YouTube арналарын басқару

YouTube арнаңызда "бренд аккаунты" жаңадан атап өтілгенін не аккаунт ауыстырғышта жаңа аккаунт пайда болғанын байқауыңыз мүмкін. Демек, YouTube соңғы рет жаңартылған соң, арнаңыз бренд аккаунтымен байланыстырылған. Бренд аккаунттарына көшірілген арналар туралы толық ақпарат алыңыз.

YouTube арналарын тек өзіңіз не бірнеше адам басқаратындай етіп реттей аласыз. YouTube арнасы үшін мына опциялардың бірін таңдай аласыз:

  • Арнаны өз Google аккаунтыңызбен байланыстыру: арна Google аккаунтыңыздағы атыңыз бен фотосуретіңізді пайдаланады.
  • Арнаны бренд аккаунтымен байланыстыру: YouTube арнасы Google аккаунтыңызда көрсетілгеннен басқа атау пайдалана алады.

Арнаны бренд аккаунтымен не жеке Google аккаунтымен байланыстырған жөн. Соның арқасында арнаның түпнұсқалығын растау жеңілдейді.

Google аккаунтын пайдалану

Google аккаунты бір адамға арналғандықтан, ол барлық Google қызметінде, соның ішінде онымен байланыстырылған YouTube арнасында бір ат пен бірдей сәйкестендіру деректерін пайдаланады.

connect google account to your YouTube channel

YouTube арнаңызды жеке Google аккаунтымен байланыстырсаңыз:

  • Арнаны кім басқара алады: YouTube арнасын сіз ғана пайдалана аласыз және ол үшін Google аккаунтыңызды пайдалануыңыз керек.
  • Қандай ат пен фотосурет көрсетіледі: YouTube арнасы Google аккаунтыңыздағы (және Gmail, Google Docs сияқты басқа Google қызметтеріндегі) ат пен фотосуретті пайдаланады.

Бренд аккаунтын пайдалану

Бренд аккаунтымен байланыстырылған YouTube арнасына бірнеше аккаунттан кіруге болады.

YouTube арнасын бренд аккаунтымен байланыстырсаңыз:

  • Арнаға кім иелік етіп, басқарады: бренд аккаунтын бірнеше Google аккаунты басқарып, оған иелік ете алады. Мұндай менеджерлер мен иелердің кез келгені бренд аккаунтымен байланыстырылған YouTube арнасын пайдалана алады. Арнаға басқа иелер қоссаңыз, олар арнаға қатысты барлық әрекетті орындауға, соның ішінде арнаны жоюға және басқа иелерді өшіруге құқылы болады.
  • Қандай ат пен фотосурет көрсетіледі: YouTube арнасы сіздің немесе басқа кез келген менеджердің Google аккаунтында көрсетілгеннен бөлек атау мен фотосурет пайдалана алады.

Google аккаунтыңыз арқылы басқарылатын бренд аккаунттарын пайдалану

YouTube арналарымен байланысқан бірнеше бренд аккаунтын басқару үшін бір Google аккаунтын пайдалануға болады.

YouTube арнасын тек өзіңіздің Google аккаунтыңыз арқылы басқарылатын бренд аккаунтымен байланыстырсаңыз:

  • Арнаны кім басқара алады: егер бренд аккаунттарымен байланысқан бірнеше YouTube арнаңыз болса, олардың бәрін бір Google аккаунтынан шықпай басқаруға болады. Басқаратын арналар арасында ауысу туралы толық ақпарат алыңыз.
  • Қандай ат пен фотосурет көрсетіледі: YouTube арнасы сіздің Google аккаунтыңызда немесе ол басқаратын бренд аккаунтарында көрсетілгеннен бөлек атау мен фотосурет пайдалана алады.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
12646807545146073257
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false