Құқықтарды пайдалану рұқсатына сәйкес түзету

YouTube-ке контент жүктеп салу үшін авторлардың барлық қажетті құқығы болуы немесе контенттің құқық иелерінен барлық қажетті заңды рұқсатты алуы керек. Талаптарға сай авторлар ұзақ бейнелерінде Creator Music-тің өсіп келе жатқан музыка каталогін пайдалана алады. Ол үшін лицензия шарттарын қабылдауы немесе табысты музыка құқықтарының иелерімен бөлісуі керек. Талаптарға сай авторлар лицензияларды алдын ала сатып алмаса, оның орнына табысты музыка құқықтарының иелерімен бөлісе алады.

Музыка табысын бөлісуге мүмкіндік беру үшін YouTube қосымша музыка құқықтарын (мысалы, музыка құқықтарының иелерінен өнер көрсету құқықтарын) пайдалануға рұқсат алуы мүмкін. Автордың табыс үлесі қосымша музыка құқықтарын пайдалану рұқсатын алу шығынынан шегеріледі. Бұл — құқықтарды пайдалану рұқсатына сәйкес түзету болып саналады.

Құқықтарды пайдалану рұқсатына сәйкес түзету қай кезде қолданылады?

Ол құқықтар иелері тұратын елге/аймаққа байланысты. Дәлірек айтқанда, ол ұзақ бейнелерден табыс табуға болатын елдерде/аймақтарда ғана қолданылады.

Қандай әндердің табысын бөлісуге болатынын көру үшін талаптарға сай авторлар Creator Music-те тректі пайдалану туралы мәліметтерге өте алады. Бейне жарияланғаннан кейін, авторларға YouTube Studio-ға өтіп, бейне табысы үлестірілетін елдерді/аймақтарды көруге болады.

Есіңізде болсын: құқықтарды пайдалану рұқсатына сәйкес түзету тікелей трансляциялар мен Shorts бейнелеріне емес, тек ұзақ бейнелерге қолданылады. Тікелей трансляциялар мен Shorts бейнелерінің монетизациясы туралы толық ақпарат алыңыз.

Құқықтарды пайдалану рұқсатына сәйкес түзету қолданылмаса, не болады?

Осы бетте сипатталған түзету қолданылмаса, YouTube бір не бірнеше үшінші тараптан авторлардың барлық қажетті құқықты алмағанын біледі. Бұл жағдайда сөз болып отырған контентті YouTube-тен өшіру қажет болуы мүмкін. Ал авторлар одан табыс таба алмай қалуы ықтимал. 

Атап айтқанда, бір не бірнеше тарап Content ID жүйесінде монетизацияланатын контенттің белгілі бір бөлігінің меншік құқығы туралы мәлімдесе, авторға төленуі керек болған табыс мәлімдеуші тараптарға төленеді. Мәлімдеуші тарап бірден көп болса, табыс олардың арасында пропорционалды түрде бөлінеді, ал олардың үлесін YouTube өзі шешеді. 

Content ID шағымдары туралы толық ақпарат алыңыз.

Құқықтарды пайдалану рұқсатына сәйкес түзету қалай есептеледі?

Creator Music-те ұзақ форматты бейнеде табысты бөлісуге жарамды тректер пайдаланылса, төменде көрсетілген мысалдардағы сияқты, стандартты 55% табыс үлесі музыка құқықтарының ақысын төлеуге реттеп жұмсалады. Ол мыналарға байланысты:

  • пайдаланылған тректер саны: автор бейнеде пайдаланған табысты бөлісуге жарамды тректердің жалпы саны (төмендегі мысалдарды қараңыз);
  • қосымша музыка құқықтарына төленетін шығындар: қосымша музыка құқықтарының (мысалы, өнер көрсету құқықтарының) ақысын өтеу үшін шегерілетін сома. Бұл шегерілетін сома ең көбі 5% болады және Creator Music-тегі табысты бөлісуге жарамды тректердің қосымша музыка құқықтарының ақысын өтеуге жұмсалады.
Табыс үлесін есептеу мысалдары

Мысал: табыс бөлісуге арналған 1 тректі пайдалану

Мысал. Автор ұзақ форматты бейнеде табыс бөлісуге арналған 1 трек пайдаланып, стандартты 55% табыс үлесінің жартысын (27,5%) табады. Мысалы, қосымша музыка құқықтарының ақысын өтеу үшін шегерілетін шама 2,5% делік.

Бұл бейнеден автор жалпы табыстың 25%-ын (27,5% – 2,5%) иемденеді.

 
Мысал: табыс бөлісуге арналған 1 тректі пайдалану
Мысалдағы табыс үлесі: 55% ÷ 2 27,5%
Мысалдағы қосымша музыка құқықтарының шығындары - 2,5%
Мысал жалпы табыс 25%

Мысал: табыс бөлісуге арналған 2 трек және 1 лицензиясы бар трек пайдалану

Мысал. Автор өзінің ұзақ форматты бейнесінде табыс бөлісуге арналған 2 трек және лицензиясы бар 1 трек пайдаланып, стандартты 55% табыс үлесінің 1/3-ін (18,33%) иемденеді. Мысалы, қосымша музыка құқықтарының ақысын өтеу үшін шегерілетін сома 2% делік.

Бұл бейнеден автор жалпы табыстың 16,33%-ын (18,33% – 2%) иемденеді.

 
Мысал: табыс бөлісуге арналған 2 трек және 1 лицензиясы бар трек пайдалану
Мысалдағы табыс үлесі: 55% ÷ 3 18,33%
Мысалдағы қосымша музыка құқықтарының шығындары - 2,5%
Мысалдағы жалпы табыс 15,83%

Құқықтарды пайдалану рұқсатына сәйкес түзетуге қарсы дауласуға бола ма?

Құқықтарды пайдалану рұқсатына сәйкес түзету бойынша автордың дауласатын себебі орынды болса (мысалы, ол сөз болып отырған контенттің барлық құқықтарының иесі болса), Content ID шағымына қарсы дауласа алады.

Авторлар Content ID шағымына қарсы дауласпай тұрып, Content ID дауласуы барысындағы монетизация қалай жүретінін түсініп алуы керек.

Creator Music арқылы табысты бөлісу туралы толық ақпарат алыңыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
4304019654449607153
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false