Жарнамаға қолайлы контент жасауға қатысты үздік тәжірибелер

Егер YouTube Partner Program бағдарламасына қатыссаңыз және жарнама арқылы ақша тапқыңыз келсе, контентіңіз жарнамаға қолайлы контент туралы қағидаларға сай болуы тиіс. 

Барлық контент тиісті қағидаларға сай болуы тиіс

Біз контентіңіздің барлық аспектісін ескереміз. Контент мыналарды қамтиды:

  • қарапайым бейне, Shorts бейнесі немесе тікелей трансляция контенті;
  • атау;
  • бейне суреті;
  • сипаттама;
  • тэгтер.

Жарнамалау үшін контентіңіз жарнамаға қолайлы контент туралы қағидаларға сай болуы тиіс.

Бейнелеріңізге контекст қосу

Контекст — басты нәрсе. Бейнеде оқу-танымдық, деректі, ғылыми немесе көркем материалдар болса, бұл оның жарнамаға жарамдылығына әсер етуі мүмкін. Мысалы, масаю үшін кокаинді қалай пайдалану керектігін көрсетсеңіз, ол жарнама үшін жарамсыз болады. Сондықтан мұндай бейнелер үшін жарнама опциясын қосуға тыйым салынады. Алайда бейнеңізде кокаин медициналық процедура бөлігі ретінде пайдаланылып жатқаны көрсетілсе, бұл кейбір жарнамалар үшін жарамды болуы мүмкін. 

Сонымен қатар контекст қосу бізге монетизациялауға қатысты дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Автоматты жүйелеріміз кейде қателесуі мүмкін. Жүйелеріміз бейнеңізді жарнама берушілердің барлығы үшін жарамсыз деп белгілесе, маман тексерісін сұрауыңызға болады. Тексерушілеріміз монетизацияға қатысты соңғы шешімін шығару үшін контентіңіз бен контексіңізді тексереді. 

Жарнамаға қолайлы контент туралы қағидаларды ескере отырып, тексерушілер контентке қалай баға беретіні туралы толық ақпарат алыңыз. 

Жарнамаға жарамсыз контентте жарнамаларды өшіру

Жарнамаға қолайлы контент туралы қағидаларға қайшы келетін контентті жүктеп салғыңыз келсе, жеке бейнелердегі жарнамаларды өшіруіңіз керек. Бұл опция сіз YouTube Partner Program бағдарламасында болған кезде, жарнама беруші талаптарына сай келмейтін бейнелерге қатысты монетизациядан бас тартуға мүмкіндік береді.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
9205569622314655293
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false