Бейнелерді және ойнату тізімдерін ендіру

Веб-сайтқа немесе блогке ендіру арқылы YouTube бейнесін немесе ойнату тізімін қосуыңызға болады.

Егер мұғалім болсаңыз және сабақтарыңызға YouTube контентін ендіргіңіз келсе, Білім беру платформаңыздың өкілдерімен сөйлесіңіз.

YouTube-тің ендірілген ойнатқышын пайдалану процесі YouTube API Қызмет көрсету шарттары мен Әзірлеушілерге қатысты саясаттар бойынша реттеледі.

Бейнені немесе ойнату тізімін ендіру

  1. Компьютерде ендіргіңіз келетін YouTube бейнесіне немесе ойнату тізіміне өтіңіз.
  2. БӨЛІСУ опциясын басыңыз.
  3. Бөлісу опциялары тізімінен Ендіру түймесін басыңыз.
  4. Пайда болған терезеде HTML кодын көшіріңіз.
  5. Кодты веб-сайттың HTML тіліне қойыңыз.
  6. Желі әкімшілері үшін: youtube.com сайтын брандмауэр рұқсат тізіміне қосуыңыз керек.
  7. Маңызды ақпарат: веб-сайтыңыз немесе қолданбаңыз балаларға арналған болса және YouTube контентін ендірсеңіз, мына құралдардың көмегімен сайтыңыздың немесе қолданбаңыздың сипатын көрсетуіңіз керек. Сонда Google бұл сайттарда немесе қолданбаларда жекелендірілген жарнамаларды ұсынбайтын болады және ендірілген ойнатқышта кейбір функциялар істемейтін болады.
Ескертпе: жас шектеуі бар бейнелерді 3-тарап веб-сайттарының көбінде көру мүмкін емес. Ойнатылғанда бұл бейнелер көрермендерді YouTube-ке қайта бағыттайды.

Бейнені ендіру опцияларын басқару

Күшейтілген құпиялық режимін қосу

YouTube-тің ендірілген ойнатқышындағы Күшейтілген құпиялық режимі көрерменнің YouTube-те көрген бейнелерінің ендірілген YouTube контентіне әсер етпеуін қадағалайды. Яғни, ендірілген ойнатқыштың Күшейтілген құпиялық режимінде көрілген бейнелер YouTube-те ұсынылатын бейнелерге әсер етпейді. Күшейтілген құпиялық режимінің ендірілген ойнатқышындағы бейнелерге де, көрерменнің YouTube-те көретін бейнелеріне де әсері жоқ.

Ендірілген ойнатқыштың Күшейтілген құпиялық режимінде көрсетілген бейнеде жарнамалар ұсынылатын болса, олар жалпы тақырыптағы жарнамалар болады. Сондай-ақ ендірілген ойнатқыштың Күшейтілген құпиялық режимінде көрілген бейнелер сайтыңыздан немесе қолданбаңыздан тыс көрерменге көрсетілетін жарнамаларды жекелендіру үшін қолданылмайды.

Есіңізге сала кетейік, YouTube-тің ендірілген ойнатқышын пайдалану процесі YouTube API Қызмет көрсету шарттары мен Әзірлеушілерге қатысты саясаттар бойынша реттеледі.

Күшейтілген құпиялық режимін пайдалану үшін:

  1. HTML-дегі URL сілтемесіне арналған https://www.youtube.com сілтемесін https://www.youtube-nocookie.com деп өзгертіңіз.
  2. Желі әкімшілері үшін: youtube-nocookie.com сайтын брандмауэр рұқсат тізіміне қосуыңыз керек.
  3. Қолданбаларда пайдалану үшін ендірілген ойнатқыштың WebView инстанциясын қолданыңыз. Күшейтілген құпиялық режимі веб-сайттардағы ендірілген ойнатқыштарға ғана қолжетімді болады.
  4. Маңызды ақпарат: веб-сайтыңыз немесе қолданбаңыз балаларға арналған болса, YouTube бейнесін Күшейтілген құпиялық режимі ойнатқышымен ендірсеңіз де, YouTube API Қызмет көрсету шарттары және Әзірлеушілерге арналған саясаттар талап ететіндіктен, мына құралдардың көмегімен сайтыңыздың немесе қолданбаңыздың сипатын көрсетуіңіз керек.

Мысалы:

Бұрын

<iframe width="1440" height="762"

src="https://www.youtube.com/embed/7cjVj1ZyzyE"

frameborder="0" allow="autoplay; encrypted-media" allowfullscreen></iframe>

Кейін

<iframe width="1440" height="762" src="https://www.youtube-nocookie.com/embed/7cjVj1ZyzyE"

frameborder="0" allow="autoplay; encrypted-media" allowfullscreen></iframe>

Ескертпе: көрермен ендірілген контенттен басқа жерді басса және басқа веб-сайт немесе қолданба ашылып кетсе, сол веб-сайттың немесе қолданбаның саясаттарына сәйкес көрерменнің әрекеттері қадағалануы мүмкін.

Ендірілген бейнені автоматты түрде ойнату

Ендірілген бейне автоматты түрде ойнауы үшін, "&autoplay=1" деген кодты бейненің ендіру кодына бейне идентификаторынан бұрын қосыңыз.

Ендірілген бейнелер автоматты түрде ойнатылғанда, олар бейненің көру санына есептелмейді.

Мысалы:

<iframe width="560" height="315"
src="https://www.youtube.com/embed/D6Ac5JpCHmI?&autoplay=1"frameborder="0"
allowfullscreen></iframe>
Ендірілген бейнені белгілі бір уақытта бастау

Бейне белгілі бір уақыттан бастап ойнауы үшін,  бейненің ендіру кодына "?start=" деп қосыңыз да, содан кейін бейненің қай уақытта ойнатыла бастауы керектігін секунд бойынша жазыңыз.

Мысалы, бейненің 1 минут 30 секундына келгенде басталуы үшін, ендірілетін код мынадай болуы керек:

<iframe allowfullscreen="" frameborder="0" height="315" src="http://www.youtube.com/embed/UkWd0azv3fQ?start=90" width="420"></iframe>
Ендірілген бейнеге жазулар қосу

Бейнені ендіру кодына "&cc_load_policy=1" деп қоссаңыз, ендірілген бейнеде автоматты түрде субтитр пайда болады.

Ендірілген бейне үшін субтитр тілін таңдауыңызға да болады. Ендіргіңіз келетін бейнедегі субтитр тілін көрсету үшін бейнені ендіру кодына "&cc_lang_pref=fr&cc_load_policy=1" деп қосыңыз.

  • "cc_lang_pref" деген код бейнеде көрсетілетін субтитрлердің тілін орнатады.
  • "cc_load_policy=1" әдепкіде субтитрлерді қосып қояды.
  • "fr" – француз тілі коды. 2 әріпті тіл кодтарын ISO 639-1 стандартынан таба аласыз.
Бейнелерді ендіру функциясын өшіру
Бейнені жүктеп салып, оның басқа сайттарға ендірілгенін қаламасаңыз, мына қадамдарды орындаңыз:
  1. YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Контент опциясын таңдаңыз.
  3. Басқарғыңыз келетін бейненің жанында Мәлімет опциясын таңдаңыз.
  4. Төменгі жақтан ЖАЮ түймесін таңдаңыз.
  5. "Ендіруге рұқсат ету" функциясының жанындағы ұяшықтан белгіні алып тастап, САҚТАУ опциясын басыңыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
1585538652097707953
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false