Қадағаланатын аккаунттар туралы ата-аналарға арналған сұрақ-жауап

Қадағаланатын аккаунт пен кәдімгі YouTube немесе YouTube Music аккаунтының айырмашылығы неде?

Балаңыздың қадағаланатын аккаунты кәдімгі YouTube немесе YouTube Music аккаунтына ұқсайды, бірақ қолжетімді функциялар мен параметрлер әртүрлі болады.

Балаңыз қосып көре алатын контент оның қадағаланатын аккаунтының контент параметріне байланысты таңдалады. Әдетте YouTube және YouTube Music қолданбаларында қолжетімді кейбір функциялар қадағаланатын аккаунтқа қолжетімді болмайды. Қолжетімді емес функциялардың тізімін алу үшін YouTube қызметіндегі қадағаланатын режим деген не? мақаласын оқыңыз.

Қауымдастық пен пайдаланушылардың өзіндік көзқарасы YouTube қызметінің маңызды бөлігі болғандықтан, қадағаланатын аккаунтқа кіретін функцияларды ата-аналармен және сарапшылармен ақылдаса отырып таңдаймыз.

YouTube Kids деген не? Оның YouTube-тегі қадағаланатын аккаунттан айырмашылығы неде?

YouTube Kids – балалардың қажеттіліктерін ескере отырып жасалған арнайы қолданба.Ата-аналар қадағаланатын аккаунт арқылы балалардың YouTube және YouTube Music қызметтерінде не көре алатынын шектейтін контент параметрін таңдай алады.

YouTube Kids қызметінде әртүрлі бейнелер бар, бірақ кәдімгі YouTube-ке қарағанда таңдау аздау болуы мүмкін. Бейнелер бірнеше комбинация арқылы таңдалады. Олар маман тексерісі және сарапшылар сұрыптаған ойнату тізімдері арқылы іріктеледі. Алгоритм арқылы іріктеу де сай бейнелерді таңдауға көмектеседі.

YouTube Kids бен қадағаланатын аккаунт арасындағы айырмашылықтар туралы толық ақпарат алу үшін Отбасыңыз үшін дұрыс таңдау жасаңыз мақаласын оқыңыз.

Шектеулі режим деген не? Оның YouTube-тегі қадағаланатын аккаунттан айырмашылығы неде?

Шектеулі режим – YouTube-тегі қосымша параметр. Ол сіз көргіңіз келмейтін немесе құрылғыңызды пайдаланатын басқалардың көргенін қаламайтын, ересектерге арналған контентті сүзуге көмектеседі. Кітапханалар, мектептер және мемлекеттік мекемелер сияқты шектеулі контентті таңдағысы келетін пайдаланушылар әдетте шектеулі режимді қосады.

13 жастан асқан жасөспірімнің Google аккаунтына қадағалау қосқан ата-аналар да ересектерге арналған контентті сүзу үшін шектеулі режимді пайдалана алады.

Google аккаунтына қадағалау қосылған, елдегі/аймақтағы тиісті жастан асқан жасөспірімдер қадағаланатын аккаунт пайдалана алмайды.Қадағаланатын аккаунт 13 жасқа (немесе елдегі/аймақтағы тиісті жасқа) толмаған балаларға қолжетімді және ата-аналарға баланың YouTube-те не көретінін басқаруға мүмкіндік береді.

Балама қадағаланатын аккаунт орнату үшін қандай контент параметрлерін таңдауым қажет?

3 контент параметрінің бірін таңдауға болады:

  • Зерттеу. Жалпы алғанда, 9 жастан асқан көрермендерге сай келетін контент көрсетіледі. Бейнелерге бейнеблогтер, оқулықтар, ойын туралы бейнелер, музыкалық бейнелер, жаңалықтар және т.б. кіреді. Премьерадан басқа тікелей трансляциялар көрсетілмейді. Кейбір бейнелерде жеңіл деңгейдегі зорлық-зомбылық, намысқа тиетін сөздер және бақылауда ұсталатын заттар болуы мүмкін. Сондай-ақ кейбір бейнелерде дене бітімі мен өзгерістеріне, психикалық және жыныстық денсаулыққа қатысты оқу-танымдық контент болуы мүмкін.
  • Тереңірек зерттеу. Жалпы алғанда 13 жасқа толған көрермендерге сай келетін контент көрсетіледі. Бұл параметр бейнелердің үлкен жинағын қамтиды. Бұл параметрге тікелей трансляциялар, бейнеблогтер, оқулықтар, ойын туралы бейнелер, музыкалық бейнелер, жаңалықтар, оқу-танымдық бейнелер, DIY, өнер, қолөнер және би сияқты контент кіреді. Кейбір бейнелерде шынайы өмірдегіге ұқсас зорлық-зомбылық көрінісі, шектеулі дәрежедегі балағат сөздер немесе бақылауда ұсталатын заттар болады. Сондай-ақ физикалық, психикалық және жыныстық денсаулық пен салауаттылыққа қатысты анық емес жыныстық қатынас туралы материалдар мен тақырыптар болуы мүмкін.
  • YouTube-ті тереңінен зерттеу. Бұл параметр 18+ деп белгіленген бейнелерден және қадағаланатын режимді пайдаланатын көрермендер үшін орынсыз болуы мүмкін бейнелерден басқа, YouTube-тегі барлық дерлік контентті қамтиды. Бұл параметрге тікелей трансляциялар, бейнеблогтер, оқулықтар, ойын туралы бейнелер, музыкалық бейнелер, жаңалықтар, оқу-танымдық бейнелер, DIY, өнер, қолөнер және би сияқты контент кіреді. Визуалдық түрде көрсетілген зорлық-зомбылық, ересектерге арналған контент, жалаңаштық, цензурасыз балағат сөздер бар, психикалық ауру, диета және жыныстық денсаулық сияқты тақырыптар қамтылған кейбір бейнелер үлкен жастағы жасөспірімдерге сай келеді деп танылуы мүмкін.

Қадағаланатын режимді пайдаланатын отбасыларға арналған контент параметрлері туралы толық ақпарат алыңыз.

Баламның қадағаланатын аккаунтына YouTube Music немесе YouTube TV қызметіне кіруге рұқсат бере аламын ба?

YouTube Music-те қадағаланатын аккаунтты пайдалануға болады. Қадағаланатын аккаунт үшін таңдалған контент параметрі балаңыз қолданбаға немесе веб-сайтқа кірген кезде YouTube Music контентіне де қолданылады.

Баламның iOS құрылғысына YouTube немесе YouTube Music қолданбасын жүктеп ала алмасам ше?

YouTube немесе YouTube Music қолданбасын жүктеп алу үшін балаңыздың iOS құрылғысындағы Контент және құпиялық шектеулері параметрлерін қарап көріңіз.

Балам өзінің қадағаланатын аккаунтымен YouTube қолданбасын теледидар арқылы пайдалана ала ма?

Қадағаланатын аккаунт YouTube-ті көптеген жарамды Smart TV-лер, Microsoft Xbox, Nintendo Switch және Sony PlayStation арқылы пайдалана алады. Ескі Android TV құрылғыларында қадағаланатын аккаунтқа қолдау көрсетілмейді.

Google Assistant қосылған құрылғы арқылы қадағаланатын аккаунтты қалай орнатуға болады?

Балаңызды қосу үшін Балаңызға Google Assistant құралын құрылғыларыңызда пайдалануға рұқсат беріңіз мақаласындағы қадамдарды орындаңыз.  Балаңыздың Google аккаунты мен дауысын құрылғыға қоссаңыз, қадағаланатын аккаунттар ортақ құрылғыларда Google Assistant құралын пайдалана алады.

YouTube орынсыз контентті қалай жасырады?

Қауымдастық қағидаларында YouTube-те жариялауға рұқсат берілген және тыйым салынған контент сипатталған. Бұл нұсқаулар жасына қарамастан барлық пайдаланушыға қолданылады. Балаңызға қадағаланатын аккаунт орнатсаңыз, әртүрлі контент параметрлеріне қандай контент жарамды екенін анықтауға арналған саясаттар қолданылады.

Біз пайдаланушыларымызға асқан қамқорлықпен қараймыз және жарамсыз контент көрсетпеу үшін бар күшімізді саламыз. Бірақ ешқандай автоматты сүзгі жүйесі мінсіз жұмыс істей алмайды. Балаңыздың аккаунтына арналған қолданба рұқсаты мен контент параметрлерін кез келген уақытта өзгертуге болады. YouTube-те орынсыз бейне тапсаңыз, шағым жіберуіңізге болады.

Қадағаланатын аккаунттарда жарнамалар қалай жұмыс істейді?

Балаларды жақсырақ қорғау үшін белгілі бір санаттардағы жарнамаларға тыйым салынады және жекелендірілген жарнамалар өшіріледі. Балаларға арналған контент көрермендері бейнежарнама көрсетілгенге дейін және одан кейін ескертуді көре алады. Осылайша көрермендер жарнаманың қашан басталып-аяқталатыны туралы білетін болады. Егер отбасыңызда YouTube Premium отбасылық жоспары болса, балаңыз жарнамасыз контент секілді мүшеліктің ортақ артықшылықтарын пайдалана алады.

Авторы бейнеде продакт-плейсмент немесе тікелей жарнама барын ескерткен бейнелер YouTube-тегі қадағаланатын аккаунттарға көрсетіледі. Мұндай бейнелер балаларға арналған бейнелердегі жарнама саясатына да сәйкес келуі керек.

YouTube баламның деректерінің құпиялығын қалай қорғайды?

YouTube Google-дың құрамына кіреді және Google-дың құпиялық саясаттары мен қағидаларын ұстанады. Балаңыздың Google аккаунты үшін қандай жеке ақпаратты жинайтынымызды түсіну сізге маңызды екенін білеміз. Оны не үшін жинайтынымызды, бұл ақпаратты қалай басқаруыңызға және жоюыңызға болатынын білуіңіз керек екенін де түсінеміз. 13 жасқа (немесе елдегі/аймақтағы тиісті жасқа) толмаған балалардың Google аккаунтына арналған Google Құпиялық саясаты және Құпиялық мәлімдемесі біздің деректерді құпия сақтауға қатысты қағидаларымызды түсіндіреді.

Балаңыз өз аккаунтындағы YouTube-тегі деректеріңіз бөлімінде YouTube құпиялық параметрлері мен басқару элементтерін басқарып, олар туралы қосымша ақпарат ала алады. Бұл бетте балаңыздың көрген бейнелері мен YouTube-ті пайдалану тарихы туралы деректердің қысқаша мазмұны және осы деректерді басқаруға арналған параметрлер бар. Сондай-ақ бұл бетте жеке деректердің балаңыздың YouTube-ті қолдану мүмкіндігін жақсарту үшін (мысалы, көргендерін еске салу және ұсыныстар беру) қалай пайдаланылатыны туралы толық ақпарат берілген.

Балаңыздың Google аккаунтын басқарушы ата-ана ретінде Family Link қолданбасынан оның іздеу және көру тарихын кідірте немесе тазарта аласыз. Тарихты YouTube-тегі Ата-ана параметрлері бетінен де тазартуға болады.

Қадағаланатын аккаунттар мектептер немесе білім беру ұйымдарына қолжетімді ме?

Қадағаланатын аккаунт қазіргі уақытта жеке аккаунттарға қолжетімді. Қадағаланатын аккаунттар мектептер немесе білім беру ұйымдарына қолжетімді емес. Құрылғыңызға қалай кіргеніңіз YouTube-ті пайдалану мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін. Қадағаланатын аккаунттар туралы толық ақпарат алыңыз.

YouTube-те қадағаланатын аккаунтты кім пайдалана алады?

13 жасқа (немесе елдегі/аймақтағы тиісті жасқа) толмаған балаңызға YouTube-те қадағаланатын аккаунт орнатуға болады.

YouTube-те қадағаланатын аккаунтты келесі жағдайларда пайдалана алмайсыз:

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
582724648552927269
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false