YouTube жазылушылар санын тексеру

Жазылушылар саны YouTube арнаңызға қанша көрермен жазылғанын көрсетеді. Жазылушылар санын нақты уақыт режимінде көруіңізге болады және YouTube Analytics қызметінде олардың саны қаншалықты артқаны көрініп тұрады. Жазылушылардың саны белгілі бір межеге жеткен кезде, электрондық хат аласыз және YouTube Studio қолданбасында анимациялық құттықтау суретіне ие боласыз.

Жазылушы санын көру

  1. YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Аналитика бөлімін таңдаңыз.
  3. Шолу қойындысында "Нақты уақыт режимінде" картасын көресіз. 
  4. Жазылушыларыңыздың саны қаншалықты өзгергенін көру үшін Нақты уақыттағы жазылушылар санын көру опциясын басыңыз.

YouTube жазылушылар саны туралы түсінік

Аудиторияңыз жазылушылар санының қысқарған түрін көреді. Арнаңыздың жазылушылар санына қарай бұл сан қысқартылып жазылады.

Қазіргі жазылушылар саны Жазылушылардың саны жаңарып отыратын меже:
1000 жазылушыдан аз 1 жаңа жазылушы
1000–9999 жазылушы 10 жаңа жазылушы
10 000–99 999 жазылушы 100 жаңа жазылушы
100 000–999 999 жазылушы 1000 жаңа жазылушы
1 000 000–9 999 999 жазылушы 10 000 жаңа жазылушы
10 000 000–99 999 999 жазылушы 100 000 жаңа жазылушы
100 000 000–999 999 999 жазылушы 1 000 000 жаңа жазылушы

 

Жазылушылар саны қалай көрсетілетінін түсіну үшін, төмендегі кестені қолданыңыз.

Қазіргі жазылушылар саны жазылушылардың саны төмендегідей көрсетіледі: Келесі жазылушыларыңыздың саны мұнша болады:
123 жазылушы 123 124
1234 жазылушы 1,23 мың 1,24 мың
12 345 жазылушы 12,3 мың 12,4 мың
123 456 жазылушы 123 мың 124 мың
1 234 567 жазылушы 1,23 млн 1,24 млн
12 345 678 жазылушы 12,3 млн 12,4 млн
123 456 789 жазылушы 123 млн 124 млн

Жабық аккаунттарды және мазаны алатын жазылушыларды өшіру

  • Жабық аккаунттар: автор жауып тастаған немесе саясат талаптарын бұзғандықтан, YouTube жауып тастаған аккаунттар.
  • Спам жазылушылар: үшінші тарап қызметі арқылы жазылушыларды сатып алу сияқты жасанды жолмен келген жазылушылар.

Аккуанттардың ережелерге сай екендігін және YouTube арнаңыздағы әрекеттерді жиі тексеріп отырамыз. Түрлі дереккөздер арасындағы мәлімет бірдей болуы үшін, YouTube Analytics қызметіндегі сайт көрсеткіштеріне түзету енгізіп отырамыз. Осы процестердің арқасында сайт көрсеткіштері спамнан, ереже бұзушылықтан таза болады және аккаунттар жабылмайды, осылайша YouTube пайдаланушылардың барлығына бірдей қауіпсіз болмақ.

Аудиторияңыздың ауқымын нақты бағамдап отыруыңыз үшін, жазылушылардың санын дұрыс болуы өте маңызды. Спам деп танылған аккаунттар мен жазылушылар жазылушылардың жалпы санына кірмейді. Сонымен қатар олар жазылушылар тізіміңізге кірмейді және қаралымға немесе көру уақытына әсер етпейді.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
7047618128099190453
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false