалған ақпарат

  • Вирустар, жұқпалы аурулар және COVID-19 туралы үрей туғызбайтын, бейтарап контент (мысалы, вирустар мен бактериялардың айырмашылығы туралы балаларға арналған бейне).

Зиянды жалған ақпарат

  • Зиянды жалған ақпарат тарататын топтардың қалай танымал болатынын және/немесе жалған ақпарат тарататынын түсіндіруді көздейтін оқу-танымдық немесе деректі контент.
  • Пиццагейт, Кьюанон, StopTheSteal, т.б. сияқты зиянды жалған ақпаратты әшкерелеуге арналған оқу-танымдық немесе деректі контент.
  • Климаттың өзгеруі туралы ақпаратты жалған деп әшкерелейтін оқу-танымдық немесе деректі контент.

Вейпинг және темекі 

  • Алдын алу шараларына арналған әлеуметтік жарнамалар.
  • Тұтыну басты назарға алынған сахналық контент.
  • Электрондық немесе кәдімгі темекі шығару индустриясы көрсетілген оқу-танымдық немесе деректі материалдар.

Алкоголь

  • Ішімдік немесе ересектердің ішкені көрсетілген, бірақ орынсыз ішуді насихаттауға немесе мадақтауға арналмаған контент.

Шетелдік лаңкестік ұйымдар

  • Лаңкестік шабуыл негізгі тақырып ретінде талқыға салынатын оқу-танымдық, журналистік роликтер не музыкалық бейнелер.
  • Лаңкестік топтар туралы оқу-танымдық немесе сахналық контент (лаңкестік шабуылдардың бейнежазбасы көрсетілмейді).
  • Шетелдік лаңкестік ұйымдар немесе лаңкестік әзілдеу мақсатында сипатталатын журналистік роликтер.
  • Шетелдік лаңкестік ұйымдардың суреттері көрсетіліп, бірақ контенттің негізгі тақырыбы ретінде айтылмайтын оқу-танымдық, сахналық, журналистік роликтер немесе музыкалық бейнелер. 

Есірткі саудасымен айналысатын ұйымдар

  • Жалпы алғанда халықаралық есірткі саудасы басты назарға алынған оқу-танымдық, сахналық, журналистік роликтер немесе музыкалық бейнелер.
  • Есірткі саудасымен айналысатын ұйымдар және олардың ұраны, басқа да нышандары бейнеленген оқу-танымдық, сахналық, журналистік роликтер немесе музыкалық бейнелер.
  • Есірткі саудасымен айналысатын ұйымдарды немесе халықаралық есірткі саудасын тақырып ретінде алып, әзіл-қалжыңға айналдырған оқу-танымдық, сахналық, журналистік роликтер немесе музыкалық бейнелер.
  • Журналистік роликтердегі осы топтарға қатысты әлеуметтік жарнама.
  • Есірткі саудасымен айналысатын ұйымдардың тұтқынға алу немесе тергеу сияқты зорлық-зомбылық жағдайлары мен әрекеттерінің көріністерін қамтитын журналистік роликтер.

Анықтамалар:

  • Ауыр жарақат — дұрыс медициналық жәрдем көрсетілмесе, емделмейтін, үйде емдеуге болмайтын жарақат (мысалы, сүйектің сынуы, буындардың шығып кетуі немесе қатты қансырау).
  • Дене модификациясына тату, пирсинг және пластикалық ота жасау жатады.
  • "Сахналық" мазмұнға фильм немесе ойдан шығарылған көріністер жатады.
Контенттің мынадай түрлеріндегі жарнамадан шектеулі ғана табыс түсуі немесе мүлде түспеуі мүмкін:

Жарақат немесе азап шегу көрсетілсе де, басты назарға алынбайтын көріністері (соның ішінде кәсіби емес және бақыланбайтын ортада орындалған әрекеттер) бар контент. Қауіпті ұйым басшысы туралы тақырыптар немесе соған қатысты әлеуметтік жарнамалар.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

Жалпы сипаттағы зиян немесе қауіпті әрекеттер

  • Биік ғимараттағы паркур сияқты қаупі жоғары әрекеттер немесе скейтбордтан құлау жарақаты сияқты ауыр жарақаттар көрсетілген бейне.
  • Келесі тақырыптармен байланысты оқу-танымдық, деректі мазмұн немесе жаңалықтар: 
    • Жан түршігерлік жарақат берілген зиянды немесе қауіпті әрекеттер.
    • Балалардың құмар ойын ойнауы немесе ересектерге арналған автокөлік айдауы. 
  • Автокөлікті қауіпті трюк (мысалы, мотоциклды артқы дөңгелегіне тұрғызып не қолды жіберіп айдау) жасап, басқа адамдарға кедергі келтіріп (мысалы, қозғалыс жолақтарының ортасында) жылдам айдау не дрифтинг жасау. 
  • Кәмелеттік жасқа толмаған бала қатысушы немесе зардап шегуші ретінде бейнеленген қауіпті әрекеттерді көрсететін оқу-танымдық, сахналық не музыкалық бейне контент.

Сәтсіздіктер жинағы

  • Өлімге немесе өлім жағдайларына әкелмейтін жан түршігерлік жарақат алу сәттерінің назарға алынған көріністері (мысалы, велосипедтер соқтығысатын бейнетоптама сияқты).

Пранкілер және челлендждер

  • Пранкілерге немесе челлендждерге қатысты оқу-танымдық, деректі контент немесе жаңалықтар:
    • Теміржол рельстерінің арасына жату сияқты қатысушыға немесе басқа адамдарға физикалық немесе психологиялық зақым келетіні көрсетілген пранкілер. 
    • Қайталауға болмайтын (мысалы, ағартқыш ішу талап етілетін) және адамның тікелей ауыр жарақат алуына әкелетін әрекеттер.
  • Физикалық түрде жазалау, балағаттау және тіл тигізу сияқты аффект жағдайына әкелетін пранкілер немесе сынақтар. Оларға жеке тұлғаның әлеуметтік жағдайына қауіп төндіретін (жұмыстан шығару жайлы пранкілер) болмаса қарым-қатынасқа байланысты адамның хал-ахуалына қауіп төндіретін (адам эмоциясының тұрақтылығына әсер ететін, мысалы, жақын адаммен айырылысу немесе туыс адамды қамауға алу туралы пранкілер) бейнелер жатуы мүмкін.
  • Дене сұйықтықтарының негізсіз көп болуы немесе жан түршігерлік зорлық-зомбылық көрінісі.
  • Желім немесе жануар азығы сияқты улы емес, бірақ жеуге болмайтын заттарды жеу талап етілетін челлендждер. "Каролиналық орақшы" сұрыпты ащы бұрыш сияқты жеуге болатын, бірақ көп мөлшерде зиян тамақты жеу әрекеті немесе жеңіл физикалық реакция көрсетілген бейне. 

Вейпинг және темекі

  • Темекі өнімдері туралы пікір немесе оларды салыстыру (мысалы, вейпинг сұйықтықтарын салыстыру).
  • Алкоголь мен есірткіге тәуелділігі бар адамдарға көмек көрсету қызметі туралы оқу-танымдық немесе деректі материал.

Алкоголь

  • Балалардың ішімдік немесе басқа да алкоголь өнімдерін тұтынғаны көрсетілген оқу-танымдық, деректі немесе сахналық контент. 

Шетелдік лаңкестік ұйымдар (FTO)

  • FTO ұйымдары немесе лаңкестік тақырыбы атап өтілетін комедиялық бейнелер.
  • FTO ұйымдары комедиялық тұрғыда атап өтілетін оқу-танымдық, деректі немесе музыкалық бейнелер. 
  • FTO-ға қатысты суреттерді көрсету, бірақ ол контенттің негізгі тақырыбы немесе сюжеті болмауы керек. 

Есірткі саудасымен айналысатын ұйымдар (DTO)

  • Контекссіз жіберілетін осы топтарға қатысты әлеуметтік жарнама.
  • Есірткі саудасымен айналысатын ұйымдарға (DTO) қатысты оқу-танымдық немесе деректі контент не әлеуметтік жарнама.
    • Нақты бір DTO ұйымдары немесе DTO басшылары басты назарға алынған оқу-танымдық контент.
    • Шабуылдың жан түршігерліктей емес көрінісін немесе салдарын, тұтқынға алу оқиғасын, т.б. қамтуы мүмкін.
    • Осы топтарға қатысты әлеуметтік жарнама.
    • DTO ұйымдарының тұтқынға алу немесе тергеу сияқты зорлық-зомбылық жағдайлары және әрекеттері. 

Анықтамалар:

  • "Жеңіл физикалық реакция" дегеніміз — қатты жүрек айну, құсқысы келіп жөтелу.
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алмайды:

Көбіне жол апаты, вигиланттық әрекет, пранкілер немесе эксперименттер мен трюктер сияқты денсаулыққа зиян (мысалы, алкоголь ішу немесе жеуге жарамсыз заттарды жеу) қауіпті әрекеттер; осындай контентті көрсететін танымал бейнелерді талқылау. Қауіпті ұйымдарды ұлықтау, суреттеп бейнелеу немесе оларға қосылуға шақыру.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

Жалпы сипаттағы зиян немесе қауіпті әрекеттер

  • Зиянды, қауіпті немесе сондай болуы мүмкін әрекеттерді насихаттау.
    • Үрейлендіретін көріністері және жарақаттары бар автокөлікке қатысты контент (мысалы, жол апаты болған сәт немесе көлік қаққан адамның жолда ес-түссіз жатқаны көрсетілген бейне).
  • Балалардың құмар ойын ойнауы немесе ересектерге арналған автокөлік айдауы.
  • Кәмелеттік жасқа толмаған бала қатысушы немесе зардап шегуші ретінде бейнеленген қауіпті әрекеттер.

Сәтсіздіктер жинағы

  • Өлімге немесе ауыр жарақатқа (оңалмайтын жарақат немесе кома, талма, сал ауруы, т.б.) әкелген әрекеттерден тұратын сәтсіздіктер жинақтары. 

Пранкілер және челлендждер

  • Қайталауға болмайтын (мысалы, хлорды ішу талап етілетін) және адамның тікелей ауыр жарақат алуына әкелетін пранкілер немесе челлендждер.
  • Келесі тақырыптарға қатысты пранкілер немесе челлендждер: 
    • Суицид, өлім, өтірік бомбамен немесе шын қарумен қорқыту туралы пранкілер.
    • Мәжбүрлеп сүю, денені ұстау, зорлау сияқты сексуалдық әрекеттер, киіну бөлмесіндегі жасырын камералар.
    • Бейнеде басты назарға алынбайтын физикалық зақым немесе азап.
    • Баланы қорқытатын немесе көңіл күйін түсіретін, яғни психикалық залал келтіретін бейне (ұзақ уақытқа созылатын пранк болуы мүмкін). Балаларды ата-анасының өлгеніне сендіру пранкілері соған жатады.
    • Теміржолдар арасында тігінен жату сияқты қатысушыға немесе басқа адамдарға физикалық немесе психологиялық зақым келетіні көрсетілген пранкілер.
    • Вирустан әдейі қорғанбау сияқты қауіпті әрекеттерді насихаттайтын немесе үрей туғызатын COVID-19-ға қатысты пранкілер (мысалы, карантинге қайшы келетін әрекеттер жасау немесе қоғамдық ортада вирус тексерісінің нәтижесі оң болғандай сыңай таныту).
    • Басқа адамдарға зиян келтіру үшін қару-жарақ қолдануды насихаттау.
    • Заттарды үрей туғызатындай физикалық реакцияларға әкелетін мөлшерде тұтыну (мысалы, "елес" ащы бұрышын жегеннен кейін құсу сияқты) көрсетілген бейне.
    • Өзін-өзі өртеу немесе "құс қорабы" (көзді жауып бірдеңе істеу) сияқты ауыр жарақат алу қаупі бар челлендждер.
    • Алаяқтық пен заңсыз іс-әрекеттерді (мысалы, біреудің үйін тонау) насихаттау.

Медицинаға немесе ғылымға қатысты жалған ақпарат

  • Денсаулыққа немесе медицинаға қатысты қауіпті пікірлерді және тәжірибені насихаттау:
    • АИТВ сияқты анықталған аурулардың жоқ екенін мәлімдеу.
    • Ауруларды ғылыми тұрғыда дәлелденбеген жолмен емдеуге шақыратын немесе осындай контент көрсетілген бейнелер (мысалы, қатерлі ісікті диетамен емдеу).
    • Бекітілген медициналық және ғылыми фактілерді жоққа шығаратын жалған ақпарат тарату (мысалы, вакцинацияға қарсы шығу).
    • Гомосексуалдық бағдарды өзгертуге арналған терапиялық бағдарламаларды немесе қызметтерді жарнамалайтын немесе ақтайтын контент.
  • COVID-19-ға қатысты зиянды жалған ақпаратты насихаттау не қолдау:
    • COVID-19 вакцинасын алмауды насихаттайтын контент.
    • Вакцинаның әсері мен таралуы туралы жалған ақпарат тарату. Оған келесі ақпарат жатуы мүмкін:
      • Вакцина бедеулікке әкелетінін мәлімдеу. 
      • Вакцинада микрочип бар деп айту. 
      • Вакциналар адамдар популяциясының бір бөлігін жою үшін қолданылады деп мәлімдеу.
    • Бетперде немесе әлеуметтік арақашықтық сақтау шарасы COVID-19-дың таралуына шек қоймайтынын айту.
    • COVID-19-дың таралу жолы ретінде медициналық және ғылыми негізі жоқ әдістерді мәлімдеу (мысалы, ол 5G сымсыз сигналы арқылы таралатынын хабарлау).
    • COVID-19-ды ғылыми тұрғыда дәлелденбеген жолмен емдеуге шақыратын немесе осындай контент көрсетілген бейнелер (мысалы, гидроксихлорохин егу арқылы емдеу).

Зиянды жалған ақпарат

  • Көрінеу жалған және сайлау немесе демократиялық процеске қатысуға немесе сенуге едәуір нұқсан келтіруі мүмкін мәлімдемелер жасау.
    • Қоғамдық дауыс беру процедуралары туралы, жасына немесе туған жеріне қарай саяси үміткердің құқылы болуы, сайлау нәтижелері туралы немесе ресми мемлекеттік жазбаларға қайшы келетін санаққа қатысу туралы көрінеу жалған ақпарат беру.
  • Зиянды жалған ақпарат (мысалы, Пиццагейт, Кьюанон, StopTheSteal) тарату.
  • Зиянды жалған ақпарат тарататын топтарға қолдау көрсету.
  • Климат өзгерісінің бар екені және оның себептері жөніндегі ғылыми көзқарасқа қарама-қарсы пікірлер.

Вейпинг және темекі 

  • Темекіні және темекімен байланысты өнімдерді және оларды тұтынуды насихаттау.
  • Вейпинг/темекі өнімдерін тұтынған балалардың бейнежазбасы.
  • Вейпинг/темекі өнімдерін сатуға көмектесу.
  • Вейпинг/темекі өнімдерін өндіруші ұсынбаған мақсатта тұтыну (мысалы, электрондық темекі сұйықтығын ішу). 

Алкоголь

  • Балалардың ішімдік ішкені көрсетілген контент (бұл әрекет бейненің негізгі тақырыбы болмаса да). 
  • Балаларға ішімдік ішуді насихаттау.

Шетелдік лаңкестік ұйымдар (FTO)

  • Шетелдік лаңкестік ұйымдарға немесе лаңкестік тақырыбына басты назар аударатын оқу-танымдық емес бейнелер, мысалы: 
    • Лаңкестік шабуылды негізгі тақырып ретінде талқылау.
    • Контенттің кез келген жерінде (мысалы, бейне суретінде) тиісті суреттердің немесе топ атауының, басшы атының берілуі.
  • Үрейлендіретін, жан түршігерлік және/немесе зорлық-зомбылыққа толы контент не зорлыққа арандататын немесе сондай әрекетті мадақтайтын көріністер.
  • Лаңкестік топтар жасаған немесе қолдау көрсеткен контент.
  • Лаңкестік шабуылдарды мақтайтын немесе олардың болғанын мойындамайтын контент.

Есірткі саудасымен айналысатын ұйымдар (DTO)

  • Белгілі бір есірткі саудасымен айналысатын ұйымдарды, олардың басшыларын немесе халықаралық есірткі саудасын басты назарға алатын оқу-танымдық емес бейнелер.
    • Тақырыпты бейнеде кездейсоқ, ойламаған жерден талқылау оның "оқу-танымдық емес" екенін білдіреді. Себебі бейненің мақсаты тақырыпты түсіндіру деп ашық айтылмайды.
  • Есірткі саудасымен айналысатын ұйымдарға қатысты ту, ұран, баннер, т.б. сияқты заттардың кескіндерін оқу-танымдық емес сипатта көрсету.
  • Топ мүшелерін жұмысқа қабылдау.
  • "Наркокорридо" не басқаша жолмен есірткі саудасымен айналысатын ұйымдарды мадақтайтын немесе насихаттайтын музыка.
  • Есірткі саудасымен айналысатын ұйымдардың тұтқынға алу немесе тергеу сияқты зорлық-зомбылық жағдайлары және әрекеттері.
  • Есірткі саудасымен айналысатын ұйымдар немесе халықаралық есірткі саудасы туралы әзіл-қалжың.

Осы қағидаларда қолданылған негізгі шарттар туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Өшпенділікті насихаттайтын және қорлаушы сипаты бар контент

Жеке тұлғаға немесе адамдар тобына деген өшпенділікті тудыратын, оларды кемсітуді насихаттайтын, қорлайтын немесе намысына тиетін контент жарнама көрсетуге жарамды болмайды. Әзіл-сықақ немесе комедиялық контент бұл ережеден босатылуы мүмкін. Контентті әзіл ретінде көрсеткеніңізді айтып кетсеңіз де, ол бәрібір жарнама көрсетуге жарамды болмауы мүмкін.

Саясат туралы мәлімет
Жарнамаларға қатысты нұсқау Сауалнама опциялары және мәліметтері
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алады:

Қорғалған топтар туралы сөз қозғалған немесе жеке адамдардың пікірі не әрекеттері кемсіту және зиян келтіру ойынсыз сынап-мінелген контент.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

  • Қорғалған топтарды сипаттайтын немесе осындай топтардың дискриминацияға ұшырауы мүмкін екенін өшпенділіксіз хабарлайтын жаңалықтар (мысалы, гомофобияға қатысты жаңалықтар репортажы).
  • Қорғалған топтарды мазақ қылуды, кемсітуді немесе оларға қорлайтын сөздер айтуды кінәраттайтын немесе тұспалдайтын әзіл-қалжың контент.
  • Қорғалған топтарға өшпенділік ұялатпайтын және оларға қарсы озбырлыққа шақырмайтын қоғамдық пікірталас.
  • Шетін сөздерді немесе белгілерді өшпенділіксіз қолданатын көркем контент (мысалы, әйгілі музыкалық бейнелер).
  • Оқу-танымдық немесе деректі контент:
    • Аудиторияға білім беру мақсатында берілген жасырын нәсілдік кемсіту немесе қорлау сөздері (мысалы, н*гр).
    • Өшпенділікке толы суреттерді басты назарға алу.
  • Жеке тұлғаның немесе топтың пікірін, көзқарасын, әрекеттерін арандату немесе кемсіту мақсатынсыз сынап-мінеу.

Анықтамалар:

"Қорғалған топ" – төмендегі сипаттары бойынша қорғалатын адамдар. Жеке тұлғаны немесе адамдар тобын төмендегі сипаттары бойынша жек көруге шақыратын, шеттететін, кемсітетін немесе қорлайтын контент жарнамаға қолайсыз деп есептеледі.

  • Нәсіл
  • Этникалық топ немесе этникалық шығу тегі
  • Ұлт
  • Дін
  • Мүгедектік
  • Жас
  • Ардагер күйі
  • Жыныстық бағдар
  • Жыныстық тиістілік
  • Жалпы дискриминациямен немесе маргинализациямен байланысты кез келген басқа сипат.
Контенттің мынадай түрлеріндегі жарнамадан шектеулі ғана табыс түсуі немесе мүлде түспеуі мүмкін:

Жеке адамдардың немесе топтардың намысына тиетін, бірақ оқу-танымдық сипаттағы, жаңалық немесе деректі фильм ретіндегі контент.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

  • Орынсыз сөздер кездессе де, білім беруге арналған саяси пікірталас немесе дебат (мысалы, трансгендерлер құқығына қатысты саяси пікірталас).
  • Танымдық сипаттағы мазмұн:
    • Аудиторияға білім беру мақсатында берілген айқын нәсілдік кемсіту немесе қорлау сөздері (мысалы, н*гр сияқты сөздердің цензураланбай немесе толықтай аталып қолданылуы).
    • Келесі әрекеттерді ашықтан-ашық насихаттамай, оларға шақырмай орындаған адамның өңделмеген бейнежазбасы бар:
      • Жеке тұлғаны немесе топты ұялтуға немесе тіл тигізуге басты назар аудару.
      • Жәбірлеу немесе харассмент үшін бір адамды таңдап алу.
      • Қайғылы жағдайлардың болғанын мойындамау және жасыру.
      • Адамға қаскүнемдікпен шабуылдау және жала жабу.
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алмайды:

Жеке адамдарға немесе топтарға бағытталған өшпенділік немесе харассмент.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

  • Қорғалған топ намысына тиетін немесе белгілі бір адамдардың толыққанды дамымағанын тұспалдайтын/мәлімдейтін сөздер ("Бұл ел тұрғындарының барлығы оңбаған" деген сияқты).
  • Нәсілдік кемсіту немесе қорлайтын атаулар кездесетін оқу-танымдық емес мазмұн.
  • Белгілі бір адамдарға деген зорлық-зомбылықты насихаттау, мадақтау немесе ақтау.
    • "Бұл елдегі мүгедектердің барлығын жек көруіңіз керек" деген сияқты мәлімдеме беретін, қорғалған топтарды шеттетуді насихаттайтын мазмұн.
  • Жек көруші топтарды немесе солардың атрибуттарын насихаттау.
  • Жеке тұлғаны не топты ұялту немесе оларға тіл тигізу.
  • Жәбірлеу немесе харассмент үшін жеке тұлғаны не топты таңдап алу.
  • Қайғылы жағдайлардың болғанын мойындамау және құрбандарды немесе жәбірленушілерді апаттағы актерлер деп есептеу.
  • Адамға қаскүнемдікпен шабуылдау, жала жабу және қаралау.
  • Идеологияларды немесе сенімдерді жалпылау не кемсіту арқылы нашар тұсынан көрсету.
    • Жеке тұлғаларды, топтарды, идеологияларды немесе сенімдерді теріс жағынан сипаттау (мысалы, "Барлық феминист ауру" деген сияқты).

Осы қағидаларда қолданылған негізгі шарттар туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Көңіл көтеретін есірткі және оған қатысты контент

Заңсыз есірткіні, заң бойынша бақылауда ұсталатын есірткіні, заттарды немесе қауіпті өнімдерді сатуды, пайдалануды немесе бұрыс қолдануды насихаттайтын немесе көрсететін контент.

Саясат туралы мәлімет
Жарнамаларға қатысты нұсқау Сауалнама опциялары және мәліметтері
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алады:

Мақсаты есірткінің заңсыз қолданысын насихаттау немесе жарнамалау емес, есірткіні немесе оны пайдалану құралдарын оқу-танымдық мақсатта, әзіл-қалжың ретінде немесе музыкалық контентте көрсету. Ойын контентінде көрсетілген есірткі сату көріністері. Есірткі пайдалануды бейнелейтін сахналық контент көрсетілген деректі немесе журналистік репортаждар.

Осы санатқа жататын мазмұн мысалдары:

  • Есірткі немесе оны пайдалану құралдары туралы танымдық контент (мысалы, есірткі тұтынудың ғылыми әсері немесе есірткі тасымалының тарихы).
  • Есірткі тәуелділігінен құтылған адамның оқиғасы.
  • Музыкалық бейнелерде есірткінің қысқаша көрсетілуі.
  • Есірткі саудасын көрсететін ойын контенті. 
  • Есірткіні сатып алу, жасау, қолдану немесе тарату (есірткіні тәркілеу оқиғасы сияқты) туралы деректі не журналистік роликтер.
  • Сахналық, деректі не журналистік ролик, соның ішінде есірткі қолданылатын (мысалы, тамырға енгізу) ойын көріністері.
Контенттің мынадай түрлеріндегі жарнамадан шектеулі ғана табыс түсуі немесе мүлде түспеуі мүмкін:

Мақсаты есірткінің заңсыз қолданысын насихаттау немесе жарнамалау емес, заңсыз есірткі қолданысына (соның ішінде қалай егілетініне) немесе жасалуына басты назар аударатын оқу-танымдық емес және ақпараттық емес контент.

Осы санатқа жататын мазмұн мысалдары:

  • Көңіл көтеретін есірткі қолданысын көрсететін сахналық мазмұн, соның ішінде музыка және бейне ойындар.
    • Сценарий бойынша жазылған мазмұнда есірткі егу көріністері.
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алмайды:

Есірткіні немесе оны пайдалану құралдарын сауықтыру тәсілі ретінде жарнамалайтын, насихаттайтын, сондай-ақ сатып алу, жасау, сату немесе табу туралы нұсқаулар берілетін контент.

Осы санатқа жататын мазмұн мысалдары:

  • Есірткі туралы пікір және құнды ақпарат беру.
    • Көңіл көтеретін есірткіні қолдану немесе жасау туралы кеңестер не ұсыныстар (каннабис фермалары сияқты).
    • Каннабис кафелері, хэдшоптар, дилерлер, есірткі өсіру турлары, т.б. туралы пікірлер.
    • Есірткіні онлайн немесе офлайн сатып алу.
      • Есірткі сатылатын сайттар сілтемесін немесе дүкендер мекенжайын бөлісу.

Осы қағидаларда қолданылған негізгі шарттар туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Қару-жараққа қатысты контент

Шынайы немесе жалған қару-жарақты сатуға, құрастыруға немесе теріс қолдануға назар аударылған контент жарнама көрсетуге жарамсыз болады.

Саясат туралы мәлімет
Жарнамаларға қатысты нұсқау Сауалнама опциялары және мәліметтері
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алады:

Автоматты емес және жартылай автоматты, өзгертілмеген қару-жарақтың тир немесе ашық кеңістікте айналадағы адамдарды жарақаттамайтындай немесе адамдар дұрыс қолданған әдіспен көрсетілуі. Отты қаруды немесе пейнтбол қару-жарағын жөндеу немесе тексеру мақсатында бөлшектеу және жинау. Страйкбол немесе шар тәріздес оғы бар (ВВ) қаруларды абайлап пайдалану.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

  • Қару-жараққа қатысты заңнаманы немесе қару-жарақты басқару мәселесін талқылау.
  • Қаруды тексеру және көпшілікке көрсету.
  • Оптикалық көздеуіштер мен дыбыс бастырғыштар туралы мазмұн.
  • Адамдарға немесе жеке меншікке зиян келтірмейтін жалған қару-жарақ.

Анықтамалар:

  • "Қауіпсіз орта" – нысананы ату үшін арнайы құрастырылған тир немесе жабық кеңістіктегі аймақ сияқты орындар.
  • "Өзгерту" — өнімнің, сондай-ақ ағытқыш ілмектің, сырғымалы дүмбінің және жарылғыш/тұтандырғыш оқ-дәрінің немесе термалдық/инфрақызыл көздеуіштің не сыйымдылығы көп оқжатардың ішкі функцияларына кедергі келтіретін, оларды күшейтетін немесе өзгертетін әрекеттер. 
  • "Жалған қару-жарақ" — жұмыс істемейтін қару. Оған тек бос патронмен атуға арналған қару-жарақ та жатады. 
     
Контенттің мынадай түрлеріндегі жарнамадан шектеулі ғана табыс түсуі немесе мүлде түспеуі мүмкін:

Қару-жарақты қауіпті ортада пайдалану; қорғайтын киім кимеген адамдарға қарсы страйкбол қаруын немесе шар тәріздес оғы бар (ВВ) қару қолдану.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

  • Арнайы дайындалмаған немесе бақыланбайтын ортада (мысалы, көшеде, маңайдағы адамдарға немесе жеке меншікке қауіп төнетін жерде) қолданылып жатқан қару-жарақты көрсету.
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алмайды:

Қару-жарақ жасау немесе өзгерту (оның ішінде құрастыру немесе бөлшектеу) әдістерін көрсететін, қару-жарақ өндірушілерін немесе сатушыларын жарнамалайтын не сатуға көмектесетін, кәмелетке толмаған балалар ересектердің бақылауынсыз қару-жарақ қолданғаны көрсетілетін контент. Сырғымалы дүмбі, ағытқыш ілмек, термовизор немесе инфрақызыл көздеуіш орнатылған, қыздырғыш, жарылғыш не тұтандырғыш оқ-дәрі салынған қару көрсетілген контент. Тапаншаға бекітілген немесе одан бөлек берілген сыйымдылығы көп оқжатарлар (30 оқ немесе одан көп) көрсетілген контент. Толық автоматты қарулар немесе бір басқанда бірнеше оқ ататындай етіп өзгертілген қарулар көрсетілген контент.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

  • Қару-жараққа сырғымалы дүмбілер қосу жолы берілген нұсқаулар.
  • Қару жасайтын үздік өндірушілерді немесе фирмаларды ұсыну (мысалы, "Тапанша сататын ең үздік 15 дүкен" деген сияқты).
  • Қару сатумен айналысатын сайттарға тікелей сілтеме беру.
  • Қару-жарақ немесе оның құрамдастарын жарнамалау:
    • Қарудың негізгі құрамдасын не оның функционалдығын арттыратын бөлшегін сату, соның ішінде:
    • 80% аяқталған қару бөлшектері
    • Амуниция
    • Патрондық оқтізер
    • Дыбыс бастырғыштар
    • Патрон таспалары
    • Қару ұңғысы
    • Түрлендіру жинағы
    • Тапанша тұтқасы
    • Оптикалық көздеуіш
    • Көздеу тетігі
  • Қару дүкендері жарнамаланған бейнелер.
  • Қару өндірушілері жарнамаланған немесе қару сататын дүкендер үшін промокод ұсынылған бейнелер.
  • Қару-жарақ жасау нұсқаулары (мысалы, қаруды жинау/бөлшектеу немесе өзгерту қадамдары), қаруды немесе оның бөлшектерін 3D басып шығаруға арналған бағдарламалық құрал не жабдық берілген бейнелер.
  • Қару-жарақты өзгерту мақсатында құрастыру/бөлшектеу.

Осы қағидаларда қолданылған негізгі шарттар туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Даулы мәселелер

"Даулы мәселелер" – әдетте қайғылы оқиғаның нәтижесінде көрермендерді қынжылтатын тақырыптар. Контент тек түсіндіру мақсатында берілсе және жан түршігерлік көріністері болмаса да, осы саясат қолданылады.

Даулы мәселелер балаларға зорлық-зомбылық жасау, ересектер арасындағы сексуалдық зорлық-зомбылық, сексуалдық харассмент, өз-өзін жарақаттау, суицид, тамақтану тәртібінің бұзылуы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, аборт және эвтаназия сияқты тақырыптарды қамтиды.

Саясат туралы мәлімет
Жарнамаларға қатысты нұсқау Сауалнама опциялары және мәліметтері
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алады:

Даулы мәселелердің алдын алуға қатысты контент. Бейнесінде даулы мәселелер туралы қысқаша айтылатын, бірақ олардың жан түршігерлік көріністері немесе сипаттамасы берілмейтін контент. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, өз-өзін жарақаттауға, ересектер арасындағы сексуалдық зорлық-зомбылыққа, абортқа, сексуалдық харассментке қатысты жан түршігерлік емес, әсіре сипатталмаған контент.

Осы санатқа жататын контент мысалдары: 

  • даулы мәселелер басты тақырыпқа айналған жан түршігерлік емес, әсіре сипатталмаған жаңалықтар;
  • аборт туралы жан түршігерлік емес контент, соның ішінде адамдардың бастан өткергендері, ойлары немесе медициналық процедура туралы контент;
  • абортқа қатысты тарих немесе заң тұрғысынан алынған фактілер қамтылған контент;
  • суицид/өз-өзін жарақаттау, ересектер арасындағы сексуалдық зорлық-зомбылық, сексуалдық харассмент, яки эвтаназия тақырыбы қамтылған, жан түршігерлік емес, әсіре сипатталмаған журналистикалық материал;
  • даулы мәселелердің сахналық яки көркем сипаттағы жағымсыз дерлік көріністері;
    • біреудің көпірден секіргені көрсетілген, бірақ жан түршігерлік өлі денесі көрсетілмеген фильм;
  • ой салатын немесе итермелейтін сигналдар қоспай, тамақтану тәртібінің бұзылуы туралы жалпылама айта кету;  

Бейне атауы мен суреті: 

  • даулы мәселелерге қатысты жан түршігерлік емес сілтемелер;
    • ұстараның суреті немесе мәтіні;

Анықтамалар: 

  • Қысқаша айтып кету — басты назарға алмай, даулы немесе шетін тақырыптарды қысқаша ғана атап өту. Мысалы, даулы немесе шетін тақырыпты қысқаша айта кету осы тақырыпқа басты назар аудару болып саналмайды. 
    • Оған "келесі аптада суицидтің азаюы туралы сөз қозғаймыз" деп айтып кеткенді жатқызуға болады.
  • Ой салатын немесе итермелейтін сигналдар:   
    • ең төмен дене салмағы индексі немесе салмақ;
    • өте арық немесе азып-тозған адам денесін көрсету;
    • салмаққа не дене бітіміне қатысты сын айтып, ұялту немесе буллинг;
    • тамақты үздіксіз жеу, тығып жеу немесе сақтап қою туралы айту;
    • калория тапшылығына жету үшін жаттығу жасау;
    • құсу не іш өткізгіш дәрілерді теріс пайдалану;
    • салмақ тастау барысын тексеріп отыру;
    • жоғарыда берілгендердің кез келгенін жасыру туралы айту.
Контенттің мынадай түрлеріндегі жарнамадан шектеулі ғана табыс түсуі немесе мүлде түспеуі мүмкін:

Визуалдық көріністері берілмесе де, бейнеде әсіре сипатталатын даулы мәселелер. Даулы мәселелер сахналық, көркем, оқу-танымдық, деректі немесе ғылыми материал түрінде берілген контент. Баланы жәбірлеу негізгі тақырып ретінде алынған, бірақ жан түршігерлік көріністер берілмеген, оқиғалар әсіре сипатталмаған контент. Жан түршігерлік болмағанымен, ересектер арасындағы сексуалдық зорлық-зомбылық, сексуалдық харассмент немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық әсіре сипатталатын контент.

Осы санатқа жататын контент мысалдары: 

  • балаларды жәбірлеу мәселесі негізгі тақырып ретінде қарастырылған, бірақ толық сипаттамасы немесе жан түршігерлік көріністері берілмеген контент;
  • тамақтану тәртібінің бұзылуы туралы ой салатын немесе сондайға итермелейтін сигналдары бар сахналық яки көркем сипаттағы көріністер; 
  • даулы мәселелердің оқу-танымдық немесе көркем контекст қосылмаған, сахналық яки анимацияланған жағымсыз дерлік көріністері; 
  • даулы мәселелердің сахналық яки көркем сипаттағы жағымсыз көріністері; 
    • біреудің өз білегін тіліп жатқаны көрсетілген, қан көрінетін фильм;
  • біреудің булимиядан айығу жолы сияқты тамақтану тәртібі бұзылуынан емделгені туралы әңгіме.

Бейне атауы мен суреті: 

  • Бейне суретінде даулы мәселелердің жан түршігерлік көріністерін көрсету (соның ішінде шынайы және сахналық/көркем материалдар). 
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алмайды:

Даулы мәселелер негізгі тақырып ретінде алынып, жан түршігерлік көріністер берілген немесе оқиғалар әсіре сипатталған контент. Келесідей материалдар не контекст арқылы тамақтану тәртібінің бұзылуын анық көрсететін цензурасыз контент: дене массасының ең төменгі индексі немесе ең төменгі дене салмағы, арық не жүдеу денені көрсету, салмақ пен дене бітіміне қатысты ұялту не кемсіту, тамақты шамадан артық жеу, тығып жеу не артығымен сақтау тақырыбын көтеру, калория мөлшерін азайту үшін жаттығу жасау, құсу не іш өткізгіш дәрілерді теріс пайдалану, салмақ тастау барысын тексеріп отыру, жоғарыда берілгендердің барлығын жасыру.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

  • төмендегі мәселелерге қатысты өзінің не өзгелердің бастан өткергендерін толық, жан түршігерлік етіп сипаттайтын контент:
    • баланы жәбірлеу;
    • педофилия;
    • өз-өзін жарақаттау;
    • суицид;
    • тұрмыстық зорлық-зомбылық;
    • эвтаназия.
  • бейне контентінде, атауында немесе суретінде даулы мәселелерді насихаттау немесе мадақтау (мысалы, "Өзін өлтіру және абыроймен өлу амалдары");
  • өзін-өзі жарақаттаудың жан түршігерлік көрінісі (тыртықтар, қан немесе жарақат); 
  • болып жатқан даулы мәселенің цензурасыз аудиосы;
  • тамақтану тәртібінің бұзылуы туралы ой салатын немесе сондайға итермелейтін сигналдары бар цензурасыз материалдар;
  • даулы мәселелердің оқу-танымдық немесе көркем контекст қосылмаған, жағымсыз көріністері;
    • біреудің өз білегін тіліп жатқаны көрсетілген, қан көрінетін өңделмеген бейнежазбасы;
  • даулы мәселелердің сенсация ретінде ұсынылған анимациялық кескіні;   
    • буллинг көрсетілген контент.

Анықтамалар:

"Ерекшелеу" немесе "басты назар аудару" белгілі бір сегмент, толықтай бейне немесе әңгіме берілген тақырып туралы екенін білдіреді. Даулы мәселені жай ғана атап өту оны ерекшелеуге жатпайды. Мысалы, даулы немесе шетін тақырыпты айта кету ("Келесі аптада суицидтің азаюы туралы сөз қозғаймыз" деген сияқты) бұл тақырыпқа басты назар аудару емес. Бірақ сондай тақырып үшін бейненің белгілі бір сегментін бөліп, сол тақырыпты талқылау "басты назар аудару" болып есептеледі. Басты назарға алу үшін ауызшадан басқа тәсіл де қолданылуы мүмкін. Бейнеде шетін мәселеге назар аударылған сурет немесе мәтін болса, ол да басты назар болып есептеледі.

Осы қағидаларда қолданылған негізгі шарттар туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Шетін оқиғалар

Шетін оқиға – Google-дың жоғары сапалы, сәйкес ақпарат пен дәлелденген шындықты қамтамасыз ету және негізгі және монетизацияға қатысты функциялардағы жөнсіз немесе адамдарды заңсыз қолдану жағдайларын көрсететін контентті азайту қабілетіне елеулі қауіп төндіретін оқиға немесе іс-шара. Шетін оқиға кезінде мұндай қауіптерді жою үшін түрлі шаралар қолдануымыз мүмкін.

Шетін оқиға мысалдарына азаматтық төтенше жағдайлар, табиғат апаттары, денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар, лаңкестік және соған байланысты іс-қимылдар, қақтығыстар немесе жаппай зорлық-зомбылық кіреді. Контенттің жан түршігерлік көріністері болмаса да, осы саясат қолданылады. 

Саясат туралы мәлімет
Жарнамаларға қатысты нұсқау Сауалнама опциялары және мәліметтері
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алады:

Дүниеден өту немесе қайғы туралы айтылатын, бірақ ол оқиғаларды өз пайдасына асыру немесе маңызын кетіру мақсаты қойылмайтын талқылаулар. 

Белгілі бір жағдайларда біз жәбірленушілерді қорлау немесе қанаудан аулақ болу үшін шетін оқиғаға қатысты кез келген контентті монетизациялаудың алдын аламыз. Контекст маңызды: мысалы, біз контент рұқсат етілген жаңалықтар репортаждары, деректі контент немесе шетін оқиға туралы пікірталастар болса, оған жарнамадан табыс табуға рұқсат бере аламыз.

Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алмайды:

Авторлар шетін оқиғадан пайда табатын немесе оны өз пайдасына асыратын контентті монетизациялай алмайды.

Мысалдар (толық емес): 

  • пайдаланушылар үшін көзге көрінетін пайдасы жоқ қайғылы оқиғадан ақша табу, тиісті қадағалаушы органдардың (мысалы, төтенше жағдайлар ұйымдары, денсаулық сақтау органдары немесе халықаралық ұйымдар) стандарттарына және/немесе ережелеріне сәйкес келмейтін өнімдерді немесе қызметтерді сату; 
  • қосымша трафикті тарту үшін шетін оқиғаға қатысты кілтсөздерді пайдалану.

Осы қағидаларда қолданылған негізгі шарттар туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Әділетсіз әрекеттерге итермелеу

Рұқсатсыз кіру, алдау, өз қажеттілігі үшін немесе ақылы түрде компьютерлік хакерлік әрекет жасау сияқты әділетсіз әрекеттерді мадақтайтын немесе насихаттайтын контент.

Саясат туралы мәлімет
Жарнамаларға қатысты нұсқау Сауалнама опциялары және мәліметтері
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алады:

Әділетсіз әрекеттерге итермелеуді оқу-танымдық мақсатта, әзіл-сықақ ретінде немесе музыкалық контексте көрсету. Жүріс-тұрыс ережесіне қайшы келетін шағын қылмыс туралы журналистік репортаждар сияқты әділетсіз әрекеттерді насихаттамайтын контент.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

Біреудің меншігіне заңсыз басып кіру

  • Аудиториямен бөлісу үшін қараусыз қалған ғимараттарды немесе қолданыстан шығарылған жерлерді зерттеу (мұндай әрекетке рұқсат берілгені туралы сипаттама беру керек).
    • Чернобыльдың тыйым салынған аймағына саяхаттау (рұқсат болуы керек).
  • Келесілер туралы журналистік ролик:
    • Бөлшек сауда немесе коммерциялық ғимараттағы жүріс-тұрыс ережесін бұзатын мазмұн (мысалы, дүкен жабылғаннан кейін онда түнеп шығу). 
    • Бөлшек сауда дүкен иесінің рұқсатынсыз өзін жалған дүкен қызметкері етіп көрсету (мысалы, дүкен қызметкерлерінің униформасын кию және клиенттерге тауарлар бойынша көмек көрсету). 

Хакерлік әрекет

  • Ену сынағы (физикалық және ақпараттық қауіпсіздік осалдықтарын анықтау үшін хакерлердің компанияларға көрсететін қызметі).
  • Жүйедегі немесе бағдарламадағы компьютерлік қателерді тапқаны үшін берілетін сыйақылар.
  • Цифрлық хакерлік әрекеттер, лайфхактар, кеңестер мен айла-тәсілдер (мысалы, телефонға бұзып кіру, чит-кодтар, ойын моддингісі, VPN қызметтері).
  • Киберспорт жарысында хакерлік бағдарламалық құралды пайдалану немесе пайдалануға ынталандыру туралы танымдық, деректік немесе журналистік роликтер. 

Қылмыс

  • Қылмыс туралы деректі фильмдер.
  • Қылмыс әсер еткен адамдардың оқиғасы.
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алмайды:

Жүйелерге, құрылғыларға немесе ресурстарға рұқсатсыз кіруді немесе рұқсатсыз өзгерістер енгізуді үйрететін контент. Ұйымда қабылданған жүріс-тұрыс ережесіне қайшы әрекеттерді көрсету. Адамдарды алдауға немесе басқа біреудің атын жамылуға көмектесетін өнімдерді немесе қызметтерді (мысалы, ғылыми жұмыс жазып беру қызметтерін немесе киберспорт жарыстарында жеңуге арналған хакерлік әдістерді) ұсыну.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

Біреудің меншігіне заңсыз басып кіру

  • біреудің меншігіне басып кіруді (мысалы, түнде күзеті бар ғимаратқа рұқсатсыз кіруді) насихаттау;
  • дүкеннің немесе коммерциялық ғимараттың жүріс-тұрыс ережесін бұзу;
  • меншік иесінің келісімінсіз дүкен қызметкерлерінің атын жамылу;
  • үйге басып кіруді (мысалы, бейнебақылау жазбасын) қосымша контекссіз көрсету.

Хакерлік әрекет

  • басқа адамды немесе оның әрекеттерін рұқсатсыз цифрлық түрде бақылауға мүмкіндік беру немесе соған итермелеу;
  • белгілі бір адамның телефон әңгімелерін рұқсатсыз тыңдауға арналған кеңестер;
  • киберспорт жарысында хакерлік бағдарламалық құралды пайдалану немесе соған ынталандыру.

Бейәдеп өнімдер немесе қызметтер:

  • ғылыми жұмыстар жазып беру қызметі;
  • есірткі сынақтарынан қулықпен өту;
  • Жалған паспорт немесе басқа жалған құжаттар жасау.

Осы қағидаларда қолданылған негізгі шарттар туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Балалар мен отбасыларға арналмаған контент

"Балаларға арналған" контент отбасылық аудиторияға лайықты болса ғана, оны YouTube-те монетизациялауға болады. Атап айтқанда. ол YouTube-тің балаларға арналған және отбасылық контенттің сапа қағидаларына және бағдарлама саясаттарына сәйкес келуі тиіс.

Саясат туралы мәлімет

Бұрыс әрекеттерге итермелейтін контент

Балаларға теріс ықпал етуі ықтимал бұрыс әрекеттерді насихаттау.

Жарнамаларға қатысты нұсқау Сауалнама опциялары және мәліметтері

Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алады:

Балаларға зиян келтірмейтін, дұрыс әрекеттерді дәріптейтін контент.

Осы санатқа жататын мазмұн мысалдары:

  • Теріс әрекеттер туралы танымдық мазмұн
  • Балаларды жәбірлеудің немесе кемсітудің теріс әсері туралы әлеуметтік жарнама немесе бейнелер
  • Дұрыс тамақтануды көрсету
  • Спорт және фитнес туралы бейнелер
  • Қауіп деңгейі төмен, балаларға физикалық не эмоционалдық зақым келтірмейтін DIY, челлендждер немесе пранкілер, мысалы:
    • DIY, бірнәрсені көрсетуге, бірдеңе жасауды үйретуге арналған мазмұн (мысалы, ас үй құралдарын қауіпсіз түрде қолданып тамақ пісіру)
    • Балалар жарақат немесе физикалық зақым алмайтын пранкілер
 
Контенттің мынадай түрлері жарнамадан табыс таба алмайды:

Алдау және жәбірлеу сияқты бұрыс әрекеттерді насихаттау арқылы балаларға теріс әсер етуі немесе ауыр физикалық не эмоциялық зақым келтіруі мүмкін контент.

Осы санатқа жататын мазмұн мысалдары:

  • Балалардың теріс әрекет жасауына түрткі болатын не соны насихаттайтын мазмұн немесе балаларға теріс әсер ететін әлеуметтік мәселелер туралы мазмұн.
    • Емтиханда көшіру сияқты бұрыс әрекет
    • Балаларға арналған мазмұнда шынайы қару-жарақ көрсету
    • Қанты көп немесе майлы тағамдарды қомағайланып жеу
    • Балаларды жәбірлеу, кемсіту немесе оларға қысым көрсету
    • Арық, толық немесе мығым көріну үшін денені өзгерту жолдары, калорияны азайту не арттыру, т. б. туралы мазмұн
    • Ауыр физикалық немесе эмоционалдық зақым келтіру қаупі бар DIY бейнелері немесе челлендждер, мысалы: 
      • Жанартауды қолдан жасау үшін тыйым салынған химиялық, жарылғыш заттар, сіріңке қолдану, т. б. 
      • Ауызды тамаққа толтыру челленджі (қақалу қаупі бар) 
      • Жеуге арналмаған өнімдерді жеуге итермелеу
 

Балаларға бағытталған ересектерге арналған контент

Жалаңаштық, жыныстық қатынас, шынайы зорлық-зомбылық, есірткі, алкоголь немесе балағат сөздер сияқты көп жағдайда жасөспірімдер немесе ересектер аудиториясымен байланысты тақырыптардың бейнеде, бейне суретінде немесе атауында берілуі.

Санат Жарнамасы аз не мүлде жоқ
Балаларға және отбасылық аудиторияға жарамды болып көрінетіндей жасалып, шын мәнісінде ересектерге арналған тақырыптар қозғалатын контент.
  • Жыныстық қатынас және сондай ишараттар
  • Зорлық-зомбылық, шынайы қару-жарақ 
  • Ауырлығы орташа, қатты немесе шектен шыққан балағат сөздер
  • Есірткі және алкоголь 
  • Балаларға танымал кейіпкерлердің немесе балалардың отбасы немесе бала үшін жарамсыз мазмұнда көрсетілуі

Балаларға бағытталған үрей тудыратын контент

Ересектер үшін қауіпсіз, бірақ балаларды үрейлендіретін контент: қорқынышты кейіпкерлер, адам ұрлығы сияқты тақырыптар, қорқынышты фильмдердің кадрлары, т.б.

Санат Жарнамасы аз не мүлде жоқ
Балаларға және отбасылық аудиторияға жарамды болып көрінетіндей жасалып, шын мәнісінде балаларды шошытатын не үрейлендіретін көріністер қамтылған контент.
  • Балаларды қорқытуға арналған Момо сияқты немесе қорқынышты ересек кейіпкерлер 
  • Қантөгіс сияқты жан түршігерлік сұмдық көріністері бар мазмұн
  • Балаларды қорқытатын шынайы емес мазмұн, мысалы, бала ұрлау, хоррор көріністері, шприцтің қару ретінде қолданылуы, т. б.

Осы қағидаларда қолданылған негізгі шарттар туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Темекіге қатысты контент

Темекіні немесе оған қатысты өнімдерді жарнамалайтын контент жарнама көрсетуге жарамсыз болады. Бұл саясат YouTube Studio-дағы өзін-өзі сертификаттау сауалнамасының "Зиянды немесе қауіпті әрекеттер" санатына жатады. Толық мәлімет үшін сол санатты қараңыз.

Мысалдар (толық емес)
Санат Жарнамасы аз не мүлде жоқ
Темекі жарнамалау
  • Шылым, сигара, насыбай
Темекімен байланысты өнімдерді жарнамалау
  • Мүштік, қағазға оралған темекі, вейп түтігі
Темекі шегуді симуляциялауға арналған өнімдерді жарнамалау
  • Шөптен жасалған темекі, электрондық темекі, вейп

Осы қағидаларда қолданылған негізгі шарттар туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Арандату және кемсіту

Негізсіз арандататын, от салатын немесе кемсітетін контент жарнама көрсетуге жарамсыз болуы мүмкін. Бұл саясат YouTube Studio-дағы өзін-өзі сертификаттау сауалнамасының "Өшпенділікті насихаттайтын және қорлаушы сипаты бар контент" санатына жатады. Толық мәлімет үшін сол санатты қараңыз.

Мысалдар (толық емес)
Санат Жарнамасы аз не мүлде жоқ
Арандататын және кемсітетін контент
  • Жеке тұлғаны немесе топты ұялтуға немесе тіл тигізуге басты назар аударатын контент.
Жеке тұлғаны немесе адамдар тобын қорлайтын, қорқытатын контент.
  • Жәбірлеу үшін немесе харассмент мақсатында жеке тұлғаны таңдап алатын контент.
  • Қайғылы жағдайлардың болмағанын немесе зардап шегушілер мен олардың отбасыларын актерлер не қастандық сыбайластары деп мәлімдейтін контент.
  • Адамға қаскүнемдікпен шабуылдау, жала жабу және қаралау.

Осы қағидаларда қолданылған негізгі шарттар туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Анықтамалар

Жарнамаға қолайлы контент туралы қағидаларда кең қолданылған терминдерді түсіндіру үшін анықтамалар кестесін жасадық.

Анықтамалар
Шарттар Анықтамалар
Музыка Бұл – музыкалық бейнелер, арт тректер, ілеспе тректер, кіріспе/қорытынды бөліміндегі музыка, музыкалық бейнелерге қатысты реакция көрсетілген бейнелер, билеуді үйрету кезінде қойылатын музыка, YouTube құралдары көмегімен жасалған яки қосылған музыка, фондық музыка сияқты құрамында музыкасы бар кез келген бейнеге қатысты қолданылатын термин. Ол ақындық пен ауызша қойылымдарға қатысты қолданылмайды.
Оқу-танымдық

"Оқу-танымдық" сипат аудиторияға әдейі жалған ақпарат беру мақсаты жоқ, белгілі бір тақырып туралы ақпарат беруді немесе үйретуді мақсат ететін контентке қатысты қолданылады. Оқу-танымдық контентте ой-пікір бейтарап жолмен (мысалы, қауіпсіз жыныстық қатынас туралы талқылағанда) беріледі. Контексі сәйкес келесідей ұқсас терминдер кездеседі:

  • Деректі контент — түпнұсқа құжаттардан дәйексөз келтіру немесе фактілерді (мысалы, ежелгі Мысыр тарихын) сипаттау арқылы тарихты мәңгі есте қалдыратын немесе сақтайтын контент.
  • Ғылыми контент — ғылыми тәжірибе және теория (мысалы, адам психологиясына қатысты деректерді көрсету) арқылы зерттеу жүргізу.
Көркем, көркемөнер "Көркем" контент — сурет салу, сызу, архитектура, мүсін, әдебиет, поэзия, музыка, сахналық және сценарий бойынша жазылған контент арқылы адамзат шығармашылығын білдіретін контент. Мысал ретінде мәнерлеп оқу жарысының бейнесін алуға болады.
Сахналық

"Сахналық" контентке фильмдер сияқты сценарий бойынша жазылған контент немесе анимация сияқты ойдан шығарылған контент жатады.

Жан түршігерлік, шынайы сипаттағы

"Жан түршігерлік" немесе "шынайы сипаттағы" контент келесідей ашық және шынайы көріністерді қосуды білдіреді:

  • төбелес сияқты зорлық-зомбылық нәтижесінде алынған ашық жарақат немесе қан көрінісі;
  • жануарларды жәбірлеу (мысалы, тепкілеу);
  • сексуалдық әрекеттердің, дене мүшелерінің және биологиялық сұйықтықтарының көріністері.
Реализм

Реализмнің үш деңгейі бар.

  • "Төмен деңгейдегі реализм": сөйлейтін мысық сияқты реализмге мүлдем жатпайтын нәрселер.
  • "Орташа деңгейдегі реализм": бейне ойындардағы адамдар немесе анимациялық кейіпкерлер сияқты шынайы өмірдегі көріністерді асыра сілтеп көрсету секілді шынайы өмірден аздап айырмашылық жасайтын нәрселер.
  • "Жоғары деңгейдегі реализм": адамдарды негізгі кейіпкерлер ретінде көрсететін шынайы өмірдегі жағдайлар (мысалы, көшедегі төбелес).
Цензурасыз, ашық

"Цензурасыз" немесе "ашық" ұғымы қарама-қайшылық тудыратын заттың контентте қаншалықты көрінетінін немесе бар екенін білдіреді. Кейбір мысалдары:

  • аборт жасау процедурасы көрсетілген бейне;
  • жәбірленіп жатқан адамның аудиосы немесе дауысы.
Тұспалдау, ишарат

"Тұспалдау" немесе "ишарат" қарама-қайшылық тудыратын заттың контентте қаншалықты көрінетінін немесе бар екенін білдіреді. Кейбір мысалдары:

  • сексуалдық әрекеттерді білдіретін ыңырсыған дыбыстар мен қозғалған төсек көрсетілген бейне;
  • өлім сәтін білдіру үшін жарылған машина көрсетілген бейне.
Басты назарға алу, фокустау

"Басты назарға алу" немесе "фокустау" белгілі бір сегмент немесе толықтай бейне берілген тақырып туралы екенін және тақырыпқа көп рет сілтеме жасалып, назарға алынғанын білдіреді. Даулы немесе шетін тақырыптардың бірі кездейсоқ еске түсірілген бейнеде жарнама көрсетуге болады. Мысалы, даулы немесе шетін тақырыпты айта кету ("Келесі аптада суицидтің азаюы туралы сөз қозғаймыз" деген сияқты) бұл тақырыпқа басты назар аудару емес. Бірақ сондай тақырып үшін бейненің белгілі бір сегментін бөліп, сол тақырыпты талқылау "басты назар аудару" болып есептеледі. Басты назарға алу үшін ауызшадан басқа тәсіл де қолданылуы мүмкін. Бейнеде шетін мәселеге назар аударылған сурет немесе мәтін болса, ол да басты назар болып есептеледі. Кейбір мысалдары:

  • өзін-өзі жарақаттау жолына назар аударылған бейне;
  • ауыр балағат сөздерді қолдануға ғана назар аударылған контент (ешбір контекссіз немесе себепсіз).
Қысқа кадрмен көрсету

Қысқа кадрмен көрсету — контенттің басты тақырыбы қылмай (фокусқа алмай), қайшылықты немесе шетін деп есептелетін тақырыптарға қысқаша сипаттама беру. Мысалы, даулы немесе шетін тақырыпты айта кету ("Келесі аптада суицидтің азаюы туралы сөз қозғаймыз" деген сияқты) арқылы тақырыпқа басты назар аударылмай, ол қысқаша атап өтіледі.

Сенсация

Әуесқойлықты не жалпы қызығушылықты арттыратын әдіспен, әсіресе асырып айту немесе жан түршігерлік яки үрейлендіретін көріністер қосу арқылы жасалған контент.

  • Сенсациялық тамақ жеу – тірі әлде жыбырлап жатқан жануар немесе оның дене мүшелерін жеу.
  • Сенсациялық тамақ әзірлеу әлде жеу – тамақ әзірлеу не жеу барысы "мукбанг" немесе ASMR қойылымы сияқты театр өнеріне айналатын контент.
  • Даулы мәселелерді сенсациялық қылып көрсету – буллинг сияқты шетін тақырыптар (әдетте теріс мінезді кейіпкердің қатысуымен) ойын-сауықтың негізгі тақырыбына айналатын контент.

YouTube-ке жүктеп салынатын барлық бейне YouTube-тің Қызмет көрсету шарттарына және Қауымдастық қағидаларына сәйкес келуі керек. Жарнамалардан пайда табуға болады. Ол үшін YouTube монетизация саясаттарын және бағдарлама саясаттарын орындауыңыз керек.

Біз контентіңіздің көп бөлігі кез келген жарнама берушіге сәйкес келмейтін жағдайда немесе ережелерді өрескел бұзу (мысалы, арандатушылықты, кемсітушілікті немесе өшпенділікті насихаттайтын контентті жүктеп салу) қайталанған жағдайда, сіздің бүкіл арнаңыздағы жарнамаларды өшіру құқығын өзімізде қалдырамыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
2251150499450849938
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false