Қадағаланатын аккаунттарға арналған YouTube-тегі және "балаларға арналған" деп белгіленген контенттегі жарнама қалай жұмыс істейді?

Балаларға арналған жарнамалау саясаттары уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Соңғы өзгерістерден хабардар болып отыру үшін саясаттарымызды жиі оқып отырғаныңыз жөн.

Балалардың интернеттегі жеке мәліметтерін қорғау актісінің және басқа заңдардың талаптарын орындау мақсатында төмендегілер үшін YouTube-те жекелендірілген жарнамаларға, қайта жарнамалауға және басқа да жекелендірілген таргетинг функцияларына тыйым салынады:

Қадағаланатын аккаунттарға арналған YouTube-те және балаларға арналған деп белгіленген контентте контекстік жарнамаларды көрсетуге болады. Бұл жарнамалар төмендегідей факторларға негізделеді:

  • көрсетілетін контент;
  • көрушінің қазіргі іздеу сұрауы;
  • көрушінің жалпылама локациясы (қала немесе штат).

Жарнамалар қадағаланатын аккаунттарға арналған YouTube-те және балаларға арналған деп белгіленген контентте көрсетілуі үшін балаларға арналған жарнама саясатына сәйкес келуі керек.

"Балаларға арналған" контентте жарнамалар көру

Жарнаманың кейбір санаттары "балаларға арналған" деп белгіленген контентте шыға беруі мүмкін. "Балаларға арналған" контентті көрушілер бейнежарнамаға дейін және одан кейін ескерту көруі мүмкін. Осылайша көрушілер жарнаманың басталып-аяқталғаны туралы білетін болады. 

"Балаларға арналған" контентке қатысты жарнамалау саясаттарын түсіну үшін "балаларға арналған" жарнама саясатын қарап шығыңыз.

Жарнама берушілерге арналған саясаттар

Жарнама берушілер қадағаланатын аккаунтқа арналған YouTube-те және балаларға арналған деп белгіленген контентте жекелендірілген жарнамалар көрсете алмайды.

Балаларға бағытталған жарнама немесе балаларға арналған деп белгіленген контенттегі жарнама барлық тиісті заңдар мен ережелер талаптарына сай болуы керек. Оларға төмендегідей тыйымдар салынады:

  • Жаңылыстыратын, жалған немесе аудиториясы үшін орынсыз ақпарат болмауы тиіс.
  • Үшінші тарап трекерлерін пайдаланбауы немесе жеке ақпаратты жинауға әрекет жасамауы керек.

Төменде қадағаланатын аккаунттарға арналған YouTube-те немесе балаларға арналған деп белгіленген контентте жарнамалауға тыйым салынған өнімдер берілген:

  • Балаларға арналмаған мультимедиа: 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға көрсетуге болмайтын мультимедиа (фильмдер, телешоу, т.б.).
  • Балаларға арналмаған бейне ойындар: ойынның индустриялық рейтингісі 13 жасқа толмаған аудиторияға жарамаса, бейне ойын консолінде, компьютерде немесе басқа электрондық құрылғыда (мысалы, ұялы телефонда не планшетте) ойнауға болатын электрондық бейне ойындарға (және оларға қатысты аксессуарларға) тыйым салынады.
  • Танысу және қарым-қатынас: танысуға арналған сайттар, отбасыға кеңес беру және неке қию не ажырасу қызметтерінің жарнамалары.
  • Сұлулық және салмақ тастау: адамның сырт келбетіне күтім жасауға арналған өнімдер, салмақ тастауға, диетаға және тамақтануға қатысты фитнес өнімдері.
  • Тағам және сусындар: тұтынылатын тамаққа және сусынға қатысты өнімдерге олардың тағамдық құндылығына қарамастан тыйым салынады.
  • Заңсыз немесе бақылаудағы өнімдер: балаларға жарнамалау бақыланатын немесе заңсыз болып табылатын өнімдерді, соның ішінде тыйым салынған контентті және шектелген контентті жарнамалауға болмайды. Сонымен қатар бұған балаларға қауіп төндіруі мүмкін өнімдер кіреді.
  • Саясатқа қатысты жарнамалар: кез келген түрдегі саясатқа қатысты, соның ішінде саяси кандидаттар немесе олардың саяси позициясы, саяси партиялар, қаражат жинау не саяси әрекеттер комитеті немесе олардың бағдарламалары туралы ақпарат берілген ақылы жарнамалар.
  • Діни жарнамалар: кез келген түрдегі діни жарнамаларға, мысалы, дінге, діни наным-сенімдерге, соның ішінде діни мектептерге, діни кітаптарға, т.б. қатысы бар ұсыныстарға тыйым салынады.
  • Ересектерге арналған контентке қатысты жарнамалар: ересек көрермендерге арналған және 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға жарамайтын сексуалдық сипаттағы және ересектерге арналған контент.
  • Қауіпті контент: 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға қауіпті және олардың көруіне болмайтын немесе жалпы ересек адамның қадағалауын талап ететін контент.
  • Зорлық-зомбылық сипатындағы контент: ересек көрермендерге арналған және 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға жарамайтын зорлық-зомбылық сипатындағы және жан түршігерлік контент.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
16596030372264222534
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false