Авторлық құқықтың бұзылғаны туралы хабарландыруға қойылатын талаптар: бейнелер

Кеңес: сіз авторлық құқығыңызды бұзады деп санайтын бейнені жоюды сұраудың ең оңай жолы — веб-үлгіні қолдану.

Бейнеге жатпайтын контентті (арна баннерінің суреттері сияқты) жоюды сұрау үшін осы қажетті ақпаратты қосуыңыз керек.

Бейнеге авторлық құқықтың бұзылғаны туралы хабарландыру жіберу үшін төменде берілген қажетті ақпаратты қосуыңыз керек. Бұл ақпарат болмаса, сұрауыңызды қарай алмаймыз.

Төмендегі ақпаратты электрондық хаттың мәтініне (тіркемеге емес) қосып, copyright@youtube.com электрондық мекенжайына немесе факс не пошта қызметі арқылы жібере аласыз.

1. Байланыс ақпаратыңыз

YouTube-тің және сіз жоюды сұрап отырған контентті жүктеп салушының сізге сұрауыңыз бойынша хабарласуы қажет болуы мүмкін. Сол себепті сұрауыңызға мыналардың біреуін немесе бірнешеуін қосыңыз:

  • электрондық пошта мекенжайыңыз;
  • физикалық мекенжайыңыз;
  • телефон нөміріңіз.

2. Авторлық құқықпен қорғалған жұмысыңыздың сипаттамасы

Сұрауыңызда авторлық құқықпен қорғалған контентіңізді анық әрі толық сипаттап жазыңыз.

Бірнеше жұмысыңыздың авторлық құқығы бұзылды деп ойласаңыз, заңға сәйкес сұрауыңызға мұндай жұмыстардың көрнекі тізімін қоса аласыз.

3. Сөз болып отырған бейнелердің нақты URL мекенжайлары

Сіз авторлық құқығыңызды бұзады деп санайтын бейненің не бейнелердің нақты сілтемелерін беруіңіз керек. 

Бейненің не бейнелердің URL мекенжайларын мынадай форматта көрсетіңіз:
 
www.youtube.com/watch?v=xxxxxxxxxxx.

Арнаның атауы немесе URL мекенжайы сияқты жалпы ақпарат жеткіліксіз болады.

4. Төмендегі екі мәлімдемеге келісіңіз және оларды сұрауға қосыңыз:

"Бұл материалды көрсетілген тәсілмен пайдалануға авторлық құқық иесі, оның уәкілетті өкілі не заң рұқсат етпеген деп адал ниетпен растаймын."

"Жалған куәлік ету заңмен қудаланатынын түсіне отырып, осы хабарландырудағы ақпараттың шынайы екенін және мен болжамды түрде бұзылған айрықша құқық иесі немесе оның атынан әрекет ететін уәкілетті өкіл екенімді мәлімдеймін."

5. Қолтаңбаңыз

Толық жазылған жою туралы сұрауда авторлық құқық иесінің немесе оның атынан әрекет ететін уәкілетті өкілдің өзі қойған не электрондық қолтаңбасы болуы қажет.

Ол үшін авторлық құқық иесі немесе оның уәкілетті өкілі сұраудың төменгі жағына толық аты-жөнін қолтаңба ретінде енгізе алады. Толық аты-жөні ретінде компания атауын емес, аты мен тегін көрсету керек.

Жоғарыдағы ақпаратты электрондық хаттың мәтініне (тіркемеге емес) қосып, copyright@youtube.com электрондық мекенжайына жіберіңіз. Сұрауды факс немесе пошта қызметі арқылы да жолдауға болады.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
823901967779467537
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false