YouTube Live чатын пайдалану жолдары

Егер арнаңыздың тікелей трансляция аудиториясы балаларға арналған деп белгіленбесе, тікелей эфир чаты әдепкісінше қосулы болады. Тікелей трансляция аяқталған соң мұрағатталады. Ал көрермендер тікелей эфир чатын тікелей трансляциямен бірге көре алады.

Тікелей эфир чатының функциялары тек YouTube көру беттерінде қолжетімді. Олар ендірілген ойнатқыштарда ашылмайды.

Тікелей эфирдегі сұрақ-жауап

Тікелей эфирдегі сұрақ-жауап

Тікелей эфирдегі сұрақ-жауап – автор мен көрерменнің нақты уақыттағы әрекеттестігін ұлғайтудың тағы бір жолы. Бұл функцияны тікелей трансляция мен премьера барысында пайдалануға болады. Автор ретінде тікелей эфир чатын модерациялауды үйренген соң, тікелей эфирдегі сұрақ-жауап функциясын өзіңізге бейімдей аласыз.

Ескертпе: тікелей эфирдегі сұрақ-жауап және сауалнама мобильдік құрылғыда ашылмайды. Трансляцияға YouTube Mobile қолданбасы арқылы шықсаңыз, мобильдік құрылғыдан жасалған тікелей трансляцияны басқару үшін чат функцияларын тікелей эфирді басқару бетінен ашыңыз.

Тікелей эфирдегі сұрақ-жауапты бастау жолдары:

  1. Тікелей трансляцияның немесе премьераның күнін белгілеңіз немесе оны қазір бастаңыз.
  2. Чат терезесінің төменгі жағындағы опциясын басып, Сұрақ-жауап сеансын бастау түймесін басыңыз.
  3. Нұсқауды енгізгеннен кейін, Сұрақ-жауап сеансын бастау түймесін басыңыз.
  4. Сұрақ-жауап сеансы басталғаннан кейін, сұрақтар тізімі чат терезесінде пайда болады. Сұраққа жауап беру үшін сұрақтар тізімін ашып, сұрақ таңдаңыз да, '' мәзіріне өтіп, Сұрақ таңдау түймесін басыңыз. Сұрақ чат терезесінің жоғарғы жағына бекітіліп, көрермендерге көрініп тұрады. Чат терезесіндегі сұрақ баннерін жабу үшін Жабу түймесін басыңыз.

Ескертпе: тікелей эфир чатындағы хабарларды көру үшін чат мәзірінің жоғарғы жағында ашылмалы тізім белгішесін басып, Үздік чат немесе Барлық чат түймесін таңдаңыз.

  1. Тікелей эфирдегі сұрақ-жауап сеансын аяқтау үшін чаттың жоғарғы жағындағы нұсқау баннеріндегі Сұрақ-жауапты аяқтау түймесін басыңыз. Тізімдегі жауап берілмеген сұрақтар жойылады. Тікелей эфирдегі сұрақ-жауап сеанстарын чатты қайта ойнату кезінде көруге болады.

Ескертпе: тікелей эфирдегі сұрақ-жауап туралы мәліметтер YouTube Analytics-те жоқ. Көрермендер 1 минутта бір ғана сұрақ қоя алады.

Сұрақты өшіру немесе жою:

Чатта бекітілмеген, өзіңіз қойған сұрақты жою үшін Әрекеттерім бөліміне кіріңіз.

  • Чат терезесіне бекітілген сұрақты жою үшін '' мәзіріне кіріп, Жою түймесін басыңыз.

Тікелей эфир чатын көру жолдары

Көрермендер кез келген уақытта тікелей эфир чатын екі түрлі жолмен көре алады.

  • Үздік чат: бұл көру әдісі спам күдігі бар хабарларды іріктеп, чатты оқуды жеңілдетеді.
  • Тікелей эфир чаты: бұл көру әдісінде сүзгі жоқ. Чаттағы хабарлар еш өңдеусіз көрсетіледі.

Ескертпе: бейне редакторында өзгертілген тікелей трансляцияны қайта ойнату мүмкіндігі жоқ. Бұл пайдаланылатын өзгерту функцияларының барлық түріне қатысты.

Үздік чатты бағалау жүйесі

Үздік чатта көрермендер нені бағалайтынын және ұнататынын көруге болады. Чат мәтіні, идентификатор мәтіні, арна атауының мәтіні, аватар және бейне сияқты әртүрлі сигналдарға сүйене отырып, үздік чат таңдалады.

Үздік чатта YouTube көрермендері бағалауы немесе әрекеттесуі екіталай контент көрсетілмеуі мүмкін. Оған орынсыз деп танылған пікірлер, спам жатады, сондай-ақ біреудің атын жамылып жазылған пікірлер үздік чатта көрсетілмейді,. Олар чат мәтіні, пікір жазушы арнасының атауы немесе идентификатор мәтіні, аватар және арнаны модерациялау параметрлері сияқты әртүрлі сигналдарға сүйене отырып анықталады.

Тікелей эфир чатының танымбелгісі

Тікелей эфир чатының танымбелгісі трансляция жасаушы мен модераторды анықтайды. Егер арнаңызда мүшелік қосулы болса, тікелей эфир чатында көрсетілетін арнаулы мүшелік танымбелгісін жасау мүмкіндігі бар.

Эмоджи

Эмоджи дегеніміз эмоцияны, идеяны және т.б. білдіретін шағын суреттер. Кез келген пайдаланушы көп эмоджи пайдалана алады. Ал автор арна мүшелігінің бонусы ретінде қолжетімді болатын арнаулы эмоджилерді әзірлей алады.

Пікіріңізге немесе хабарыңызға эмоджи енгізіңіз

Мобильдік құрылғыда: чатта хабар жазу кезінде YouTube эмоджилерін қосу үшін  түймесін түртіңіз немесе құрылғының операциялық жүйесіндегі эмоджилерді қосу үшін құрылғының пернетақтасындағы эмоджи белгішесін басыңыз.

Компьютерде: чатта хабар жазу кезінде "Эмоджи енгізу" түймесін түртіңіз.

Ескертпе: компьютерде эмоджидің сыртқы түрін өзіңізге бейімдеу үшін оны басып тұру қажет. Параметрлеріңіз алдағы уақытта пайдалану үшін сақталады. Әдепкі эмоджиді өзгерту үшін оның басқа түрін таңдаңыз. Сондай-ақ параметрді браузердің cookie файлдарын және басқа сайт деректерін өшіру арқылы немесе YouTube аккаунтынан шығу арқылы тазартуға болады.

Өз пікіріңіз бен хабарыңызға YouTube эмотиконын енгізіңіз

YouTube эмотиконы дегеніміз – тек YouTube сайтында қолжетімді және тек тікелей эфир чаты мен пікірлерінде пайдалануға болатын статикалық суреттер жиынтығы. Мұндай эмоттарды сезімдеріңізді немесе идеяларыңызды білдіру мақсатында пайдалану үшін әртүрлі суретшілер тобы әзірлейді. Оларды стандартты эмоджи жинағының үстіндегі эмоджи таңдағыштан табуға болады.

Мобильдік құрылғыда: чатта хабар жазу кезінде YouTube эмотиконын қосу үшін түймесін түртіңіз.

Компьютерде: чатта хабар немесе пікір жазу кезінде YouTube эмотиконын қосу үшін түймесін түртіңіз.

Эмоциялар

Тікелей эфирдегі эмоциялар көрермендерге тікелей эфирде болып жатқан оқиғаларға сол сәтте реакция білдіруге мүмкіндік береді. Тікелей эфир чаты ашық кезде көрермендер өз эмоцияларын қалдыра алады. Көрермендер анонимдік эмоцияларды көре алады, алайда оларды кімнің жібергені көрсетілмейді.

Эмоция түрлері

  • Көрермендер жүрек, күлімсіреген смайл, мерекелік шартылдақ, беті қызарған смайл және "100" эмоцияларын қалдыра алады.

Эмоцияларды қосу не өшіру

Автор ретінде тікелей эфирді басқару бетінде тікелей трансляцияға эмоция қалдыру мүмкіндігін қосуыңызға не өшіруіңізге болады. Бұл параметрді трансляцияның кез келген уақытында өзгерте аласыз.

  1. Компьютерден YouTube Studio қолданбасына кіріңіз.
  2. Жоғарғы оң жақтағы ЖАСАУ  and then Тікелей эфирге шығу  түймесін басып, Тікелей эфирді басқару бетін ашыңыз.
  3. Трансляция қойындысын басыңыз.
  4. Өзгерту, содан соң Бейімдеу түймесін басыңыз.
  5. Эмоциялар опциясын таңдаңыз.

Хабар жіберу

Тікелей эфир чатында жазу үшін:

  1. "Пікір қалдырыңыз" өрісінің ішінде тінтуірді басыңыз да, мәтінді теріңіз.
  2. "Жіберу"  түймесін басыңыз.

Чат фидінде біреуге жауап беру

Чат фидінде пайдаланушы атын атап өту арқылы оған жауап бере аласыз.

  1. @ таңбасын енгізіңіз.
  2. Содан соң пайдаланушы атын жазыңыз.
  3. Пайдаланушы атын таңдаңыз.

Тікелей эфир чатында ерекшеленген пайдаланушы аты сізге де, атап өтілген чат мүшесіне де көрсетіледі. Соның арқасында атап өтілген пайдаланушы жауабыңызды чат фидінде оңай көреді.

Хабардағы таңба санына қойылатын шектеу

Көрермендер әр 30 секунд сайын ең көбі 11 хабар жібере алады, хабардағы таңба саны 200-ден аспауы тиіс. Бұл шектеу трансляция авторларына қолданылмайды. Көрермендер арнайы таңбаларды, URL немесе HTML тэгтерін жаза алмайды.

Тек жазылушылар мен мүшелерге арналған чат

Арнада иесі тікелей эфир чатын тек жазылушылар мен қатысушыларға аша алады.

Егер чат тек жазылушыларға арналған болса, арна иесі чатқа қол жеткізе алу үшін көрермендерге қажетті жазылым ұзақтығын белгілей алады.

Хабарды бекіту

Өз хабарыңызды немесе көрерменнің хабарын тікелей эфир чатында бекітуіңізге болады.

Хабарларды модераторларыңыз немесе көрермендеріңіз емес, тек сіз бекіте аласыз. Бекітілген хабарлар Super Chat астында көрсетіледі.

  1. Тікелей трансляция немесе премьера кезінде чат терезесіне өтіңіз.
  2. Тікелей эфир чатынан кез келген, тіпті өзіңіз жазған хабарды тауып, Тағы '' түймесін түртіңіз немесе басыңыз.
  3. Хабарды бекіту үшін Бекіту  түймесін түртіңіз немесе басыңыз.

Ескертпе: бір уақытта тек бір хабарды бекітуге болады. Бекітілген хабарды ауыстыру үшін жай ғана басқа хабарды бекітіңіз. Хабарды босату үшін бекітілген хабардағы "Тағы" түймесін басып , Босату түймесін түртіңіз.

Тікелей эфирде сауалнама жасау

Арна иелері тікелей трансляция мен премьерада сауалнамалар жасап, оны басқара алады. Пайдаланушы сауалнама жауабын таңдағаннан кейін, оны өзгерте алмайды.

  1. Тікелей трансляцияның немесе премьераның күнін белгілеңіз немесе оны қазір бастаңыз.
  2. Чат терезесінің төменгі жағындағы Сауалнама жасау түймесін түртіңіз.
  3. Сауалнамаңызды жасаған соң, Қауымдастық пікірін сұрау опциясын таңдаңыз.

Сауалнама нәтижесін көру үшін чаттың жоғарғы жағындағы баннерде Сауалнаманы аяқтау түймесін түртіңіз.

Шектеулер

Тікелей эфирдегі сауалнама:

  • YouTube-те тек компьютер арқылы жасалады.
  • Жауап нұсқалары 2–4 аралығында болады.
  • Тек тікелей эфирде көрсетіледі. Тікелей эфир чатын қайта ойнату кезінде көрсетілмейді.
  • 24 сағатқа дейін сақталады.

Тікелей эфир чатын ендіру

Тікелей трансляция барысында сайтыңызға iframe көмегімен тікелей эфир чатын ендіре аласыз.

Ескертпе: тікелей эфир чатын мобильдік құрылғыда ендіру мүмкін емес.

  1. Тікелей трансляцияға арналған бейне идентификаторын алу Бейне идентификаторын көру бетінің URL мекенжайы (youtube.com/watch?v=12345) арқылы алуыңызға болады. Бұл жағдайда бейне идентификаторы 12345 сандарын білдіреді.
  2. Чатты ендіргіңіз келетін сайт үшін доменнің URL мекенжайын алыңыз. Егер ендіріп жатқан чатыңыздың сілтемесі "www.example.com/youtube_chat" болса, ендіру доменіңіз: "www.example.com".
  3. Ендірілген URL мекенжайын келесі жолмен біріктіріңіз: https://www.youtube.com/live_chat?v=12345&embed_domain=www.example.com.
    • Бұл URL iframe функцияңызға арналған. Ескертпе: embed_domain чатты ендіріп жатқан беттің URL мекенжайына сәйкес келуі тиіс. Егер сәйкес келмесе, ендірілген чат ашылмайды.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
12198307673729580618
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false