Желідегі қауіпсіздік туралы ақпарат – Сингапур

YouTube – адамдар оқиғаларын бөлісетін, ойларын білдіретін және басқа адамдармен әрекеттесетін жер. Авторлар мен көрермендердің осы әрекеттерді қауіпсіз түрде орындағанын қалаймыз. YouTube авторлары мен көрермендерінің көпшілігі контентті бөлісуді, үйренуді және байланысуды қалайды, дегенмен ара-тұра қорлау, тіпті харассмент жағдайлары да болып жататынын білеміз. Төменде YouTube-тегі сізді қорғайтын саясаттар мен құралдар туралы толық ақпарат алыңыз. 

Авторлар мен пайдаланушылар да YouTube-тің қауіпсіз әрі ақаусыз платформа болуына жауапты. Авторлар мен пайдаланушылардың осы талаптарды орындамағаны үшін қалай жауапкершілікке тартылатыны туралы мына жерден толық ақпарат алыңыз

YouTube саясаттары туралы толық ақпарат алу үшін Қауымдастық қағидаларының толық тізімін қарап шығыңыз.

Өшпенділік пен харассментке қатысты саясаттар 

YouTube-тің өшпенділік пен харассменттен қорғануға қатысты арнайы саясаттары бар.

  • Ғадауат сөздер: бұл саясат нақты топтар мен сол топтардың мүшелерін қорғайды. Жас, жыныс, нәсіл, каста, дін, жыныстық бағдар немесе ардагер мәртебесі сияқты қорғалған төлсипаттарға негізделген топтарға қарсы өшпенділік не зорлық-зомбылық тудыратын контентті ғадауат сөздер деп есептейміз. Ғадауат сөздер туралы саясатымыз туралы толық ақпарат алыңыз.
  • Харассмент: бұл саясат нақты жеке тұлғаларды қорғайды. Туа біткен ерекшеліктеріне, соның ішінде қорғалған топ мәртебесіне немесе сыртқы келбетіне негізделе отырып, жеке тұлғаға ұзақ уақыт бойы теріс ниетпен тіл тигізетін контентті харассмент деп есептейміз. Бұл қорқыту, қорлау, доксинг немесе ереже бұзушы жанкүйерлік сияқты зиянды әрекеттерді де қамтиды. Харассментке қатысты саясатымыз туралы толық ақпарат алыңыз.

Шетін контент 

Біз көрермендерді, авторларды және әсіресе кәмелетке толмаған балаларды қорғауға ұмтыламыз. Сондықтан бізде балалардың қауіпсіздігін сақтау, жыныстық қатынас пен жалаңаш дене және өз-өзін жарақаттау туралы ережелер бар. YouTube-те не нәрсеге рұқсат етілгенін және осы саясаттарға сәйкес келмейтін контентті көргенде не істеу керектігін біліп алыңыз.

Суицид және өз-өзін жарақаттау бойынша қолдау көрсету ресурсы

Төменде Сингапурдағы мұқтаж жандарға көмектесуге арналған ұйым берілген. Бұл ұйым дағдарыстық жағдайларда көмек көрсету қызметінің танымал серіктесі болып табылады. 

Samaritans of Singapore

1800-221-4444

Зорлық-зомбылық жасауға итермелейтін немесе қауіпті контент

YouTube ғадауат сөздерді, қанауды, шынайы сипатты зорлық-зомбылықты, қаскүнемдікпен шабуылдауды және зиянды не қауіпті әрекеттерді насихаттайтын контентке тыйым салады.

Бақылаудағы тауарлар

Ереже бұзушы контент жайлы шағымдану

Жоғарыда көрсетілген саясаттарды бұзатын контентті кездестірсеңіз, YouTube-тегі орынсыз бейнелер, арналар және басқа контент жайлы шағымдану жолын үйреніңіз.

Егер заңсыз контентті тапсаңыз, заңды шағым жіберу немесе ол туралы тікелей шағымдану жолын үйреніңіз.

Ата-ана бақылауы

Егер сіз ата-ана болсаңыз, YouTube Kids профильдері мен қадағаланатын аккаунттарға арналған ата-ана бақылауы мен параметрлері туралы толығырақ ақпарат алыңыз.

Авторларға арналған қауіпсіздік орталығы

YouTube-те өзіңізді қауіпсіз сезінуге көмектесетін қосымша кеңестер мен бейнелерді іздеген автор болсаңыз, Авторларға арналған қауіпсіздік орталығына өтіңіз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
137482783038597924
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false