Құпиялығыңызды қорғау

YouTube-те құпиялығыңызды қорғау үшін бар күшімізді саламыз. Бұл мақсатты орындауға көмектесу үшін сайттағы бейнелер немесе пікірлер құпиялығыңызды немесе қауіпсіздігіңізді бұзса, ол туралы бзіге хабарлағаныңыз жөн.

Біреу рұқсатыңызды алмай жеке ақпаратыңызды жарияласа немесе сіз түскен бейнені жүктеп салса, одан контентті жоюды сұраңыз. Жүктеп салушымен келісімге келмесеңіз немесе оған хабарласқыңыз келмесе, Құпиялық қағидалары негізінде контентті өшіруді сұрауыңызға болады. 

Контентті өшіру шарттары

Құпиялық қағидаларында құпиялық туралы шағым жіберу процесі толық түсіндірілген. Сондай-ақ онда құпиялық туралы шағымдарды бағалағанда қарастырылатын факторлар түсіндіріледі.

Контенттің өшірілуі қарастырылуы үшін, сіз бірегей куәландыратын тұлға болуыңыз және шағымды сіз немесе заңды өкіліңіз жіберуі керек. Құпиялық туралы шағым жіберу процесін пайдаланғыңыз келсе, сіз контенттегі бірегей куәландыратын тұлға екеніңізге көз жеткізіңіз. Тұлғаның бірегей куәландырылуын бағалаған кезде, төмендегі факторлар есепке алынады:

  • суреті немесе дауысы;
  • аты-жөні;
  • қаржылық ақпараты;
  • байланыс ақпараты;
  • жеке тұлғаны анықтау туралы басқа ақпарат.

Сіз құпиялыққа қатысты шағым жібергенде, оған деген қоғамның қызығушылығы, оқиға тұрғысынан маңыздылығы және келісімнің бар-жоғы, сондай-ақ бейнеде адам өлімінің сәті немесе ауыр жарақат алғаны көрсетіліп-көрсетілмейтіні есепке алынады.

Қайтыс болған пайдаланушылардың құпиялығын және естеліктерін құрметтеу үшін адамның қайтыс болғаны расталғаннан кейін, жақын отбасы мүшелерінің немесе заңды өкілдердің сұрауларын қарастырамыз.

YouTube-те құпиялығыңызды қорғау туралы кеңестер:

  • Жеке ақпаратыңызды жариялау алдында жақсылап ойланыңыз. Бұған сіз тұратын қала, баратын мектеп немесе үйіңіздің мекенжайы жатады.
  • Аккаунтыңыздың деректерін қорғаңыз және құпия сөзді ешкіммен бөліспеңіз. YouTube қызметкерлері құпия сөзіңізді ешқашан сұрамайды. Біреу сізге YouTube-тен өтірік хабарласып жатса, алданып қалмаңыз.
  • Алдымен рұқсат алыңыз. Басқа адамдарды түсіру немесе жеке ақпаратын жариялау алдында рұқсат алыңыз.
  • Сайттағы контентіңізді басқару үшін пайдалануға болатын құралдар тізімі Құпиялық және қауіпсіздік параметрлер бетінде берілген.
  • Google аккаунтыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кеңестерімізді қараңыз.
  • Google аккаунтының қауіпсіздігін күшейту: 2 сатылы растау арқылы аккаунттарыңызды қорғаңыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
10755259187189185436
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false