Ойындар және монетизация

Ойын – YouTube-тегі бейнелер үшін танымал тақырып. Бұл мақала авторларға қандай жағдайларда жарнамаға рұқсат етілуі, шектелуі немесе өшірілуі мүмкін екенін түсінуге көмектеседі. Бұл — жаңа ережелер емес, YouTube-тің жарнамаға қолайлы контент туралы қағидаларынан алынған бұрыннан бар нұсқаулар. Жарнамаға қолайлы контент туралы қағидалар сіздің барлық бейнеңізге қолданылады, бірақ біз бұл жерде тек ойынға қатыстыларын қарастырамыз.

Жарнама берушінің талаптарына сай келмейтін бейнелерде жарнама шектеледі немесе мүлде көрсетілмейді. Монетизация күйіне контенттің YouTube-тің қауымдастық қағидаларына сәйкес келетіндігі де әсер етеді.

Ойын туралы бейнелерді монетизациялау жайлы кеңестер

Төменде ойын тақырыптарына қатысты жарнамаға қолайлы контент туралы қағидалардың мысалдары берілген. Шынайы кадрларда немесе ойын үзінділерінде бейне немесе аудио (мәтінді қоса алғанда) жарнама берушінің талаптарына сәйкес келмесе, монетизация белгішесінің өзгеруі мүмкін екенін ескеріңіз. Бұған бейне суреті мен атауы кіреді.

Балағат сөздер

Бейненің басында немесе бейненің көп бөлігінде дөрекі және әдепсіз сөздердің болуы монетизация күйіне әсер етуі мүмкін. Контентіңізде (мысалы, музыкалық бейнелерде, минусовкаларда, бейне басындағы/соңындағы немесе фондық музыкада) балағат сөздерді сирек немесе кездейсоқ пайдалану бейнеңізді жарнамаға жарамсыз етпейді.

Мұнда бірнеше мысал келтірілген (толық емес):

Жарнамаларға қатысты нұсқау Сауалнама опциялары және мәліметтері

Бұл контент арқылы жарнамадан табыс табуға болады.

Қысқартылған не цензуралы балағат сөздердің кездесуі немесе бейне атауында, суретінде не бейнеде "сайтан алғыр", "албасты басқыр" деген сияқты сөздердің болуы. "Қаншық", "нақұрыс", "сүмелек" және "қарғыс атқыр" деген сияқты ауырлығы орташа балағат сөздердің бейнеде жиі қолданылуы. Музыкада немесе стендап қойылымында балағат сөздердің көп қолданылуы.

Анықтамалар:

  • "Цензуралы балағат сөздерге" сөздерді дыбыстық сигналмен басу немесе дыбысын өшіру, сондай-ақ жазылған сөздерді қара түсті жолақпен, белгілермен немесе постпродакшнда мәтін қосып жабу жатады.
  • "Қысқарған балағат сөз" – толық нұсқасы қысқартылып берілген боқтық сөз.

Бұл контенттегі жарнамадан шектеулі ғана табыс түсуі немесе мүлде түспеуі мүмкін.

Бейненің алғашқы 7 секундында ауыр балағат сөздердің (мысалы, "шешеңді с…") немесе бейне суреті мен атауында ауырлығы орташа балағат сөздердің ("қарғыс атқыр" деген сияқты) көп қолданылуы.

Осы санатқа жататын контент мысалдары:

  • Бүкіл бейнеде (мысалы, сөйлемдердің көбінде) балағат сөздердің тоқтаусыз айтылуы.
  • Музыкалық не стендап әзіл-сықақ контенттің атауында немесе бейне суретінде балағат сөздердің қолданылуы.

Бұл контент жарнамадан табыс таппайды.

Бейне суреттерінде немесе атауларында ауыр балағат сөздердің (мысалы, "шешеңді с…") қолданылуы. Бейненің өзінде, оның суретінде немесе атауында өшпенділік сипатындағы кез келген шектен шығатын балағат сөздің (мысалы, "н*гр" немесе "п***рас") қолданылуы.

Өшпенділікті насихаттайтын немесе балағат сөздер туралы толық ақпарат алғыңыз келсе, Анықтамалық орталығымыздың өшпенділікті насихаттайтын және қорлаушы сипаты бар контент қағидаларына жүгінсеңіз де болады.

Ересектерге арналған контент

Жарнамаларға қатысты нұсқау Жыныстық қатынас туралы Жалаңаштық Сауалнама опциялары және мәліметтері

Бұл контент арқылы жарнамадан табыс табуға болады.

Көрермендердің жыныстық нәпсісін оятпайтын сексуалдық тақырыптар (мысалы, гинекологқа бару туралы әңгіме).

Сүйісу сияқты романтикалық көріністер.

Дөрекі сөздерді қамтымайтын сексуалдық астарлы әзілдер мен тұспалдар (мысалы, жыныстық әрекет қолмен күлкілі етіп көрсету).

Бұлыңғырланған немесе басқа жолмен жасырылған жалаңаш дене (дененің интимдік бөліктерін ажырату мүмкін емес).

Ашық киім киген адамдарды көрермендердің нәпсісін қоздыру мақсатынсыз тиісті орындарда бейнелеу. Мысалы, оқиғаның бір бөлігі ретінде ойын кейіпкерлері бикини киіп жүзеді.

Бұлыңғырланған немесе басқа жолмен жасырылған жалаңаш көріністер (мысалы, толық жасырылған жалаңаш дене бөліктері).

Романтика немесе сүйісу көріністері; жыныстық қатынасқа сілтеме жасамай, романтикалық қарым-қатынас пен сексуалдық тартымдылық туралы талқылау; анық көрінбейтін және көрермендерді қоздыруды көздемеген толықтай жасырылған жалаңаш дене; баланың жанында оны емізу мақсатымен төсті ашу; шынайы көріністерсіз сексуалдық таным беру; жыныстық тәрбие беру мақсатымен әрі қалаулы не тартымды болып көріну үшін әдетте сексуалды болып танылатын дене бөліктерінің ырғақты қозғалысынан тұратын би; хореографиялық би немесе музыкалық бейне секілді кәсіби ортада түсірілген сексуалдық сипаттағы билер.

Бұл контенттегі жарнамадан шектеулі ғана табыс түсуі немесе мүлде түспеуі мүмкін.

Тверк сияқты сексуалдық бидің студияда немесе арнайы іс-шарада ашық киіммен (және соған назар аудара отырып) орындалуы.

Жоқ.

Жыныстық қатынастың айқын көріністері (мысалы, жыныстық қатынастың суреті) анық бейнеленген немесе бейне суретінде жыныс мүшелеріне басты назар қойылатын классикалық өнер туындысы; жыныстық сауатты ашу мақсатында анимацияланған жыныстық қатынас көрсетілетін нәпсіні қоздырмайтын контент; жыныстық қатынас тақырыбына қатысты пранкілер; жартылай жалаңаш күйде билеу; билеу барысында жыныс мүшелерін әдейілеп ұстау немесе назарды сол жерлерге әдейі аударту.

Бұл контент жарнамадан табыс таппайды.

Жыныстық қатынастардың және онымен байланысты дене сұйықтықтарының бейнесі.

Бейне ойынында сексуалдық сауық (мысалы, стриптиз клубына бару) көрсетілетін оқиға. Оқиғаның ұзақтығы маңызды емес.

Фетиштерді көрсету немесе талқылау.

Бейне атауында немесе суретінде "мықты с3кс" немесе "МАСТУРБАЦИЯ жинағы" деген сияқты цензурасыз немесе ұятсыз сөздердің (соның ішінде қасақана емле қателері жіберілген сөздердің) болуы.

Бейненің өзінде ересектерге арналған контент болмаса да, жалған метадеректердің берілуі (мысалы, тақырыпта бейнеде жыныстық қатынас бар деген мағынаның тұруы).

Бейненің сексуалдық сипатын көрсететін тақырып немесе бейне суреті (мысалы, "18+" немесе "тек ересектерге арналған" сияқты сөздердің тұруы).

Ересектерге арналған жыныстық сипаттағы бейне ойындардың көріністері, сондай-ақ көрермендердің жыныстық нәпсісін ояту мақсатында көрсетілген сексуалдық контекстегі бейне ойын кейіпкерлерінің суреттері.

Ойын ойнау кезінде тұтас жазылған немесе айтылған дөрекі сөздері бар ұятсыз тіркестер.

Мақсатына сай пайдаланылмайтын секс ойыншықтары немесе басқа жыныстық қанағаттану өнімдері (мысалы, ойын элементтері ретінде көрсетілген немесе фонда тұрған сондай заттар).

Жыныстық қатынасты болжайтын көріністер мен дыбыстар (мысалы, төсек жамылғысының астындағы анық қозғалыстар немесе ыңырсу).

Геймплейде жыныстық қатынас туралы тақырыптарды сипаттау (мысалы, мастурбация туралы немесе ойындағы кейіпкерге немесе көрініске сәйкес сексуалдық тақырыпты баяндау).

Дененің толық жалаңаш жыныстық бөліктері (мысалы, ашық жыныс мүшелері).

Пикселденіп, бұлыңғырланып немесе басқа жолмен жасырылып тұрса да көрініп тұрған жалаңаш бейнелер (мысалы, жұлдыздармен жасырылып немесе бұлыңғырланып тұрса да, пішінінен түсінікті болып тұрған жалаңаш дене бөліктері).

Көрермендердің нәпсісін қоздыру мақсатында дененің кейбір бөліктерін жыныстық контексте бейнелеу, мысалы, ойын кейіпкерлерінің төсін немесе қозған жыныс мүшелерін қайта-қайта және баса көрсету.

Ашылып қалған, дұрыс жабылмаған жыныс мүшелері немесе толықтай жалаңаш дене; көріністе емізулі бала жоқ болса да, төстің жалаңаштануы; жыныстық қатынас көріністері (бұлдыратылған немесе анық емес болса да), жыныстық тақырыптарды (мысалы, фетиштерді, кеңестерді, басынан өткендерді) талқылау; жыныстық қатынас көрінісін (мәтін мен сілтемені қоса алғанда) қамтитын бейне суреті; сексуалдық тұрғыда қоздыратын көріністер мен қимылдар; жыныстық қатынасқа арналған ойыншықтар мен құрылғылардың көрсетілуі; секс индустриясы мен оның қызметкерлеріне қатысты контент; жануарлардың шағылысуы және олардың жыныс мүшелері; билеу барысында сексуалды қимылдарды немесе әрекеттерді имитациялау немесе ұқсатып көрсету; аудиторияны қоздыруға тікелей бағытталған эротикалық билер.

Зорлық-зомбылық

Жарнамаларға қатысты нұсқау Ойындардағы зорлық-зомбылық Сауалнама опциялары және мәліметтері

Бұл контент арқылы жарнамадан табыс табуға болады.

Геймплейде жан түршігерлік бейнелері жоқ зорлық-зомбылық көріністері. Оған мына көріністер кіреді:

  • Бейненің алғашқы 15 секундынан басқа кезде көрсетілген жан түршігерлік көріністер (мысалы, адамға жасалған қанды шабуыл).

Кісі өлтіру немесе басын кесу сәттері сияқты жан түршігерлік зорлық-зомбылық көріністері жасырылған контент.

Жан түршігерлік зорлық-зомбылық көріністері жоқ ойын. Жан түршігерлік зорлық-зомбылық анықтамасын төмендегі "Бұл контенттегі жарнамадан шектеулі ғана табыс түсуі немесе мүлде түспеуі мүмкін" бөлімінен қараңыз.

Шынайы емес, ойын ретіндегі және әдетте барлық жаста көруге болатын зорлық-зомбылық (мысалы, құбыжықтардан қашу сияқты отбасылық бейне ойындар).
Құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен жасалатын іс-қимылдардың бейнесі, оның ішінде мәжбүрлеп тұтқындау, көпшілікті бақылауда ұстау, полиция қызметкеріне бағынбау, үй-жайға мәжбүрлеп кіру; өңделмеген геймплейдегі зорлық-зомбылық; қан барынша аз көрсетілетін орташа дәрежедегі зорлық-зомбылық; оқу-танымдық бейнелердегі өлі денелердің жасырын немесе бұлдыр суреттері, соның ішінде жерлеуге дайындық кезінде немесе соғыстар сияқты тарихи оқиғалар контексінде түсірілген суреттер.
Бұл контенттегі жарнамадан шектеулі ғана табыс түсуі немесе мүлде түспеуі мүмкін.

Бейне суретінде немесе бейненің алғашқы 8–15 секундында көрсетілетін ойындағы жан түршігерлік зорлық-зомбылық.

  • "Ойындағы жан түршігерлік зорлық-зомбылық" көріністеріне дене сұйықтықтары мен бөліктері (мысалы, бас шабу және бөлшектеу) көрсетілген айуандықпен өлтіру немесе ауыр жарақаттар жатады.
Құқық қорғау органдарының күш көрсетуі (жарақаттауы); оқу-танымдық не деректі фильмдерде (мысалы, тарих үйрететін арналарда) жарақаты көрініп тұрған немесе бүлінген өліктердің бейнеленуі; ойын жазбасының бейне суретінде немесе бейненің басында көрсетілетін зорлық-зомбылық көріністері; өңделмей көрсетілген жарақатсыз қақтығыс бейнежазбасы; қайғылы оқиғалардың жан түршігерлік сипаттамасы; ауыр және үрейлі жарақаттардың сахналық қойылымы.
Бұл контент жарнамадан табыс таппайды.

Үрей тудыратын әсер беру мақсатында әзірленген ойын сюжетіне басты назар аудару. Мысалы:

  • Жаппай өлтіру үшін ойналмайтын кейіпкерлердің басын біріктіру.

Бейне суретінде немесе бейненің алғашқы жеті секундында ойын түріндегі жан түршігерлік зорлықтың көрсетілуі.

  • "Ойындағы жан түршігерлік зорлық-зомбылыққа" дене сұйықтықтары мен бөліктеріне назар аударылып, ауыр жарақаттан қатты қиналып жатқан (мысалы, басы шабылған және денесі бөлшектелген) адам ұзақ көрсетілетін көріністер жатады.

Бейне ойындағы сексуалдық зорлық-зомбылық (мысалы, жәбірленушінің қиналып жатқанын көрсететін көріністер).

Өшпенділікке негізделген немесе қорғалған адамдардың санаттарына бағытталған бейне ойындардағы зорлық-зомбылық (мысалы, белгілі бір діни топ мүшелерін өшпенділікпен өлтіру).

Жан түршігерлік қинау әрекеттері көрсетілетін бейне ойын.

Балаларға бағытталған адам қарағысыз зорлық әрекеттері көрсетілетін бейне ойын (мысалы, кәмелетке толмаған кейіпкерді ұру).

Белгілі бір нақты адамдарға қатысты жан түршігерлік зорлық-зомбылық көрсетілген бейне ойын (мысалы, белгілі тұлғаның атымен аталған кейіпкерді өлтіру).

Білім беру контексінен тыс өлі денелердің шынайы бейнелері; жыныстық қылмыс көріністері сияқты тыйым салынған тақырыптар бойынша контенті бар бейне ойын.

Асқан жан түршігерлік зорлық-зомбылық әрекеттері (соның ішінде құқық қорғау органдары қатысқан әрекеттер) және жарақаттар.

Зорлық-зомбылыққа шақыру немесе дәріптеу.

Даулы мәселелер

Жарнамаларға қатысты нұсқау Даулы мәселелер Сауалнама опциялары және мәліметтері

Бұл контент арқылы жарнамадан табыс табуға болады.

Төмендегі "Жарнама жоқ" бағанында тізімделген тақырыптардың кез келгеніне қысқаша және шынайы емес сілтеме жасау.

  • Бейне ойын контексінде "суицид" сөзі айтылған бейне (мысалы, ойыншы ойынды қайта бастау үшін өз кейіпкерін арнайы өлтірген кезде).
  • "Мен өзімді өлтіремін" деген кейіпкер немесе ойыншы.

Даулы мәселелердің алдын алуға қатысты контент. Бейнесінде даулы мәселелер туралы қысқаша айтылатын, бірақ олардың жан түршігерлік көріністері немесе сипаттамасы берілмейтін контент. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, өз-өзін жарақаттауға, ересектер арасындағы сексуалдық зорлық-зомбылыққа, абортқа, сексуалдық харассментке қатысты жан түршігерлік емес, әсіре сипатталмаған контент.

Бұл контенттегі жарнамадан шектеулі ғана табыс түсуі немесе мүлде түспеуі мүмкін.

Балаларды қорлауды қоспағанда, контенттің өзінде немесе бейне суретінде даулы мәселелердің шынайы көрінісінің немесе сипаттамасының болуы.

  • Бейне суретінде біреуді тепкілеп жатқанын көрсету.
Визуалды көріністері берілмесе де, бейнеде сипатталатын даулы мәселелер. Даулы мәселелер сахналық, көркем, оқу-танымдық, деректі немесе ғылыми материал түрінде берілген контент. Баланы жәбірлеу негізгі тақырып ретінде алынған, бірақ жан түршігерлік көріністер берілмеген, оқиғалар әсіре сипатталмаған контент. Жан түршігерлік болмағанымен, ересектер арасындағы сексуалдық зорлық-зомбылық, сексуалдық харассмент немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық әсіре сипатталатын контент.
Бұл контент жарнамадан табыс таппайды.

Графикалық кескіндер (мысалы, қанды жаралар) немесе даулы мәселелердің егжей-тегжейлі сипаттамасы.

  • Баланы жәбірлеу
  • Педофилия
  • Балалардың үйленуі
  • Өз-өзін жарақаттау
  • Суицид
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылық
  • Эвтаназия

Ойындағы кейіпкердің қолындағы тамырын кесіп, өліп бара жатқанын көрсету.

Контентте, тақырыпта немесе бейне суретінде даулы мәселелерді насихаттау немесе дәріптеу.

  • "Мен әйелімді ұрамын, ол соған лайық" деген сияқты мәлімдемелер.

Даулы мәселелердің сенсация ретінде ұсынылған анимациялық кескіні.

  • Басқаларды мазақ ететін кейіпкерлерді көрсету.

Негізгі тақырып ретінде даулы мәселелердің шынайы кескіндерін немесе егжей-тегжейлі сипаттамасын беру; келесідей контексте тамақтану тәртібінің бұзылуын көрсететін цензурасыз ашық материал:

  • ең төмен дене салмағы индексі немесе салмақ;
  • өте арық немесе азып-тозған адам денесін көрсету;
  • салмаққа не дене бітіміне қатысты сын айтып, ұялту немесе қорлау;
  • тамақты үздіксіз жеу, тығып жеу немесе жинақтау;
  • калория тапшылығына жету үшін жаттығу жасау;
  • құсу не іш өткізгіш дәрілерді теріс пайдалану;
  • салмақ тастау барысын тексеріп отыру;
  • жоғарыда берілгендердің кез келгенін жасыру.

Пайдалы анықтамалар:

  • Басты назарға алу немесе баса көрсету белгілі бір сегмент немесе толықтай бейне берілген тақырып туралы екенін және тақырыпқа көп рет сілтеме жасалып, назарға алынғанын білдіреді. Даулы немесе шетін тақырыптардың бірі кездейсоқ еске түсірілген бейнеде жарнама көрсетуге болады. Мысалы, даулы немесе шетін тақырыпты айта кету ("Келесі аптада суицидтің азаюы туралы сөз қозғаймыз" деген сияқты) бұл тақырыпқа басты назар аудару емес. Бірақ сондай тақырып үшін бейненің белгілі бір сегментін бөліп, сол тақырыпты талқылау "басты назар аудару" болып есептеледі. Басты назарға алу үшін ауызшадан басқа тәсіл де қолданылуы мүмкін. Бейнеде шетін мәселеге назар аударылған сурет немесе мәтін болса, ол да басты назар болып есептеледі. Кейбір мысалдары:

    • өзін-өзі жарақаттау жолына назар аударылған бейне;
    • ауыр балағат сөздерді қолдануға ғана назар аударылған контент (ешбір контекссіз немесе себепсіз).
  • Қысқа кадрмен көрсету — контенттің басты тақырыбы қылмай (басты назарға алмай), қайшылықты немесе шетін деп есептелетін тақырыптарға қысқаша сипаттама беру. Мысалы, даулы немесе шетін тақырыпты айта кету ("Келесі аптада суицидтің азаюы туралы сөз қозғаймыз" деген сияқты) арқылы тақырыпқа басты назар аударылмай, ол қысқаша атап өтіледі.

Жарнамаға қолайлы контент туралы қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер туралы толық ақпарат алу үшін анықтамалар кестесін қараңыз.

Қандай түрлері қолданылады?

Біздің ойындарды монетизациялау саясатына қандай бейне түрлері кіретіні туралы толық ақпаратты қараңыз.

Қолданылатын бейне түрлері

Ойын көріністері немесе кино

Нақты геймплей арасында қосылған анимациялар да біздің ережелерімізге бағынады. Шынайы көріністерге бағытталған материалдар, сондай-ақ осындай кадрлары бар жинақтар туралы айтып отырмыз. Мұндай бейнелерде монетизация белгішесі сары болады.

Жауап бейнелер

Ойын мазмұнына қатысты ережелер жауап бейнелерге де қолданылады. Мұндай бейнеге талаптарымызға сай келмейтін контент қоссаңыз, оған сары монетизация белгішесі беріледі. Есіңізде болсын, бұл ережелер түпнұсқа бейнені сіз жасамаған болсаңыз да қолданылады.

Бейне ойындарды талқылайтын бейнелер/кадрдан тыс дауысы бар геймплей жазбалары

Ойын ойнау (кадрдан тыс дауыс) үшін ойын емес, сіз жасаған аудио да жарнамаға қолайлы контент туралы қағидаларға сай болуы керек.

Бейнеге енгізілген мәтіндер немесе графика

Мәтінде (автор қосқан субтитрде), аудио материалдарда (арналардың әндерінде) немесе графикалық суреттерде (фирмалық белгішелер мен ұрандарда) ережелеріміздің бұзылғанын анықтасақ, бейнеге сары монетизация белгішесі тағайындалады.

Бейнеңізде жазылған түсінікті пікірлер

Біз сіздің бейнеңізде пайда болатын пайдаланушы пікірлерін, мысалы, жылдам айналдыру немесе қайырымдылық хабарландыруларын жарнама берушінің талаптарына сәйкес тексермейміз. Ерекше жағдайларға мұндай жазбаларға аудиторияның назарын арнайы аударатын, атап айтқанда оларды дауыстап оқитын немесе ұлғайтып ерекшелейтін жағдайлар кіреді. Бейнелерге қалдырылған пікірлер де жарнамаға қолайлы контент туралы қағидаларға сәйкестік тұрғысынан қарастырылмайды. Дегенмен мұндай жазбаларды өзіңіз модерациялауыңыз керек екенін есте сақтаңыз (бұл туралы осы жерде жазылған).

Геймплейге қатысты құмар ойындар туралы контент

Гемблинг туралы нұсқаулық бейнелеріне, оқулықтарға және гемблинг сайттарына (мысалы, виртуалдық тауарларды валюта ретінде пайдаланып спорттық ойындарға бәс тігу) тікелей сілтеме жасау және ойындағы валютамен бәс тігу заңсыз контентке қатысты "Заңсыз контент" саясатын бұзу болып есептеледі. Қалыпты ойыннан тыс виртуалды элементтерді алу да ережелерге қайшы келеді (бұл серіктестік бағдарламалары сияқты автордың кодын қамтымайды). YouTube пайдаланушылары саясаттарымыздың ережелерін сақтауы керек, әйтпесе олар үшін белгілі бір мүмкіндіктерге қол жеткізу шектеулі болады. Қосымша ақпаратты осы беттен қараңыз.

Ұзақ форматты контент

Автордың мақсаты мен контексі бейненің ұзақтығынан гөрі маңыздырақ. Егер бейнеде намысқа тиетін элементтер болса, ол жарнама үшін қолайлы деп саналмайды. Мысалы, тіпті бір сағатқа созылатын ойын туралы бейнелерде нәсілді қорлайтын жеккөрінішті сөздер пайдаланылса, сары белгіше пайда болады.

Ереже бұзу жағдайлары басты назарға алынған бейнелер

Біз келесі жағдайларда ережені бұзатын бейне элементіне әдейі назар аударылды деген қорытындыға келеміз:

  • Бейнеде елең еткізетін көрініс аталады немесе көрсетіледі. Мысалы: автор ойында кейіпкер ауыр жарақат алған қатыгез шабуылдың бейнесін әдейі үлкейтіп көрсетті.
  • Ережені бұзатын элемент – бейненің негізгі тақырыбы. Мысалы: басын шауып жатқан ойыннан алынған кадрларды таңдау.

Егер бейнеге мұндай көріністерді қоспау мүмкін болмаса, олар үшін сары монетизация белгішесін өзіңіз көрсеткеніңіз жөн.

Бейне суреттері мен тақырыптары

Авторлар көрермендерді қызықтыру мақсатында тақырыптарға немесе бейне суреттеріне үрейлендіретін немесе таң қалдыратын сөз тіркестерін қосады. Сондықтан бейне контенті сияқты, бейне суретінде немесе атауында анықталған элементтер үшін бейнедегі жарнамалар шектелуі немесе өшірілуі мүмкін.

Кейбір бейне суреттері мыналарды қамтиды (бұл тізім толық емес):

  • Шеңбермен қоршалған жыныс мүшелерінің бұлыңғыр бейнесі.
  • "Мына кейіпкердің эякуляциясын қараңыз" сияқты жыныстық қатынасқа қатысты ұятсыз сөздер.
  • Цензурасыз жыныстық қатынас немесе жан түршігерлік зорлық-зомбылық сияқты көрермендерді елең еткізетін суреттер.

Кейбір тақырыптар мыналарды қамтиды (бұл тізім толық емес):

  • Толық жазылған, әріптер таңбалармен ауыстырылған немесе қасақана қатемен берілген боқтық сөздер. Мысал: "немене қ#%@қ".
  • Бейнеде сексуалдық сипаттағы контент бар екенін көрсететін жалған атаулар.
  • Материалдардың тек ересектерге арналғанын көрсететін атаулар, мысалы, "19+" немесе "ТЕК ЕРЕСЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН".
  • Назар аудару үшін бас әріптермен жазылған тақырыптар. Мысалы: "ЕҢ ҚАТЫГЕЗ ӘДІС".

Толық ақпарат

Саясат жаңартуларына жазылғыңыз келе ме? Саясатты жаңартқан кезде, электрондық пошта хабарландыруларын алу үшін біздің YouTube Community форумына жазылыңыз. Сондай-ақ Twitter-дегі @teamyoutube немесе @youtubecreators беттерінен бақылай аласыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
15509245502612870189
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false