Авторлық құқықтың бұзылғаны туралы қарсы хабарландыруға қойылатын талаптар

Авторлық құқықтың бұзылғаны туралы қарсы хабарландыруды электрондық пошта, факс немесе пошта қызметі арқылы жіберетін болсаңыз, төменде көрсетілген барлық қажетті ақпаратты қосуыңыз керек. Егер төмендегі қандай да бір мәлімет жоқ болса, қарсы хабарландыруды өңдей алмаймыз.

Есіңізде болсын:

  • Қарсы хабарландыруды copyright@youtube.com электрондық мекенжайына жіберген кезде, төмендегі ақпаратты электрондық хаттың мәтініне (бөлек тіркеме ретінде емес) қосу керек.
  • Қарсы хабарландыруды қаралып отырған контенттің бастапқы жүктеп салушысы жіберуі керек.
  • Бастапқы жүктеп салушы қарсы хабарландыруда қамтылған ақпаратты шағымданушымен бөлісуге келісім беруі керек. Егер жеке ақпаратты жария ету мәселесі мазалап тұрса, уәкілетті өкіл (мысалы, заңгер) жүктеп салушының атынан қарсы хабарландыруды жібере алады.
Жалған ақпарат жібермеңіз. Жалған құжаттама жіберу сияқты ережеге қайшы әрекеттер аккаунттың жұмысын тоқтатуға немесе басқа құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

1. Байланыс ақпаратыңыз

Қарсы хабарландыруыңыз туралы сізге немесе сіздің атыңыздан әрекет ететін уәкілетті өкілге хабарласуымыз үшін, бізге төмендегідей байланыс ақпараты қажет:

  • Толық аты-жөні: компания атауы емес, аты мен тегі. Сіз уәкілетті өкіл болсаңыз, жүктеп салушыға кім болып келетініңізді көрсетіңіз.
  • Электрондық мекенжай.
  • Физикалық мекенжай.
  • Телефон нөмірі.

2. Контенттің форматталған сілтемелері

Қарсы хабарландыруда авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрауға байланысты өшірілген контенттің сілтемелері болуы керек. Сілтемелер белгілі бір форматта жіберілуі керек (төменнен қараңыз). Арнаның атауы немесе URL мекенжайы сияқты жалпы ақпарат қабылданбайды.

  • Бейнелердің жарамды URL форматыwww.youtube.com/watch?v=xxxxxxxxxxx.
  • Бейнеге жатпайтын контенттің жарамды URL форматы: төмендегі Жарамды URL форматы бөлімінде көрсетілген.
Жарамды URL форматтары
Өзіңіз қарсылық білдіріп жатқан авторлық құқықты бұзған контентті жою туралы сұрауға байланысты өшірілген контенттің URL мекенжайларын ғана қосыңыз. Түрлі арналардағы URL мекенжайлары үшін бөлек қарсы хабарландырулар жіберіңіз.
Контент түрі Жарамды URL форматы URL берілген орын
Арна баннерінің суреттері

www.youtube.com/channel/UCxxxxxxxxxxxxxxxxxxxxx

НЕМЕСЕ

www.youtube.com/user/xxxxxxxxx

Арна бетіне өтіңіз and thenмекенжай жолағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз and then Көшіру түймесін басыңыз.

Арна сипаттамалары www.youtube.com/user/xxxxxxxxx/about

Арнаның Ақпарат бөліміне өтіңіз and then мекенжай жолағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз and then Көшіру түймесін басыңыз.

Клиптер www.youtube.com/clip/xxxxxxxxxxxxxxxxxxxxxxxxxx Клип атауын басыңыз and then мекенжай жолағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз and then Көшіру түймесін басыңыз.
Бейнеге жазылған пікірлер www.youtube.com/watch?v=xxxxxxxxxx&lc=xxxxxxxxxxxxxxxxxx Пікірдің жоғарғы жағындағы жарияланған күнін басыңыз (бет қайта жүктеледі) and then мекенжай жолағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз and then Көшіру түймесін басыңыз.
Постқа жазылған пікірлер www.youtube.com/channel/xxxxxxxxxxx/community?lc=xxxxxxxxxxxx&lb=xxxxxxxxxxxx Пікірдің жоғарғы жағындағы жарияланған күнін басыңыз (бет қайта жүктеледі) and then мекенжай жолағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз and then Көшіру түймесін басыңыз.
"Қауымдастық" қойындысындағы посттар https://www.youtube.com/post/xxxxxxxxxxxxxxxxxxx "Қауымдастық" қойындысындағы пост жарияланған күнді басыңыз (бет қайта жүктеледі) and then мекенжай жолағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз and then Көшіру түймесін басыңыз.
Мүшелік танымбелгілері, эмоджи немесе автор бонусының сипаттамалары yt3.ggpht.com/xxxxx деп басталады Суретті тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз and then Сурет мекенжайын көшіру түймесін басыңыз

Арнаның URL мекенжайын да қамтиды:

www.youtube.com/channel/UCxxxxxxxxxxxxxxxxxxxxx

НЕМЕСЕ

www.youtube.com/user/xxxxxxxxx

Арна бетіне өтіңіз and thenмекенжай жолағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз and then Көшіру түймесін басыңыз.
Ойнату тізімінің сипаттамалары

www.youtube.com/playlist?list=xxxxxxxxxxxxxxxx

Ойнату тізімінің атауын басыңыз and then мекенжай жолағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз and then Көшіру түймесін басыңыз.

Профиль суреттері
Super Stickers lh3.googleusercontent.com/xxxxx деп басталады Тікелей эфир чатындағы доллар белгісін  and then Super Sticker  тармағын басыңыз and then суретті тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз and then Сурет мекенжайын көшіру түймесін басыңыз.

Арнаның URL мекенжайын да қамтиды:

www.youtube.com/channel/UCxxxxxxxxxxxxxxxxxxxxx

НЕМЕСЕ

www.youtube.com/user/xxxxxxxxx

Арна бетіне өтіңіз and then мекенжай жолағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз and then Көшіру түймесін басыңыз.

3. Заңды мәлімдемелер:

Төмендегі міндетті заңды мәлімдемелерге келісіп, оларды қарсы хабарландыруға қосыңыз:

  • "Мен өз мекенжайым бойынша жұмыс істейтін Федералдық аймақтық соттың құзыретіне немесе YouTube бағынатын аймақтың құзыретіне (мекенжайым АҚШ-тан тыс жерде болса) келісемін және шағымданушыдан келген сотқа шақыру қағазын қабылдаймын."
  • "Жалған ақпарат берсем, заң алдында жауап беретінімді түсіне отырып, материалдың қателікпен немесе өшірілуге тиіс деп қате анықтау нәтижесінде өшірілгенін адал ниетпен мәлімдеймін."

4. Шағымданушыға арналған мәлімдеме

Шағымданушыға  қаралып отырған контент қателікпен немесе қате анықтау нәтижесінде өшірілген деп санауыңыздың себебін  өз сөзіңізбен қысқа да нұсқа түсіндіріп жазыңыз. Қате анықтауға әділ пайдалану сияқты авторлық құқықтың ерекше жағдайлары жатады.

5. Қолтаңбаңыз

Толық жазылған және жарамды қарсы хабарландыруларда жүктеп салушының немесе оның атынан әрекет ететін уәкілетті өкілдің өзі қойған немесе электрондық қолтаңбасы болуы қажет.

Ол үшін жүктеп салушы немесе уәкілетті өкіл қарсы хабарландырудың төменгі жағына қолтаңба ретінде толық аты-жөнін енгізе алады. Толық аты-жөні ретінде компания атауын емес, аты мен тегін көрсету қажет.

Барлық қажетті ақпаратты электрондық хаттың мәтінінде (тіркемеде емес) қосып, copyright@youtube.com электрондық мекенжайына немесе факс не пошта қызметі арқылы жіберіңіз.

Қосымша ақпарат

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
12693037997085280291
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false