Super Chat немесе Super Sticker сатып алу

Ескертпе: Android-қа арналған YouTube арқылы сатып алынатын кейбір жаңа Super Chat, Super Stickers немесе Super Thanks функцияларының төлемдері Google Play арқылы алынады. Төлем алынатын орын өзгергенімен, контент бағасына не құнына еш әсер етпейді. Жаңа төлемдер мен төлем алыну әдісін pay.google.com сайтынан қарай аласыз.

Super Chat хабарлары немесе Super Stickers стикерлерінің көмегімен тікелей эфир чатындағы хабарларды көз тартарлық етіңіз. Super Chat хабарын сатып алып жібергенде, тікелей эфир чатының фидіндегі хабарларыңызды ерекшелей аласыз. Super Stickers арқылы тікелей эфир чатының фиді болып жатқанда шығатын цифрлық немесе анимацияланған хабарды көре аласыз. Қолдану мүмкіндігі және жүйеге қойылатын талаптар туралы толық ақпарат алыңыз. Super Chat хабарлары мен Super Stickers стикерлерінен түскен табыстың басым бөлігін авторлар алады.

Super Chat немесе Super Sticker сатып алу

Компьютерде Super Chat немесе Super Sticker сатып алу үшін мына нұсқауларды орындаңыз:
  1. Тікелей эфир чатындағы доллар белгісін басыңыз. Тікелей эфир чаты көрініп тұруы керек.
  2. Мыналардың бірін таңдаңыз:
    1. Super Sticker and then ұнайтын стикерлер жинағын табыңыз and then сатып алатын жеке стикерді таңдаңыз.
    2. Super Chat and then соманы таңдау үшін жүгірткіні жүргізіңіз немесе қажет мәнді теріңіз and then хабар қосып жазыңыз (міндетті емес).
      • Чат фидінің жоғарғы жағында элементтің қай түспен көрсетілетіні және қанша уақыт бекітіліп тұратыны сіз жұмсаған қаражатқа байланысты болады. 
  3. Сатып алу және жіберу түймесін басыңыз.
  4. Сатып алуды аяқтау үшін нұсқауларды орындаңыз.

Super Chat немесе Super Sticker сатып алғанда:

  • Сатып алған сомаңызға қарай, біз Super Chat хабарын немесе Super Sticker стикерін тікелей эфир чаты фидінің жоғарғы жағына бекітіп қоя аламыз. Кері санақ тикері Super Chat не Super Sticker қаншалықты ұзақ бекітілетінін көрсетеді. Автор тікелей эфир чатын не тікелей трансляцияны тикердегі уақыт бітпес бұрын аяқтауы мүмкін. Super Stickers стикерлерінің және Super Chat хабарларының пайдаланылмай қалған уақытын басқа бейнелерде қолдануға болмайды.
  • Super Chat немесе Super Sticker сатып алу сәті (мысалы, алғаш рет Super Chat сатып алғаныңыз) маңызды деп есептелсе, бұл жайлы хабарлаймыз. Сонда басқа пайдаланушылар сізді құттықтай алады. Сатып алмай тұрып, осы оқиғаны атап өту туралы хабарландыруды алдын ала көресіз. Super Chat немесе Super Sticker сатып алудың маңызды сәттері сатып алу тарихыңызға негізделеді. Ол Әрекеттерім бетінде көрсетілген.
  • Автор не чаттың басқа қатысушылары тікелей эфир чатының фидінде Super Chat хабарыңызға "жүрек" немесе "лайк" қоя алады. Егер пайдаланушы Super Chat хабарына "лайк" қойса, ол тікелей трансляцияда көрсетіледі, бірақ сақталмайды (мысалы, тікелей трансляция мұрағатында қалмайды).
Ескертпелер:
  • Арнаңыздың атауы, профиль суретіңіз, Super Chat хабарыңыз немесе Super Sticker стикеріңіз және оларды сатып алу сомасы барлығына көрініп тұрады.
  • Super Chat хабарлары мен Super Stickers стикерлерін (YouTube-тегі кез келген контентті де) жіберген кезде, Қауымдастық қағидаларын сақтауыңыз керек.
  • YouTube қанша ақылы хабар жібергеніңізді қадағалап, сізді маңызды сатып алу сәттерінде құттықтап тұрады. Маңызды сатып алу сәттерінде құттықтау алғыңыз келмесе, Әрекеттерім бетіне өтіп, хронологиялық сатып алу деректерін өшіріңіз.

Сатып алу шектері

Сомасы $5 USD (не жергілікті валютадағы балама сома) мөлшерінен аз элементтер чат тикерінде көрсетілмейді.

Еліңізге немесе аймаққа байланысты күнделікті және апталық сатып алу шегі өзгеріп отырады. Жалпы алғанда күніне $500 USD дейінгі немесе аптасына $2000 USD дейінгі (немесе жергілікті валютадағы балама шамаға дейінгі) соманы мыналарға жұмсай аласыз:

  • Super Chat хабарлары;
  • Super Stickers;
  • Super Thanks;
  • барлық 3 функция бірге.

Чат модерациясы

Мәтіндер мен кескіндерді қосқанда, барлық чат хабарын авторлар және YouTube модерациялай алады. Модерацияланған чаттарды сіз және/немесе басқа тұлғалар көрсетілімнен еш себепсіз, кез келген уақытта және алдын ала ескертпей өшіре алады.

Сатып алып жіберген Super Chat-ті немесе Super Sticker-ді кез келген уақытта өшіре аласыз. Ол үшін "Тағы" '' and then Өшіру опциясын басыңыз.

Модерацияланған не өшірілген Super Chat хабарларына және Super Stickers стикерлеріне жұмсалған төлем қайтарылмайды. Күмәнданған жағдайда YouTube қолдау көрсету ұжымымен байланысыңыз немесе төлемді қайтару саясатын оқыңыз.

Super Chat хабарын және Super Sticker стикерін пайдалану саясаттары

Super Chat хабарлары мен Super Stickers стикерлерін (YouTube-тегі кез келген контентті де) жіберген кезде, Қауымдастық қағидаларын сақтауыңыз керек.

Сондай-ақ YouTube Қызмет көрсету шарттарына сәйкес, қолданыстағы барлық заңды әрдайым сақтауыңыз керек. Super Chat хабарлары мен Super Stickers стикерлеріне жұмсаған ақшаңыз сізге және әрекеттеріңізге қолданылатын заңдарға байланысты әрқалай қарастырылуы мүмкін. Super Chat және Super Stickers краудфандинг немесе қайырымдылыққа беруге арналған құралдарға жатпайтынын ескеріңіз. Super Chat хабарларын немесе Super Stickers стикерлерін сатып алғаныңызға не алмағаныңызға қарамастан, барлық қолданыстағы заңды түсіну және оларды толық сақтау жауапкершілігі сіздің мойныңызда.

Super Stickers стикерлерінде авторлық құқықтың бұзылғаны туралы шағым жіберу

Super Sticker-де авторлық құқығыңыз бұзылғанын анықтасаңыз, бізге авторлық құқықтың бұзылғаны туралы хабарландыру жібере аласыз. Жіберу арқылы сіз құқықтық процесті бастайсыз. Шағым жіберу үшін авторлық құқығыңызды бұзған Super Sticker стикерінің URL мекенжайын жіберуіңіз керек.

Шағымды copyright@youtube.com электрондық поштасына жіберу қажет. Онда төмендегі ақпарат болуы керек:

  1. Байланыс ақпаратыңыз
    Бізге және сіз өшіргіңіз келетін Super Sticker-лерді жүктеп салушыларға сізбен байланысуға мүмкіндік беретін электрондық пошта, физикалық мекенжай не телефон нөмірі сияқты байланыс ақпаратын беруіңіз керек.

  2. Құқық бұзылған жұмыс сипаттамасы
    Шағымыңызда авторлық құқықпен қорғалған контентті анық әрі толық сипаттап беруіңіз керек. Авторлық құқықпен қорғалған бірнеше жұмыс туралы жазсаңыз, заң бойынша олардың негізгілерін ғана көрсетуіңіз керек.

  3. Авторлық құқықты бұзған әрбір Super Sticker-дің нақты URL мекенжайы
    Шағымыңызда авторлық құқығыңызды бұзды деген Super Sticker-дің нақты URL мекенжайы болуы керек, әйтпесе біз оны не таба, не өшіре алмаймыз. Арнаның URL мекенжайы немесе пайдаланушының аты сияқты жалпы ақпарат жеткіліксіз болады.

    • URL мекенжайын табу үшін: компьютерде чат фидіндегі Super Sticker-ге немесе Super Sticker-ді сатып алу ағынына өтіп, and then Super Sticker-ді тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, and then Сурет мекенжайын көшіру опциясын таңдаңыз.

  4. Мына мәлімдемемен келісуіңіз және оны шағымыңызға қосуыңыз керек:
    "Бұл материалдарды көрсетілген тәсілмен пайдалануға авторлық құқық иесі, оның агенті не заң рұқсат етпеген деп есептеймін."

  5. Қосымша мәлімдеме:
    "Жалған куәлік ету заңмен қудаланатынын түсіне отырып, осы хабарландырудағы ақпараттың шынайы екенін және мен бұзылды деп пайымдалып отырған айрықша құқықтың иесі немесе оның атынан әрекет ететін өкіл екенімді мәлімдеймін."

  6. Қолыңыз
    Шағымдарды аяқтау үшін авторлық құқық иесінің немесе оның атынан әрекет ететін өкілдің өзі қойған немесе электрондық қолы керек. Бұл талапты орындау үшін шағымның төменгі жағына қолыңыз ретінде толық аты-жөніңізді (компания атауын емес) теріп жазсаңыз болады.

Super Chat пен Super Stickers функциялары істейтін аймақтар

Super Chat пен Super Stickers функциялары мына аймақтарда істейді:
  • Aлжир
  • Америкалық Самоа
  • Аргентина
  • Aруба
  • Aустралия
  • Aустрия
  • Бахрейн
  • Беларусь
  • Бельгия
  • Бермуда
  • Боливия
  • Босния мен Герцеговина
  • Бразилия
  • Болгария
  • Канада
  • Кайман аралдары
  • Чили
  • Колумбия
  • Коста-Рика
  • Хорватия
  • Кипр
  • Чех Республикасы
  • Дания
  • Доминикан Республикасы
  • Эквадор
  • Мысыр
  • Эль-Сальвадор
  • Эстония
  • Финляндия
  • Франция
  • Француз Гвианасы
  • Француз Полинезиясы
  • Германия
  • Грекия
  • Гваделупа
  • Гуам
  • Гватемала
  • Гондурас
  • Гонконг
  • Мажарстан
  • Исландия
  • Үндістан
  • Индонезия
  • Ирландия
  • Израиль
  • Италия
  • Жапония
  • Иордания
  • Кения
  • Kувейт
  • Латвия
  • Ливан
  • Лихтенштейн
  • Литва
  • Люксембург
  • Maкедония
  • Maлайзия
  • Мальта
  • Meксика
  • Марокко
  • Нидерланд
  • Жаңа Зеландия
  • Никарагуа
  • Нигерия
  • Солтүстік Мариана аралдары
  • Норвегия
  • Oман
  • Панама
  • Папуа – Жаңа Гвинея
  • Парагвай
  • Перу
  • Филиппин
  • Польша
  • Португалия
  • Пуэрто-Рико
  • Катар
  • Румыния
  • Сауд Арабиясы
  • Сенегал
  • Сербия
  • Сингапур
  • Словакия
  • Словения
  • Оңтүстік Африка Республикасы
  • Оңтүстік Корея
  • Испания
  • Швеция
  • Швейцария
  • Тайуан
  • Tаиланд
  • Tүркия
  • Теркс пен Кайкос аралдары
  • АҚШ Виргин аралдары
  • Уганда
  • Біріккен Араб Әмірліктері
  • Біріккен Корольдік
  • Америка Құрама Штаттары
  • Уругвай
  • Вьетнам

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
2091834331039207507
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false