Google Wallet-ті ашу

Wallet-ке сақтаған кез келген картаны, билетті және куәлікті оңай тауып, пайдалана аласыз.

Google Wallet қолданбасы арқылы

  1. Google Wallet қолданбасын ашыңыз.
  2. Wallet-ке қосқан кез келген элементті табыңыз.
    • Төлеу әдісі ретінде қосқан карталарыңызды табу үшін: солға және оңға сырғытыңыз.
    • Өзіңіз қосқан басқа да карталар мен билеттерді және жеке куәліктерді табу үшін: экранның төменгі жағынан жоғары қарай сырғытыңыз.
    • Кез келген сақталған картаны, билетті не куәлікті пайдалану үшін: оның үстінен түртіңіз.

Samsung телефоны арқылы

Қолдау көрсетілетін Samsung телефондарында құлып экранына, бүйір пернеге, Bixby пернесіне Google Wallet таңбашасын қоса аласыз.

Құлып экранына таңбаша қосу
  1. Телефонды қосыңыз.
  2. Құлып экранын түртіп тұрыңыз.
    • Кіру үшін экранға шығатын нұсқауларды орындаңыз.
  3. Ағымдағы таңбашаны ауыстыру үшін қолданба жанындағы қызыл түсті минус белгішесін түртіңіз.
  4. Таңбаша қосу үшін плюс белгішесін түртіңіз.
  5. Google Wallet қолданбасын таңдаңыз
  6. Done (Дайын) түймесін түртіңіз.
Кеңес: қолданба таңбашасын құлып экранынан ашу үшін таңбашаны кез келген бағытта сырғытыңыз.
Бүйір пернеден ашылатын таңбаша қосу
  1. Параметрлерге өтіңіз.
  2. Advanced features (Озық функциялар)одан кейін Side key (Бүйір перне) тармағын түртіңіз.
  3. Double press (Екі рет басу) функциясын қосыңыз.
  4. Open app (Қолданбаны ашу) тармағын таңдаңыз.
  5. Қолданба таңдау үшін Settings (Параметрлер) тармағын түртіңіз.
  6. Google Wallet қолданбасын таңдаңыз .
Bixby пернесінен ашылатын таңбаша қосу
  1. Параметрлерге өтіңіз.
  2. Advanced features (Озық функциялар)одан кейін Bixby key (Bixby пернесі) тармағын түртіңіз.
    • Samsung аккаунтыңызға кірмесеңіз, Get started (Бастау) түймесін түртіңіз.
  3. Single press to open Bixby (Bixby көмекшіні ашу үшін бір рет басу) опциясын таңдаңыз.
  4. Double press (Екі рет басу) функциясын қосыңыз.
  5. Google Wallet қолданбасын таңдаңыз 

Жылдам параметрлер арқылы

Маңызды: бұл әдіс тек Android 12 не одан кейінгі нұсқа орнатылған құрылғыларда жұмыс істейді. Кейбір Android телефондарындағы "Жылдам параметрлер" мәзірінде бұл опция болмауы мүмкін.

  1. Телефон құлпын ашыңыз.
  2. "Жылдам параметрлер" мәзірін табу үшін экранның жоғарғы жағынан төмен қарай сырғытыңыз.
    • Толық ашу үшін тағы да төмен қарай сырғытыңыз.
  3. Wallet бөлшегін түртіңіз. Карта қосқан болсаңыз, ол осы жерден көрінеді.
  4. Қосылған дебеттік және несиелік карталарды табуға және пайдалануға болады. Google Wallet-ке қосылған барлық элементті көру үшін экранның төменгі жағындағы Барлығын көрсету түймесін басыңыз.
    • Төлеу әдісі ретінде қосқан карталарыңызды табу үшін: солға және оңға сырғытыңыз.
    • Өзіңіз қосқан басқа да карталар мен билеттерді және жеке куәліктерді табу үшін: экранның төменгі жағынан жоғары қарай сырғытыңыз.
    • Кез келген сақталған картаны, билетті не куәлікті пайдалану үшін: оның үстінен түртіңіз.

Құлып экраны арқылы

Маңызды: бұл әдіс тек Android 12 не одан кейінгі нұсқа орнатылған құрылғыларда жұмыс істейді. Кейбір Android телефондарында бұл опция болмауы мүмкін. Google Wallet-ке құлып экранынан кіру үшін алдымен төлеу әдісін қосу керек.

  1. Телефон құлып экранының төменгі оң жағындағы "Wallet" түймесін басыңыз.
  2. Телефон құлпын ашыңыз.
  3. Қосылған дебеттік және несиелік карталарды табуға және пайдалануға болады. Google Wallet-ке қосылған барлық элементті көру үшін экранның төменгі жағындағы Барлығын көрсету түймесін басыңыз.
    • Төлеу әдісі ретінде қосқан карталарыңызды табу үшін: солға және оңға сырғытыңыз.
    • Өзіңіз қосқан басқа да карталар мен билеттерді және жеке куәліктерді табу үшін: экранның төменгі жағынан жоғары қарай сырғытыңыз.
    • Кез келген сақталған картаны, билетті не куәлікті пайдалану үшін: оның үстінен түртіңіз.

Wallet-ке жылдам кіру функциясын қосу не өшіру

  1. Телефонның "Параметрлер" қолданбасын ашыңыз.
  2. Дисплей одан кейін Құлып экраны тармағын түртіңіз.
  3. Әмиянды көрсету функциясын қосыңыз не өшіріңіз.

 

Әлі де көмек керек пе?

Мәселе әлі де шешілмесе немесе сұрақтарыңыз болса, қауымдастықтан сұрап көріңіз немесе бізге хабарласыңыз.

 

Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
4965455664089310173
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
280
false
false