Үшінші тарап қолданбасының жүктеп салу мәселелерін түзету

YouTube қызметі YouTube Data API v2 нұсқасынан YouTube Data API v3 нұсқасына жаңартылды. Бұл API — үшінші тарап қолданбаларын қосуға және оларды YouTube-пен біріктіруге көмектесетін жаңарақ технология. Үшінші тарап қолданбасының әзірлеушілерінің жаңа технологияға бейімделуіне жеткілікті уақыт беру үшін оларға осы өзгерту туралы 2014 жылы хабарланды. Олардың біз қолдайтын жаңарақ технологияға көшуіне көмектестік.

Үшінші тарап қолданбаларының көбісі YouTube Data API v3 нұсқасын әлдеқашан пайдаланады, сондықтан жаңа нұсқасы орнатылған осы үшінші тарап қолданбаларын пайдаланып, YouTube-ке жүктеп салу жолдарында өзгеріс жоқ.

Жаңарақ YouTube Data API v3 технологиясына жаңатылмаған үшінші тарап қолданбаларында бейнелерді YouTube-ке жүктеп салу кезінде ақаулар шығуы мүмкін. Осы қолданбалардың көмегімен YouTube-ке жүктеп сала алмайсыз. 

Ескертпе: үшінші тарап қолданбаларына рұқсат берген кезде, қайта аутентификациялау сұралуы мүмкін.

Жүктеп салу ақауларын жою

Үшінші тарап қолданбасына кіруге әрекеттенген кезде, "Пайдаланушы аты/құпия сөз тіркесімі сәтсіз аяқталды" хабары пайда болса, бейнені жүктеп салуға мына қадамдарды орындаңыз:

  1. Бейнені үшінші тарап қолданбасынан экспорттаңыз.
  2. YouTube веб-сайты немесе YouTube мобильдік қолданбасы арқылы бейнені жүктеп салыңыз. 
Сонымен қатар үшініш тарап қолданбасын жаңартып көруіңізге болады. Әзірлеуші YouTube Data API v3 нұсқасын пайдаланатын қолданбаның жаңа нұсқасын орнатуды ұсынса, жаңарту көмектесуі мүмкін. Қолданбаны жаңарту көмектеспесе, үшінші тарап қолданбасының әзірлеушісіне хабарласа аласыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
13153319567735822086
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false