Өзгертілген немесе синтетикалық контенттің пайдаланылғанын мәлімдеу

Біз авторларды контент өңдеу немесе жасау құралдарын инновациялық тұрғыда және жауапкершілікпен пайдалануға шақырамыз. Сондай-ақ көрермендер көретін немесе тыңдайтын контентінің шынайы екеніне көз жеткізгісі келетінін түсінеміз.

Көрермендерді олар тамашалайтын контенттің түрі туралы хабардар етіп отыруға тырысамыз. Сол себепті авторлардан едәуір өзгертілген немесе синтетикалық түрде жасалған, бірақ шынайы болып көрінетін контент жөнінде мәлімдеуді талап етеміз.

Авторлар төмендегідей контент жөнінде мәлімдеуі тиіс:

  • өмірде бар адамды ол айтпаған сөзді айтқандай немесе істемеген әрекетті істегендей етіп көрсететін контент;
  • шынайы бір оқиғаның немесе орынның бейнежазбасы өзгертілген контент;
  • іс жүзінде болмаған, бірақ шынайы болып көрінетін көріністі құрайтын контент.

Бұған аудио, бейне немесе сурет жасау не өңдеу құралдары арқылы толығымен немесе ішінара өзгертілген немесе жасалған контент жатады.

YouTube Studio-дағы "Өзгертілген контент" параметрі арқылы мәлімдеу

Компьютерде YouTube Studio-ны пайдаланатын авторлар "Өзгертілген контент" параметрі арқылы едәуір өзгертілген немесе синтетикалық түрде жасалған контент туралы мәлімдей алады. Болашақта бұл параметрді басқа құрылғылар мен YouTube қолданбаларында қолжетімді етеміз.

Автор осы өрісті таңдап, контентті жүктеп салған соң, бейненің кеңейтілген сипаттамасында белгі пайда болады. Бұл белгі әзірге телефон немесе планшет арқылы YouTube қолданбасын пайдаланатын көрермендерге ғана көрсетіледі. Болашақта басқа құрылғыларды да қосамыз.

Егер автор YouTube Shorts бейнесін YouTube-тің жасампаз жасанды интеллект әсерлерінің бірін (мысалы, YouTube-тің Dream Track немесе Dream Screen құралдарын) пайдаланып жасаса, ол туралы мәлімдеу үшін қосымша қадамдар жасаудың қажеті жоқ. Құрал авторлардың жасанды интеллектіні пайдаланғанын автоматты түрде мәлімдейді.

Өзгертілген немесе синтетикалық контент мысалдары

Төмендегі тізімде өзгертілген немесе синтетикалық контент мысалдары келтірілген. Өзгертілген немесе синтетикалық контентке толығымен не ішінара өзгертілген немесе кез келген аудио, бейне, сурет жасау не өңдеу құралдарының көмегімен жасалған контент жатады. Шынайы етіп жасалған контент пен едәуір өзгерістер жөнінде міндетті түрде мәлімдеу қажет. Ал шындыққа жанаспайтын немесе кішігірім түзетулер мәлімдеме жасауды қажет етпейді. Бұл тізімде барлығы қамтылмағанын ескеріңіз.

Авторлар тарапынан мәлімдеуді қажет етпейді Авторлар тарапынан мәлімдеуді қажет етеді
  • Сұлулық сүзгісін қолдану
  • Бір адамның бет-әлпетін басқа адамның бет-әлпетімен цифрлық жолмен алмастыру немесе өзгерту
  • Қозғалыстағы көлікті имитациялау үшін фонды синтетикалық түрде жасау немесе кеңейту
  • Түпнұсқа фильмде болмаған әйгілі актёрді көлікпен соңына түсу сахнасына қатысқандай етіп цифрлық жолмен өзгерту
  • Бұрын жазылған дыбысты жақсарту үшін әсерлерді пайдалану
  • Медициналық қызметкер белгілі бір кеңесті шын мәнінде бермесе де, бергендей етіп дыбысты имитациялау
  • Бейнеде жасанды интеллект арқылы жасалған зымыран анимациясын пайдалану
  • Белгілі бір қалаға қарай атылған зымыранның шынайы етіп жасалған бейнесін көрсету

 

Автор тарапынан мәлімдеуді қажет етпейтін контент мысалдары
Авторлар өзгертілген немесе синтетикалық шындыққа жанаспайтын контент немесе болмашы өзгертулер жөнінде мәлімдеуге міндетті емес. Болмашы өзгерістерге ең алдымен эстетикалық мақсатта енгізілген өзгерістер, сондай-ақ көрерменнің шынымен болған оқиға туралы ойын жаңылыстырмайтындай етіп өзгерту жатады.
Авторлардың мәлімдеуін қажет етпейтін контенттің, өзгерістердің немесе бейне әсерлерінің мысалдары
  • Шындыққа жанаспайтын контент:
    • фантастикалық әлемде сыңармүйізбен шауып жүрген адам көрінісі;
    • ғарышта қалқып жүрген адамды бейнелеу үшін жасыл экранды пайдалану.
  • Болмашы өзгерістер:
    • түсін өзгерту немесе жарық сүзгісін пайдалану;
    • фонды бұлдырату немесе ретро әсерлер сияқты арнайы сүзгілерді пайдалану;
    • бейне құрылымын, сценарийін, бейне суретін, атауын немесе ақпараттық графикті жасау немесе жақсарту үшін жасампаз жасанды интеллект құралдарын пайдалану сияқты өндірістік көмек;
    • субтитр жасау;
    • бейнені анық қылу, масштабтау не түзету, дауысты немесе аудионы түзету;
    • идея құрастыру.

Мына тізім осымен шектелмейтінін ескеріңіз.

Авторлар мәлімдеуі қажет контент мысалдары
Көрермендерді олар тамашалайтын контенттің түрі туралы хабардар етіп отыруға тырысамыз. Сол себепті авторлардан өзгертілген немесе синтетикалық, бірақ шынайы әрі мағыналы болып көрінетін контент жөнінде мәлімдеуді талап етеміз.
Авторлардың мәлімдеуін қажет ететін контенттің, өзгерістердің немесе бейне әсерлерінің мысалдары:
  • синтетикалық түрде музыка жасау (оның ішінде Creator Music функциясы арқылы музыка жасау);
  • кадрдан тыс дауысты жазуда басқа біреудің дауысын клондау;
  • синтетикалық түрде шынайы жердің қосымша бейнежазбаларын жасау (мысалы, жарнамалық мақсаттағы саяхат туралы бейнеде Мауидегі серфердің бейнесін жасау);
  • синтетикалық түрде өмірде бар екі кәсіби теннисші арасындағы матчтың шынайы етіп жасалған бейнесін жасау;
  • біреу шын мәнінде бермеген кеңестерді бергендей етіп көрсету;
  • танымал әнші жанды дауыспен ән салғанда, нотаны жіберіп алғандай етіп дыбысты цифрлық жолмен өзгерту;
  • іс жүзінде болмаған торнадо немесе басқа ауа райы құбылыстары белгілі бір қалаға қарай жылжып бара жатқандай етіп көрсету;
  • аурухана қызметкерлері сырқат немесе жараланған науқастарға көмек көрсетуден бас тартқандай етіп көрсету;
  • қоғам қайраткерінің ұрламаған нәрсесін ұрлап жатқандай етіп бейнелеу немесе шын мәнінде мойындамаған нәрсесін мойындағандай етіп көрсету;
  • белгілі бір адамды қамауға алынғандай немесе түрмеге жабылғандай етіп көрсету.

Мына тізім осымен шектелмейтінін ескеріңіз.

Өзгертілген немесе синтетикалық контент жөнінде мәлімдеу

Авторлардан едәуір өзгертілген немесе синтетикалық түрде жасалған, бірақ шынайы болып көрінетін контент жөнінде мәлімдеуді талап етеміз. Авторлар контентті жүктеп салу кезінде мәлімдеме жасай алады.

Компьютердегі YouTube Studio қолданбасында:

  1. YouTube Studio-ға өтіңіз.
  2. Контентті жүктеп салу қадамдарын орындаңыз.
  3. "Мәліметтер" бөлімінің "Өзгертілген контент" тармағындағы Иә деген жауапты таңдап, сұрақтарға жауап беріңіз.
  4. Бейненің басқа мәліметтерін таңдауды жалғастырыңыз.

Егер автор YouTube Shorts бейнесін YouTube-тің жасампаз жасанды интеллект әсерлерінің бірін (мысалы, YouTube-тің Dream Track немесе Dream Screen құралдарын) пайдаланып жасаса, ол туралы мәлімдеу үшін қосымша қадамдар жасаудың қажеті жоқ. Құрал авторлардың жасанды интеллектіні пайдаланғанын автоматты түрде мәлімдейді.

Егер авторлар бейнесінің атауында немесе сипаттамасында өзгертілген немесе синтетикалық контентті пайдаланғанын мәлімдесе, олардың жұмысын жеңілдету үшін біз олардың атынан бұл әрекетті орындай аламыз.

Авторлар мәлімдеме жасағаннан кейінгі шаралар

Егер авторлар контентінің өзгертілгенін немесе синтетикалық екенін көрсету үшін "Иә" пәрменін таңдаса, біз олардың бейне сипаттамасы өрісіне белгі қоямыз. Бұл белгілер қазіргі уақытта мобильдік құрылғыда не планшетте YouTube бейнелерін көріп отырған көрермендерге көрсетіледі.

Кеңейтілген сипаттама өрісіндегі белгі

Шетін контентке арналған қосымша белгі

Сайлау, болып жатқан қақтығыстар, табиғи апаттар туралы, қаржы немесе денсаулық сақтауға қатысты жоғары сапалы және уақтылы ақпарат алу өте маңызды. Мұндай ақпарат адамдардың және қауымдастықтардың әл-ауқатына, қаржылық қауіпсіздігіне немесе жалпы қауіпсіздігіне үлкен әсер етуі мүмкін. Осы сияқты шетін тақырыптар туралы контенттің шынайылығын арттыру үшін бейне ойнатқышта көрнекі белгі де пайда болуы мүмкін.

Мәлімдеме жасаудың басқа әсерлері

Контентті өзгертілген немесе синтетикалық деп мәлімдеу бейненің аудиториясын шектемейді және ақша табу мүмкіндігіне әсер етпейді.

Мәлімдеме жасамаудың тәуекелдері

Егер шынайы болып көріну үшін едәуір өзгертілген немесе синтетикалық түрде жасалған бейнені көрермендер шынайы деп санаса, бұл көрермендерді алдау болып саналады.

Контенттің шынайы еместігі мәлімделмесе, кейбір жағдайда YouTube көрермендерге зиян келтіру қаупін азайту үшін өз тарапынан белгі қою сияқты шаралар қабылдауы мүмкін. Бұл белгіні авторлар жоя алмайды. Сондай-ақ мұндай мәлімдемені ылғи жасамайтын авторларға YouTube шара қолдануы мүмкін, мысалы, контентті жоюы немесе авторды YouTube Partner Program бағдарламасынан шеттетуі мүмкін.

Біз өзгертілген немесе синтетикалық контентпен қатар, YouTube-тегі барлық контентке Қауымдастық қағидаларын қолданамыз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
6017339430381219669
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false