YouTube пайдаланушы атыңызбен аккаунтыңызға кіре алмай жатсаңыз, YouTube-ке Google аккаунтыңызбен кіріп көріңіз. Содан кейін YouTube-ке кіру үшін пайдаланатын құпиясөзіңізді енгізіңіз.
Әдеттегідей өз аккаунтыңызға кіресіз, бірақ бұл жолы YouTube пайдаланушы атыңыздың орнына электрондық мекенжайыңызды енгізесіз.
YouTube-те Google аккаунтыма не үшін кіруім керек?
YouTube-ке Google аккаунтыңызбен кіресіз. Аккаунтыңызға кіру үшін пайдаланған құпиясөз – Google аккаунтыңыздың құпиясөзі.
Google қызметтерін біріктіретіндіктен, енді Google аккаунттарыңызға YouTube пайдаланушы аттарымен кіре алмайсыз. Бірақ YouTube-ке Google аккаунтыңыздың электрондық мекенжайымен кіруіңізге болады. Әдетте ол – Gmail, бірақ Yahoo, Hotmail және т.с.с. басқа домен болуы да мүмкін. YouTube үшін Google аккаунтыңызды қолдану туралы толық мәлімет алыңыз.
Маған Google аккаунтымның электрондық мекенжайы ұнамайды!
- Gmail электрондық мекенжайын пайдаланып жатсаңыз, балама электрондық поштаңызды қосып, сол мекенжаймен кіруіңізге де болады.
- Сіз пайдаланып жатқан электрондық пошта Gmail мекенжайы болмаса, электрондық поштаңызды өзгертіңіз. Не болмаса, аккаунтыңызға Gmail қосу арқылы ауыстыра аласыз.