Google Wallet туралы

Маңызды: функциялардың барлығы бірдей әр елде не аймақта бола бермейді.

Google Wallet – карталар мен билеттерді, кілттер мен жеке куәліктерді сақтаудың және пайдаланудың қауіпсіз жолы.

Google Wallet-ті пайдалану

Google Wallet-ті бірінші рет пайдаланып жатсаңыз, көп оқылатын мақалаларымызды қарап шықсаңыз болады:

Google Wallet жаңалықтары

Қажетті мәліметке жылдам кіру

Телефонды немесе смарт сағатты дүкенде контактісіз төлеу, ұшақ билетін көрсету, қоғамдық көлік ақысын төлеу, іс-шараға қатысу, өзіңізге ұнайтын компаниялардың тұрақты клиент картасын пайдалану, COVID-19 вакцинасы туралы ақпаратты көрсету немесе көлік оталдыру үшін пайдаланыңыз.

Жаңа элементтерді жылдам қосу

Жаңа карта не билет қосу үшін негізгі экрандағы Wallet-ке қосу түймесін түртіңіз. "Google Wallet-ке қосу" немесе "Google Pay-ге қосу" опциялары бар сайттар мен қолданбалар арқылы да қажетті карталар мен билеттерді Google Wallet-ке сақтай аласыз.

Сақтаған карталар мен билеттерді жылдам табу

Google Wallet-тің дизайны қарапайым. Мәтін ірі қаріппен берілгендіктен, карталар мен билеттерді табу және пайдалану оңай.

Соңғы төлемдерді қарау

АҚШ-тағы American Express картасын пайдаланушыларға: транзакциялардың толық тарихы мен мәліметтері үшін банктегі шот күйі туралы анықтаманы тексеріңіз немесе American Express қолданбасына өтіңіз.

Wallet-пен контактісіз төлеу арқылы жасалған соңғы транзакцияларды қарау үшін:

  1. Төлем картасын түртіңіз.
  2. Жоғарғы оң жақтағы "Транзакция мәліметтері" түймесін түртіңіз.

Жаңа функциялары бар жаңартылған мәзір

Google аккаунттарын ауыстыру, Google Wallet туралы кеңестер алу, қолданба параметрлеріне кіру, т.б. мүмкіндіктер бар. Мәзірге кіру үшін негізгі экранның жоғарғы оң жағындағы профиль суретін түртіңіз.

Карталар мен билеттерді реттеу

Дебеттік және несиелік карталарыңыздың ретін өзгерту үшін соңғы пайдаланған картаңызға сырғытып, Карта ретін өзгерту түймесін түртіңіз. билеттерінің ретін өзгерту үшін оларды басып тұрып, жоғары не төмен сүйреңіз.

Деректерді Google-да басқару

Wallet-тегі билеттер мен карталардың көбін Gmail, Calendar және Assistant сияқты басқа да Google қолданбаларында пайдалана аласыз. Олардың көмегімен билеттеріңізге қатысты хабарландырулар, ескертулер және т.б. ақпарат ала аласыз. Билеттер дерегін басқару туралы оқып біліңіз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Google Wallet пен Google Pay-дің айырмашылығы қандай?

Google Wallet is a secure and private digital wallet that lets you store items like:

  • Payment cards
  • Flight and event tickets
  • Transit passes
  • Vaccination cards
  • Loyalty and gift cards
  • Digital car keys
  • Campus IDs

Google Pay is an app that lets you manage your money and your finances. It lets you:

  • Get insights about your spending and spending habits.
  • Send money to friends and family or split bills.
  • Earn rewards on eligible transactions.
  • Find offers from your favorite merchants.
  • Have quick access to your Google Wallet.
Google Wallet қолданбасын жүктеп алуым керек пе?

If you have the Google Pay app, you can access your Google Wallet with the Google Pay app. If you want to access Google Wallet directly, download the Google Wallet app.

If you don’t have the Google Pay app, and the Google Wallet app isn’t pre-installed on your phone, you must download the Google Wallet app.

Google Wallet-ті контактісіз төлеу үшін пайдалана алам ба?

Иә. Google Pay немесе контактісіз төлем логотиптері бар кез келген жерде Google Wallet-те сақталған төлеу әдісімен контактісіз төлей аласыз. Мыналарды үйреніңіз:

Төлеу әдістерім мен билеттерімді қайтадан қосуым керек пе?
Жоқ. Google Pay-ге қосқан төлеу әдістеріңіз, билеттеріңіз бен басқа да заттарыңыз Google Wallet-те тұра береді.
Телефонымды ауыстырсам ше?

Google Pay немесе Google Wallet қолданбаларындағы деректі жаңа телефонға тасымалдасаңыз, карталарыңыз бен билеттеріңіз де бірге тасымалдануы керек, бірақ алдымен мына ақпаратпен танысып алыңыз:

Google Wallet менің елімде не аймағымда қолжетімді ме?

Google Wallet 50-ден астам ел мен аймақта қолжетімді. Егер еліңіз не аймағыңыз тізімде болмаса, кейін тағы қарап көріңіз. Алдағы уақытта Google Wallet өз географиясын кеңейте бермек.

 

Әлі де көмек керек пе?

Мәселе әлі де шешілмесе немесе сұрақтарыңыз болса, қауымдастықтан сұрап көріңіз немесе бізге хабарласыңыз.

 

Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
15831452122250151481
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
280
false
false