YouTube Studio қолданбасында ойнату тізімдерін басқару

Аудиторияның тілін табу үшін YouTube Studio қолданбасында ойнату тізімдерін жасау, өңдеу, басқару және сүзу жолдарын үйреніп алыңыз.

Ескертпе: бұл функция YouTube-тегі қадағаланатын режимдерде істемеуі мүмкін. Толық ақпарат.

 

Android-қа арналған YouTube Studio қолданбасы

Ойнату тізіміне бейнелер қосу

  1. YouTube Studio қолданбасын  ашыңыз.
  2. Төменгі жақтағы мәзірден Контент  белгішесін түртіңіз.
  3. Ойнату тізіміне қосылатын бейнені таңдаңыз.
  4. Өзгерту  белгішесін түртіңіз.
  5. Ойнату тізіміне қосу опциясын түртіңіз де, қосқыңыз келетін ойнату тізімдерін таңдаңыз.
  6. Дайын түймесін түртіңіз.
  7. Сақтау түймесін түртіңіз.

Бейнелерді ойнату тізімінен өшіру

Нақты бір бейнені ойнату тізімінен өшіру үшін мына қадамдарды орындаңыз:
  1. YouTube Studio қолданбасын  ашыңыз.
  2. Төменгі жақтағы мәзірден Контент  белгішесін түртіңіз.
  3. Ойнату тізімінен өшірілетін бейнені таңдаңыз.
  4. Өзгерту  белгішесін түртіңіз.
  5. Ойнату тізімін түртіп, ойнату тізімі атауының жанындағы ұяшықтан белгіні алып тастаңыз.
  6. Дайын түймесін түртіңіз.
  7. Сақтау түймесін түртіңіз.

Ойнату тізімінің параметрлерін (атауын, сипаттамасын) өзгерту

YouTube Studio қолданбасымен ойнату тізімінің атауын, сипаттамасын, құпиялығын, ойнату тізіміндегі бейнелердің ретін өзгертуге болады.
  1. YouTube Studio қолданбасын  ашыңыз.
  2. Төменгі жақтағы мәзірден Контент  белгішесін түртіңіз.
  3. Ойнату тізімдері қойындысынан өзгертілетін ойнату тізімін таңдаңыз.
  4. Өзгерту  белгішесін түртіңіз.
  5. Ойнату тізімінің параметрлерін өзгертіңіз де, Сақтау түймесін түртіңіз.

Ойнату тізімін жою

  1. YouTube Studio қолданбасын  ашыңыз.
  2. Төменгі жақтағы мәзірден Контент  белгішесін түртіңіз.
  3. Ойнату тізімдері қойындысынан жойылатын ойнату тізімін таңдаңыз.
  4. Өзгерту  белгішесін түртіңіз.
  5. ОЙНАТУ ТІЗІМІН ЖОЮ, содан кейін Жарайды түймесін түртіңіз.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
10100175957957749889
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false