YouTube-те музыкалық контентке берілетін құқықтарды басқару

Меншік құқығын растау

Ондаған жылдар бұрын жанкүйерлер өздерінің сүйікті әндерін немесе сүйікті әншісінің концерттерін кассеталарға жазып, бөлісетін. Бүгінде барлығы бір-бірімен онлайн бөлісіп, пікір алмасып жатады. Мыңдаған дыбыс жазушы компания мен авторлық құқық иесі YouTube-пен лицензиялық келісімшартқа отырған. Бұл келісімшартқа сәйкес олар жанкүйерлер түсірген бейнелердің платформада жариялануына рұқсат беріп, содан табыс тауып отыр. Осылайша олар жанкүйердің өз сүйікті орындаушысының концерттік бейнежазбалары мен ремикстерін платформаға жүктеп сала отырып, өз сүйіспеншілігін білдіруін қолдайды. Сондай-ақ олар жанкүйерлер жүктеп салған контенттің басқалардың қызығушылығын тудырып, сатылым деңгейін арттыруға көмектесуі мүмкін екенін біледі.

Content ID жүйесінің авторлық құқықтарды автоматты түрде басқаруының арқасында бұл нәрсе мүмкін болып отыр. Жанкүйер бейнені YouTube-ке жүктеп салғанда, онда контент иелері ұсынған дерекқордағы контенттің бар-жоғы сканерленеді. Сәйкестік тапқан жағдайда, жүйе контент иесінің атынан сол бейнеге шағым жасайды да, әрі қарай бейнеге не істеу қажеттігін шешуге мүмкіндік береді. Барлық шағымның тек 0,5%-ы қолмен жасалады. Қалған 99,5%-ды 99,7% дәлдікпен жүйеміз жасайды. Бүгінде жанкүйерлер жүктеп салған контенттен түскен табыс YouTube-тегі музыка индустриясы табысының 50%-ын құрайды.

Content ID арқасында YouTube музыкалық контент иелеріне миллиардтаған доллар көлемінде үлестерін төлеп келеді. Бұл көрсеткіш жыл сайын айтарлықтай өсіп жатыр. Сол себепті кейбір дыбыс жазушы компаниялар мен орындаушылардың YouTube өз платформасына «лицензиясыз» музыканың жүктеп салынуына жол беріп, орындаушыларды табыстан айырады деп мәлімдеуі таң қалдырады. Шындығында, YouTube авторлық құқықты басқару процесіне өте мұқият қарайды. Біз музыканы кім жүктеп салғанына қарамастан, құқық иелерінің табыс табуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Кез келген контент сегментіндегі басқа ешбір платформа контент жасаушыларға мұндай көлемде ақы төлемейді.

Музыкалық лицензияны басқару

YouTube-те ән ойнату процесі әртүрлі құқықтар жиынтығын қамтиды. Әдетте бұл құқықтардың әрқайсысын әртүрлі тарап басқарады. Әнді пайдаланған сайын, YouTube барлық құқық иесі арасында төлемді бөліп, әрқайсысының өз үлесін береді.

Орындаушылардың платформадан алатын табысын ашық көрсету маңызды. Сол себепті осы мәселені талқылайық.

Өңделген жазбаны пайдалану құқықтары

Әдетте ән жазбасын жасаған дыбыс жазушы компания өңделген жазбаны пайдалану құқығына ие болады. Өңделген жазба бейнеде пайдаланылған сайын, сол каталогті бақылайтын дыбыс жазушы компанияға меншік құқығы үшін роялти төленеді. Бұл роялтиді компания орындаушымен бөліседі. Авторлық құқықпен қорғалған дыбыстық жазбаларды басқару үшін бірнеше дыбыс жазушы компанияның бірігіп жұмыс істеуі сирек құбылыс емес. Мұндай кезде әр компания әртүрлі аумақтағы құқықтарға жауапты болады. Дегенмен дыбыс жазушы компанияда контентті жеткізу немесе контентті басқару үшін ресурс болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда олар агрегатор немесе дистрибьютор арқылы жұмыс істейді.

Музыкалық шығарманың қоғамдық орындарда орындалуына берілетін құқықтар

Барлық жазылған музыкалық шығарма (өңделген жазбалар) бірнеше музыкалық туындыдан (композиция) тұрады. Осы туындыларға әртүрлі құқықтар жиынтығы қолданылады. YouTube мақсаттарына қарай бұл құқықтарды екі санатқа бөлуге болады: музыкалық шығарманың қоғамдық орындарда орындалуына берілетін құқықтар және басқа құқықтар.

Музыкалық шығарманың қоғамдық орындарда орындалуына берілетін лицензияларды әдетте авторлық құқықтың орындалуын қадағалайтын ұйым (PRO) бақылайды. PRO ұйымы бар, мейрамхана, қонақүй және т.б. иелерінің өз мекемелерінде музыкалық шығарманы пайдаланғаны үшін оның авторына ақы төлейтініне көз жеткізеді. Ән YouTube-те трансляцияланған кезде, бұл ұйымдар шығарманың қоғамдық орында орындалуынан түскен роялтилерді жинап, ән авторлары мен музыка жариялаушыларына бөліп береді. Көп елде дәл осы міндеттерге "қаламақы жинау қауымдастығы" деп аталатын құрылымдар жауап береді. Бұл ұйымдар құқықтарды басқарудың жалпы функцияларын орындайды. Олар көбінесе лицензиатқа әр туындыға жеке лицензия алмай, қаламақы жинау қауымдастығының бүкіл каталогін белгілі бір уақыт аралығында пайдалануға мүмкіндік беретін кешендік лицензияларды ұсынады.

Басқа құқықтар

Шығармаға берілетін басқа құқықтарды әдетте жариялаушылар бақылайды. Дыбыс жазушы компания секілді кейбір жариялаушылардың бұл құқықтарды өз бетінше басқаруға ресурстары болмауы мүмкін. Олар өз атынан құқықтарды басқару жауапкершілігін үлкенірек ұйымға бере алады. Мұндай ұйымдар көбінесе агрегатор немесе дистрибьютор ретінде жұмыс істейді. Айта кету керек, қаламақы жинау қауымдастығы басқа елдерде туындыны пайдалануға және роялти жинауға және бөліп беруге берілетін айрықша емес лицензияларды сатуы мүмкін.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
5677870317849568524
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false