Арна монетизацияға жарамсыз болып танылғаны туралы сұрақ-жауап

Неліктен менің монетизациялауға берген өтінішім қабылданбады?

YouTube Partner Program (YPP) бағдарламасына қатысуға берген өтінішіңіз қабылданбаса, онда тексерушілеріміз арнаңыздың көп бөлігі біздің саясаттарымыз бен нұсқауларымызға сай келмейді деген шешімге келген. Келесі қадамдар туралы білу үшін, осы мақаладағы басқа сұрақтарды қараңыз.

Қайта өтініш беруге бола ма?

Иә. Өтінішіңіз бірінші рет қабылданбаған болса, оның қабылданбағаны туралы электрондық хатты алғаннан кейін 30 күн өткен соң, YouTube Partner Program бағдарламасына қайта өтініш бере аласыз. Ал егер осыған дейін де қабылданбаса немесе бұрын да қайта өтініш берген болсаңыз, өтініштің қабылданбағаны туралы электрондық хат алғаннан кейін 90 күн өткен соң өтініш бере аласыз. Қайта өтініш бермес бұрын, арнаңызда ешқандай саясат бұзылмағанын тексеруіңіз қажет.

Арнаңыздың YouTube Partner Program (YPP) бағдарламасына қатысу өтініші қателікпен қабылданбады деп ойласаңыз, өтініш беру әрекеттерінің санына қарамастан, 21 күн ішінде апелляция жіберу мүмкіндігіңіз бар. 

Өтінішімнің қайта қабылданбай қалуына жол бермеу үшін не істеуге болады?

Арнаңыздың барлық кемшілігін түзетсеңіз де, қайта берілген өтінішті мақұлдайтынымызға кепілдік бере алмаймыз. Бірақ бізде арнаңызды бағдарламаға жарамды деңгейге жеткізуге көмектесетін бірнеше жалпы нұсқау бар.

  1. Өтінішіңіздің қабылданбағаны туралы электрондық хатты оқыңыз. Хаттан арнаңызда бұзылған нақты саясаттар туралы ақпарат табасыз.
  2. Содан кейін контентіңіздің (бейнелер, атаулар, сипаттамалар, бейне суреттері мен тэгтердің) YouTube арналарын монетизациялау саясаттары мен Қауымдастық қағидаларына сәйкестігін тексеріңіз.
  3. Келесі қадам — саясаттарымызды бұзатын бейнелерді өзгерту немесе жою.

Қайта өтініш берсеңіз, тексерушілер ұжымы арнаңыздағы контентті тағы бір рет мұқият қарап шығады. Процесс аяқталған кезде, сізге хабарлау үшін электрондық хат жібереміз (бұл шамамен бір айға созылады). Сондай-ақ YouTube Studio-ның "Монетизация" бөлімінен өтінішіңіздің күйін тексеруіңізге болады.

Пайдалы болды ма?

Біз оны қалай жақсарта аламыз?
Іздеу
Іздеуді өшіру
Іздеу терезесін жабу
Негізгі мәзір
2012644711497275269
true
Іздеу анықтамалық орталығы
true
true
true
true
true
59
false
false