Лицензияланған саундтректер

Creator Music әзірге YouTube Partner Program (YPP) бағдарламасына қатысатын АҚШ-тағы авторларға қолжетімді. Жуырда АҚШ-тан тыс орналасқан YPP авторларына да ұсынылады.
Ескертпе: осы мақалада сипатталған функцияларды браузер арқылы пайдалануға болады.

Creator Music арқылы кейбір әндерге лицензия алуға болады, яғни пайдалану ақысын алдын ала төлеп (кейбір саундтректер үшін ақы төлемей), бейнеден түскен табыс үлесін толықтай сақтап қалуға болады.

Лицензияланатын музыканы табыңыз

Лицензиялауға болатын саундтректерді табу үшін:

  1. Браузер арқылы YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Creator Music опциясын таңдаңыз.
  3. Негізгі немесе Шолу беттерінде іздеу жолағына өтіп, әннің атауы немесе орындаушының аты сияқты ізделетін сөздерді енгізіңіз.
  4. Іздеу нәтижелерінің жоғарғы жағындағы Лицензиясы бар ұяшығына белгі қойыңыз.
Есіңізде болсын:
  • Негізгі беттің Лицензиямен пайдалануға болатын таңдаулы саундтректер бөлімінде лицензиямен пайдалануға болатын саундтректерді таба аласыз.
  • Лицензиямен пайдалануға болатын саундтректер тізімде көрсетілген, жанында бағалары бар.
  • Егер лицензияны сатып алғыңыз келмей, бейнеңіз табысты бөлісе отырып пайдалану талаптарына сәйкес келсе, лицензиямен пайдалануға болатын саундтректер табысты бөлісуге де жарамды болуы мүмкін.

Лицензия алу

Лицензиямен пайдалануға болатын саундтректі тапсаңыз, оны бірнеше жолмен лицензиялауға болады:

  • Creator Music арқылы;
  • жүктеп салу кезінде;
  • жүктеп салғаннан кейін.
Creator Music арқылы

Creator Music арқылы саундтректерді лицензиялау үшін:

  1. Браузер арқылы YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Creator Music опциясын таңдаңыз.
  3. Лицензиялағыңыз келетін саундтректі табыңыз.
  4. "Қосымша әрекеттер" '' and then Лицензияны сатып алу түймесін басыңыз. 
  5. Лицензия мәліметтерін қарап шығыңыз.
    • Ақылы лицензиялар: ЛИЦЕНЗИЯНЫ САТЫП АЛУ and then Төлем туралы ақпаратты енгізіңіз and then ҚАЗІР ТӨЛЕУ and then САУНДТРЕКТІ ЖҮКТЕП АЛУ түймесін басыңыз.
    • Ақысыз лицензиялар: ЖҮКТЕП АЛУ түймесін басыңыз.
  6. Лицензияны пайдалану үшін жүктеп салу барысында бейнеңізге лицензия қосыңыз.
Жүктеп салу кезінде

Creator Music трегін пайдаланатын бейнені жүктеп салу кезінде жүктеп салынатын бейне файлына лицензия ақпаратын қосу керек. Егер сіз әлі лицензияны алмаған болсаңыз, жүктеп салу кезінде лицензияны сатып алуға болады. Осының барлығын Бейне элементтері бетінен жасауға болады:

  1. Браузерде бейнелерді жүктеп салуды бастаңыз.
  2. Бейне элементтері бетінің Музыка лицензияларын қосу тармағындағы ҚОСУ түймесін басыңыз.
  3. Жүктеп салынатын бейнеде пайдаланған саундтректерді табыңыз.
    • Сатып алған саундтректерді табу үшін Сатып алған түймесін басыңыз.
    • Жүктеп алған саундтректерді табу үшін Жүктеп алған түймесін басыңыз.
    • Жинаққа сақтаған саундтректерді табу үшін Сақталған түймесін басыңыз.
  4. Жүктеп алған немесе Сақталған саундтректер үшін бағаны басыңыз. Сатып алған саундтректер үшін ҚОСУ түймесін басып, 6-қадамға өткізіп жіберіңіз.
  5. Лицензия мәліметтерін қарап шығыңыз.
    • Ақылы лицензиялар: ЛИЦЕНЗИЯНЫ САТЫП АЛУ and then Төлем туралы ақпаратты енгізіңіз and then ҚАЗІР ТӨЛЕУ and then ЛИЦЕНЗИЯ ҚОСУ түймесін басыңыз.
    • Ақысыз лицензиялар: ЛИЦЕНЗИЯ ҚОСУ түймесін басыңыз.
  6. Бейнеңізге лицензия қосылғанына көз жеткізу үшін Бейненің авторлық құқық мәліметтері бетін қарап шығыңыз.
    • Қосымша лицензияларды қосу үшін жоғарыдағы 2-5 қадамдарды қайталаңыз.
  7. Жүктеп салу процесін жалғастыру үшін ЖҮКТЕП САЛУҒА ОРАЛУ түймесін басыңыз.

Есіңізде болсын:

  • сондай-ақ тексеріс кезінде Creator Music саундтректері табылса, лицензияларды Тексерістер бетінен қосуға болады. Тексерістер бетінде ЛИЦЕНЗИЯ ҚОСУ түймесін басып, лицензиялау қадамдарын орындаңыз. Бейне элементтері бетінде лицензияны қоссаңыз, ол Тексерістер бетінде де пайда болады.
  • Көрсетілу бетінде бейненің құпиялық параметрлері Жеке немесе Жасырын күйіне орнатылған болса немесе бейне Нобай болса, сіз қосқан лицензиялар өшіріліп, басқа бейнелерге қосылуы мүмкін. Бейне Баршаға ашық болып орнатылса, оны істеу мүмкін болмайды. Лицензияларды өшіру туралы ақпарат алыңыз.
Жүктеп салғаннан кейін

Жүктеп салғаннан кейін саундтректерді лицензиялау бейне жарияланғаннан кейін қысқа уақыт ішінде мүмкін болады. Жүктеп салғаннан кейін лицензия алу үшін:

  1. Браузер арқылы YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Контент опциясын таңдаңыз.
  3. Лицензиялағыңыз келетін саундтрек бар бейнені табыңыз.
  4. Бейне суретін басыңыз.
  5. Сол жақ мәзірден Авторлық құқық опциясын таңдаңыз.
    • Ақылы лицензиялар: ЛИЦЕНЗИЯНЫ САТЫП АЛУ and then Төлем ақпаратын енгіңіз and then ҚАЗІР ТӨЛЕУ түймесін басыңыз.
    • Ақысыз лицензиялар: ЛИЦЕНЗИЯ ҚОСУ түймесін басыңыз.
 
Кеңес: лицензияны қалай пайдалануға болатындығы туралы маңызды ақпарат алу үшін сізге электрондық пошта арқылы жіберілген түбіртекті қарап шығыңыз. Сондай-ақ пайдалану мәліметтерін Creator Music-те тексеруге болады. Лицензияларды пайдалану мәліметтері туралы толық ақпарат алыңыз.

Лицензияны өшіру

Бейненің құпиялық параметрлері Жеке немесе Жасырын күйіне орнатылса немесе бейне Нобай болса, сол бейнеге қосылған лицензиялар өшіріліп, басқа бейнелерге қосылуы мүмкін. Бейне Баршаға ашық болып орнатылса, оны істеу мүмкін болмайды.

Лицензияны өшіру үшін:

  1. Браузер арқылы YouTube Studio аккаунтына кіріңіз.
  2. Сол жақ мәзірден Контент опциясын таңдаңыз.
  3. Өшіргіңіз келетін лицензиясы бар бейнені табыңыз.
  4. Шектеулер бағанында Лицензия қосылды опциясына курсорды апарыңыз.
  5. ТЕКСЕРУ түймесін басыңыз.
  6. Әрекеттер '' and then Лицензияны өшіру түймесін басыңыз.
  7. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ӨШІРУ түймесін басыңыз.
Лицензия өшірілгеннен кейін, бейнеде қолданылған, лицензия қажет етілетін саундтрекке қатысты авторлық құқықтың бұзылғаны туралы шағым түсуі мүмкін екенін ескеріңіз. Бейнеден шағым алған контентті қалай өшіру керектігін білгіңіз келуі мүмкін.

Қосымша ақпарат 

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
14423238941230503658
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false