Телефонмен контактісіз төлеу

Google Wallet арқылы тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу үшін телефонды пайдалануға болады.

Google Wallet-ті қайда пайдалануға болады?

Маңызды:

  • Контактісіз төлеу үшін NFC байланыс технологиясы қосулы болуы керек. Оны қосу үшін телефон параметрлеріне өтіңіз.

Pixel Fold немесе басқа бүктемелі құрылғыда контактісіз төлеу үшін құрылғыңызды бүгіңіз.

Google Wallet-ті контактісіз төлем немесе Google Pay таңбасы бар жерде төлеу үшін пайдалануға болады. Таңба төлем терминалының экранында не кассада тұрады.

Келесі логотиптердің бірін пайдаланып, телефоныңызбен тауарлар сатып ала немесе контактісіз төлем терминалдары арқылы пойыздар мен автобустарда жол ақысын төлей аласыз:

Google Pay

Terminal logo

Google Pay таңбасы

Контактісіз төлем таңбасы

Контактісіз төлеу параметрлерін тексеріңіз

  1. Google Wallet қолданбасын ашыңыз.
  2. Жоғарғы оң жақтағы профиль суретін немесе "Аккаунт" одан кейін Контактісіз төлеуді реттеу тармағын түртіңіз.
  3. Контактісіз төлеу мүмкіндігін тексеріңіз. Google Wallet-пен контактісіз төлеу:

Барлық талап орындалса, телефон арқылы контактісіз төлемдер жасай берсеңіз болады.

Контактісіз транзакцияларға қолданылатын төлеу әдісін реттеу

Контактісіз төлемдерді реттеу үшін Google Wallet-ке бір немесе бірнеше төлеу әдісін қосыңыз.

  1. Google Wallet қолданбасын ашыңыз.
  2. Жоғарғы жақтан қажетті картаны түртіңіз. Бірден шықпаса, сырғытып тауып алыңыз.
  3. Картаңыздың үстіндегі хабарды қараңыз:
    • Ешқандай хабар болмаса, картаңыз контактісіз төлеуге дайын деген сөз.
    • "Карта реттелмеген" . Контактісіз төлемдер жасау үшін картаңыздың жоғарғы жағындағы Реттеуді аяқтау түймесін түртіңіз. Экрандағы нұсқауларды орындап, төлеу әдісін растаңыз.
    • "Контактісіз төлем өшірулі" . Телефоныңызда NFC технологиясы жоқ немесе ол өшірулі тұр. Контактісіз төлеу үшін телефоныңызда NFC болуы керек.
    • "Карта жұмысы уақытша тоқтатылған" . Картаңыздың бірдеңесі дұрыс емес. Банкіңізге хабарласыңыз.

Дүкенде төлеу

1-қадам: телефонды күту режимінен шығарып, оның құлпын ашыңыз

Маңызды: Pixel 7 немесе Pixel 7 Pro смартфоны бар пайдаланушылар әзірше контактісіз төлеу транзакциялары үшін бет тану функциясын қолдана алмайды.

Экранды қосып, телефонның құлпын ашыңыз. Google Wallet қолданбасын ашу қажет емес.

Кеңес: көптеген елдерде немесе аймақтарда сомасы аз транзакциялар үшін телефон құлпын ашу қажет емес.

2-қадам: телефонның артқы жағын төлем терминалына жақындатып ұстап тұрыңыз

Төлем өткенде, экранда көк түсті құсбелгі пайда болады.

Құсбелгі пайда болмаса:

  • Телефонды басқаша ұстап көріңіз. NFC антеннасы құрылғының жоғарғы немесе төменгі жағында болуы мүмкін.
  • Телефонды төлем терминалына жақынырақ ұстаңыз.
  • Телефонды төлем терминалына тақап тағы бірнеше секунд ұстап тұрыңыз.

Құсбелгі шықса да, кассир төлем өтпегенін айтса:

  • Дүкен мобильдік төлемдерді қабылдайтынын қайта тексеріңіз.
  • Банкке хабарласыңыз. Картаңыздың бірдеңесі дұрыс болмай, банкіңіз транзакцияны қабылдамаған болуы мүмкін. Транзакция қабылданбаса, сізден төлем алынбайды.
Контактісіз төлеу жолы
Animation of a mobile device that is held above a payment reader to make a contactless payment

3-қадам: экранда нұсқаулар берілсе, оларды орындаңыз

Кейбір дүкен PIN кодын немесе қолтаңба сұрайды. Сұралса, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

  • Дебеттік карталар: банкте орнатқан PIN кодын енгізіңіз. Бұл PIN коды құрылғының құлпын ашу үшін қолданылатын код емес.
  • Несиелік карталар: ірі сомалы транзакциялар үшін түбіртекке немесе экрандағы қолтаңба өрісіне қол қойыңыз.

Басқа төлеу әдісін пайдалану

Басқа картамен төлеу үшін әдепкі төлеу әдісін өзгертіңіз.

Дүкенде сатып алған тауарды қайтару

  1. Түбіртек пен тауарды дүкенге апарыңыз.
  2. Картаңыз сұралса, телефонның артқы жағын контактісіз төлем терминалына жақындатып ұстаңыз.

Кейбір жағдайда виртуалдық шот нөмірінің соңғы 4 цифрын айту керек болады:

  1. Google Wallet қолданбасын  ашыңыз.
  2. Экранның жоғарғы жағында сатып алуға пайдаланылған картаны түртіңіз. Оны табу үшін оңнан солға қарай сырғыту қажет болуы мүмкін.
  3. Мәліметтер одан кейін Виртуалдық шот нөмірі түймесін түртіңіз.

Сатушы төлем қайтарылатын уақытты айтуы қажет.

Ұқсас ресурстар

 

Әлі де көмек керек пе?

Мәселе әлі де шешілмесе немесе сұрақтарыңыз болса, қауымдастықтан сұрап көріңіз немесе бізге хабарласыңыз.

 

Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
4726258122953104364
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
280
false
false